Гиподинамия және оның адам ағзасына әсері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Гиподинамия және оның адам ағзасына әсері

Соңғы жылдарда жұмыстағы және үйдегі еңбек ету мөлшері, сондай-ақ тағы басқа себептерге байданысты адамдарда күн режимінің жетіспеушілігі, қозғалыстың аздығы ағзаға өзгерістер енгізетін гиподинамияның пайда болуына әкеліп соқтырады. Гиподинамия деп бұлшық еттердің қозгалыс белсенділігінің төмендеуін айтады.

Гиподинамия (грек, hypo - төмен, астында, қалыптан төмен; dynamis - күш) - қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі нәтижесінде адам ағзасындағы тірек-қимыл аппараты бұлшықеттерінің, қан айналым және тыныс алу, ас қорыту және т. б. мүшелердің етті қабықтары мен қабаттары жиырылу күшінің төмендеуі.

Гиподинамияның пайда болу себептері:

- Кәсiби ерекшелiктерге байланысты бұлшық ет жұмысын шектеу;

- Рационалды (тиімді) емес күн тәртiбi;

- Ұзақ уақыт бойы организмнің дұрыс функционалдық жұмысын орындамауына байланысты (жарақат, сырқат) төсек режимі.

Бүкіл организмнің қозғалыс әрекетінің жаппай ішектелуін жалпы гиподинамия, ал жеке бұлшық ет қимылының шектелуін жергілікті гиподинамия деп ажыратады. Гиподинамия созылмалы және жіті деп те бөлінеді.

Созылмалы гиподинамияда еңбек пен тұрмысқа байланысты күнделікті қимыл-қозғалыс белсенділігі төмендейді. Бұл көбінесе аз қимылдайтын, отырып жұмыс істейтін кісілерде байқалады. Олардың организмінде мүшелер мен жүйелердің әрекеттік белсенділігі әлсіреп, реттеуші механизмдер нашарлайды. Сондықтан организмнің әр түрлі әсерлерге шыдамдылығы азаяды.

Қозғалыс белсенділігі көп жылдар бойы шектелсе, бұлшық ет талшықтарының атрофиясы туады. Ет талшықтары жіңішкеріп, гликоген мен энергия қоры азаяды, маймен қатпарланады. Қозғалыс әрекетінің күші мен төзімділігі кемиді, қимыл-үйлесім төмендейді, еттер тонусы әлсірейді. Осының салдарынан тұлғаның қалпы өзгеріп, ауырсыну синдромы пайда болады.

Гиподинамия зат алмасудың төмендеуіне жол ашады. Энергия шығыны азайып, тотығу реакциясының қарқыны мен ферменттердің белсенділігі нашарлайды, газ алмасу өзгеріске ұшырайды.

Адамдарда бұл жағдайда жүректің соғу күші әлсіреп, минуттық көлемі азаяды. Сондықтан жүректің өз көлемі кішірейіп, миокардта деструкциялық өзгерістер байқалалы. Қан тамырлары жүйесінде өзгерістер бола бастайды. Артерия тамырларының тонусы әлсіреп, қан қысымы төмендейді. Капиллярларда қан іркіліп қалады, сондықтан олардың қабырғасының су және электролиттік өткізгіштігі өзгереді. Осының салдарынан дененің кез келген жерінде су іркіліп, ісіктер пайда болады. Бұлшық еттер жиырылмағандықтан, лимфа ағысы тоқтап, тіндерге су жиналады.

Жүректін оң жақ жүрекшесінің жұмысы кемігендіктен, қуысты көктамырларда қысым артып, бауырға қан жиналып қалады. Ол бауырдағы зат алмасуды тежейді. Осыдан келіп, қан қысымының жоғарылауы ішектегі заттардың сіңірілуін, сөл бөлу қарқынын төмендетеді, сөйтіп ас қорыту әрекеті бұзылады.

Гиподинамия кезінде антидиурездік гормонның аз түзілуінен полиурия, яғни несептің көп шығуы байқалады. Сонымен қатар бүйрек шумақтарында қанның ағысы күшейіп, альдостерон сөлінің бөлінуіне демеуші рениннің түзілуіне кедергі келеді деген болжам бар.

Организм аз қозғалған жағдайда зат алмасудың барлық түрі өзгереді. Адамның құрсақ пен бел аймақтарында май қыртыстары пайда болады, дененің салмағы артады. Бұлшық еттер мен бауырдағы көмірсулардың қоры азаяды, белоктар мен тұздар көп ыдырайды. Калций алмасуы бұзылғандықтан сүйек жұқара бастайды. Дененің жалпы температурасы төмендейді.

Гиподинамия дененің қозғалысы мен вегетативті әрекеттердің өзара байланысына нұқсан келтіреді. Вегетативті өзгерістерге кезіккен жүйкенің орталық тонусы холинергиялық әсерленістің әлсіреуі және симпатикалық жүйке ықпалының күшеюі себепкер болады.

Жіті гиподинамия қозғалыс белсенділігін күрт тоқтатқан адамдарда байқалады. Организмде ет-жүйке аппаратының жұмысы және оны вегетативтік жабдықтау, әсіресе афференттік серпіністер және эндокриндік ықпал жедел өзгереді. Өйткені бұлшық еттердің әрекеті және ішкі ағзалардың қызметі төмендейді. Әуелі орталық жүйке жүйесі зардап шегеді. Тамыр тонусы, зат алмасуы, жүйке орталықтарының өзара әрекеттесуі, ұйқы және тәбет бұзылады, жүрек аритмиясы пайда болады.

Клиникада гиподинамияны амалсыз және міндеттеу деп бөледі. Бұл көбінесе ауруы ұзаққа созылған науқастарда болады (мысалы: естен тану, бұлшық ет әлсіздігі, ауыр жарақат, сүйек жегісі және т. б. ) . Кейде ол клиникада тыныс алу, жүйке, жүрек-қан тамыр, тірек-қимыл ауруларында әдейі қолданылады.

Жергілікті гиподинамия әрбір бұлшық ет топтарының қозғалыс белсенділігі тыйылғанда, яғни дене мүшелерін гипстегенде, жүйке талшықтары зақымданғанда және т. б. пайда болады. Мұндайда еттің семуі, яғни атрофиясы басталып, зат алмасу өзгеріске ұшырайды, оның қозғыштық қасиеті, гуморальдық затқа сезімталдығы күшейеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гипокинезияның жүрек қан тамырына әсері
«Мұнай өңдеу және мұнай химия өнеркәсібіндегі зауытының санитарлық нормасы ».
Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың адам ағзасына әсерін салыстыру
Денсаулық – медицинаның басты сұрағы
Ағзаның шартты рефлексті әрекетіне стресс жағдайларының әсері
Дене тәрбиесінің құралдары мен дене жаттығулары
Кәсіптік зияндылықтар және адам денсаулығы
Жүзу спортының тарихы
Адамның экологияға тәуелді аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz