Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен ерте мемлекеттік құрылымдар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6В02201-Тарих

Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен ерте мемлекеттік құрылымдар.

Орындаған:Оңғарова Гүлшат Т-102
Тексерген:Сугурбаева Бибінұр

Ақтөбе 2021ж

Сақ әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тұлға Афрасиаб болған деген деректер бар. Сақтар көк тәңіріне табынған. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білседе, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың дүние жүзіне аңдарды өрнектеумен әйгілі болған даналық өнері жалпы адамзаттық мәдениетті дамытуға елеулі әсерін тигізді.
Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған. Мәселен, олардың көсемдерігнің бірі-тамаша сұлу, әрі жігерлі, елге әйгілі патша ханум Заррине ел билеп, қалаларды салуға және жорықтарға қатысқан.
Персия мемлекетінің патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқан кезде, сақтармен одақ жасасып, олардан әжептәуір көмек алған. Кейін Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Сөйтіп, Мидия патшалығын жеңгеннен кейін Кирдің әскерлері Сақтардың жеріне басып кіреді. Кирдің әскерлері өздерінің жеңісін тойлап жатқан кезде, сақтарлың жауынгерлері тұтқиылдан лап қойып, парсыларды қырып салады.Осы шайқаста олар Кирдің өзін де өлтіреді.
Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын I Дарий б.з.б. 521-486 жылдар жалғастырды. Жеке-жеке отырған Сақ тайпаларын бір-бірлеп бағындырған ол аз уақыт болса да оларды басып алды. Сақ тайпаларының біраз бөлігі оларға салық төледі және парсы патшасына жасаққа жігіттер беріп тұрды. Тіпті сақтардың біразы парсы патшасының өлмейтін он мың деп аталатын ұланының құрамына кіріп қызмет етті.
Б.з.б. IV ғасырдың 30-жылдарында македониялық гректер Александр Македонскийдің басшылығымен соңғы Ахеменид. III Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға баса көктеп кірді. Олар Маракандты (Самаркандты) алып, Сырдарияға бет алды. Сырдария бойына бекініп алу үшін кіші-гірім "Александар Крайный" немесе "Шеткі Александр" деген қала салдырды.Александр Македонскийдің басқыншылық әрекетіне қарсы көшпелі Сақ тайпалары асқан ерлікпен, табан тіресе соғысты, кескілескен ұрыстарды катапультпен қаруланған гректер оқтың күшімен сақтарды кейін шегіндірді. Соғыста сақтар мыңдаған адамынан айырылды. Гректер сақтардың біраз жерін басып алды. Бірақ Алексендар Македонскийдің әскерлері сақтардың жерінде көп тұра алмады. Ыстық күн, жолсыз шөл дала, ержүрек сақтардың тынымысыз шабуылы, Александр Македонскийдің сырқаттанып қалуы гректерді қашуға мәжбүр етті. Олар Сыр бойындағы "Шеткі Александрді" тастап, Самарканд қаласына шегінді. Сөйтіп Сырдария сыртындағы Сақ тай- палары грек басқыншылығына қарсы күресте өз тәуелсіздігін сақтап қалды.Сақ тайпалары көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен байланысты. Оның себебі, біріншіден, бұл тұста климат жағдайы өзгеріп, құрғақшылық болып, күн ысып, өзен, көл сулары тартылып, шөп шықпайтын шөлейт жерлер пайда бола бастаған еді. Екіншіден, бұл жерлер бұрынғы теңіздің табаны болғандықтан оның біраз бөлігі құнарсыз, сусыз, сортаң болып келді. Мұндай жерлерге өсімдік, шөп шықпайды, егін егуге де болмайды. Сондықтан бұл жердегі адамдар мал өсірумен шұғылданып, оны өзінің тұрақты кәсібіне айналдырды. Малдың жайылымына қарай олар көшіп қонып жүрді.
Сақтардың мал шаруашылығын негізгі бағыты қой шаруашылығы еді. Оның еті мен сүті ғана емес, сонымен бірге киіз басу, арқан есу үшін жүні де іске асты. Сақтардың тұрмысында жылқы да үлкен рөль атқарады. Өйткені ол мінсе көлік, жесе тамақ, ім-шсе сүті сусын қымыз.
Сақтардың заманында жылжымалы арба да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар тарихы
Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар
Алғашқы таптық қоғамның қалыптасуы
Қола дәуірі
Сақтар туралы жазба деректер, сақтардың зерттелуі
Сақтар мен гундардың мәдениеті мен тарихы
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен көне мемлекеттік құрылымдар
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Қола дәуір мәдениеті
Пәндер