Зерттеудің ғылыми болжамы және оны құрудың талаптары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Әйгерім Турсынбек

1. Зерттеудің ғылыми болжамы және оны құрудың талаптары

Ж. А. Асқарова, Л. Б. Иманқұлова "Кәсіби білім беру жүйесінде ғылыми зерттеу негіздері" кітабына сүйенсек, «ғылыми болжамы» терминін ғылыми жорамал ретінде ала отырып, дәлеледеуді қажет ететін бір құбылысты түсіндіруге, шынайы мәні әлі анықталмаған ғылыми болжам ретінде, практикалық жағынан тексерілуді қажет ететін бір құбылыс үрдісін түсіндіру үшін пайдаланылады деп көрсетілген. В. И. Загвязинский ғылыми болжамды белгілі бір құбылыстың мәнін ашуға бағытталған шынайы пікірдің белгісіздігі ретінде сипаттайды, тәжірибені тиісті факторлары арқылы тексерілуін көрсетеді; зерттеу проблемасын шешу нәтижелері жөнінде жорамалды ұсынады.

Ғылыми болжам өзінің жинақтау деңгейіне байланысты:

Индуктивті

Дедуктивті

Ғылыми болжамның беріктік деңгейі, тәжірибенің сандық нәтижесінің статистикалық өңдеу жолымен анықталған болса, онда ғылыми болжам нөлдік немесе теріс деп тұжырымдалады. Онда зерттеуші, зерттеу факторларының арасында тәуелділік жоқ деп топшылайды.

Ғылыми болжамда қойылатын талаптар:

  • Ол көптеген ережелерден тұрмау керек;
  • Зерттеуші өзі анықтап бітпеген ұғымдарды, категорияларды қоспау керек;
  • Ғылыми болжамды тұжырымдағанда фактілерге сәйкестігін, тексеріске қолайлығын ескерген жөн;
  • Статистика жағынан дұрыс дайындаған, логикасы қарапайым, сабақтасы сақталған болуы тиіс.

Ғылыми болжам құрудың тәртібі:

  1. Ғылыми зерттеулердің қолданыста бар амалдары мен тәсілдерінің көмегімен өмір тіршілігінің себептері ашылмайтын құбылыстардың бір тобын бөліп алу;
  2. Құбылыстар жиынтығын егжей-тегжейлі зерттеу, жағдаларды анықтау.
  3. Ғылыми жорамалды тұжырымдау, себептерін болжау;
  4. Болжамалы себептерден туындайтын бір немесе бірнеше салдарды анықтау;
  5. Шындыққа сәйкес келетінін тексеру. Егер көрсетілген салдар шынайы фактілерге сәйкес келсе, онда ғылыми болжамды тиянақты деп қабылданады.

Қортындылай келе, тәжірибеде әзірге белгісіз құбылыстар туралы немесе келешекте белгілі бір жағдайда пайда болатындай мүмкіндігі бар оқиғалар мен құбылыстар туралы ғылыми білім, болжам. Практикалық қажеттіліктен туып, ғылым жетістіктеріне сүйене келе болжау - адам ойының бір нысанына айналған. Ғылыми болжамның мүмкіндігі - оның ғылыми негізділігі мен өзара заңдылығында, өзара тәуелділігінде.

2. Зерттеудің міндеттері және оны тұжырымдауға койылатын талаптар

Жоғарыда аталған кітаптың 41 бетіндегі мәліметке зер салсақ, онда «міндет» терминін проблеманы шешуді және зерттеуді талап ететін күрделі күрделі сұрақтар проблема ретінде түсіндіріледі. А. М. Новиковтың пікірінше, ғылыми зерттеулердің міндеттері былай тұжырымдалады.

  1. Зерттеу мақсаты, оның кезеңдерін көрсететін ізденудің уақытша-құрылымдық компоненті түрінде нақтылынады
  1. Зерттеудің ққұрылымдық -логикалық компоненттері жекелеген міндеттер түрінде білінеді
  1. Қиыстырылған нұсқасы, онда кейбір ұйымдастыру жағдайлары да көрсетіледі

Зерттеулерде төмендегідей міндеттер қолданылады:

  1. Зерттелетін объектінің құрамын, табиғатын, мәнін анықтау, нақтылау, тереңдету және әдіснамалық негіздену;
  2. Зерттелетін тақырып бойынша жалпы жағдайын, динамикасын, ішкі қайшылықтарын талдау;
  3. Практика жүзінде қайта құрылуға, өңделуге қабілеттінің болуы;
  4. Зерттелетін үрдісті, құбылысты жетілдірудің тиімділігін көтерудің жолдары мен амалдарын анықтау, яғни іс жүзіндегі жұмыс жайының зерттелетін объектіні басқару проблемалаы мен қатынасын айқындау.

Зерттеулерде міндеттер: Зерттеудің көрсетілген мақсатына орай, негізгі міндеттері:

  1. тексеру (көрсету) . . . ;
  2. табу . . . ;
  3. жете зерттеу . . . ;
  4. практикалық жолмен тексеру . . . ;
  5. жобалау . . . т. б.

Қортындылай келе, зерттеудің міндеттері бұл біздің ғылыми жобамыздың сәтті шығуына ықпал етеді. Кітапта көрсетілген тұжырымдарды өз тәжірибемізде қолдана аламыз.

  1. Зерттеудің методологиялык базасы және оған қойылатын талаптар

Кез келген зерттеу жұмысын жүргізгенде, оның методологиялык базасы көрсетілуі тиіс. Ол мынаған байланысты:

- зерттеушінің әдіснамалық дайындығының деңгейін көрсетуге;

- этикалық тұрғыдан ұғыну, өйткені әр бір зерттеуші өз жұмысында өзіне дейінгі бастаушыларға сүйенеді;

- әр ғылымда әр түрлі ғылыми мектептердің болуы және онда бір текті проблемалардың әр түрлі позицияда, әр бағытта жете зерттелуі.

Ізденуші өз зерттеулеріне жете дайындалғанда нақты позиция ұстануы тиіс: база ретінде қандай теориялар мен тұжырымдарды қолданады және оның себебін негіздеуі қажет, сонымен қатар, педогогикалық әдебиет көздеріне талдау жасағанда қайсыларына тек сілтеу керектігін ажырата білу керек деп көрсетіледі кітапта.

Пайдаланылған әдебиет: Ж. А. Асқарова, Л. Б. Иманқұлова "Кәсіби білім беру жүйесінде ғылыми зерттеу негіздері" кітабы 37-45 беттер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы, зерттеу тұжырымдамасы (проблемалық дәріс)
Ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу
Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау
Аймақтардың қаржы саясаты саласындағы әлемдік тәжірибе
Психологиялық зерттеу әдістерінің классификациясы
Несиелік тәуекелдерді басқару әдістері
Педагогикалық зерттеулердің сапасына қойылатын талаптар
Педагогикалық зерттеулердің түрлері
Экономикалық аймақтың түсінігін әр түрлі көзқарастардан талдау және қорытындылау экономикалық аймақты ұлттық экономикалық кеңістіктің бөлігі ретінде анықтау
Ақпараттық қауіпсіздікке қауіптер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz