Қазақстандағы ЖЭС. Жер-су реформасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
1.4. Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік құрылыстың кеңестік моделін жүзеге асыру
1. Қазақстандағы ЖЭС. Жер-су реформасы.
Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне 1-ші Дүниежүзілік соғыстың зардаптары, революциялар мен азамат соғысының салдары және бүкіл елде "соғыс коммунизмі" саясатына қарсы шаруалар қозғалыстарының өріс алуы түрткі болды. 1919-1921 жж. "Әскери коммунизм" саясаты бойынша астықты тартып алу, азық-түлік отрядтарының жүгенсіздіктері шаруалардың наразылығын күшейтіп, олар ашық көтерілістерге әкеп соқты. Осы солақай саясаттың кесірінен бүкіл одақ көлемінде жаппай ашаршылықтың етек алуы, халық тұрмысының күйзелуі жер-жерде "бандылардың" пайда болуын тездетті. (Аталған кезеңде Сібір мен Қазақстанда да ірі шаруалар көтерілістері болғаны белгілі). ЖЭС-қа өту мәселен В.И.Лениннің 1921-1923 жж. еңбектерінде көрініс тапты. Большевиктер ЖЭС аясында шаруа қожалықтарын біртіндеп кооперативтендіру арқылы ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруды көздеді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік тұрғыдан еріксіз күштеу арқылы емес, керісінше экономикалық қажеттіліктен туындайтын қозғалыс болу керек еді.

Жаңа экономикалық саясаттың мәнін большевиктер социалистік экономиканың іргетасын қалау үшін жұмысшылар мен шаруалардың жаңа одағын нығайту деп түсіндірді. Социализм қоғамына жат деп табылатын жекеменшікті (уақытша болса да) қолдай отырып, Кеңес үкіметі өзінің мызғымастығын қамтамасыз ету мақсатымен халық шаруашылығының басты-басты тұтқаларын қолына шоғырландырды:
1) ірі өнеркәсіпті;
2) транспортты;
3) сыртқы сауданы;
4) несиені (кредит). Жерге жалпы мемлекеттік меншік болды.
Сол кезеңде большевиктер бұл саясатты кімді - кім? Яғни социализм капитализмді ме, әлде капитализм социализмді жеңіп шыға ма? деген ұғыммен пара-пар деп түсіндірді. Ендеше ЖЭС өтпелі дәуір шараларының біртұтас бөлінбейтін жинағы деп табылды.
ЖЭС белгілері:
● Ауыл-деревняларда азық-түлік салғыртының орнына азық-түлік салығын енгізу (салғырт кезінде егер 70 % астық тәркіленіп алынса, азық-түлік салығы бойынша - 30 % ғана беруге тиісті болды).
● Сауда бостандығына жол беру.
● Тауар-ақша қатынастарын пайдалану.
● Ірі кәсіпорындарды мемлекет қарауына қалдырып, орташа және ұсақ кәсіпорындарды жеке адамдарға немесе кооперативтерге жалға беру.
● Жерді жалға алуға және беруге, жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат ету. Жеке меншік кәсіпорындар ашуға, онда жалпы саны 20 дан аспайтын жалдамалы жұмыскер ұстауға рұқсат етілді.
● Экономикада уақытша капиталистік элементтердің дамуын қамтамасыз ету.
1922-1923 жж. барлық натуральды салық түрлері, біріңғай салық жүйесіне алмастырылды.
1921-1924 жж. қаржы реформасына сәйкес банк жүйесі құрылды: мемлекеттік банктер, кооперативтік банктер, сауда-өнеркәсіп банктері, сыртқы сауда және кооперативтік алуан түрлі банктер т.б. пайда болды. 1921 ж. басында ақша реформасы жүргізілді. 1922 ж. соңында сапалы айналымға ерекше валюта - кеңестік червонец (10 сомдық) енді. Червонец алтын және басқа құнды заттармен теңестірілді. Бір червонец революцияға дейінгі 10 алтын рубльге тең болды, ал әлем нарығында 6 доллар тұрды.
Жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуіне тосқауыл болған Қазақстандағы қиындықтар:
1) теміржол жүйесінің дамымағандығы;
2) байланыс құралдарының жеткіліксіздігі;
3) ұлт кадрларының жетіспеушілігі;
4) халықтың сауаттылығының төмендігі, бәрінен бұрын қазақтар үшін орталықтан құжаттардың орыс тілінде келіп түсуі.
Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілу барысында төмендегідей жұмыстар атқарылды:
1) бірыңғай ауылшаруашылық салығының жалпы мөлшері 100 млн сомға төмендетілді;
2) кедей шаруалардың мемлекеттен алған жер үлестерін пайдалану құқықтары кеңейтілді;
3) салық жеңілдіктері беріліп, мал өсіруші кедей және әлсіз шаруашылықтардың 70%-дан астамы, ал егінші аудандардың 50%-ы ауыл шаруашылығы салығынан босатылды;
4) мал, құрал-сайман сатып алуға және жер жырту мен егіс егуге арзан мемлекеттік несие берілді;
5) шаруа қожалықтары тұқым қарызын қайтарып беруден босатылды;
6) республиканың мемлекеттік кәсіпорындары шаруашылық есепке көшірілді.
Жалпы ЖЭС кезіндегі өнеркәсіп саласындағы ерекшеліктер:
1) Қазақстанда өнеркәсіптің мемлекеттік, кооперативтік және жекеменшікті кәсіпорындары әрекет етті, жалпы мемлекеттік сектор басымырақ дамыды;
2) бірқатар өнеркәсіп орындары Ресейдің орталығынан көшіріліп, Қостанай, Петропавл, Қарғалыда жұмыс істей бастады. Жұмысшылардың, маман кадрларының қалыптасу үрдісі қарқынмен өсті;
3) республикада өнеркәсіп өнімінің өсімі 1920 жылмен салыстырғанда 1925 жылы 5-6 есе өсіп, соғыстан бұрынғы дәрежесіне жақындады;
4) республиканың транспорты мен өнеркәсібінде 1925 жылға таман жұмысшылар мен қызметшілердің жалпы саны 35 - 40 мың адамға жетті; ірі өнеркәсіпте 15 мыңнан аса жұмысшы еңбек етті.
Жаңа экономикалық саясат шеңберінде азық-түлік салғыртының азық-түлік салығымен алмастырылуы 3-4 жыл ішінде қазақ ауылы мен деревнясын дағдарыстан шығара бастады. Республикада кооперативтік қозғалыс тез дамыды.
Егіс көлемі 1924 жылғы 2,1 млн гектардан 1928 жылы 4 млн гектарға өсті, яғни бұл 1913 жылдың (4,4 млн га) деңгейіне жеткендігін көрсетеді. 1925 жылы 92 млн пұт астық жиналса, 1927 жылы астықтың жалпы түсімі 104 млн пұтты құрады. 1928 - 1929 жылдар аралығында Қазақстанда 240 млн. пұт бидай өнімі жиналды.
Мал басы 1924 жылы 24,8 млн-ды құраса, 1925 жылы 26 млн-нан асты. 1928-1929 жылдары 40 млн-ға жуық өсті. Қазақ ауылында кедейлер және байлардың саны 3 еседей кеміді, керісінше орта ауқаттылар 2 еседен астам өсіп, олар халықтың 34 бөлігін құрады. КСРО бойынша жаңадан құрылған шаруашылық саны 737 мыңнан 1 млн. 333 мыңға дейін өсті.
Кеңес үкіметі кооперативтік құрылысты жүргізуге ерекше назар аударды. Тұтыну қоғамдарын, ауылшаруашылық несие серіктіктерін, мелиорация, машина серіктіктерін, ауылшаруашылық, май айыру, т.б. артельдерін, коммуналарды, жерді бірлесіп өңдеу серіктіктерін (ТОЗ, ТСОЗ товарищества по совместной обработке земли), ұжымшарларды (ұжымдық шаруашылық), кеңшарларды (кеңестік шаруашылық) ұйымдастыру, т.б. бұл қарқынды түрде социализмге бетбұрыстық көшу еді. Қазақстанда 103 коммуна мен 650 ауылшаруашылық артелдері құрылды.
ЖЭС жылдары сауда жолға қойылып, ақша жүйесі нығайды. РКФСР ХКК 1921 ж. 24 мамырындағы Декреті сауда жәрмеңкесінің өркен жайып дамуына үлкен ықпал жасады. Қазақстан жерінде 1924 - 1925 жылдардан бастап ұзақтығы апталар мен айларға созылатын 128 жәрмеңке жұмыс істеді. Ойыл, Темір, Қоянды, Қарқара, Көкшетау, Атбасар жәрмеңкелері неғұрлым ірі жәрмеңкелер болды. 1927 ж. өлкеде 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеді. Жәрмеңке саудасының айналымы 30 млн сомға жетіп жығылды. Жәрмеңкеге Қытай және Моңғолия жерлерінен сауда керуендері ағылды.
Халықтың азық-түлік және өндіріс тауарларына деген сұранысы толығырақ өтеле бастады. Қазақстанда да мемлекеттік және кооперативтік сауда орындарының тармақталған жүйесі - тауар базалары, қоймалары, дүкендер, дайындау конторлары мен пункттері құрылды;
Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері: күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді; өнеркәсіп қалпына келтірілді; ел шаруашылығының барлық саласын көтерді; шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді; әлеуметтік жіктелудегі алшақтықтың көбеюі; нарықтың енгізілуі (кеңестік идеологияға қайшы келді); саяси өмірде демократия бұрмаланды; мемлекет тарапынан жеке шаруа қожалықтарына қарсы бақылауды күшейтті.
1921 жылы Жетісуда жер - су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды.
1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл - кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.Сөйтіп, 1921 - 1922 жылдардағы жер - су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді.
1921 - 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы:
1) Еңбекшілерді социалстік құрылысқа тартуда үлкен роль атқарды.
2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.
3) Қазақ ауылындағы патриархаттық - феодалдық негізді әлсіретті.
4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.

2. Қазақстандағы индустриализацияның ерекшеліктері
1920 жылдардың ортасына қарай КСРО үшін бірнеше себептерге байланысты индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттігі туды. Біріншіден, 1925 жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды. Екіншіден, елдің экономикалық әлуетін тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті тұрды. Ел бұрынғыдай аграрлы, шаруа елі болып қала берді. Қалаларда жұмыссыздық деңгейі өсіп, әлеуметтік шиеленісті күшейтті. Үшіншіден, елдің халықаралық деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануы индустрияландыруды жеделдетуді талап етті.
Идустрияландыруды бастау туралы шешім 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П- ның XIV съезінде қабылданды. Бүкілодақтық коммунистик партиясында Индустрияландыруды сәтті дамыту үшін дамыған , темір жол желісін салу кажеттігі туды. Алматыдан Семейге дейін созылуға тиіс болган Түркістан-Сібір темір жолы сол кездегі Қазақстандағы ең маңызды құрылыс объектісі болды. Түрксіб темір жол құрылысы 1931 жылға қарай аяқталды.
Бұл темір жол тармағының құрылысын сәтті жүргізу мақсатында РКФСР ХКК жанынан ХКК төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың төрағалығымен Түрксіб құрылысына ынтымақтастық комитеті құрылды.
Қазақстанның индустриялық дамуының ерекшеліктері:
:: Қазақстанның шикізаттық бағытта болғанымен индустриялық дамуының КСРО бойынша, сондай-ақ көптеген басқа республикаларға қарағанда жедел қарқынмен дамуы.
:: Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы, негізінен жаңа кәсіпорындар (көпшілігі КСРО ішіндегі ең ірі) тұрғызу есебінен жүзеге асырылуы. Сондықтан кейінірек оларды жаңартуда күрделі қиындықтар туғызды.
:: Қазақстанда ауыр өнеркәсіптің, әсіресе мұнай, көмір және түсті металдар өндірісі салаларының басымдықпен дамуы. Өнеркәсіп негізінен шикізаттық бағытта ғана дамытылды.
Жаңадан тұрғызылған ауыр өндіріс кәсіпорындары одақтық маңызға ие болды, әрі тек Мәскеуге ғана бағынды. Қазақстанның өндіріс орындары қатарында машина жасау ісі, құрал-жабдықтар өндірісі тіпті болмады. Қара металлургия мен құрылыс материалдарының өндірісі (цемент, шыны және т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсібі артта қалды. Қазақстанның кең-байтақ аумағын геологиялық жағынан қарқынды зерттеу басталды.
3. Ф.И. Голощекиннің Кіші Қазан идеясы: мәні және зардаптары
"Кіші Қазан" ұғымы 1925 жылы Қызылордаға (сол кездегі астана) Қазақ өлкелік комитетінің басшысы болып келген Голощекин атымен байланысты. Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерін түсінбегендіктен, оның тар өрісті солақай саясаты арқасында Қазақстан халықтары бұрын-соңды болмаған көптеген ауыртпалықтарды бастан кешірді.
"Кіші Қазанның" мақсаты - қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүргізу және кедейлер мен батрактардың көмегіне сүйене отырып, кеңестендірудің әлеуметтік базасын жасау еді. Сол кезде, Голощёкинның пікірінше, Қазан револиюциясы дұрыс іске аспаған, сондықтан қайта "Кіші Қазан" жасау керек деп есептеген.
Алайда түпкі мақсат басқада болса керек. Кеңес үкіметі өзінің басты мақсатын жеделдетілген индустрияландыру деп санады, оған қаржыны экономиканың аграрлық секторы беруі керек еді. Жер мен малға негізделген дәстүрлі экономика қысқа мерзімде қажетті қаражатты қамтамасыз ете алмады. Сондықтан, 20-шы жылдардың аяғында ұжымдастыру бағыты - шаруаларды өндіріс құралдарынан толықтай алшақтатумен және осы өндірістің нәтижелерін бөлумен колхоздар жүйесін құру қолға алынды.
Бұл кезде, ерекше рөл Қазақстанға жүктелген еді.
Бай табиғи ресурстар арқасында мұнда ірі өнеркәсіптік базаны құру оңай болар еді, алайда қазақ халқы көшпелі мал шаруашылығымен айналысуы себебінен социалистік Қазақстан құру жүйесіне сәйкес келмеді. Мақсат - жұмыс күшін сырттан, әсіресе Ресей мен Украинаның орталық аудандарынан көшіру еді.
Міне, сондықтан Голощекин Сталиннің келісімімен ұжымдастырудың қазақ шаруашылығының толық күйреуі мен тұтас бір халық ретінде жойылып кетуіне әкелетіндей әдістерді таңдаған еді. Солайынан ауқымды геноцидке жол ашылды.
Бұл кезеңді тіпті атақты ағылшын-америкалық ғалым Р. Конквест қазақтарға шексіз қиянатпен жасалған адмазат трагедиясы деп атап өткен.

4. Ұжымдастырудың әдістері және қарқыны
Большевиктер партиясының (БК(б)П-ның) XV съезі ауыл шаруашылығында Сталин ұсынған ұжымдастыру бағытын жариялады. Ұжымдастырудың басталуы мен аяқталу уақыты әр аймақтың ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленді. Қазақстанда ауыл тұрғындарының көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты ескеріліп, өлкеде ұжымдастыруды негізінен 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау жоспарланды. Республиканың астық өсіретін аудандарында ұжымдық шаруашылық құрылысының негізгі формасы - ауылшаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарында жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестіктер болу белгіленді. Қарарда "ауыл шаруашылығы еңбегінің қоғамдастырылуын барлық жерде қолдай отырып, шашыраңқы ұсақ шаруа шаруашылықтарын ірі өндіріс (колхоздар) арнасына біртіндеп көшіру ұсынылды". Алайда, съезд құжаттарында ұжымдастыру қарқыны мен қалай жүргізілетіні көрсетілмеді. Сөйтіп, партия құжатында айтылған тұжырымдар орындалу барысында алғашқы күннен бастап түбірімен бұрмаланды, күштеу әдісі өз қарқынын ала бастады.
Коммунистік партияның XV съезінде ауыл шаруашылғын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақ жерінде колхоз құрылысы 1922 жылдан бастап кеңейді.
Ұжымдастыру ісіне көмек ретінде ауылды жерлерге 8000 жұмысшы жіберілді. 25 мыңдықшылар деп аталған 1204 "ұжымдастырушы" Мәскеу, Ленинград сиқты орталықтардан жіберілді.
Ауыл шаруашылығының ұжымдастырылуы өте қатал жағдайда жүргізілді. 1931 жылы көшпенді және жартылай көшпенді шаруаларды жаппай отырықшыландыру жөнінде міндет қойылды. Ұжымдастыру жедел және жоспарсыз жүргізіле бастады.
Ұжымдастыру кезінде ең бастысы өлкенің, ұлттың өзіндік ерекшелігі ескерілмеді, онымен санаспады. Өлкенің жер жағдайын білмейтін Ф.И.Голощекин үшін көшпендінің 30-40 ұсақ малының, 4-5 ірі қарасының болуы шектен тыс байлық болып есептелді. Оның пайымдауынша, Ұлы Қазан социалистік революциясы шаралары өлкеде дәйекті түрде жүзеге асырылмаған, "дала тұнған ұсақ буржуазия", ендеше Кіші Қазан революциясын жүргізу қажет деп табылды. Оның "Кіші Қазан" идеясы тікелей ұжымдастыру кезінде ту етіп көтеріліп, адам айтқысыз ауыр зардаптарға ұшыратты. Атам заманнан бергі көшпенді тұрмыс-салтына негізделген қазақтың бар байлығы малы еді.
1928 - 1931 жылдардағы ұжымдастыру барысы:
Республика шаруашылығының 1928 жылы 2% -ы,
1930 жылы сәуірде 56,4%-ы,
1931 жылы қазанда 69%-ы ұжымдастырылды.

1928 жылдан бастап мал басының күрт азаюы байқалып, мал шаруашылығында үрейлі жағдай қалыптасты. Мал басы кемуінің себептері әртүрлі еді: 1929-1930 жылдардың қысындағы мал басы бір бөлігінің жұтқа ұшырауы, астық тапшылығы салдарынан етті тұтыну мөлшерінің өсуі, астық дайындауды орындау қажеттіліктерінен туған малдың сатылу көлемінің ұлғаюы, жылдан-жылға ет дайындау жоспарының өсуі, бай-кулактардың малды қыру сияқты шараларының орын алуы, қоғамдастырылған малдардың жемшөппен толық қамтамасыз етілмеуі салдарынан едәуір бөлігінің шетінеуі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Петроградтағы Қазан төңкерісі
Оңтүстік Қазақстанда ХХ ғ. 20-30 жж. аграрлық реформалар
Жаңа экономикалық саясатқа көшу
Қазақстандағы ЖЭС және оның нәтижелері
Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде (1920-1939)
Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан
Жаңа экономикалық саясаттың белгілері
Қазақстандағы 1921-1922 ж.ж. жер-су реформасы
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат
Ұлттық мемлекеттік құрылым жасаудағы тарихи алғы шарттар
Пәндер