Сапа мен нәтиже - жаңаша сипат

Сапа - белгілі бір материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін пайдалы қасиеттердің жиынтығы. Беріктік, төзімділік, үнемділік, көркемдік-эстет., т. б. көрсеткіштерімен сипатталады. Сапа өміршеңдік циклінің сатысына қарай бағаланады: жобалау кезінде құрылғының (құралымның) Сапасы бағаланады; дайындау кезінде технологияның мүмкіндіктеріне сай келуі, пайдалану кезінде атқарымдық Сапасы бағаланады. Сапаны айқындайтын қасиеттер абс., салыстырмалы немесе үлестік болуы мүмкін және субъективтік, объективтік немесе сараптамалық жолдармен (мыс., квалиметриялық құралдармен) өлшенеді. Тех. тәсілдері: шикізатты, материалдарды, операц. бақылау; дайын өнімді, жабдықты, жарақты, құрал-сайманды, жұмыскерлердің біліктілігін бақылау. Сапа көрсеткіштері, оларды тексеру және келісілген талаптарға сай келуі тәртібі сатушы (дайындаушы) мен сатып алушы (пайдаланушы) арасында жасалған сату-сатып алу шартында көрсетіледі. Сапа өндіруші немесе экспортшы беретін Сапа сертификатымен де куәландырылуы мүмкін. Импортталатын өнімге мемл. инспекциялар немесе басқа бір уәкілетті органдар оның құлақтандырылған қасиеттерге сай келетінін, қауіпсіз екендігін куәландыратын Сапа сертификатын береді. [
Қасиет - адамның не бір заттың өзіне тән сапалық болмысын, ерекшелігін айқындайтын ұғым. 1) Адам бойындағы қасиет жағымды және жағымсыз болып жіктеледі. Жағымды қасиеттер (имандылық, инабаттылық, ізеттілік, адамгершілік, ар-абырой, адалдық пен әділеттілік, т. б. )
2) Объектілердің немесе энергияның белгілі бір әсер еткен немесе өзара әсер еткен жағдайлар байқалатын сандық немесе сапалық сипаттамасы.
Сипат ( Белгі ) - Нысанға тиесілі нақтылы қасиеттер жиынтығы. Геологияда бұл түсінік екі бағытта қолданылады , оның біріншісі , нысанды жүйелеуге қолданылатын таксонометриялық сипаттар мен белгілер, ал екіншісі нысанды танымалдауға көмектесетін анықтаушы сипаттар мен белгілер.
Сапа мен нәтиже - жаңаша сипат
Орта ғасырдағы діни философияда сапа өзгермейтін, мәңгілік, заттардың ішкі сыры ретінде түсіндірілді.
Жаңа дәуірде ғылымның күрт дамуына байланысты заттың сапасынан гөрі, сандық жағына мейлінше көңіл бөлінді. Бірақ сапаны ерекше зерттеп оны екіге - бірінші және екінші сапаға бөлген Дж. Локк болды. Егер заттың кеңістіктегі көлемі, салмағы, түрі, қозғалысын ол біріншіге жатқызса, иіс, дыбыс, түс, дәмді -екіншіге теңеді.
Гегельдің түсінігі бойынша, сапа - қарапайым нақтылық. Бірдеңе өз сапасы арқылы сол, ал одан айырылса, өзін де жойып, басқаға айналады. Сапа - іштей қайшылыққа толы, ол өз ішінде теңдік пен айырмашылық, шынайылық пен терістеу, шектеулік пен шексіздік, бірдеңе мен өзгені қамтиды. Осындай талдаудың нәтижесінде Гегель дүниедегі пайда болып, өмір сүріп, жоққа кетіп жатқан заттар мен құбылыстардың шексіз көптүрлілігін мойындап, олардың бір-бірімен теңдігін сападан көреді, өйткені олар қандай әртүрлі болса да, бәрінің де өзіне тән сапасы бар. Нәтижесінде, Гегель сезімдік аңлау арқылы берілетін нақтылы сападан жалпы абстрактіліқ сапа ұғымына өрлеп, дүниенің шексіз көптүрлілігін, соның ішіндегі әрбір құбылыс басқаға тең, сонымен қатар тең еместігін, біреулердің көптігін мойындайды. Көптің әрбіреуі өзгемен тең, әрбіреу - бір, сонымен қатар көптің бірі. Ал мұның өзі Гегельді сан категориясына алып келеді.
Сапа жөніндегі қазіргі түсініктерге келер болсақ, ол заттың қасиеттерінің жиынтығы арқылы анықталады. Қасиет деп заттың өзгемен қатынасқа түскен кездегі сапасының кейбір жақтарының көрінісін айтамыз. Екінші затпен байланысқа түскен кезде оның басқа қасиеттері көрініс табуы мүмкін. Олай болса, заттың сапасын оның кейбір қасиеттерімен теңеуге болмайды, сапа заттың ішкі және сыртқы анықтығын көрсететін біртұтас мәнді қасиеттерінің жиынтығы болмақ.
Заттың сапасымен қатар, сандық жақтары бар. Ол кеңістік пен уақыттың шеңберінде созылған, салмағы, формасы, т. с. с. жақтарымен танылады. Тарихи белгілі бір қажеттіліктерді өтейтін әртүрлі заттар бір-бірімен салыстырылып, олардың теңдік жақтарымен қатар айырмашылықтары анықталған кезде, сан ұғымы пайда болады. Сондықтан заттың сандық жақтарын байқау қарапайым аңлаудан өтіп, ақыл-ойды пайдалануды талап етеді. Шындықтағы сандық өзгерістерді сараптаудың негізінде математика ілімі дүниеге келеді.
Сапамен салыстырсақ, заттың сандық жақтары әртүрлі болуы мүмкін, белгілі бір межеге дейін сандық өзгерістер оның сапасын жоймайды. Сондықтан заттың сандық жақтары оған парықсыз деп айтуымызға болады.
Заттың сандық жақтарына алғашқы көңіл бөлген пифагорлықтар болды. Олар оны заттың терең мән-мағынасы деп есептеді. Ал оның қайнар көзі Құдайда жатыр, олай болса, ол - құпия, - деп түсінді.
Демокритке келер болсақ, ол санның негізінде әрі қарай бөлінбейтін атомдар жатыр деген ойға келеді. Сан дегеніміз -атомдардан тұратын қайсыбір заттың мөлшері.
Платонның түсінігінше, материалдық зат - идея әлемінің көлеңкесі ғана. Заттың сандық жағын анықтайтын, идея, ал оны зерттейтін - математика (геометрия) ілімі.
Аристотельдің ойынша, сан, сызық, фигураның т. с. с. заттардан тыс өзіндік болмысы жоқ, ол - заттардың қасиеттері. Сол сияқты, дүниеде бос кеңістік те жоқ. Уақытқа келер болсақ, ол -қозғалыстың өлшемі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz