ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

БАЯНДАМА

«ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ»

«Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу - әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет».

Н. Ә. Назарбаев

Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін - білім. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. «Білім басы - бастауыштан»- демекші білім саласындағы түбегейлі өзгерістер бастауыш сынып мұғалімдерінен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу - ұстаздың қолында. Сондықтан да мұғалім қазіргі заманда өзгеруі керек деп ойлаймын.

Жаңарып ұсынылып отырған бағдарлама, оқыту әдістерімен өз бетімен танысып отыру әр мұғалімнің міндеті. Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек екені айқын.

Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай тың бағдарлама. Бүгінгі баяндамамда мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру барысында жүгінетін негізгі құжат оқу бағдарламасы болып табылатындықтан, ұсынылған оқу бағдарламасымен таныса отырып, мақсатына тоқталдым.

Баяндамамның мақсаты:

Бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Бұл білім беру бағдарламасы мен бағалау модельдері белгіленген деңгейде ғана емес, әр сыныпта, әр сабақта қолданылады. Сонымен қатар, бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының маңызды қағидаты білім беру бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады. Оқу бағдарламалары спиральді білім беру бағдарламасы моделіне негізделеді, оның негізінде оқушылар келесі сыныпқа ауысқан сайын зерделенетін материалдар мен білім қайталанып отырады деген тұжырым жатыр. Оқу үдерісіндегі ілгерілеуді көру үшін оқу мақсаттары бөлім мен бөлімшелерге топтастырылған.

Әр оқу бағдарламасының аясында бірқатар оқу бағыттары көзделген: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым.

Бұл төрт дағды оқу жоспарында « Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі екен.

Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және жиынтық бағалау (ЖБ) . Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқуды өлшеу үшін және алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады екен.

Осылай теория жүзінде түсінік алдым.

- Қазақ тілін оқытуда қолданылатын оқыту тәсілдері;

- Белсенді оқу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі;

- Қазақ тіліндегі тілдік дағдылар;

-оқушысына берілген кері байланыс үлгісінде мұғалім оқушының (қазақ тілі және әдебиет пәнінен) тапсырмаларды жақсы орындағанына тоқталып, әрі қарай неге көңіл аудару керек екендігін жазатыны ұнады.

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.

Ата-бабамыз «Оқу - инемен құдық қазғандай» демекші, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады, нәтижеге жетеді.

Кез-келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі туындап отыр.

Ендеше, еңсені биіктетіп, еліміздің болашағы үшін ұлт мақтанышына айналар ұрпақты жетектеп, ұлы Абай айтқандай «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ой иірімі ұранымызға айналып, адамзат құндылығы-білім екенін көрсету жолында еш аянбайық. Біліктілік пен шеберліктеріңізді ұштастырып, «ұлы болу оңай емес, ал ұлылардың ұрпағы болып қалыптасу одан да қиын» деген қағиданы іске асырып, өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлем мойындататын рухани биікке көтеру - біздің міндетіміз.

Сондықтан да мұғалім қазіргі уақыт ағымына лайық өзінің де білім беру ісін рухани дамыта отырып, инновациялық ізденіспен жұмыс істеп, білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болуы керек.

Сонымен қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қанипа Бітібаева - жаңашыл ұстаз
Қазақтың жаңашыл педагогтары
Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық әрекет
ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
Педагогикалық ізденіс
Мектеп мұғалімінің шыгармашылдығы
Озат педагогика ғалымдары
Озат педагогикалық тәжірибе. Инновация туралы ұғым, шығармашылық іс-әрекет
«Мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибелерін зерттеу мен қорыту педагогикалық проблема»
Қазақстандық жаңашыл ұстаздардың іс-тәжірибесін насихаттаудың маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz