Философиялық дүниетаным және дүниетанымның тарихи түрлері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Орындаған: Марат Альгулим

Тексерген: Куанышгали Галимбекович Нигметжанов

Тобы: ПМНО-21

Павлодар 2021

Жоспар

  1. Философияның шығу кезеңі
  2. Философияның негізгі сұрағы.
  3. Философияның пайда болуы.
  4. Философия пәнінің негізгі бөлімдері.
  5. Философиялық дүниетаным және дүниетанымның тарихи түрлері.
  6. Философиялық білімнің ерекшелігі (екіұдайлығы) .
  7. Философияның функциялары.

1 Философияның негізгі сұрағы

Философияның дәстүрлі негізгі сұрағы деп - ойлаудың болмысқа, болмыстың - ойлауға (санаға) қатынасы мәселесін айтады.

Сұрақтың негізгі болуының мәні, маңыздылығы: адамның (философияның басты міндеті болып табылатын) қоршаған дүние және ондағы адам орны туралы тұтас білім жинақтауы, қандай сипаттағы жүйе құруын - дәл осы сұраққа беретін жауабына тікелей байланыстылығында.

Материя және сана (рух) - болмыстың қарама-қарсы және ажырамас екі сипаты. Осыған байланысты философияның негізгі сұрағынан оның екі - онтологиялық және гносеологиялық жақтары туындайды.

Философияның негізгі сұрағының онтологиялық (болмыстық) жағы: «не бірінші: материя ма, әлде, сана ма?» деген сұрақпен беріледі.

Философияның негізгі сұрағының гносеологиялық (танымдық) жағының мәні - «Дүние таныла ма, әлде танымнан тыс па? Таным процесінде не бірінші?» - деген сұрақ.

Философияның негізгі сұрағына беретін жауаптарына қарай адамдар:

1) материалистерге;

2) идеалистерге;

3) дуалистерге бөлінеді.

1 Философияның пайда болуы

Философия біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықтың ортасында, бір-біріне байланыссыз, дербес және тәуелсіз түрде Ежелгі Үндіде, Ежелгі Қытайда және Ежелгі Грецияда пайда болды. Және барлық үш аймақта да философия - мифология негізінде қалыптасты. Бастапқыда философиялық даналық-дәстүрлі өмір салт пен түсінікке қарсы бағытталған сын, патриархалды қағидалардың әділдігі мен ақиқаттығына білдірілген алғашқы күмән ретінде қалыптасты. Өйткені табиғи және әлеуметтік шындықты жеткілікті түсіндіре алмаған діни-мифологиялық сананың дағдарысы кезеңінде ақиқатты жалпыдан, табиғиды жасандыдан ажырату, жаңа өмірлік бағдар мен берік те сенімді дүниетаным құру қажеттілігі туды. Дүние және адамды рационалды ұғыну талпыныстары алдымен алғы философияға, содан соң философияға әкелді.

Философияның қалыптасу кезеңдері
Философияның қалыптасу кезеңдері: Мифология
Алғашқы қауымдық мәдениет және барлық өркениеттер мәдениеті
Алғы философия
Египет
Үнді
Месопотамия
Иудея
Қытай
Греция
Философия
Үнді
Қытай
Греция

Басқа аймақтардағы философиялық ой кештеу пайда болды және олар осы үш елдің бірінің философиялық ілімінің негізінде дамыды.

«Философия» ұғымы (грекше «филео»-құштарлық, махаббат; «софия»-даналық) «даналыққа құштарлық» деген мағына береді. «Философия» атауын тарихта алғаш қолданған Пифагор болды.

- Ей, дана (софист) ! - дегендерге:

- Мен дана (софист) емеспін, бар болғаны даналыққа құштармын (философистпін) . Нағыз даналық Құдайға ғана тән! - деп жауап берген екен Пифагор.

. 2 «Философия» пәнінің негізгі бөлімдері

Философия пәні деп философия қарастыратын мәселелер мен сұрақтарды айтады. Философия пәні мынадай негізгі бөлімдерден құралады

1) онтология (болмыс туралы ілім) ;

2) гносеология (таным туралы ілім) ;

3) антропология (адам туралы ілім) ;

4) аксиология (құндылықтар туралы ілім) ;

5) этика (мораль туралы ілім) ;

6) логика (ойлау заңдары туралы ілім) ;

7) эстетика (сұлулықтың заңдары мен канондары туралы ілім) .

Философтардың философия туралы түсініктері

Философ немесе философиялық бағыт
Философия пәні туралы түсінік
№: 1
Философ немесе философиялық бағыт: Пифагор
Философия пәні туралы түсінік: Даналыққа кұштарлық.
№: 2
Философ немесе философиялық бағыт: Гераклит
Философия пәні туралы түсінік: Философ - зерттеулермен айналысатын адам.
№: 3
Философ немесе философиялық бағыт: Сократ
Философия пәні туралы түсінік: Ізгілік пен зұлымдықты тануға бағытталған ерекше ғылым.
№: 4
Философ немесе философиялық бағыт: Платон
Философия пәні туралы түсінік: Мәңгі ақиқат болмысты тануға бағытталған ерекше ғылым.
№: 5
Философ немесе философиялық бағыт: Аристотель
Философия пәні туралы түсінік: Заттардың себептері мен қағидаларын зерттеу.
№: 6
Философ немесе философиялық бағыт: Эпикур
Философия пәні туралы түсінік: Ой арқылы бақытқа жету жолы.
№: 7
Философ немесе философиялық бағыт: Сенека
Философия пәні туралы түсінік: Философия - ізгі кеңес.
№: 8
Философ немесе философиялық бағыт: Ортағасырлық христиандық философия
Философия пәні туралы түсінік: Құдайлардың бар екенін дәлелдеу және рационалды таным құралы. Киелі жазбалардағы ақиқатты түсіндіру.
№: 9
Философ немесе философиялық бағыт: әл - Фараби
Философия пәні туралы түсінік: Мақсаты әсемдікке жету болып табылатын - өнер.
№: 10
Философ немесе философиялық бағыт: Ф. Бэкон, Р. Декарт
Философия пәні туралы түсінік: Ұғымдық форма арқылы берілген тұтас ғылым.
№: 11
Философ немесе философиялық бағыт: Кант
Философия пәні туралы түсінік: Дүниені абстрактылы метафизикалық ұғымдар арқылы тану құралы.
№: 12
Философ немесе философиялық бағыт: Гегель
Философия пәні туралы түсінік: Өзін-өзі танитын Абсолютті ақыл туралы ғылым.
№: 13
Философ немесе философиялық бағыт: Шопенгауэр
Философия пәні туралы түсінік: Философия - дүниені жалпы, абстрактылы ұғымдар түрінде бейнелеу түрі.
№: 14
Философ немесе философиялық бағыт: Жанды Этика ілімі
Философия пәні туралы түсінік: Рухани интуиция мен ақылға негізделген дүниені тану құралы, адамды рухани жетілдіру жолы.

Философиялық дүниетаным және дүниетанымның тарихи түрлері

Дүниетаным - дүние және ондағы адам орны туралы тұтас көзқарас. Тарих дамуында адамзат дүниетанымының үш тарихи түрі қалыптасты:

1) мифология;

2) дін;

3) философия.

Мифология (гректің «миф» - «аңыз» сөзінен) - қоршаған дүние туралы реалды түсінікпен қатар фантастикалық қиялдың қосындысынан тұратын ежелгі қоғам дүниетанымы, қоғамдық сананың формасы.

Миф жауап беруге тырысатын негізгі сұрақтар:

1) Әлемнің, Жердің және адамның жаратылуы.

2) Табиғи құбылыстар туралы түсінік.

3) Адам өмірі, тағдыры мен өлімі, әрекеті, жетістіктері, т. б.

4) Борыш, ар-намыс, имандылық мәселелері.

Мифтің белгілері және жалпы сипаты:

1) табиғатты жанды тіршілік ретінде қабылдау;

2) фантастикалық құдайларға, олардың өзара қатынасына, байланыстарына сену;

3) абстрактылы ойлаудың (рефлексияның) болмауы;

4) мифтің нақты өмірлік міндеттерді (шаруашылық, стихиядан қорғану, т. б) шешуге бағытталған практикалық сипаты;

5) мифологиялық сюжеттердің біркелкілігі мен тереңге бойламайтын үстірт, жеңіл мағыналылығы.

Дін - (латынның «религия»-«құдайшылдық» сөзінен) - сенімге негізделген, адам өмірі мен қоршаған дүниені басқаратын, жарататын құдіретті күштердің барын мойындайтын дүниетаным түрі. Діни дүниетаным адамнан дүние туралы сезімдік, образды- эмоцианалды түсінікті талап етеді. Діннің мақсаты мен мағынасы - қоғам мен жалпы адамзаттың назарын Құдайға бағыттау арқылы бір бағытқа жұмылдыру, орталықтандыру, сол арқылы адамды және осы дүниелік болмысты мәртебелендіру.

Дін де миф ізденетін сұрақтарға жауап береді:

1) әлемнің, Жердің, Жердегі тіршіліктің, адамның пайда болуы;

2) табиғи құбылыстарға түсінік;

3) адам әрекеті тағдыры;

4) адамгершілік мәселелері;

5) қарым-қатынас мәселелері.

Кең тараған ұлттық діндер:

1) синтоизм;

2) индуизм;

3) иудаизм.

Негізгі әлемдік діндер үшеу:

1) буддизм;

2) христиандық;

3) ислам.

Дін мынадай қызметтер атқарады:

1) дүниетанымдық - дүние туралы жалпы түсінікті қалыптастырады;

2) біріктірушілік - қоғамды қандай да бір идея үшін немесе идея төңірегіне топтастырады;

3) мәдени - мәдениетке ықпал етеді немесе мәдениеттің таралуына жағдай жасайды;

4) адамгершілікке тәрбиелейді, адамгершілікті насихаттайды (мейірбандылық, инабаттылық, жанашырлық, адалдық, сыпайылық, төзімділік, борыш идеяларын жоғары бағалайды, уағыздайды) ;

5) компенсаторлық - адамның табиғат, әлеуметтік проблемалар, т. б. жағымсыз сипаттағы басқа да факторлар алдындағы әлсіздігін, қорғансыздығын басқа сипаттармен толықтырады;

6) жүйелеушілік - адамдардың тәртіптері мен өзара қатынастарын идеялар, нормалар, дәстүр, ритуал, құқық, мораль, қағидалар, т. б. арқылы жүйелейді;

7) мәдениет жалғастылығы - ұрпақтар арасындағы ой жалғастылығын қамтамасыз етеді;

8) интеграциялық, дезинтеграциялық - индивиттерді топқа немесе әлеуметтік институттарға бөлу-біріктіру.

Философия - дүниетанымның ғылыми - теориялық түрі. Философиялық дүниетанымның діни және мифологиялық дүниетанымдардан айырмашылығы:

1) нақты ұғымдар мен категориялардан құралады;

2) қиялға, сенімге емес, білімге сүйенеді;

3) рефлексивті (ойдың өз- өзіне бағытталуы) ;

4) қисындылығы (ішкі тұтастық пен жүйелікке негізделеді) .

Осылайша философия - рационалдылықпен, жүйелілікпен және қисындылығымен ерекшеленетін дүниетанымның жоғарғы деңгейі мен түрі.

Философияның дүниетаным ретіндегі эволюциясы 3 кезеңнен өтті:

1) космоцентризм;

2) теоцентризм;

3) антропоцентризм.

Космоцентризм - Әлем, табиғат құбылыстары-сыртқы күштердің-Космостың күшімен, әсерімен, шексіздігімен түсіндірілетін, бүкіл тіршіліктің космостық циклдарға тәуелділігін тұжырымдайтын философиялық дүниетаным (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, т. б. шығыс елдеріне және Ежелгі Грецияға тән) .

Теоцентризм - бүкіл болмыс, тіршілік - тек қана құдіреттің, Құдайдың үстемдігімен түсіндірілетін пікірге сүйенетін философиялық дүниетаным түрі (ортағасырлық Европаға тән) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия және дүниетаным
Философия дүниетаным ретінде
Философия және дүниетаным жайлы
Философия мен дүниетаным
Философия дүниетанымның өзегі ретінде
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Адамның дүниетанымдық өзін-өзі анықтауы және философияның ондағы ролі
Әлем туралы философиялық түсінік, оның негізгі түрлері мен әдістері
Философия ғылымдары кіші функцияны зерттеу пәні философияның негізгі мәселесінің аспектісі
Дүниетанымның мәні және оның түрлері, Ежелгі Қытай философиясы.Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология, Диалектика және онын әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz