Баламалы энергия көздері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

Қазақ технология және бизнес университеті

Ақпараттық жүйелер” факультеті

“ ИС-201сдо” кафедрасы

logo

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Баламалы энергия көздері»

Орындаған: Досжан Аль-фараби

Қабылдаған: Бектенов М

Нұр-Сұлтан 2020ж

Бүгінгі күні бүкіл дүние жүзінде адам тұрмысының ең маңызды факторы - энергия . Қатынас, жарықтандыру, жылыну сынды күнделікті тұрмыстың көптеген бөлшегі энергияға байланысты. Сонымен бірге энергиясынсыз өнеркәсіп те болмайды. Энергия экономиканың да ең маңызды бөлшегі.
Түрлі салаларда қолданылған энергия түрлерінің барлығы табиғи ресурстардан қамдалады. Кейбір табиғи энергия көздерінің жаңалану жылдамдығы біздің тұтыну жылдамдығымыздан өте төмен. Жаңаланбайтын энергия деп те аталатын осы ресурстардың бастылары мұнай, табиғи газ және көмір. Жер астында шикі күйде болатын және өңделу арқылы жағармайға айналатын мұнай ең қымбат энергия көздерінің бірі. Оның бара-бара резерві азаюда. Сол секілді көмір мен табиғи газ да азайып барады. Тұтыну мөлшері азаймаса, осы энергия көздерінің шамамен қырық жыл ішінде бітуі көзделіп отыр. Айырықша осы жағармайлардың өндірісі мен қолданылуы барысында қоршаған орта зиян көреді. Бұл балама энергия көздерін іздеуді арттырды.

Жер астынан шығатын ыстық судың қолданылуымен қамдалатын геотермал энергия қоршаған орта үшін мәселе шығармайды. Бірақ көбіне шығатын жерінде ғана пайдаға асады.
Жиырмасыншы ғасырда ғылыми жетістіктер нәтижесінде қолданылатын күйге келтірілген атомдық энергия көбіне энергия өндіруді қамдайды. Осыған қарамастан осы энергия түрінің рискі көбірек.
Соңғы жылдары ғылыми зерттеулер жаңаланатын энергия көздеріне шоғырланды. Жел , толқын және Күн сынды шексіз ресурстарды энергияға айналдыратын жүйелер артып отыр. Осындай энергия түрлері қалдық жағармайларға қарағанда таза. Табиғатқа зиян келтірмейді және қолданған соң бітпейді. Экономикалық ретінде шетелдерге тәуелділіктен құтқарады.

Баламалы энергия көздері

Бұл үдерістен Қазақстан да артта қалған жоқ. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз», - деген еді. Қазіргі уақытта жел мен Күн сынды баламалы энергия көздерін пайдалану - жоғары дәрежеде деп айту қиындау. Өйткені мамандардың есебі бойынша елімізде жалпы жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесі 1 пайыз екен. Бүгінде Қазақстанның жер қойнауы табиғи қазбаларға бай болғандықтан энергия тапшылығы айтарлықтай байқалмайды. Дегенмен баламалы энергия көздері ол болашақтың қажеттілігі екені сөзсіз.

Қазақстанның климаттық жағдайы - күн қуатын пайдалануға қолайлы. Ғалымдардың айтуынша елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2, 5 миллиард киловатт-сағат. Бұл отандық ғалымдарды жаңа жобаларды жасауға жетелеп отыр. Мәселен, күн сәулесін жинайтын арнайы тақталар. Толық автоматтандырылған аталмыш тақтайшалар ғимараттан шықпай-ақ, күн сәулесінің түсу бұрышын анықтап, оны компьютер арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Алматы энергетика және байланыс университетінің, Шағын энергия көздерін жаңғырту зертханасының қызметкерлері мен магистранттары жасап шыққан бұл тақта күннің энергиясын үнемдеп қана қоймай, оны энергияның басқа түріне ауыстыруға мүмкіндік береді екен. Ал өз кезегінде күн энергиясын қолдану жылу мен жарықты қатар алуға мүмкіндік береді. Бұл арзан әрі қолайлы. Сондықтан ол қазақстандық ғалымдардың басты назарында.

Баламалы энергия көзін өндіруге қажетті құралдың тағы бір түрі - желдік роторлық турбина. Оны Альберт Болотов ойлап тапқан. Бүгінде отандасымыздың еңбегі вертикальды роторлы турбина Қазақстаннан тыс көптеген елдерде қолданылып келеді. Оны Ресей, Қырғызстан және Корей елдері пайдалануда. Себебі алыс жерлерге электр энергиясын жеткізу өте қиын болғандықтан, алыс аймақтарға вертикальды роторлы турбинаны қою өте ыңғайлы.

Бүгінде баламалы электр энергиясын өндіру озық әлемдік технологияларды енгізуге және энергетикалық тиімді бағдарламаларды іске асы¬руға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сондықтан, баламалы энергия көздеріне қазірден бастап баса назар аударылуы тиіс.

Энергияны мұнай мен көмірден алу технократтық жаңалықтарды өмірге әкелгені белгілі. Алайда энергияны мұндай жолмен өндіру экологияға зиян келтіретіні кеш білінді. Жердің климаттық өзгерісін тоқтату үшін ғалымдар баламалы, зиянсыз жолдармен қуат өндіру мәселесін жаппай талқылай бастады.

Баламалы энергия деп қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін табиғи таза энергия өндіру көздерін айтамыз. Мұндай энергия көздері экологияға еш зиянын тигізбейді, мұнай мен көмір тәрізді пайдалы қазбаларды игерудің қажеттілігі тумайды.

Мәселен, қазіргі күннің өзінде Ирландия мемлекеті жердің геологиялық мүмкіндіктерін, яғни гейзерлерді пайдалану негізінде геотермальды энергия бағытын дамытуда. Ғалымдар геотермальды энергия көздерінің небәрі 1%-ын игерілсе, адамзаттың энергияға деген тәуелділігі мүлдем жойылады дейді. Ал Испания мен Италия, Нидерланды мемлекеттері территориясы кең аймақтарға күн энергиясын өндіретін алып аппараттарды орналастырып жатыр. Сол тәрізді АҚШ елі Флорида штаты мен Маями қаласының маңынан өтетін мұхиттағы ең үлкен Гольфистрим ағысынан энергия өндіруді жоспарлап отыр. Негізінде, ХХ ғасырдың басында-ақ океонограф-ғалымдардың өзі мұхит кеңістігін энергия көзі ретінде игерілсе, адамзаттың миллиондаған жылына жетер энергияны өндіруге болатындығын айтқан.

Баламалы энергияны өндіру көздері (түрлері)

Баламалы энергияны түрлері көп. Алайда адамзатқа қаржылық жағынан тиімді әрі экологиялық табиғилығы басым энергия көздерін игергені әлдеқайда дұрыс.

Гидроэлектроэнергия. Су электр станциялары (СЭС) арқылы өндірілетін бұл энергияны барлығымыз жақсы білеміз. Тау өзендері мен сарқырама, жасанды каналдардың жағасына үлкен СЭС немесе гидроэлектрикалы

қ тоған салынады. Ағысы қатты су айналып тұрған турбина арқылы өтеді де электр энергиясын өндіретін арнайы қондырғылар одан қуат алып, оны электр энергиясына айналдырады. Қазіргі таңда Қазақстанда қуаты жоғары Өскемен СЭС-і (қуаты 331, 2 мың кВт) және Бұқтырма СЭС-і (қуаты 675 мың кВт), Іле өзенінде Қапшағай СЭС-тері (қуаты 434 мың кВт) орналасқан.

Ядролық энергия немесе атом энергиясы . Уран және өзге де радиоактивті элементтерден өндірілетін энергия түрі.

Радиоактивті бөлшекті суға қайнатқан кезде, буға айналады. Кейін оның атомдарын жарып, энергияға айналдыруға болады. Бұл үрдіс атом электр станцияларында жүзеге асады. Дегенмен атом энергиясы өндіріске тікелей байланысты, яғни, атомды жару үшін энергия керек. Оны мұнай мен көмірден алуға тура келеді. Оның үстіне, АЭС апатқа ұшыраса үлкен радиоактивті шығын келетіні сөзсіз. Сондықтан аталмыш энергия әдісі адамзаттың болашағын жасай алмайды.

Ядролық энергия табиғи жолмен де, жасанды жолмен де алуға болады. Күн және басқа жұлдыздар жарық және жылу түріндегі энергияны береді, ол ядролық энергияны табиғи жолмен алудың мысалы бола алады. Адамдар ядролық реакторлардың көмегімен жүргізілетін ядролық реакциялардың нәтижесінде ядролық энергияны ала алады. Атомдық немесе сутекті бомбалардың жарылысы кезінде алынатын энергия да адамның қолымен жасалады.

  • Ядролық энергия - бұл мұнайдың және көмірдің қорлары таусылғанда электр тогын алу үшін қолданылатын энергия көзі.
  • Атом электр станцияларына басқа станциялардың түрлеріне қарағанда әлдеқайда аз энергия талап етіледі. Бір тонна ураннан бірнеше миллион тонна баррель мұнайдан немесе бірнеше миллион тонна көмірден алынатын энергиядан көбірек энергия алуға болады.
  • Атом энергия станциялары қоршаған ортаны, отын ретінде көмірді пайдаланатын электр станцияларына қарағанда аз ластайды. Жылу электр станцияларының экологияға тигізер шығыны өте көп.

C:\Users\комп\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\OxyJkO2-ark.jpg

Күн энергиясы . Күннен тікелей алынатын энергия түрі. Күннен келетін сәулені электр энергиясына айналдыру тәсілі. Кремний төсемелерінен жасалған фотоэлектрикалық ұяшық өзіне түскен сәулені электр энергиясына айналдырады. Сонымен қатар күннен келетін сәуленің жылуы да электр энергиясына айналдыруға болады, мұны күн жылу энергиясы деп атаймыз.

Жел энергиясы. Ауа қозғалысынан өндірілетін энергия түрі. Желдің қатты жылдамдығы алып жел турбиналарын қозғалысқа түсіреді де, кейін одан электр энергиясы өндіріледі. Нидерланды мен Дания елдері ежелден диірмен қолданады, қазір алып диірмен құрылыстарын салып, жел энергиясын өндіріп отыр.

C:\Users\комп\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\field_image_33_3.jpg

Геотермальды энергия. Жер қыртысындағы белсенді геологиялық құбылыстар (гейзер, ыстық бу, жанартау лавасы) да электр энергиясын өндіруге пайдалануға болады. Жанартау маңындағы жерасты суы өте ыстық келеді, қайнау температурасынан да артық. Мұндай белсенді геологиялық аймақтарға ұзын құбырлар немесе мұржалар орналастырылады. Ыстық бу осы мұржалар арқылы өтеді де мұржа ішінде орналастырылған турбиналар негізінде электр энергиясы өндіріледі.

Ағыс энергиясы. Теңіз бен мұхит бетінде айдың тартылыс күшіне байланысты судың толысуы мен қайтуы тәрізді табиғи құбылыстың орын алатындығын білеміз. Мұндай алып табиғи қозғалыс үлкен қуат көзін игеруге мүмкіндік береді. Мұхит жағасына турбина орнатып, ағыстың қуатынан энергия өндіруге болады.

C:\Users\комп\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\8e804a9c2b3592895fdd13c001a9b5f2.jpg

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баламалы энергия көздері - мемлекет байлығы
Биомасса энергиясы
Электр энергиясы үнемдеу
Қазақстандағы «Жасыл энергетиканың» өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуы
Энергетикалық проблема
Орта мектепте гидроэнергетиканы оқыту мәселесі
«Елбасының тарихи жобалары мен бастамалары»
Табиғатты тиімді пайдалану туралы
Болашақтың энергиясы - баламалы энергия
Геотермалды энергия көздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz