Психологиялық денсаулыққа әсер етуші факторлар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Психологиялық денсаулыққа әсер етуші факторлар
Отарбаева Ж.

Егемен еліміздің келешегі үшін рухы биік, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері үкімет тұжырымдамаларында негізгі орын алады. Еліміздің басты құндылығы адам және оның өмірі мен денсаулығы. Психологиялық денсаулық бұл - тән саулығы мен жан саулығының бірлігі. Психологиялық дені сау адам- шығармашыл, өмірге құштар, ашық ,көңілді, қоршаған ортасының сезімдерін бөлісе алатын адам.Бір сөзбен айтқанда тәніміз бен психикамыздың үйлесімді дамуы.
Технологиялық, урбанизацияланған қоғамда өмір сүруші жеке адам өзінің әлеуметтік және этникалық тегіне қарамастан, әлеуметтік бейімделуін, яғни осы қоғамға сай қызмет жасауын қамтамасыз ететін белгілі психологиялық қасиеттерді меңгеруі қажет. Бұл қасиеттер дамудың әр түрлі кезеңдерінен белгілі бір ретпен өтуіне байланысты қалыптасады. Әрбір кезеңге адамның өзі шешетін мәселелері мен келесі кезеңге өтуіне қажетті қасиеттердің жиынтығы тән болады. Сонымен, жеке адамның психикалық саулығы жайлы пікір оның дамуымен, генетикалық шығу тегі және мәдени ортасымен салыстырылады.
Жалпы адамның денсаулығы: дене саулығы, жан саулығы, психикалық және психологиялық, әлеуметтік саулық болып бөлінеді.
Дене саулығы - бұл организмдегі функциялардың өзіндік айналымының жеткілікті болуы, физиологиялық процестердің үйлесімі және сыртқы ортаның түрлі факторларына барынша бейімделгіштік күйлері
Жан (психологиялық) саулығы- тек дене гигиенасы ғана емес, сонымен бірге психогигиена, руханилықтың өзіндік тәрбиесін, адами тұрғыдағы ұстанымды, сана тазалығын да қамтиды. Психикалық саулыққа жету жолы - интегралды тұлғаға жету жолы. Психикалық саулық - психиканы жаттықтыру, психикалық процестерді дамыту (ес, зейін, қиялдау және т.б.), ақыл-ой мен сезімді тәрбиелеумен тығыз байланысты.Сыртқы ортаның биологиялық, психологиялық және әлеуметтік сипаттағы қолайсыз әсерлері нәтижесінде қалыптасқан психикалық күйлер: шаршау, қалғып жүру, үнемі қауіптену, тарығу, жан күйзелісі, көңілдің бұзылуы, фрустрация түрінде болады.
Қазіргі психологиялық әдебиеттерге талдау жасағанда көптеген зерттеушілер денсаулықтың психологиялық негіздерін осыған ұқсас терминдерді қолдана отырып қарастырған: психикалық денсаулық Б.С.Братусь, психологиялық денсаулық И.В.Дубровина, тұлғалық денсаулық Л.М.Митина, рухани денсаулық Ю.А.Кореляков, жанның саулығы О.И.Даниленко [1].
Психологиялық денсаулық - адам мен сыртқы дүние арасындағы тепе-теңдік жағдайы, оның әлеуметтік ортаға, физикалық, биологиялық және психикалық ықпалдарға қатысты реакциясының сай болуы, жүйкелік реакция күші мен сыртқы тітіркендіргіштер арасындағы сәйкестігі, адам мен оның айналасындағылар арасындағы үйлесімділік, адамның шынайы объективтілік жайлы пікірінің басқа адамдардың пікірлерімен ұштасуы, өмірдің кез-келген жағдайына сын көзбен қарауы. Мәселен, И.В. Дубровина психологиялық денсаулық терминін ғылыми лексиконға алғаш енгізіп, оны адамның тiршiлiк әрекетiнiң процессiндегi бағалы жұмыс жасау және дамытуын керектi шарты деп анықтайды [1, Б.23].
Г.С.Никифоровтің Денсаулық психологиясы кітабында Студенттік кезең, өзінің денсаулығына жанашырлықпен қарауды жоққа шығаратын, өмір сүру стилінен көрініс табатын эмоционалдық күйзелістердің алуан түрлілігімен сипатталады делінген [2]. Яғни, өз денсаулығының қамын ойлау, әдетте, аға буынға тән болғандықтан, жастар оны қызықтырмайтын және жалықтыратын іс, деп бағалайды. Осы арада өздерінің физикалық және психикалық ресурстарының шексіз деп ойлағандықтан, олардың босаңсуға және демалуға деген қабілеттері де шектелген.
Осылайша, денсаулықты түсіну әртүрлі, бірақ әрбір анықтамада адамның психологиялық (рухани) денсаулығын түсінудегі маңызды байланыс ретінде айтылады. Психологиялық денсаулықтың сапасы мен деңгейі әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және де жеке психикалық пен әлеуметтік-психологиялық бейімделуге байланысты мінездеме беріледі. Өкінішке орай, еліміздегі халықтың көпшілігі тұлғаны әлеуметтендірудегі бұзылыстардың басқа түрлерін өзіндік бағалаудың дұрыс еместігін, талаптану деңгейін, өзіндік бағалаудың төмендеуін зерттеуге айтарлықтай мән беріп отырған жоқ. Кейбір адамдар қарым-қатынас жасауда қиналса, екіншілері - өзіндік таным мен өзіндік дамуында қиындық сезінеді, ал үшіншілерінде - тұлғаның (көреалмаушылық, жаугершілік және т.б.) және мінез-құлықтың (әр түрлі психологиялық тәуелділік) деструктивтік қасиеттері басым болады [3].
Психологиялық денсаулық - ағымдық өмірге қажетті барлық психикалық құрылымдардың оңтайлы жұмысы. Психологиялық денсаулық тек рухани ғана емес, сонымен қатар жеке денсаулығы да. Бұл психикалық денсаулық жеке адаммен біріктірілгенде, бұл адам барлық жеңіл және классикалық және сол уақытта жеке өсу мен осындай өсімге дайын. Психологиялық жағынан сау адам - бұл зияткерлік, ынтымақтастыққа ашық, өмір соққыларынан қорғалған және өмірлік қиындықтарды жеңу үшін қажетті құралдармен қаруланған.
Психологиялық денсаулықтың құрылымы: Аксиологиялық, Инструменталдық, Қажеттілік-мотивациялық.
Аксиологиялық - адамның өзінің және өзгелердің құндылығын ұғынуы (өзін қабылдауы және жынысына, жасына, мәдени ерекшелігіне қарамастан өзгені де қабылдай алуы)
Инструменталдық - рефлексияны өзін-өзі тану құралы ретінде өзінің жан дүниесін және өзгелермен қатынасын ұғыну қабілеті ретінде игеруі. (өзінің және өзгелердің эмоционалдық жағдайын, мінез-құлқының ерекшелігін ұғынуы). Қажеттілік-мотивациялық - өзіндік дамуды қажетсіну (өзін дамытуға деген жауапкершілікті сезіне білу) [4].
Психологиялық қолдау көрсету формасын айқындау үшін норма және психологиялық денсаулық көрсеткішін қарастыруымыз қажет. Норма адамның қоршаған ортаға бейімделуімен және оны өз қажеттілігіне сәйкес бейімдей алу іскерлігімен айқындалады. Осы жоғарыдағы норма ұғымының анықтамасына сәйкес психологиялық денсаулық деңгейі былай айқындалады.
Жоғары деңгейі - креативтілік тұлғаның психологиялық көмекті қажет етпеуі. (ортаға тұрақты бейімделе алуы, стрестік жағдаяттардан шыға алуы, қоршаған әлемге белсенді, шығармашылық қатынасының болуы)
Орташа деңгей - бейімделу алдын-алу, дамыту бағытындағы топтық жұмысты ұйымдастыру. (социумге бейімделе алуы, үрейленудің басым болуы).
Төменгі деңгей - бейімдел еалмаушылық мінез-құлықтың ассимилятивтік-аккомодативтік стилінде индивидуалдық психологиялық көмекті қажетсінудің (мінез-құлықтың ассимилятивтік стилі өз қажеттілігі мен мүмкіншілігіне залал тудыра отырып қоршаған ортаға бейімделуге тырысуы, мінез-құлықтың аккомодативтік стилі - өзгелерді бағындыруға тырысуы) маңызды болуы [5].
Психика саулығы, қабілеттіліктері, мақсаттары мен қасиеттері жеке адамның қоршаған ортаға бейімделуіне себеп болады. Барлығына қолайлы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамақтану жағдайы
Адамдардың денсаулығына әсер ететін негізгі факторлар
Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері
Организмді шынықтыру
Салауатты өмір салтының гигиенасы
Орта мектепте биология курсында салауатты өмір салтын қалыптастыру
Биология сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Оқушыларының физикалық денсаулық жағдайын бағалау
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі
Ауыл мектеп оқушыларының денсаулық жағдайын бағалау
Пәндер