Эксперименттің негізгі сипаттамасын және оның классификациясы


Турсынбек Әйгерім
Екі шет тілі
- Эксперименттің негізгі сипаттамасын және оның классификациясын атаңыз.
Эксперимент бакылаудың жеке жағдайы болып табылады. Педагогикалық әдебиетте эксперимент термині зерттеудің эмпирикалык әдісі ретінде беріледі, оның барысында құбылыс катаң басқарушылық және бақылаушылық жағдайларында зерттеледі: накты педагогикалык құбылысты зерттеу үшін жақсы жағдайлар жасалады; жасанды түрдегі құбылысты ғылыми жағынан алға қойған тексеру дәл ескірген жағдайда да ғана жүзеге асырылады.
Эксперимент кезінде зерттеуші белгілі бip құбылыстың немесе үрдістің барысын, оған жаңа біp фактор енгізу арқылы саналы түрде өзгерте алады. Эксперимент жүргізушінің енгізген жаңа факторы - эксперименттік фактор немесе тәуелсіз ауыспалы деп аталады.
Тәуелсіз ауыспалыкты ықпалмен өзгеретін факторларды тәуелсіз ауыспалылар деп атайды. Эксперимент белгілі бip құбылысты «таза күйінде» зерттеуге мүмкіндік береді; тәжірибелік жағдайда шынайы объектілер қасиеттерін зерттейді; белгілі бip объектілерді зерттеуде бірнеше дүркін эксперимент жүргізуді жүзеге асырады. Кез келген эксперименттің негізгі принципі - әр зерттеу процедурасында тек бip ғана фактордың өзгеруі тиіс, ондай жағдайда басқа факторлар бақылауда және өзгеріссіз болады. Егер, басқа фактордың ықпалын тексеру қажет болса, онда сол фактордың өзгеруі жөнінде процедуралық зерттеу жүргізіледі, ондай жағдайда басқа, бақылаудағы факторлар өзгеріссіз қалады.
Объектілерді эксперименттік жолмен зерттеу бақылаумен салыстырғанда төмендегідей артықшылыктарға ие:
- тәжірибенің барысын бақылау, қажетті параметрлерін өлшеу, құбылыстарды немесе үрдістерді сипаттау, оларды анықтайтын заңдылықтарды көрсету;
- алынған нәтижелерді талдау және жинақтап қорыту;
- алынған фактілер мен аргументтердің теориялық және қолданбалық маңызын бағалау, қорытындылар мен ұсыныстар жасау.
Эксперименттің жекелеген түрлеріне зертханалық және табиғи эксперименттер жатады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылған жағдайда және нұсқау бойынша өтіледі. Онда арнайы аппаратура қолданылады, кейде техникалык құралдарды қажетсінбеуі де мүмкін. Табиғи эксперимент табиғи жағдайда жүргізіледі және қолданылатын әдістің талаптары түгел орындалады.
Негізінен эксперименттің үш түpi белгілі:
Анықтайтын , қалыптастыратын және бақылайтын . Фактіні анықтайтын эксперимент зерттеудің алғашқы кезеңінде жүргізіледі және тиісті мәліметтер алу үшін пайдаланылады. Эксперименттің бұл түрінен алынған мәліметтер эксперименттің келесі түрлерін ұйымдастыруға жұмсалады. Қалыптасу эксперименті белгілі бip сапаның, қасиеттің, білім, білік және дағдының қалыптасуы мен дамуын көздейтін педагогикалық құбылыстың немесе үрдістің дамуын көрсетеді. Бақылаушылық эксперименті педагогикалык өнімнің пайдасы мен оқу үрдісінде нақты пайдалану жөнінде ақырғы шешім қабылдау мақсатында жүргізіледі.
- Эксперименттің жоспарында қандай кезеңдер (этаптар) болады?
Эксперименттің жоспарында:
- эксперимент жүргізудің орны мен мерзімі, оның көлемі;
- экспериментке қатысушылардың сипаттамалары;
- экспериментке қатысушылардың дайындығы;
- эксперимент үшін пайдаланылатын материалдардың сипаты, зерттеудің жеке әдістерін қолдану мен эксперимент жүргізудің әдістемесінің түсіндірмелері;
- эксперимент кезіндегі бақылау, тестілеу т. б. әдістері; эксперимент нәтижелерін өңдеу әдістерінің сипаты көрсетіледі.
- Зерттеудің сұрак - әдісіне сипаттама беріңіз.
Сұрақ әдісі - зерттеушінің сыналушыларға қойылған нақты сұрақтарына жауаптар алуда пайдаланылады. Ол жазбаша (сауалнама алу, сұраққа жауап алу) және ауызша, мұнда сыналушымен бетпе - бет жүздеседі. Сұрақ - әдістің түрлері: сауалнама жүргізу, әңгімелесу, интерьвью алу.
Әңгіме - бұл зерттеу әдісі, оны төмендегідей қарастыру керек:
1) психологиялық - педагогикалық зерттеу әдісі, ол мәлімет алуға негізделген;
2) окытудың, сұрақ-жауап әдісі, ол жаңа білімді алу немесе оны қайталау, сондай- ақ бұрыңғы білімдерін пысықтау барысында оқушылардың ақыл-ой қызметінің белсенділігін арттыру мақсатында педагогтің пайдалануына бағытталған.
Сауалнама алу белгілі бip жоспар бойынша жүргізілетін, сыналатындардың психикалык әрекетінің объективті жэне субъективті фактілер жөніндегі мәліметтерді жинау әдісі. Көрсетілген формалар бойынша жауаптар беріледі және оған талдау жүргізіледі.
Интервью сұралатын адаммен бетпе-бет жуздесе отырып, ауызша сұрақтар көмегімен әлеуметтік және психологиялық бағыттағы мәліметтерді алу әдісі.
Тестілеу белгілі бip уақыт арасында сыналушы тиісті, зерттеушінің тест тапсырмаларын орындайды. Тест (ағылшын тілінде test - тексеру, тәжірибе) сынаудың объективті және стандартты процедурасы, ол жеке тұлғаның психологиялык жэне басқа да қасиеттерін бағалауға арналған арнайы құрал. Қазіргі кезде дамыту тесті, жетістіктің тесті т. б. пайдаланылады.
Әрекеттің өнімдері мен құжаттарын талдау әдici, ол сыналушылардың еңбегіне, ic жүзіндегі нәтижелеріне қарай педагогикалык құбылыстарды тікелей зерттеуге арналған, мұнда олардың қабілеттерін, білімін, біліктіліктерін, дағдыларын т. б. нақтылы түрде көрсету көзделеді. Бұл әдіс құжаттарға түсірілген, сенімді әлеуметтік мәліметтерді алуға бағытталған. Осы әдіс арқылы нақты мәлімет алудың шарты - құжат көздерінің сенімділігін тексеру болып табылады. Құжаттарды талдау әдістерінің көптүрлілігі шартты түрде eкі негізгі типке ұласады:
а) дәстурлі (сапалық, мазмұндық) талдау;
ә) құрылымдық (сандық) талдау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz