Шығыстың ұлттық діндері: Индуизм, Конфуциандық, Даосизм, Синтоизм. Иудаизм


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Шығыстың ұлттық діндері: Индуизм, Конфуциандық, Даосизм, Синтоизм. Иудаизм.

Индуизм

Индуизм Веданың көптеген көзқарастарын сақтап, ары қарай дамытты. Мысалы, «карма» туралы, Веданың қасиеттілігі, «сансара» туралы, яғни, өмір жанының тоқтамауы, жанның бір денеден екінші денеге көшуі және т. с. с көзқарастар жалғасын тапты. Индуизм үнді халқы үшін қатардағы дін емес, ол өмір сүру формасы, этикалық, адамгершілік және жеке адамның өмір сүру мәні болып есептеледі. Индуизм діні Брахман дініне қарағанда өте қарапайым және түсінікті. Индуизм дінінің құдайлары адамдардың мүсініне жақын және өмір сүру формасы да түсінікті. Осы дін бойынша үш құдайдың - Брахма, Шива және Вишнудың барлығына сенім бар. Әрқайсысының өзінің мүсіні, мінезі және істейтін ісі бар. Брахма - бар әлемді жаратушы, барлық нәрсенің түп негіздік бастамасы, ең жоғары ақиқаттың бірлігі, әр түрлі тірі нәрселердің негізі мен қозғаушы күші. Үнді халықтары көбінесе қалған екі құдайға - Шива мен Вишнаға сиынады. Шива өз мүсініне көптеген құдайларды ендіреді. Шива - қатал, қорқынышты құдай. Оның үш көзі бар, денесіне жыландар жабысқан, мойнында бас сүйектері бар. Шива - өнер мен ғылымның, салтанаттардың құдайы. Ол сонымен қатар, өлімнің, қиратудың, «бұзудың», өзгертудің құдайы болып табылады. Осымен бірге еркек күшін беруші, балалар жасаушы болып бейнеленеді. Сол себептен бала таппаған әйелдер сол Шива храмына барып, бала сұрайды. Шива - жын-шайтандарға қарсы, барлық тірі жанды сақтаушы және ойын-сауық, бидің құдайы.

Вишна - адамдардың адал қамқоршысы, көмекшісі. Ол адамдарды зұлымдық пен қатыгездіктен қорғайды, оларды қауіп-қатерден сақтайды және адамдарға шындықты жариялап отырады. Ол әрдайым әр түрлі образдар арқылы көрінеді. Мысалы, ол тасбақаға айналып, құдайларға сусын жасауды үйретеді, осының арқасында құдайлар өлмейтін болады. Вишна тағы да аватар кейпіне антроморфтық түрде көріне алады. Вишнаның аватарлық кейпіне айналуы негізінен он дейді. Алғашқы төртеуі жануарлар түрінде болады, бесіншісі аватар қортық дәуге айналады. Алтыншы Парашура әскери ерлік мүсініне айналған. Қалған төртеуі барлық индустарға мәлім құдайлар «Рама, Кришна, Будда және Калка». Жетінші аватар Рамаяна эпосында Вишна Рама батырға айналады. Индустар Раманы басқа батырларға қарағанда үлгі есебінде көрсетеді. Оған адалдық, батырлардың үлгісі, дінге берілгендігі, мейірмандылық т. с. с қасиеттерді, адамгершілікті қосып көрсетеді. Кришнаның образы мен идеясы соңғы индуизм тарауларына әсер етті.

Конфуциандық

Қазіргі Қытай халқының ең беделді ұлттық діні Конфуций ілімі болып саналады. Оның негізін қалаушы Кун-Фу-Цзы, яғни Кун ұстаз. Конфуций б. з. б. 551 ж. шамасында өмірге келген. Оның негізгі ілімі бізге өзінің шәкірттері Ман-Цзы және Сюн-цзыдың еңбектері арқылы жетті.

Жалпы конфуцийшылдықты діни көзқарастағы философиялық-этикалық ілім деуге де болады. Кунфуцзыдың «атты түзету» деген философиялық көзқарасы бойынша барлық заттардың, адамдардың аттары болу керек. Сол аттарына сәйкес мінездері болу керек, ат пен атағы сәйкес келуі керек: әке - әкеге, бала - балаға, билеуші - билеушіге аттарына байланысты ғана емес, шын мәнісінде сәйкес болулары керек. Билеуші - әке, халық оның балалары. Мемлекет осы тұрғыдан басқарылуы керек. Олай болса, «білу дегеніміз табиғатты емес, адамдарды танып білу». Қараңғы адамдар данышпандарға бағынуға тиісті. Олай болмаған күнде елде тыныштық болмайды. Конфуций сөздерінің «Лун юй» деп аталатын жинақ кітабы бар.

Даосизм

Даосизм б. д. д. VI-V ғғ. өмір сүрді. Даосизмнің негізін қалаушы Лао-Цзы б. д. д. VI ғ. өмір сүрген, өз өмірінде «Дана қарт» деген атаққа ие болған. Бұл діни жүйе діннен гөрі философияға жақындау десек те болады. Даосизм адамзатты табиғатпен бірлікке шақырады. «Дана қарттың» негізгі идеялары «Дао дэ цзин» кітабында баяндалған. Оның айтуынша, барлық заттар өз «жолы» - даоның арқасында туып дамиды. Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ, сөйтіп, өзгеру үрдісінде олардың бәрі өзінің қарама-қарсы жағдайына көшеді. Дао болса - алғашқы бастама, алғашқы түп негіз және барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. Даоны барлық заттардың анасы және аспан аясындағы империяның анасы деп есептеуге болады. Барлық заттар даодан шығады да, даоға қайта оралады. Адамзат жерге, жер Аспанға тәуелді, Аспан даоны, ал дао табиғилықты қажет етеді. Олай болса, дао адамзат баласының тіршілігі мен бізді қоршаған жарық дүниенің дәнекершісі болып табылады. Сонымен дао - жалпы дүниетанымдық ұғым.

Б. з. д. II ғ. даосизм діни көзқарасқа айналды. Лао-цзы б. д. д. 666 ж. ұлы діни императорға айналып, оның құрметіне көптеген храмдар салынады. Уақыт өте келе даосизм көптеген секталарға бөлшектенді.

Синтоизм

Синтоизм (жапон. «синто» - кұдайлар жолы) - Жапонияда ежелгі феодалдық дәуірде жергілікті анимистік нанымдар мен шаман діни нанымдары белгілерінің негізінде қалыптасқан дін. Билік жүргізуші император династиясының бастауы, ең басты құдайы күн құдайы Аматэрасу болып табылады, шығу кезеңінен бастап Синтоизм будда дінімен тығыз байланыста. Елде Будда дінінің таралуына байланысты синтоизмнің рөлі бірте-бірте кеми берді. Будда храмдары кезінде синтоизм абыздарының рұқсатымен салынған және синтоизм кұдайлары олардың қамқоршысы деп есептелді. Орта ғасырларда аралас синтобудда храмдары да пайда болды.

1848 жылы буржуазиялық қайта құрудан кейін синтоизм жапондықтардың мемлекеттік діні болды. Синтоизм - ұлттық дін, оған тек жапондықтар ғана табынады. Басқа ұлттардың өкілдері бұл дінді уағыздай алмайды.

Мемлекеттік синтоизмнің кұрамдас бөліктері: императорға табыну (тэнно), Жапонияны билеушілердің «құдай табиғаттастығы» туралы түсінік, құдайлармен «туыстықта» тұрады-мыс деп есептелетін император отбасы атқаратын ерекше династиялық ғибадат (династиялық синтоизм) ; храмдардағы әр түрлі құдайларға табыну (храм синтоизмі) ; әрбір «шын бағынушы» отбасында Аматэрасу құдайына табыну, (үй іші синтоизмі) . Синтода шіркеулік діни кітаптар жоқ. Әрбір храмда өз мифтері, әдет-ғұрып ережелері бар, оларды басқалар білмеуі де мүмкін. Жалпы, синтоға ортақ мифтер «Кодзика» («ежелгі істер туралы жазбалар») кітабында жинақталған. Бұл VIII ғ. басында аңыз негізінде шыққан. Кітаптың мақсаты - император династиясының шығуын құдаймен ұштастыру.

1945 жылы импералистік Жапония талқандалғаннан кейін синтоизм мемлекеттік дін болудан қалды. Шіркеу ұйымдары мемлекеттен бөлінді. Немқұрайлы түрде императорға табыну тоқтатылды, алайда өлген императорлар мен көптеген генералдарға, тағы басқаларға «құдай» есебінде табыну жалғасып отыр, олардың көпшілігіне арнап храмдар тұрғызылған.

Кейінгі жылдары синтоизм идеологтары оны мемлекеттік дін ретінде қалпына келтіру үшін белсенділік көрсетуде. Бұл үшін насихаттың барлық түрлерін пайдалануда. Милитаризмді діни тұрғыдан насихаттаудың орталығы - Токиодағы ең ірі соғыс құрбандарының құдайларына арналған Ясукуни храмы.

§2. 5 Иудаизм. Тора және Талмуд

Иудаизм монотеистік (бірқұдайлық) діні б. з. д. ІІ мыңжылдықтан басталатын ежелгі замандардағы діндердің қатарына жатады. Ол Палестина (Ханаан) аумағында өмір сүрген семит (еврей) тайпаларының арасында пайда болған. Иудаизм (яһудейлік) термині (иврит тілінде «яаадут») библиялық баяндау бойынша, исраилдік он екі тармақтың ішіндегі саны ең көбі саналатын Яһуда тайпа бірлестігінің атынан шыққан. Иудаизм дінінің тілі көне еврей тілі - иврит тілі болып саналады.

«Яһудейлік, - деп көрсетеді Якоб Неснер «Таурат жолы: яһудилікке кіріспе» деген кітабында, - «Таурат» деген бір сөздің аясында қасиетті сөздермен, қағидалармен, өмір салтымен, сенім ұстанымдарымен берілген, киелі кітаптарда сақталған діни дәстүрлерден тұрады».

Еврей халқы синагогаларда (грек тілінде - жиын, бас қосу) жиі бас қосады. Синагога - толық мәніндегі храм емес. Онда құрбандық шалуға, садақа үлестіруге рұқсат етілмейді. Негізінен ол қауым болып бас қосып, ғибадат жасайтын, қоғам мәселелерін шешетін үй қызметін атқарады. Мұнда ерекше маңызды саналатын «Шма, Израэль» («Тыңда, Израиль») дұғасы оқылады. Еврейлер қауымын раввиндер (ұстаздар) басқарады. Олар тұрмыстық мәселелерге де төрелік айтып, қазы міндетін қоса атқарады. Сол себепті де раввиндерге заңды жетік білу талабы қойылады.

Біздің дәуіріміздің ІІІ ғасыры шамасында «Талмуд» деп аталатын жаңа қасиетті кітап пайда болды. Талмуд пен Тора қасиетті кітаптарының пайда болған уақыты, мазмұны мен құрылымы жағынан да бір-біріне ұқсамайды. Талмудтың алғашқы үлгісі Палестинада, келесі үлгісі Вавилонда жазылған. Сондықтан Талмуд кітабы иерусалимдік және вавилондық деп бөлінеді.

Аңыз бойынша Моисейге (Мұса пайғамбар) құдайдан 613 өсиет келген. Бұл өсиеттер Тора кітабында жазылған.

Тора (Таурат) - заң кітабы (ежелгі еврей тіліндегі атауы - «Бескітап») немесе Құдайдың Моисейге берген ілімі арқылы бірігу дегенді білдіреді.

Тора кітабында иудаизмнің негізгі он үш принципі қамтылған:

- 1) Құдай бар;

- 2) Құдай жалғыз;

- 3) Құдайдың тәні жоқ;

- 4) Құдай мәңгі;

- 5) яһудейлер тек бір Құдайдың өзіне табынуы тиіс;

- 6) Моисей - пайғамбарлардың ең даңқтысы;

- 7) Тора Тәңірдің ықыласы түскеннен пайда болған;

- 8) Құдаймен тек пайғамбарлар арқылы байланысуға болады;

- 9) Тора кітабы ешқашан өзінің мағынасын жоймайды;

- 10) Құдай адамдардың барлық іс-әрекеттерін біледі;

- 11) Құдай жамандықты қаралайды, ал жақсылықты жарылқайды;

- 12) Құдай өзінің Мәсіхін (құтқарушысын) жібереді;

- 13) Құдай өлгендерді тірілтеді.

Тора кітабы жазбаша және ауызша болып екіге бөлінеді. Жазбаша Тораға Синай тауында Моисейге түсірілген он өсиет кірсе, ауызша Тора одан тыс уақыттарда құдай тарапынан білдірілген өсиеттерді қамтиды.

Кейбір дерек көздеріне сүйенсек, Тора қырық жыл бойына жазылып, Моисейдің өмірден өтуінің алдында ғана аяқталған. Тора кітабының жазылу уақыты шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 600-жылдарды қамтиды.

Сефер-Тора (ивр. «Заңдар Кітабы») - синагога ішінде құлшылық ету барысында оқылатын пергаментке жазылған Тора мәтіні еврей халқы үшін діни культтік мәнге ие. Ол матаға оралып немесе ағаш қобдишаға салынып ғибадатхананың орталық бөлігінде сақталады.

Талмуд - әр түрлі тақырыптарды қамтыған бірнеше трактаттардан тұратын еврей ұлтының қасиетті кітаптарының бірі.

Талмуд көптеген көне грек сөздерін қамтыған арамей тілінің бірнеше диалектісінде жазылған. Сонымен қатар жазба мәтінінде аз да болса көне парсы және латын тілдерінің сөздері де кездеседі. Талмуд мәтінінде әуел бастан техникалық ақаулар орын алғандықтан оны оқу біршама қиынға түседі.

Талмуд кітабының жазылуы біздің заманымыздың 600-жылдары аяқталды. VI ғасырға созылған аталмыш кітаптың құрастырылуы мен жазылып шығуына әр дәуірдің еврей оқымыстылары мен ойшыл даналары қатысқан.

Талмуд кітабы «Мишна» (Заңды қайталау) және Мишна түсіндірмелерінің жинағы «Гемарадан» (Толық түсіндіру) тұрады. Ғалымдардың пікірі бойынша, «Мишна» б. з. ІІІ ғасырында, ал «Гемара» үш ғасыр өткеннен кейін пайда болған.

Айқын белгіленіп әзірленген діни ілімдерге және Таурат пен Талмудта берілген түсініктерге сәйкес, дінге сенетіндердің өмірлерінің барлық жағын қамтыған әдет-ғұрыптарын, тіпті не ішіп, не жейтіндеріне, қандай киім киетіндеріне, салт-жораларды қалай сақтап, яһудилік мерекелерді қалай өткізу керектігіне дейін егжей-тегжейлі тәптіштеп реттейтін күрделі жүйе белгіленген.

Иудейліктер өз үйлері мен синагогада құлшылық жасау барысында маңдайлары мен сол қолдың иығынан бастап білекке дейінгі аралыққа Тора үзінділері салынған қобдиша - тифлинді байлап алады. Бұл «құдіретті даналықты жанымен әрі тәнімен сезіну» мақсатымен жасалады. Басқа тағылатын тифлинде құдайдың қасиетті есімінің алғашқы әрпі «шин» жазылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық діндердің рухани құндылықтары
Ежелгі тарихи діндер
Экофилді және экофобты діндердегі экологиялық мәселелер
Діннің тұжырымдамасы
Ұлттық діндер. Дүниежүзлік діндер
Дін этнологиясы
Діннің пайда болуы туралы теориялар
Діндер тарихы лекциялар жинағы
Діннің шығуы және алғашқы түрлері. Ежелгі шығыс халықтарының ұлттық діндері
Ежелгі Рим діні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz