Samsung компаниясының жетістіктері
Мазмұны
Samsung компаниясының тарихы
Samsung компаниясының жетістіктері
Samsung компаниясының табыстары
Samsung компаниясының шығарған техникалары
Samsung компаниясының тарихы
Samsung Group (삼성그룹, Samseong Gurub, Samsŏng Gurup) -- Оңтүстік Кореядағы ең ірі компаниялар тобының бірі. Әлемдік нарықта тұрмыстық техника, аудио және видео құрылғылар шығарушы ретінде белгілі.
Компанияның негізі қалай қаланды?
Samsung халықаралық концернінің тарихы Тэгу қаласындағы шағын қоймадан бастау алады. 1930-жылдары Ли Бен Чхоль атты кәсіпкер өз кәсібін ашады. Ол кезде күріш ұнын тартып, өзінің дүңгіршегінде жұмысын дөңгелетіп жүреді. Бұл уақыт Кореяның Жапония колониясы болған кез еді. Ел ішінде жеке кәсіпкерлікпен айналысу өте қиын болған. 1938 жылдарға қарай бизнесмен құрамында 40 адамы бар сауда фирмасын ашады. Кәсібі -- Кореядан Қытай, Манчжурияға күріш, қант, кептірілген балық экспорттау.
Тэгу қоймасы, 1938 жыл
Азық-түлік өнімдерін жеткізу жұмысы жақсы дамығаны сонша, Samsung Trading Company енді сауда белгісі ретінде ресми тіркелді. Корея үшін компания атауы тың болса да, бұл кәсіпкердің жоспарының ауқымдылығын байқатқандай болды. Корей тілінен аударғанда Samsung (тәжірибелік транкскрипциясы бойынша самсон) үш жұлдыз дегенді білдіреді. Компанияның алғашқы логотипінде үш жұлдыз орын алған еді. Бұл атау Ли Бён Чхольдың үш ұлының құрметіне аталуы да мүмкін деген нұсқалар бар. Samsung қазіргі таңда Оңтүстік Кореяның халықаралық ықпалы мен құдіреттілігінің синониміне айналып үлгерді.
Макарон өнімдерін шығаратын Samsung Byeolpyo компаниясының логотипі
Екінші Дүниежүзілік соғыс Samsung-тің одан әрмен дамуыаһна үлкен үлес қосты. АҚШ әскері Корей түбегіне тоқтап, Оңтүстік Кореяны жапондықтардан құтқарады. Бұл уақытта Ли Бён Чхольдың күріш арағы мен сырасын өндіретін ірі зауыты жұмыс істеп тұрған. Кәсіпкер Америка құрлығымен арада сауда байланысын орнатуға даяр еді. Бірақ, 1950 жылы Корей түбегінде азамат соғысы басталып кетті. Компанияның негізгі қоймалары майдан сызығында қалып кетеді. Бұл Ли Бён Чхольдың кәсібін қиратқан жағдай еді. Қоймалар мен зауыттар тоналып, бизнесменнің үйі өртке оранады. Бірақ, Ли Бён Чхольдың кәсібі көп ұзамай қайта жанданады.
Ли Бен Чхоль
Жеңіл өнеркәсіп
Аңыз бойынша, компанияның қайта өрлеуі 1951 жылы кәсіпкердің күл-қоқыстың арасынан ақша тауып алғанынан басталады. Ол бірден табылған ақшаны тоқыма фабрикасы, қант зауыты мен сақтандыру компаниясына секілді жаңа істерге салады.
Samsung Cheil Industries -- 1954 жылы негізі қаланған компания. Бұл тоқыма мануфактурасы ретінде Оңтүстік Кореяның сән индустриясында көшбасшысы болады. Сонымен бірге химиялық материалдар: синтетикалық шайыр және жартылай өткізгіш дисплейлер жасауға арналған қоспалар жасаумен айналысады. Аталған компания Bean Pole, Galaxy, Rogatis және LANSMERE атты корей киім брендтерін шығарады.
1950 жылдары Оңтүстік Кореяның президенті Ли Сын Манмен жақсы қарым-қатынаста болған Ли Бён Чхоль елдегі ең бай әрі атақты бизнесмен боп шыға келеді. 1960 жылдары Кореяда адам басына орта есептегі табыс көлемі 80 долардан аспайтын. Сол уақытта тіпті елордасы Сеулдің өзінде тұрақты электр қуаты болмаған.
Компанияның бұл өрлеу кезеңі қаншалықты екпінді боса, соншалықты өткінші болды. Әскери төңкеріс нәтижесінде Ли Сын Ман қызметінен кетеді. Оның жақын араласқандары репрессияға ұшырап, Ли Бён Чхольды қамауға алады. Оған себеп -- пара алушылық пен президентпен арадағы жақындық.
Корей соғысынан кейінгі Samsung
Екі рет кәсібі суға кеткен кәсіпкердің жұлдызы үшінші рет жанады. Оңтүстік Кореяның жаңа президенті генерал Пак Чон Хи өндірістік және экономикалық реформалар бастайды. Экономиканың өндірістік секторын дамытуға арналған бағдарламалар жасалып, АҚШ-пен арада экспортқа бағытталған тығыз байланыс орнатылады. Шетелден қарыз алып, шикізат пен заманауи технологиялар алу жоспарланады. Қолға түскен табысты қайтадан шикізат, технологияларға салып отыру керек болалы. Корей реформаторлары тұраты экономиканың ірі концерндерге арқа сүйеуі тиіс деген байламға келеді. Бірақ, ірі концерндерді қысқа мерзім ішінде ашу керек болады. Кореяның алдыңғы қатарлы бизнесмендеріне несиелер мен қарыздар беріліп, компаниялар мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етіледі. нақты құқықтық және салықтық босаңдық кіші кәсіпорындардың ауқымын кеңейтуге үлкен жол ашады.
Нәтижесінде 30″чеболь құрылады. Яғни, бизнестің флагмандары. Олардың ішінде Goldstar (LG), Hyundai, Daewoo және Samsung бар. Басшылыққа түрмеден шыққан Ли Бён Чхоль келді. Реформаторлардың ойынша, әр чеболь экономиканың нақты бір бөліміне жауап беруі тиіс еді. Samsung -- электроника, Hyundai -- құрылыс, Daewoo -- автокөлік шығару, Goldstar -- тұрмыстық техника. Компания өзі үшін жаңа саланы меңгеруге асқан құлшыныспен кірісті.
1960 жылдары Ли әулеті өз бизнесін кеңейтті: Азияда тыңайтқыш өндіретін ірі фабрика салады. Joong-Ang газетінің негізін салып, кеме жасаумен, қонақүй, университет, ауруханалар салып, азаматтарды сақтандыру жүйесін жасайды.
Samsung кітапханасы
Хронология
1973 жылдың тамыз айында корпорацияның бас кеңсесі Сувон қаласына көшіріледі. Желтоқсанда тұрмыстық техника жасайтын зауыттың құрылысы аяқталады. Осы уақыт ішінде компанияға Korea Telecommunications Co. қосылады. Нәтижесінде кір жуғыш машиналар мен тоңазытқыштардың жаппай шығарылымы басталады.
1974 жылдың қыркүйек айында алғашқы Samsung ауа салқындатқышы жарыққа шығады.
1976 жылы компания жеке компрессорлар өндірісін ашады.
1977 жылы Samsung Electronics компаниясының экспорттық көлемдері 100 миллион доллардан асады.
1978 жылы АҚШ-та Samsung-тың алғашқы өкілдігі құрылады.
1790 жылдардың соңына қарай орын алған экономикалық дағдарыстың әсерінен Samsung Electronics шығын әкеле бастайды. 1979 жылы алғашқы тұрмыстық бейнемагнитофон шығады. Тауар бағасының жартысын жапондықтарғ беруге мәжбүр болады. Себебі, технология мен дизайн солардан алынған еді. Басқа елдерде Samsung өнімдері басқа брендтермен немесе өте төмен бағаларда сатылып жүрді.
Samsung Group-тың 1969-1979 жылдардағы логотипі
1983 жылы Samsung Electronics өзінің алғашқы дербес компьютерлерін (моделі SPC-1000) шығара бастайды. Осы жылы мыналар да шығарылды: 64 Мбайт жады бар 64М DRAM микросхемасы, CD - ROM, VIDEO - CD, PHOTO - CD, CD - OK оқи алатын ойнатқыш.
1984 жылы Англияда сауда өкілеттегі ашылады. АҚШ-та дыбыс және бейне құрылғылар өндіретін зауыт салынады. Сонымен қатар, қысқа тоқында пеш зауыты салынады (жылына 2,4 млн дана).
1986 жылы Samsung Electronics Корей менеджмент қауымдастығынан Жылдың үздік компаниясы аталымын жеңіп алады. Осы жылы компания он милионыншы түсті телевизорын шығарып, Канада, Аустралияда сауда өкілеттігін, Калифорния мен Токиода ғылыми-зерттеу зертханаларын ашады.
1987 жылы компания басшылығына Ли Бён Чхольдың кіші ұлы Ли Гонхи келеді. Оның келуімен жаңа реформалар орын алады. Ол шығарылатын өнімнің сапасына баса мән берді. Осыған дейінгі көптеген дәстүрлерге өзгеріс енгізді. Өзгерістер компанияның қаржылық ахуалына жақсы жағынан әсер етеді. Samsung Electronics табысы тағы көтеріледі.
1988 жылы Samsung Сеулдегі Олимпиада ойындарының Ұлттық демеушісіне айналады. 1988 жылдың күзінде Samsung Semiconductor & Telecommunications Co. қосылады.
1988-1989 жылдары Франция, Тайланд, Малайзияда өкілдік ашылады. 1989 жылға қарай Samsung Electronics әлем бойынша жартылай өткізгіш өнімдерді шығарудан 13-орында тұрады.
1990 жылдары Samsung Electronics өзін жан-жақты дамытты. Менеджмент құрылымын жақсарту мақсатында 1992 жылдың желтоқсан айында Samsung Electronics-те президенттік басқарудың бірыңғай жүйесі енгізіледі.
1991-1992 жылдары дербес мобильді құрылғысы секторы бір жолға қойылады. Сонымен қатар, ұялы телефон жүйесі жасалады.
1991 жылы Мемлекетттік Академиялық үлкен театрмен серіктестік басталады. Осының арқасында Үлкен театрда заманауи аппаратуралар, техникалық базаларды модернизациялау мүмкіндігі пайда болады. Қаржылық қодауға Samsung компаниясы 1991-2001 жылдар аралығында 2 млн доллардан артық бөлген. Үлкен театрдың жеке жобаларын да Samsung қаржыландырады. 15 жыл аралығында Үлкен театрға Samsung қолдау көрсетіп келеді.
Жаңа эмблема жасау барысында философиясыз болмайды. Компанияның философиясы -- адалдық, серікстестік және кәсіби білік.
Қазіргі логотип -- компанияның атауы ішінен жазылған көк эллипс. Керемет үйлескен дизайн мен сәтті жарнамалық кампания өз қызметтерін артығымен орындады: логотипті бүгінде танымайтын адам жоқ. Эллипс пішінді логотип әлем кеңістігіндегі қозғалысты, жаңару идеясын және жоғарыға көтерілуді білдіреді.
Қазіргі логотип 1993 жылы енгізілген
1994 жылы сауда көлемі 5 млрд АҚШ доларына жетеді. Ал, 1995 жылы экспорт көлемі 10 млрд доллардан асып түседі.
1997 жылы Samsung Эрмитажбен серіктеске айналады. Компания Мемлекеттік Эрмитажға материалды-техникалық қолдау көрсетеді.
1997 жылдың мамыр айында Samsung Electronics Сысмыз байланыс құралдары категориясында Олимпиада серіктесі атанады. Шанхайдағы CDMA құрылғыларының басты экспортерына айналады. Осы жылы компания салмағы 137 грамм болатын әлемдегі ең жеңіл CDMA телефонын шығарады.
1998 жылы сұйық кристалды мониторлар нарығының ең үлкен еншісі осы компанияға тиесілі болады. Санды теледидарлар өндірісін жаппай шығару осы жылдан басталып кетеді.
1999 жылдың қаңтар айында Forbes Global журналы Samsung Electronics-ке Тұрмыстық электроника өндірісіндегі үздік компания сыйлығымен марапаттайды.
Автомобиль құрастыру саласында бір кәсіпорын бар. Ол Samsung Motors (Renault Samsung Motors) -- 2000 жылы.
Моделдері:
* Samsung QM5;
* Samsung SM3;
* Samsung SM5;
* Samsung SM7.
2001 жылдан бастап компания Ресей Олимпиада комитетінің бас серіктесі лауазымын иеленеді. Компания демеушілік пен меценаттыққа аса мән береді.
2004 жылы компания Жыл бренді аталымын Бедел және сенім номинациясында жеңіп алады. Одан бөлек, түрлі тауарлық номинацияларда 2 алтын және 1 күміс жүлдеге ие болады.
2005 жылы компанияның сатылымы 56,7 млрд долларды құрайды. Ал, таза табысы -- 7,5 млрд доллар болады. Және Челси футбол клубының негізгі демеушісі ретінде де жұмысын осы 2005 жылы бастайды.
2006 жылы Blu-ray ойнатқышы дүниеге келеді. Модель атауы -- BD-P1000.
2007 жылы компания Internet TV-мен таныстырады. Бұл бір уақытта телебағдарламаларды қарау және интернеттен ақпарат алу мүмкіндігі. Сәл кейінірек Samsung Smart TV жарыққа шықты.
2010 жылы 3D теледидарлар сатылымы басталды. Алғашқы жарты жылда миллионға жуық данасы сатылған. Компания индустриядағы үйге арналған 3D құрылғылары бар компаниялардың алғашқысы болды: теледидарлар, Blu-ray ойнатқыш, контент және көзілдірік.
2014 жылы әлемдегі алғашқы UHD теледидар шығады. Диагоналі -- 105 дюймдік теледидарға бүгінде ондаған модель кіреді.
Ұялы телефондар мен смартфондар
Samsung телекоммуникация нарығына 1977 жылы шығады. Он жыл өткен соң 1988 жылы корей нарығында SH-100 ұялы телефоны пайда болады. Бұл тек Самсунгтың алғашқы телефоны емес, Кореядағы алғашқы телефон ретінде тарихта қалған.
Тачскринді алғашқы телефонын Samsung 2008 жылы шығарады. Ал Android жүйесіндегі алғашқы телефон I7500 2008 жылы шыққан. Бұл алғашқы Galaxy болатын. Диагоналі 3,2 дюймдік AMOLED дисплейі бар телефон Wi-Fi-ға қосылатын және GPS қондырғымен жабдықталған.
Бүгінде Samsung брендінің қатысы жоқ кәсіпті табу қиын. Қай салада болмасын қолтаңбасын қалдырып жүретін компанияның қарқыны қатты. Тұтынушыға керекті дүниені ұсынудан алдына дан салмайтын компания әлі қандай тосын сый жасар екен?
Samsung Electronics компаниясының негізі 1969 жылы қаланып, Корея нарығындағы жетекші өндірушіге айналды. Алғашқы уақытта үй электроникасы бизнесінің айтарлықтай өсімі болып, компания бірінші рет өз өнімдерін экспортқа шығара бастады. Samsung Electronics компаниясы Korea Semiconductor компаниясының 50% акциясын сатып алып, осылайша жартылай өткізгіш өндіріс көшбасшысына айналды.
1969-1979 Электрондық өнеркәсіптің түрленуі
1979 жыл Микротолқынды пештердің сериялық өндірісінің басталуы
- VHS стандартындағы бейнемагнитофондары шығарылды
- Korea Electronics Information Co. компаниясын сатып алу.
1978 жыл 4 миллиондық қара-ақ теледидар құрастыру сызығынан жойылды (әлемдегі үздік нәтиже)
- Америка Құрама Штаттарында (SEA) алғашқы шетелдік кеңсе құрылды
1977 жыл Түсті теледидарларды экспорттау басталды
- Түсті теледидарлардың сериялық өндірісінің басталуы
- Korea Semiconductor Co. компаниясын сатып алу
1976 жыл Миллиондық қара-ақ теледидар құрастыру сызығынан жойылды
1975 жыл Нарыққа әлемдегі үшінші жылдам бастау жүйесіндегі теледидар шығарылды (өнім атауы: Econo TV)
1974 жыл Кір жуғыш машиналар мен тоңазытқыштар өндірісінің басталуы
1972 жыл Кореяның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz