Ағаш материалы және оны қолдану



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Реферат

Тақырыбы: Ағаш материалы және оны қолдану.

Тексерген:Нурмаханов Н.Б
Орындаған:АСФ ПГС-19-05 2 курс студенті
Хадис Нұртілек

Нұр-Сұлтан қаласы 2021 жыл

Ағаш деп - сабақтары мен тамырлары сүректеніп кеткен, өте жақсы жетілген діңі бар, биіктігі 2 м-ден кем емес, көпжылдық өсімдіктерді айтады. Ағаш салмағының 60-90%-і, 5-20%-і, бұтақ, ал 5-20% тамыр болып келеді. Ағаш ондаған, мыңдаған жылдарға дейін тіршілік етеді (емен - 2000, шырша - 1200, карағай - 600, қайың - 120 жыл). Ормандағы ағаш жылына өз көлемінің 1%-і мөлшерінде көбейеді. Қазақстан орман шаруашылығында 300 млн м3 ағаш қоры бар.
Ағаштың беріктігі мен серпімдігі жоғары, тығыздығы жəне жылу өткізгішті төмен, аязға төзімді, суда жəне жасанды полимерлерді еріте алатын органикалық ерітінділерде ерімейді, оңай өңделеді (кесіледі, сүргіленеді, бұрғыланады, қашалады, бұрғыланады) желіммен немесе желімсіз, үңгіме арқылы не шегемен ұштастырылады.
Кұрылыста көбінесе ағаштың қылқан жапырақты түрлері қолданылады. Біріншіден, олар көп, мысалы бұрынғы КСРО орманының 34. Олардың ішінде ең көп тарағаны - қарағай, ол орманның 14 құрады. Екіншіден, олардың сапасы жақсы, діңі тура, əрі ұзын. Бұл ағаштардан бөрене кесінді материалдар мен ағаш бұйымдарының басқа да түрлері жасалынады. Қазіргі уақытта жапырақты ағаштарды құрылыста 10%-тен кем қолданбау жоспарланып отыр. Бұлар көбінесе қосалқы (негізгі емес) жұмыстарды жүргізуге қаша, қалып, қалқа (бөлме), т.б. жасау үшін пайдаланылады.
Бөренелер дегеніміз - бұтақсыз, қабығымен бірге, не қабықсыз кесілген ағаш. Жоғары жағының жуандығына (диаметріне) байланысты бөренелерді: ірі (26 см-ден кем емес), орташа (14 - 24 см аралығында) жəне уақ (8-13 см) деп бөледі. Олар қолданылатын орнына орай: құрылыста тікелей пайдаланалатын жəне кесінді материалдар өндіру үшін қолданылатын деп топтастырылады.

Кұрылыста тікелей қолданылатын бөренелерді (діңдерді), тұқымы қылқан жапырақты ағаштардан жасайды. Олар сырттан түсетін салмақты көтеру, күшке кедергі көрсету үшін пайдаланылатын қадалар, телеграф бағаналары, көпір жəне су, техникалық құрылыстарда қолданылатын конструкциялардың элементтері ретінде өндіріледі. Діңдердің қысқа (2 м-ге дейін), əрі жуан (диаметрі 20 смден жоғары) кесінділер - дөңбек деп аталынып, ол фанер өндірісінде қолданылады. Кесуге арналған бөренелер жапырақты ағаштардан да дайындалады, бұларды əртүрлі кесінді материалдар алуға пайданады.
Кесінді материалдары. Бөренені ұзынынан кесіп өндірілетін материалдарға - брустар, тақтайлар, брусоктар, шпалдар, т.б. жатады (10.6-сурет).
Брустар 10.6-суреттің (6-көрінісі) деп - төрт бұрышты қимасының екі өлшемі де (қалыңдығы мен ені) 11 см-ден кем емес материалдарды атайды. Олар төрт жағынан кесілген - төрт (оңалы) немесе екі қарама қарсы жағынан кесілген екі оңалы болып, көбінесе қылқан жапырақты ағаштардан өндіріледі.

Тақтайлар - қалыңдығы 100 мм жəне одан жұқа, ал ені қалыңдығынан 3 еседен көп кесінді материал.

Брусок - оның да қалыңдығы 3 еседен көп емес, яғни ені тақтайлардың енінен аз материал.
Шпалдарды да брус сияқты немесе 2 канины етіп жасайды. Олардың ұзындығы кең табанды теміржол үшін 2,5-2,7 м, ал тар табанды теміржол үшін 1,35 - 1,8 м.
Ағаш бұйымдарының басқа түрлері.

Сүргіленіп, шпунтталған тақтайлар сəйкесінше 9 жəне 10 көріністері мен брусоктардың бір қыры өзектелген (ойықталған), ал екінші қыры - жоталанған (қырқаланған). Осылар арқылы бұл бұйымдар өзара тығыз жапсараланады да, еден мен бөлмеаралық қабырға жасауға жəне төбені, сыртқы қабырғаны тыстауға қолданылады.
Фрезреленген (белгілі бір үлгі бойынша жонып тегістелген) бұйымдар еден мен ірге (қабырға) арасындағы саңылауды бастыра шегеленетін жіңішке тақтай-плинтус, терезе мен есік қораптарының жақтаулары, маңдайшалар (10.6-суреттің 12 жəне 13-көріністері), басқыш шарбағының (қоршауының) тұтқасы, т.б.
Паркет дегеніміз - еден төсеуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фанерден көлемдік бұйымдар жасау
Қатырма және оның түрлері
МАКУЛАТУРА ТАЛШЫҚТЫ ШИКІЗАТ РЕТІНДЕ
Ағаш фанерлері
Ноутбукқа арналған жиналмалы үстелдің конструкциялық ерекшелігі
Бір қабатты ғимарат
Ағаш конструкциялары және материалдары
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
Құрылыс материалдарын сынау және оның қауіпсіздігі
Ағашты көркемдеп өндеуіне арналған пирографикалық құралдардың жинағы
Пәндер