Бүлдірген құрамындағы лимон қышқылын кондуктометриялық титрлеу әдісімен анықтау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Бүлдірген құрамындағы лимон қышқылын анықтау анықтау.

Зерттеуге алынған обьект -бүлдірген жидегі. Бүлдірген-тамырланып жайыла өсетін көпжылдық өсімдік. Гүлдері ірі, ақ түсті. Жемісі ашық қызыл түсті, әдемі иісті болады. Мамыр -шілде айларында гүлдейді. Жемістері маусым - шілде айларында піседі. Еліміздің барлық жерлерінде таралған, ылғал жеткілікті тоғайлы жерлерде өседі. Дәрілік мақсатта бүлдіргеннің жапырағы жемісі пайдаланады. Лимон қышқылы- үш негізді органикалық окси қышқыл. Жалпы формуласы С 6 Н 8 О 7 , молекулалық салмағы 192 г/моль, түссіз, иіссіз, мөлдір кристалл, суда, спиртте жақсы ериді, балқу температурасы 153 0 С. Лимон қышқылы бір, екі, үш қатар тұз-цитраттар түзеді. Лимон қышқылы жануарлар (аз мөлшерде барлық жасуша митохондрилерінде) мен өсімдік (лимон жемісі шырынында 5-6%, жидектерде 1-2 %, темекі жапырағында 3-14%, т. б. ) құрамында кездеседі. Лимон қышқылын өсімдіктерден, темекіден не қантты зең саңырауқұлағымен ашыту арқылы алады.

Кондуктометриялық титрлеу қызметі, ерекшеліктері.

Кондуктометриялық титрлеудің қолданыс аясы кең. Сулы ерітіндідегі күшті минералды қышқылдар (НСlО 4 , НСl, НNО 3 және т. б. ) жоғары және төмен концентрацияда (10 -4 моль/л) сілтімен титрленеді. Сондай-ақ күшті негіздер де (NаОН, КОН және т. б. ) күшті қышқылдармен тирленеді. Құмырсқа, сірке және орташа күшті қышқылдар жеңіл титрленеді. Заттардың электрөткізгіштігін өлшеуге негізделген анализ әдістері кондуктометрия деп аталады. Кондуктометрия ескі физико-химиялық анализ әдістеріне жатады. Бірақ өз маңыздылығын әлі күнге дейін жойған жоқ. Себебі кондуктометриялық анализ әдістерінің сезімталдығы, дәлдігі жоғары, қарапайым, органикалық заттардың қосылыстарын, лайлы ерітінділерді титрлеуге болады.

Жұмыс барысы.

Бүлдірген құрамындағы лимон қышқылы кондуктометриялық титрлеу әдістеме бойынша анықталады.

Фарфор табақшасында ұсақталған және сүйектері алынған 50, 00-100, 00 г өнімді алады. Сынаманы өлшеуіш колбаға ауыстырады. Табақшада қалған шырын мен қоюын дистильденген сумен мұқият шайып колбаға құяды. Содан (80±1) 0 С қыздырылған су моншасына 2 сағатқа қояды. Кейін колбаны бөлме температурасына дейін суытады, ерітінді көлемін дистильденген сумен белгіге дейін жеткізеді, мұқият араластырады және фильтрлейді. Алынған мөлдір фильтраттан 50 см 3 пипеткамен алып, оны электролиттік ұяшыққа орналастырады және үздіксіз араластыру арқылы NаОН ерітіндісімен титрлейді. Әрбір титрант порциясын енгізгеннен кейін құралдың көрсеткіштерін жазып отырады.

æ-v NаОН координатасында титрлеу қисығын салады, графиктің сынған жері бойынша NаОН ерітіндісінің лимон қышқылын титрлеуге кеткен көлемін анықтайды.

Есептеуі.

Өнімдегі лимон қышқылының мөлшерін келесі формуламен анықтайды:

𝒬 = 𝓋 𝓋 1 0 , 007 100 𝓋 2 𝓂 = 350 𝓋 1 𝓋 2 𝓂 \mathcal{Q =}\frac{\mathcal{v \bullet}\mathcal{v}_{1} \bullet 0, 007 \bullet 100}{\mathcal{v}_{2}\mathcal{\bullet m}} = \frac{350 \bullet \mathcal{v}_{1}}{\mathcal{v}_{2}\mathcal{\bullet m}} ,

Мұндағы : υ-колбаның көлемі,

υ 1 -титрлеуге кеткен NаОН ертіндісінің көлемі, см 3 .

υ 2 -титрлеуге алынған фильтрат көлемі, см 3 .

m- анализденетін заттың сынамасы, г.

0, 007- NаОН ертіндісінің лимон қышқылы бойынша титрі, г/см 3 . [7]

Жұмыс нәтижесі

Кесте №1. Кондуктометриялық титрлеу нәтижелері.

V NаОН, мл
æ См/см
æ См/см
æ См/см
VNаОН, мл:
æ См/см: 19
æ См/см: 19, 5
æ См/см: 20, 6
VNаОН, мл: 1
æ См/см: 20, 5
æ См/см: 21
æ См/см: 21, 6
VNаОН, мл: 2
æ См/см: 22, 6
æ См/см: 22, 6
æ См/см: 23, 5
VNаОН, мл: 3
æ См/см: 25, 5
æ См/см: 25, 6
æ См/см: 28, 7
VNаОН, мл: 4
æ См/см: 28, 5
æ См/см: 28, 5
æ См/см: 23, 4
VNаОН, мл: 5
æ См/см: 23, 4
æ См/см: 23, 4
æ См/см: 24, 9
VNаОН, мл: 6
æ См/см: 24, 6
æ См/см: 25
æ См/см: 26
VNаОН, мл: 7
æ См/см: 25, 2
æ См/см: 26, 2
æ См/см: 27
VNаОН, мл: 8
æ См/см: 26, 7
æ См/см: 27, 1
æ См/см: 27, 9
VNаОН, мл: 9
æ См/см: 27, 1
æ См/см: 27, 7
æ См/см: 28, 2
VNаОН, мл: 10
æ См/см: 27, 9
æ См/см: 28, 4
æ См/см: 28, 5
VNаОН, мл: 11
æ См/см: 28, 3
æ См/см: 29
æ См/см: 28, 9

Есептелінуі:

υ 1 =11мл

υ 2 = 50мл

m=50 г

Q = 𝟑𝟓𝟎 𝟓 𝟓𝟎 𝟓𝟎 = 𝟎 , 𝟕 \mathbf{=}\frac{\mathbf{350 \bullet 5}}{\mathbf{50 \bullet 50}}\mathbf{= 0, 7} г

50 г - 100%

0, 7 г - х% х= 𝟎 , 𝟕 𝟏𝟎𝟎 𝟓𝟎 = 𝟏 , 𝟒 % \frac{\mathbf{0, 7 \bullet 100}}{\mathbf{50}}\mathbf{= 1, 4\%}

Қорытындылай келе мынадай тұжырым жасалды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лимон қышқылын тереңдік әдіспен өндіру технологиясы
Лимон қышқылын өндірудің тереңдік әдісі және технологиясы
Лимон қышқылын алу: Aspergillus niger негізіндегі биотехнологиялық тереңдік әдісі
Лимон қышқылын өндіру: Aspergillus niger негізіндегі микробиологиялық технологиялар мен аналитикалық әдістер
Кребс циклі және лимон қышқылын микробиологиялық өндірудің биохимиялық негіздері
Лимон қышқылын алудың тереңдетілген технологиясы және Aspergillus niger-дің α-амилаза синтезі
Лимон қышқылын алудың тереңдік әдісі және Aspergillus niger арқылы микробиологиялық өндіріс технологиясы
Ұн құрамындағы крахмалды фотометриялық әдіспен анықтау
Лимон қышқылын ферменттік әдіспен (Aspergillus niger) өндіру технологиясын құрастыру және негізгі құрал-жабдықтарды таңдау
Лимон қышқылын микробиологиялық синтездеу: микроорганизмдердің морфологиясы, ферментация технологиялары және эксперименттік зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz