Анаэробты және соз. хирургиялық (спецификалық) инфекция. Хирургиялық паразитарлық аурулардың алдын алудағы медбикенің рөлі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Анаэробты және соз. хирургиялық (спецификалық) инфекция. Хирургиялық паразитарлық аурулардың алдын алудағы медбикенің рөлі.

Хирургиялық инфекция - мүмкіндігімен хирургиялық емдеуді қажет ететін, микробтардын енуі салдарынаң ірінді-қабыну немесе ірінді-некротикалық процесстермен өтетін аурулар.

Ірінді-қабыну аурулардың дамуы бір-неше себептерге байланысты:
1)макроорганизмның(адам ағзасының) иммундық статусы;
2)микроорганизмның вируленттігі(ірінді-қабынуды шақырту қабілеті) және саны;
3)асептика және антисептика ережелерін қолданып микроорганизмдердін ену жолдарына уақытымен және толық түрінде әсер ету;

Хирургиялық инфекцияның жіктелуі.
Этиологиялық факторға байланысты
ерекше емес аэробты(ірінді),
анаэробты,
шіріткіш
ерекше түрлеріне бөлнеді.
Клиникалық ағымына байланысты жедел және созылмалы түрлеріне бөлнеді.
Таралуына байланысты жергілікті және жалпы(сепсис) түрлеріне бөлнеді.

Анаэробты инфекция

Анаэробты инфекция ( анаэробтық өліеттену, газды инфекция, бұлшық еттің анаэробтық қабынуы) - анаэробтық микроорганизмдер тудыратын, бұлшық етпен дәнекер тіндерін зақымдайтын ауыр жарақат инфекциясы. Анаэробты инфекция жарақаттың ең қауіпті асқынуы болып табылады.
Анаэробтық инфекцияның негізгі 2 түрі бар:
# Классикалық клостридиялық (споратүзгіш) инфекция
# Клостридиялық емес (спора түзбейтін) инфекция

Анаэробты инфекция дамуына жағдай туғызатын факторлар:
# Тіндердің ауқымды жарақаттануы мен олардың топырақпен, бөгде денелермен ластануы, оттегімен нашар жабдықталуы.
# Таңғыштар, қылбұрау салу, үлкен қан тамырларының жарақаттануы мен олардың бастауынан байлау салдарынан тіндердегі қан айналысының бұзылыстарынан.
# Қанды көп жоғалту мен жарақат кездегі шок.
# Жаралы организмнің қажуы, дерт немесе басқа да фактор салдарынан әлсізденуі.
# Жарақат алған жерге байланысты: анаэробты инфекция аяқ - қол жарақаты кезінде жиі дамиды, өйткені аталған дене бөліктері басқа ағзаларға қарағанда ластау және үлкен бұлшық ет массивтері жарақатталады.
# Көктемгі және күзгі ылғалды мезгіл анаэробтық инфекцияның дамуына қолайлы
# Жарақат өзегі терең және сыртқы ортамен байланысы нашар қуыстың болуы.

Анаэробты инфекцияның жіктелуі
# Эмфизематоздық немесе классикалық түрі - газ түзілуі ісіну процестерінен басым болған жағдайда
# Улы, немесе ісікті - газ түзілісі бәсең - ісіну процестері алдыңғы орынға шығады
# Аралас түрі - ісіну мен эмфизема процестері қатар жүреді.
# Шірулік түрі - патогендік қасиеттері әлсіз қоздырғыштар спорасының көбеюіне байланысты тіндерде өліеттену процестері дамиды, олар өз кезегінде тіндерде өліеттену процестері дамиды, олар өз кезегінде тіндерде анаэробтық инфекцияның басты қоздырғыштарының көбеюіне жағдай туғызады.
# Флегмонозды түрі - бұл түрінде ісіну мен эмфизема әлсіз көрінеді, таралуға бейімді емес, екіншілік инфекция қоздыратын іріңдік процестермен қосарланып жүреді және солардың тасасынан байқау қиын болады. Инфекцияның бұл түрі басқа түрлермен салыстырғанда қолайлы жүреді және хирургиялық емге тез көнеді.

Анаэробты инфекцияның өзіне тән жергілікті белгілері:
# Жараның өзіне тән сыртқы түрі:
1. Байламаны шешкен кезде жарақат тұсының құрғақ және өліет тәріздес түрі, жарадан шығатын бөлінді мардымсыз, кілегей және жағымсыз иісті.
2. Жарақат айналасындағы тері көгіс тартқан, ұстағанда салқын, бозғылт түсті. Теріде көгілдір немесе қола түсті дақтар пайда болады кеңейген беткі көктамырлар көрініп тұрады.
3. Тері астындағы шел қабаттары да ісіңкі, дірілдеуік тәріздес, қанталаған.
4. Зақымданған бұлшық еттер қайнатылған етке ұқсас болады. Олар ісінген, сұр түсті, жараға симайтындай, жара тесігі арқылы бұлтиып тұрады.
# Жарақат шеңберінде өте күшті және жоғары қарай тез тартылатын ісіну байқалады. Аяқ-қолдың көлемі түгелдей ұлғаяды. Ісіктің тез өсуі Мельниковтің ібелгісімен тез анықталады( аяққа немесе қолға айналдыра байлаған жіп 20-30 минуттан соң теріге кіре бастайды.
# Газ түзілісі әртүрлі дәрежеде көрініс береді. Пальпация жасаған кезде дәрігердің саусақтарының астынан осы инфекцияға тән сықыр-крепитация анықталады. Жарақат айналасындағы тері ні қырған кезде жоғары металдық дыбыс естіледі - ұстара алмасының белгісі. Шпатель немесе басқа аспаптармен қырған кезде де метелдыұ тимпанит дыбыс анықталады - шпател симптомы. Жара өзегінде газдың жиналуынан тығынды алған кезде шапалақ ұрғандай дыбыс шығады - шампан тығыны симптомы.
# Анаэробты өліеттенудің эмфиземалық түрлерін анықтау кезінде рентгенологиялық зерттеуде саңылаулар мен қабаттар бұлшық еттердің арасына газ жиналып, оларды бір-бірінен ажыратуынан болады. Бұл белгі - Краузе белгісі деп аталады.
# Диагнозды дәлелдеу үшін бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.

Жалпы белгілері (симптомдары)
Анаэробты инфекция кезінде ауыр интоксикация, әлсіздену, шөлдеу, жүрек айну, құсу,селқостық, кейде сандырақтау белгілерімен көрініс береді.
Жараны қараған кезде тері жамылғысы бозғылт тартқан, кейде сарғыштануы да мүмкін, бет-әлпеті қуқылданып, тілі құрғап, жамылғымен қапталады. Тамыр соғысы жиілейді, АҚҚ төмендейді, дене қызуы субфебрилді кейде жоғары көтеріледі.

Анаэробты инфекцияны емдеудің патогенетикалық емдік кешені 3 компоненттен тұрады:
1. Инфекция ошағын тазалау, бактериологиялық факторды жою
2. Науқас организмінде айналыста жүрген токсиндерде бейтараптау
3. Науқастың ағзалары мен жүйелердегі өзгерістерді түзету
4. Инфекция ошағын тазалау 3 типтегі операциялар арқылы жүзеге асырылады және оларға мыналар жатады: зақымданған тіндерді тілу, зақымданған тіндерді алып тастау және ампутациялар(эзартикуляциялар)
oo Зақымданған тіндерді жалпақ қылып лампас тілігімен тілу. Шандыр қапшықтарын, бұлшық еттерді сүйекке дейін ұзына бойы тілу зақымданған тіндердің барлығын қамтуы тиіс. Тереңдегі анаэробтық инфекциямен зақымданған бұлшық ет массивтеріне ауа жеткізу. Зақымданған жердің көлеміне байланысты 2-ден 5-6 тілікке дейін жасалады және олардың біреуі жара арқылы өтіп, оны бар тереңдігіне дейін ашады. Операциядан болған жараны марганец қышқылды калий немесе сутегінің асқын тотығымен шыланған дәкемен бостау етіп толтырады.
oo Зақымданған тіндерді кесіп алып тастау (кең некрэктомия) - тілікке қарағанда түбегейлі операция болып саналады. Алдымен шандыр, бұлшық еттер, шел қабаттары кесіп алынады, Бұл процесс тек жара аймағында және шектеулі болған кезде ғана жасалуы мүмкін.
oo Ампутация немесе экзартикуляция. Науқастың өмірін сақтап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анаэробты және соз. хирургиялық (спецификалық) инфекция. Медбикенің рөлі
Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялық ауруларды бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
Асептика және антисептика. Хирургиялық инфекция
Ота жасау бөлімшесінде инфекциялық қауіпсіздік және инфекциялық бақылау шараларын сақтаудағы мейіргердің рөлі
Науқастың инфекцияларға бейімділігі
Эпидемиологиялық процестің үш тізбегі
Клиникалық көрінісі
Хирургиялық инфекцияның жалпы сұрақтары
Тыныс алу мүшелерінің анатомиясы және физиологиясы
Ауыздың кілегей қабатының жаралы-некротикалық зақымданулары. Бет-жақ аймағының одонтогенді газды гангренасы
Пәндер