Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында - Қазан төңкерiсiнiң Қазақстанның қоғамдық саяси өмiрiне әсерi



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi
Тарих кафедрасы

ЖҮТ 2

Тақырыбы: Қазақстаназаматтыққарсыластықжылд арында

Сынақ кітапшасының нөмірі 1641001

Пән: Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Мамандығы: 5В030100 - Юриспруденция

Тексерген: Ақмарал Ерікқызы Ералина
аға оқытушы

Кейс 1

Қазақстаназаматтыққарсыластықжылдар ындатақырыбы
Бойыншатеориялықбiлiмсапасынбақылау сұрақтары

Сұрақтардыңрепродуктивтiдеңгейi
1.Қазан төңкерiсiнiңҚазақстанныңқоғамдық-са ясиөмiрiнеәсерiнанықтаңыз.

Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корнилов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған "Барлық билік Кеңестерге берілсін" деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды. 1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.

2.Алаш партиясыныңбағдарламасындақандаймәс елелерайтылады?

Алаш партиясы (1917 -- 1920) -- 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы -- Әлихан Бөкейханов.
Алаш партиясының өмірге келуі
1917 жылдың 21 қараша күні Қазақ газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. Алаш партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. Алаш партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда Ғылым-білім үйрету жөнінде
- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;
- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;
- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;
- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;
- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;
- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;
- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.
- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген [8].
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ сиезі өтеді. Сиездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..
Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы сиезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан Алашорда үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатын-ды [9]. Орынбордан қайтып оралған бойында Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер қазақтың батыс аймағын басқаратын үкімет құруға кірісті. Ойыл уәлаяты уақытша үкіметі - XX ғасырдың басында Жайық өңірінде орнаған мемлекеттік-автономиялық құрылым. Ол 1918 жылдың мамыр айының соңында Жымпитыда өткен ІҮ Орал облыстық қазақ сиезінің қарарымен құрылды. Ойыл уэлаяты уақытша үкіметінің атқарған істері: жерге жекеменшікті жойып, оны халықтың меншігі деп жариялады; халық сайлаған уәлаяттық, уездік соттар іске кірісті; ақша-финанс жүйесі жасалынды; халыққа өз саясатын жеткізу, түсіндіру үшін газет шығарылды (оның редакторы болып Ахмет Мәметов жұмыс атқарды. Ол М.Мәметованың әкесі, көрнекті Алашорда қайраткерлерінің бірі); жерді пайдалану, салық, дін, сот, білім, әскер істері жөнінде қаулы-қарарлар қабылдады.
Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған [10].
1918 жылы 1 сәуірде Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Мәскеуге барып, Орталық Кеңес өкіметінің басшысы В.И.Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездеседі. Алашорда атты ұлттық автономиялық үкімет құрылғанын, Алашорда үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханов екенін мәлімдейді. Бірақ Алашорда мемлекетінің қойған талап-тілектерін Орталық Кеңес өкіметі толықтай мойындамайды. Дегенмен де РКФСР-дің ұлт істері жөніндегі комиссариатының құрамында қазақ бөлімі құрылады. Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады деп Жүсіп Баласағұнның Құдатғу білік еңбегінде жазғандай тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі - автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі - Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Алаштың арыстарының бірі - Ахмет Байтұрсынов Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді, - десе, Күнбатыс Алашордасының идеологы саналған Ғ.Қараш: Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді, - деген. Батыс Алашорда үкіметі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлы тіл туралы: Біздің тәжірибемізде қазақ тілі - бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем болмайды, - деген пікірді айтқан .

3.Азамат соғысыныңшығусебептерiжәнеҚазақстан дағыбарысытуралыайтыңыз.
1917 жылы Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі қазақ деген ұлт зиялыларының басын бір жерге қосуға мүмкіндік әкелді. 1917 жылдың сәуір-мамыр айларында көптеген облыс-уезд орталықтарында аймақтық қазақ съездері өткізіліп, қазақ комитеттері құрыла бастады. Олардың жекелеген өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдары болған облыстық және уездік атқару комитеттерінің құрамына енгізілді. 1917 жылы Қазақ сиездері Орынбор (Торғай облыстық), Орал (Орал облыстық), Семей (Семей облыстық), Омбы (Ақмола облыстық) т.б. қалаларында болды. Қазақ сиездерін өткізуге ұлт зиялылары белсене кірісті. Орал облыстық қазақтардың 1-ші сиезі 1917 жылы 19-22 сәуір аралығында Орал қаласында өтті. Сиезді уақытша қазақ комитетінің төрағасы Ғұбайдолла Әлібеков ашып, құттықтау сөз сөйледі. Осы сиезде бірінші кезекте Мемлекетті басқару туралы, Уақытша үкімет туралы және жүріп жатқан импералистік соғысқа көзқарас туралы мәселелер қаралды. Сиез төрт күнге созылды, съездің соңғы төртінші күні облыстағы оқу-ағарту, мәдениет және т.б. мәселелер қаралды. Сиез делегаттары Орал облысында қазақтар арасында бастауыш, орта, жоғары білім беру жүйесі қанағаттанғысыз деп тауып, төмендегі шешімдерді қабылдады: - мұғалімдер сиезін шақыру қажет; - Орал қаласында уақытша орта оқу орнын ашу қажет, ерлер гимназиясының бағдарламасы негізінде қазақ балаларына арнайы оқу орнын ұйымдастырып, оны қазақтар қаражатына салынған бұрынғы кәсіптік мектептің үйіне орналастыру жөн деп табылсын; - қазақ тілінде газет, брошюралар шығару қажет деп табылсын; Сиезде бұдан басқа да мәселелер қаралды, басқа қаралған мәселелерді қосқанда саны 23-ке жеткен. Орал сиезінің қарарында облыс орталығында орта мектеп ашу және кәсіби мамандардың қатысуымен халық ағарту ісін реформалау мәселелерін талқылау үшін мұғалімдер құрылтайын шақыру қажеттілігі көрсетілді [4]. Осы сиезде Жаһанша Досмүхамедов: Біздің мақсатымыз - ел билеуді халықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады. Қалың қазақты аяусыз қанаған патша орнынан түсті. Ендігі жерде қазақты елдің тұрмысын, тілін білетін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндер ғана басқарады. Осыған байланысты қалай болғанда да біз Ресейден автономия алуға тиістіміз, деп өз ойын білдіреді [5]. Жаһаншаның жалынды сөзінде мемлекеттің саяси құрылысы мен оның мемлекеттік тілі, оның қолдану аясы ашық түрде айқын айтылғанын біздер ұғынуымыз керек. Кешегі өткен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандары болған жастар да Жаһаншаның ой-пікірін қайталағанын біз еске түсірмей кете алмаймыз. XX ғасырдың басындағы алаш ардақтылары халықты ұлтаралық бірлікке шақырды, олар ұлтшылдықты арқау еткен жоқ, керісінше ұлтын сүйген ұлтжанды азаматтар екенін танытты.

Сұрақтардыңреродуктивтi-тәжiрибелiк деңгейi
1.Ақпан төңкерiсiменқазантөңкерiсiнiңайырма шылығынайтыңыз. Салыстырмалытүрдеталдаужасаңыз.
Ақпан төңкерісі -- 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы -- республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді.
1917 жылы 27 ақпанда Россияда Ақпан буржуазиялық - демократиялық революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен кетті. Ақпан төңкерісінің жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды.
Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан төңкерісі жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін).
Қазан төңкерісі -- 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды.
Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды.
Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді.
Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикаларға жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты.

2.Алаш зиялыларыныңКеңесүкiметiнекөзқарасы нталдаңыз.

Қарастырылып отырған 20-30 жылдардағы мәселелерінің негізгі тарихнамасы Қазақстанның саяси және қоғамдық қайраткерлерінің басылымдарда қазақ және орыс тілінде жарық көрген мақалалары жатады. Деректің негізгі тобын құрайтын еңбектер алашорда қозғалысының қайраткерлері: А.Байтұрсыновтың [4] Ә.Бөкейхановтың [24], М.Дулатовтың [25], және тағы басқаларының еңбектері жатады. Бұл деректің маңыздылығының себебі - деректі жазып отырған авторлардың барлығы Алаш қозғалысының лидерлері мен соған қатысқан адамдар еді. Сол кездегі Алаш қозғалысының лидерлері мен қозғаушылардың маңызды мақалалары 1919-1920 жылдары басылымдарда жарық көрген [26].Диплом жұмысының деректік негізі ретінге 1999 ж. жарық көрген, М. Шоқай және тұтас Түркістан идеясы мәселесі материалдарына бай М. Шоқай шығармаларының 2 томдық [27], М. Шоқай мен Мария Шоқай естеліктері [28], сонымен қатар М. Шоқайдың 1985 жылы жарық көрген Кеңес билігіндегі Түркістан еңбегі [29], оның Кеңес билігіне көзқарасын талдауда өз көмегін тигізді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Зерттеудің негізгі мақсаты қазақ зиялыларының 1917-1920 жылдарындағы қызметіне жаңаша тарихи саяси көз жүгірту және нақтылау, сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік, экономикалық-мәдени жағдайларды жан-жақты қарастыру, оның қоғамдық тарихи өмір, туындыларының ішкі мәндеріне үңілу. Осы мақсатқа орай туындаған басты міндеттер деп мына төмендегілерді айтуға болады.
Зерттеушілер Ғ.Ахмедов, Г.Сұлтанғалиева, В.Григорьев және М.Қойгелдиевтердің мәліметтеріне сүйенсек, ХІХ-ғасырдың 20-шы жылдарынан 1917 жылға дейінгі мерзімде Қазан университетінде 30-ға жуық қазақ жастары, ал XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндс Петербург университетінде 20-ға жуық қазақ студенттері оқыпты, олардың қатарында Б.Қаратаев, Б.Құлманов, Б.Сыртанов, А.Тұрлыбаев, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқаев, Ж.Ақбаев, т.б. болды. Москва мсн Псетер-бургтің басқа жоғарғы оқу орындарын Ә.Бөксйханов, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, т.б. қазақ жастары бітірген. Қазақ жастары Россиядан тыс шетелдік шығыс оқу орындарында да оқыған. Ғалым Ахмедов жинақтаған мәліметтер бойынша 1917 жылға дейінгі кезенде Стамбул университетінде Ә.Ғайсин, С.Шанов, Д.Көлбаев, М.Тұрғанбаев және Ә.Машаев деген жастар білім алған. Толық емес мәліметтер бойынша 1917 жылға дейінгі уақытта 120-ға жуық қазақ жастары әр түрлі жоғарғы оқу орындарын аяқтағаны туралы диплом иемденсе, 700-дей қазақ жастары арнайы орта білім беретін оқу орындарын бітірген.
Осы тоталитаризм құрбаны болған ХХ ғасыр бас кезіндегі Қазақстандағы саяси процес лидерлері Ресей демократтарымен үзеңгілес болып, иық тірестіріп, еңбек еткен Әлихан Бөкейханов, Тұрар рұсқұлов, Халел Досмұхамедов, Смағұл Садуақасов, Сұлтанбек Қожанов, Мұхамеджан Тынышбаев, Мұстафа Шоқай, т.б. болды. ХХ ғасыр басындағы саяси процес лидерлері бүкіл қазақ халқы атынан іс-қимыл жасай отырып, отаршылдықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси-әлеуметтік процес лидерлерінің көзқарастарын тұжырымдайтындай арнайы зерттеу еңбектері жоқ. Көбінесе Алаш тарихына байланысты және сол кездегі саяси тұлғалардың шығармалар жинақтары шыққан. Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Тынышпаев, С.Сәдуақасов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Т.Рұсқұлов т.б. шығармалар жинақтары мен еңбектерінің жарық көруі біздің тәуелсіздігіміздің жемісі болып табылады.
Ахмет Байтұрсынұлы XX ғасырдың басында-ақ хальққа ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік, ақындық, журналистік қызметімен кеңінен таныс болды. Ол ғылым мен ілімнің, әдебиет пен жалпы мәдениеттің салаларында ондаған жылдар бойы ел игілігіне айналған және қазір де оған қызмет етіп келе жатқан асыл мұра қалдырды.
Ахмет Байтұрсьнұлы азамат больш қалыптасқан кезең Қазақстанньң Ресей империясының отарына түгелдей айналып болған уақытқа тұспа-тұс келді. Патша үкіметінің 1867-1868 жане 1886, 1891 жылдары Қазастанда жүзеге асырған көп салалық реформалары (әкімішілік, сот, салық, т. б. мәселелерге байланысты) өлкеміздің империяньң отарлы аймағы, ал халқымыздың отаршылдардың боданына айналғандығын заңдастырды. Осыған орай патшаның жергілікті әкімшіліктері тарапынан әлеуметтік-саяси тұрғыдан езу, оның жекелеген намысқой өкілдерін жәбірлеу мен қорлау жаппай орын алды. Мұны Байтұрсыновтар әулеті де бастан кешірді. XIX ғасырдың сексенінші жылдарында өз ауылында жәбірлеп, қорлағаны үшін Торғай уезінің бастығы Яковлевті Ахметтің әкесі Байтұрсын соққыға жывққан. Сол үшін ол ұзақ мерзімге Сібірге жер аударылған. Бала Ахмет осындай озбырлықтың талайын көріп, тез есейген43.[№15,28-29б.]. XX ғасыр басында өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси қозғалыс өз алдына әуел баста жалпы ұлттық-демократиялық мақсат-міндеттерді қойды. Бұл істің басы-қасында екі ғасыр тоғысында қалыптасқан қазақ зиялылары болды. Әлихан Бөкейханов төңірегіне топтасқан зиялылар, ең алдымен, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатов, өздерінің әдеби шығармаларының беттерінде демократиялық мәндегі ұлттың тең құықтылық, халықтың мәдениетін көтеру, отаршылдардың жер мен суды тартып алуына наразылық білдіру сияқты әлеуметтік-саяси мәні бар мәселелерді көтерді. Бұған Ахмет Байтұрсынұлыньщ Масасы (1911 ж.), Міржақып Дулатовтың Оян, қазағы (1909 ж.) дәлел бола алады және олардың авторларының сол кездің өзінде-ақ коғамдық-саяси мәні үлкен әрекеттерге барғанын көрсетеді.
Әлихан Бөкейхановтың бағыт беруімен Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен, Міржақып Дулатовтың қосшылығымен, озық ойлы, халық қамын ойлаған жекелеген дәулетті адамдардың демеушілігімен 1913 жылдан бастап Орынборда жалпы ұлттық биресми Қазақ газеті шыға бастады. Оның бірінші санында жарияланған оқырмандарға арнаған мақаласында Ахмет Байтұрсынұлы газетті халықтьң көзі, құлағы һәм тілі деп анықтай келіп, оның жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады, -- деген тұжырымы арқылы газеттің қоғамда алатын орнын, оның саяси маңызын барынша айқындап берді. Газет 1917 жылы шілде айында дүниеге келген ұлттық-демократиялық партияны дайындауда сан қырлы, салиқалы жұмыстар атқарды. Партия Россияда 1917 жылы ақпан революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі елде орын алған саяси хал-ахуал берген мүмкіндіктер жағдайында 1917 жылы 12 -- 26 шілдеде Орынбор қаласында өткен бірінші бүкілқазақтық сиезде құрылды. Бұл партияға Алаш деген ат беріледі. Сиезді шақыру мен оны өткізуде Ахмет Байтұрсынұлы үлкен белсенділік көрсетгі. Ол сиездің хатшылар тобын (құрамында М. Дулатов, Ә. Көтібаров, А. Сейітов бар) басқарып, оның маңызды құжаттарын жасауға жетекшілік етті. Сьезд өткеннен кейінгі екі-үш ай бойы оның шешімдеріне сәйкес Ахмет Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасыньң жобасын жасау ісіне қатынасты. Партия бағдарламасыньң жобасын жасауға, Ахаңмен бірге Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғүмаров, Есенғали Тұрмұхамбетов, Ғабдулхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов қатынасты. Петроградта қазан революциясы жеңіске жетіп, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнау процесі жүріп жатқан кезде Ахмет Байтұрсынұлының белсенді араласуымен дайындалған Алаш партиясы бағдарламасының жобасы Қазақ газетінің 1917 жылы 21-қарашадағы санында жарияланды.
Ахмет Байтұрсынұлы 1917 жылы 5 -- 17-желтоқсанда Орынбор қаласында өткен Бүкілқазақтық екінші сиез жұмысына да белсенді түрде атсалысты. Сиез күн тәртібі Алаш партиясы бағдарламасы жобасының талаптарынан және орталықта социалистік революцияның жеңіске жетуіне байланысты орын алған қоғамдық-саяси өзгерістерден туындады. Сиез талқылап, шешім қабылдаған 10 мәселенің ішіндегі ең маңыздылары бүкіл қазақ жерлерін біріктіретін Алаш автономиясын (қазақ мемлекеттігін) құру оны басқаратын үкімет -- Әлихан Бөкейханов басқарған -- Алаштың Ордасы (Алашорданы сайлау) және халықтық милиция аталған Алаш автономнясының қарулы күштерін жасақтау жөнінде қабылданған шешімдер болды.
Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуын қазан төңкерісі мен большевиктік билік әкелген анархияға қарсы тосқауыл ретінде түсінген А, Байтұрсынұлы большевиктік үстемдіктің Казақстандағы алғашқы адамдарына мынандай баға берді; Россияның орталық аудандарында большевиктік қозғалыстың қалай өткендігі қазақтарға белгісіз, шет аймақтарда ол барлық жерде зорлау, қиянат жасау және ерекше диктаторлық үкімет билігімен қатар жүргізіледі. Егер бұрын патша чиновниктері аталған адамдар тобы халақтарды ешбір шектеусіз езіп-жаншыған болса, енді мұндай әрекеттерді большевиктер -- коммунистердің тобы жүргізіп отыр.
Сондықтан да Алашорда Кеңес өкіметін мойындамай, 1918 жылы жазда басталған азамат соғысы жағдайында оған қарсы ашық күреске шыққан күштермен (атаман Дутов басқарған Орынбор казачествосымен, адмирал Колчак басқарған Сібір үкіметімен, Орал казачествосымен, т. б.) одақтасты.
Жауласушы күштердің (Қазақстандағы) ара салмағы 1919 жылдың басынан Кеңес өкіметі мен Қызыл Армия жағына ауысуы Алашорданың жағдайын қиындатып жіберді. Сондықтан 1919 жылы көктемде Алашорда, бір жағынан Колчак үкіметімен байланысты түгелдей үзбей отырып, екінші жағынан, Кеңес өкіметімен байланысын жандандыруға мәжбүр болды. Бүл жолы Алаш басшылыгы (1918 жылы көктемдегі жағдаймен салыстырғанда) Кеңес өкіметімен байланыс орнату бүкіл Алашорда атынан емес, оның торғайлық тобының атынан жүргізілген жөн деп шешеді. Сондықтан да Ахмет Байтұрсынұлы, алдымен, Казақстанның Далалық өлкесіндегі Кеңес өкіметінің комиссары Әліби Жанкелдинмен байланыс орнатып, одан кейін Москваға барып, Ресей Федерациясының ұлт істері жөніндегі халық комиссары (министрі) И. Сталинмен келіссөздер жүргізеді.
1919 жылы сәуір айында Торғай қаласында азамат соғысы жағдайьнда қоғамнвң бір-біріне қарсы екіге бөлінуінің нәтижесінде Аманкелді Имановтың опат болуы Алашорданың торғайлық тобының Кеңес өкіметімен ымыраға келіп жақындасуын күрделілендіріп жіберді. Саяси хал-ахуалдың дамуындағы осындай өзгерістер келіспей жүргізу ушін Москваға барған А. Байтұрсынұлының жағдайын айтарлықтай қиындатты. Осыған қарамастан А. Байтұрсынұлы большевиктердің Алашордамен байланысқа барып, қазақ халқының тағдыры жөнінде келіссөздер жүргізу қажеттігін дәлелдеуге көп күш жұмсады. А. Байтұрсынұлының табандылығы аяқсыз қалған жоқ. Кеңес үкіметі қазақ халқының Ресей Федерациясы құрамындағы автономиялық мемлекеттік үйымдастыру ісін басқаратын орган құру туралы шешімге келді. 1919 жылы шілденің 10-ы күні В. И. Ленин Қырғыз (қазақ -- Н. К.) өлкесін басқаратын революциялық комитет жөніндегі уақытша ережеге қол қойды. Казревкомның мүшелігне алғашында А. Байтұрсынов, С. Меңдешев, С. Пестковский (төрага) енгізіліп, кейін әр кезде оның құрамында Б. Қаратаев, М. Тұңғаншин, Б. Каралдин, Т. Седельников Т. Әлібеков, т. б. болды.
Ахмет Байтұрсынұлының Кеңес өкіметі жағына шығуын және оньң Қазревкомның мүшелігіне тағайындалуын большевиктер айтарлықтай саяси науқанға айналдырып жіберді. Көп кешікпей (1920 жылғы сәуірде) ол Кеңес мемлекетінің сол кездегі белгілі әскери және саяси қызметкері М. Фрунзенің ұсьнысымен Ресей коммунистік (большевиктер) партиясының мүшелігіне қабылданды. Осыған орай Орынборда шығып тұрған Известия Киргизского (Казахского -- Н. К.) края атты большевиктік газеттің сол жылы сәуірдің 15-і күнгі санында арнайы мақала жарияланып, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты аса ірі қайраткер және әдебиетшінің бейбіт үлттық либералзмнен Казан революциясын және Совет өкіметін тануға дейін кезеңдерден өтіп халықаралық коммунизмге келуін партияның ірі жеңісі және оның казақтар арасындағы ықпалының өсуінің жақсы көрінісі -- деп бағалады. Ал Ахмет Байтұрсынұлы болса коммунистік партияға бір жылдан ғана мүше болған болатын.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде сақталған Ахмет Байтұрсынұлының 1929 жылы маусымның 2-і күні ОГПУ тергеушісіне берген жауабында осы жөнінде былай делінген: Мен, -- дейді ол, -- партиядан 1921 жылғы тазалау барысында енжарлығым (пассивность) үшін шығып қалдым. Менің енжарлығым ғылыми жұмысқа тереңдей берілгендіктен және жалпы алғанда саясатқа аз көңіл аударғандығымнан көрінді (КР ҰҚК-нің архиві, іс-124, том-2, парақ-159)44.[№38,79б.]
Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен 1919 жылы жаз бен күзде Қазревкомның мәжілістерінде Алашорданың Кеңес өкіметі жағына шықпаған басқа топтарымен, ең алдымен, оның Батыс бөлімімен байланыс жасау және оларға белгілі шарттармен кешірім (амнистия) жасау мәселелері сан рет көтерілді.
1919 жылы қазанның 27-сі Қазревкомның кеңейтілген мәжілісі болып (оған РКП(б) Орталық Комитетінің Бүкіл россиялық Орталық Атқару комитетінің осы екі орталық органының Түркістан істері жөніндегі Комиссиясының Түркістан майданының революциялың соғыс кеңесінің мүшелері қатысты), онда қазақ халқын біріктіру және оны кеңес өкіметі жағына шығару туралы мәселе талқыланды. Мәжілісте А. Байтұрсынұлы мынадан ұсыныстар жасады: 1) Кеңес өкіметі қазақ халқына жалған емес, іс жүзіндегі өзін-өзі билейтін автономия беретіндігіне оның көзін жеткізсін. 2) ...Ақтардың жағында қызылдарға күресіп жатқан Алашорданың Торғайлық және Оралдық тобына олардың кеңес екіметі жағына шығатын жағдайда кешіріп жасалатындығы жариялансын. (Протоколы Казревкома (1919-1920 гг.) Сб. документов А., 1993. с. 32-33.) Осы мәселелердегі А. Байтұрсынұлының табандылығы көп кешікпей өз нәтижесін берді. 1919 ж. қарашаның 4-інде Түркістан майданының революциялық соғыс Кеңесі Совет өкіметіне тікелей және жанама түрде күрес жүргізіп келген барлық қазаіқтарға (алашордашыларға -- авт.) толық кешірім жасау туралы қаулы қабылдады.
Ахмет Байтұрсынұлы Қазревком төрағасының орынбасары әрі оның ішкі істер бөлімінің меңгерушісі ретінде 1920 жылы 4 -- 12-қараша күндері Орынбор қаласында өткен Кеңестердің бүкілқазақстандың құрылтай сиезін шақыру және оның басты саяси құжаты Қазақ АССР еңбекшілері праволарының Декларациясын дайындауға үлкен үлес қосты. Бүл сиезде Ресей Федерациясының құрамындағы Казақ Кеңестік социалистік автономиялың республикасы құрылғаны белгілі. А. Байтұрсынұлы осы республиканың үкіметі -- Халық коииссарлар Кеңесінің құрамына өтіп, оқу-ағарту комиссары (иинистрі) болып саяланды, ол 1922 жылдан оқу-ағарту комиссараты жанындағы ғылыми орталықты басқарды. Сонымен қатар ол Бүкіл россиялық Орталық Атыару комитеті мен Қазақ Республикасы Орталық Атқару комнтетіне мүше болды.
20-жылдардың басында (1920 -- 1923 жж.) А. Байтұрсынұлы жоғарыда айтылғандай, Казақстанның оқу-ағарту комиссары, Мухтар Әуезов Қазақ автономиялы Республикасының Орталық Атқару комитетінің саяси хатшысы, жекелеген алаш-шыл азаматтар Қазақстан мен Тұркістан АССР-нің мемлекеттік басқару жүйелерінде жауапты қызметтер атқарды. Осындай адамдардың ықпалымен Алаш қозгалысының мүшелері баспасөз, оқу-ақарту, ғылым, өнер жүйелерінде басшылық етіп, айтарлықтай лауазым иелері болды. Сонымен қатар олар ғылым, әдебиет, өнер салаларьнда шығармашылық жұмыспен шұғылданды.
Әлихан Бөкейхановтың Қазақстанда түрып, қызмет атқаруына мүмкіндік болмай, Москваға ауып кеткен жағдайында Қазақстандағы күннен-күнге бел алып келе жатқан әкімшіл-әміршіл мемлекеттік билікке қарсы рухани күрестің көсемінің рөлін Ахмет Байтұрсынұлы атқарды. Осының нәтижесінде 1921 -- 1928 жылдар аралығында А. Байтұрсынұлының Әдебиет танытқышы, 23 жоқтауы (құрастырушы), Телжан Шонановтың Қазақ жер мәселесі тарихы, Көшке Кемеңгеровтың Қазақ халқының тарихы, К. Сатбаев құрастырып, өзінің алғысөзімен шығарған Ер Едігенің нұсқасы, М. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ саяси партиясы
Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты
Кеңес өкіметінің Алаш автономиясын жоюы
Қазақстанның өткені мен бүгіні (тарихи жағдайлар, наразылықтар)
Патша үкіметі
Алаш партиясы және Алашорда автономиясы
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы туралы
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-заттық көтеріліс
Қазақ зиялыларының қалыптасуы
Азаматтық-саяси қайшылықтар
Пәндер