Кенесары Қасымұлының қасіреті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Кенесары Қасымұлының қасіреті
Арқада Бурабайға жер жетпесе,Қазақта Кенекеме ер жетпейді...Мағжан.
Мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 - 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлының қасіреті қазаққа ауыр соққы болды. Кенесарының тарихы - қазақ мемлекетінің, қазақ хандығының, еліміздің отарлау тарихымен сабақтас. Кенесары қолы, әрине, негізінен қазақ халқынан құралды. Мұнымен бірге осы Ресей отыршылдығына қарсы күрестегі әскер құрамында өзге ұлттың өкілдері, мәселен, орыстар, башқұрттар. Татарлар, поляктар да көп болған. Кенесары қолға түскен тұтқындарды құлдықта ұстамаған. Оларды қолдарынан келетін кәсіптеріне қарай саралап, тиімді істерге пайдаланған.
Кенесары көтерілісі, оның бейнесі ұрпақ санасынан өшпейді. Бұл тарихи оқиғаның ұмытылуы мүмкін емес. Ол қазақ халқының тарихымен бірге жасай береді. Халқымыздың көрнекті өкілдерінің оған назар аудармағаны кемде-кем. Тіпті, осы қозғалысты көзімен көрген орыс әкімдерінің өздері де Кенесарының ерлігін, әділдігін, қолбасшылық талантын, оның не үшін күрескенін де объективті тани білген болатын.
Өмірдегі орныңды тарихтағы орным деп ойлама деп Қадыр ақын айтқандай, ең дұрыс баға, әділ баға - тарихтың бағасы.Өкінішке қарай, халықтың ғылыми объективті тарихының жазылуы оңай іс емес.Кенесары қозғалысының түрлі кезеңдерін қамтитын фольклорлық шығармалар өте көп.
Кенесары қазақтардың ежелгі тәуелсіздігін қалпына келтіреміз, яғни тәуелсіз Қазақ мемлекетін құрамыз деген ұранмен күрес жүргізд. Қазақ хандары басқарған қазақ қоғамындағы ұлттық идея елдің мүддесіне тегістей қызмет етіп отырған, тұлғаларымыздың мемлекетті басқарудағы және оның мүддесіне қызмет ету жолындағы тәжірибелері мемлекет билігін дәстүрлі мәдениетін және тарихи қызметінің сақталуын толықтай қамтамасыз етіп отырған. Елдің бірігуі, зиялылардың ортақ ұлт мүддесіне қызмет етуі үшін ұлттық идея қажет. Кенесары хан билігінің тез арада биік деңгейге жетіп, тарихта қалуының себебі осы шындықтың дәлелі. Осы тарихи идеяның нәтижесінде Кенесары хан бастаған қазақ тұлғалары өздеріне міндеттеген істі атқарып кетті деп айтуға болады. Кенесары хан басқарған мемлекеттің бүгінгі қазақ еліне жетіп отырған құндылықтарының бірі мемлекет тарихын, мәдениетін, тұлғалардың нағыз тәжірибесін қалыптастырып, тарихта қалдырып кеткен ұлы тұлға болып табылады. Сондықтан, Кенесары қасіреті -- Қазақ халқының қасіреті. Ал сол қасіретті өлімнің ақиқатына келер болсақ,
Патша өкіметінің 1822 жылы жарыққа шыққан жарғысы қазақ даласында ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі хандық билікті жойып, даланы Сібір әкімшілігіне бағынатын округтерге бөлуге жол ашты. Терең ойластырылмаған бұл шара қазақ даласында табанды қарсылықтарға тап болды. Әсіресе, қазақтарды басқаруда аса ықпалды Абылай хан әулеті мұндай шешімге қарсы өре түрегелді. Оның үстіне 1824 жылдан бастап отаршыл билік Арқа өңірінде баса көктеп, әскери бекіністер салуға кірісті. Отарлауға қарсы күресті алғаш Уәли ханның үлкен ұлы, Абылайдың немересі Ғұбайдолла сұлтан Абылайдың тағы бір ұлы Қасымнан туған Саржанмен бірге бастады. Ғұбайдолланы орыс билігі екі қайтара тұтқындап, итжеккенге жер аударды. Осы күреске ол кезде әлі жасөспірім Кенесары да қатысты. Кенесарының әкесі Қасым Абылай ханның қалмақ әйелінен туған еді. Абылай әулеті орысқа қарсы күресте Қоқан хандығымен одақтаспақ болып әрекеттенді. Алайда қоқандықтардың тұмсығының астынан арыны көрмейтін, таяз саясаты жағдайды тұйыққа тіреді. Кенесарының азаттық үшін күреске шыққан бауырлары Саржан және Есенгелдіні келіссөзге барғанда Қоқан билушілері қаныпезерлікпен өлтірді. Көп кешікпей Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауиге мінәжат етуге барған Қасым да қоқандықтар қолынан қаза тапты. Бұған мойымаған, керісінше, шыңдала түскен Кенесары қазақтардың азаттық жолындағы күресіне басшылықты өз қолына алды. 1841 жылдың қыркүйегінде Торғай өзеніне жақын маңда оны Орта жүз бен Кіші жүздің игі жақсылары ақ киізге отырғызып, хан көтерді. Енді Кенесарыға қосылу үшін жан-жақтан қазақ сарбаздары ағылды. Көп кешікпей-ақ оның сарбаздарының саны жиырма мыңға жетті. Өзінің ерекше табиғи дарыны және жоғарыда аталған туыстары мен бауырлары бастаған соғыстарға жастай қатысып, бай әскери тәжірибе жинақтауының арқасында ол төңірегіне жиналған Ағыбай, Иман, Жанайдар, Басығара, Жәуке, Жанайдар тәрізді батырлар бастаған қалың қолды кемеңгерлікпен басқара білді. Оның тамаша қолбасылық дарыны туралы орыстардың өздері де, шетелдіктер де аз жазған жоқ. Кенесары тіптен, 1840 жылы I Николайға жазған хатында оны асқақтата марапаттап, ұлы патша деп дәріптеді, императорды қақпанға түсірмек болып, саяси қулықпен одан шен, шекпен де сұрады. Осы оқиғалардан кейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенесарының патша әскерлеріне қарсы жүргізген шайқастары
Кенесары Қасымұлы - саясаткер
Кенесары Қасымұлы – қолбасшы
Кенесары Қасымұлы — ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы
Кенесары Қасымов
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Қазақ шаруалары
Қазақстан тарихын оқытудың ерекшеліктері, сабақтар типтері
Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық қозғалысы
Пәндер