Қазақстан Республикасы мемлекеттік құрылысының қалыптасуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
2.4. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы мемлекеттік құрылысының қалыптасуы

1. ҚР Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң
2. Қоғам конституциялық құрылысының негіздерін жасау. Қазақстан Республикасының Рәміздерін бекіту - ту, елтаңба, әнұран
3. 1993 ж. және 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы
4. Биліктің негізгі үш тармағы: Президент, Парламент және Өкімет
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың қазіргі Қазақстан дамуының он міндеттері

ҚР Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң
Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданды. Заң 7 тараудан, 18 баптан тұрады. Ол Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бүкіл ғаламға жария еткен бірден-бір маңызды тарихи құжат болып табылады.
Қабылданған құжаттың I тарауында ҚР тәуелсіз, демократиялық, унитарлық және құқықтық мемлекет болып жарияланды. Мұнда ол өз жерінде өкімет билігін толығынан қолданатындығы, яғни ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізетіндігі және барлық мемлекеттермен халықаралық құқық принциптері негізінде қарым-қатынасын орнататындығы негізделінді. Қазақстан территориясының қазіргі шекарасының біртұтастығы, бөлінбейтіндігі және қол сұғуға болмайтындығы бекітілді.
ІІ тарауында республика азаматтары ұлтына, діни сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатысына, шыққан тегіне, әлеуметтік және дүние-мүліктік жағдайына, айналысатын ісіне, тұрған жеріне қарамастан, бірдей құқықтар пайдаланып, міндеткерліктерін атқаратындығы атап көрсетілді. Құжаттың егемендіктің бірден-бір иесі және қайнар көзі республика азаматтары болып табылады. Бір кездері әр түрлі тарихи жағдайға байланысты республика территориясын тастап кетуге мәжбүр болған және басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздері өмір сүріп жатқан елдің заңына қайшы келмесе, сол мемлекеттің азаматы болуымен қатар, Қазақстанның азаматтығы қоса берілетіндігі нақтыланды. Құжаттың мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде мәдениеттерді, салт-дәстүрлер мен тілдерді қайта жаңғыртып дамыту көзделді. Қазақстанда өмір сүріп жатқан қазақ ұлты мен басқа да ұлт өкілдерінің ұлттық қадір-қасиетін нығайтуды көрсеткен қағидалары нақты айтылды.
ІІІ тарауда ҚР мемлекеттік өкімет органдарының құрылымы сараланды. ҚР-ында мемлекеттік өкімет билігі оның заң шығару, атқару және сот билігіне бөлу принципіне негізделінгені анықталды. Заң шығару билігін ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі жүзеге асырса, ҚР-ның және оның атқарушы үкіметінің басшысы Президент болып табылады деп көрсетілді. Сот билігін ҚР-ның Жоғарғы Соты мен Жоғарғы арбитраждық соты атқаратындығы мәлімденді.
IV тарауда республиканың мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері анықталды. Республиканың тәуелсіз мемлекет статусына сәйкес келетін және меншіктің барлық түрлерінің көпқырлылығы мен теңдігіне негізделген дербес экономикалық жүйесінің барлығы атап өтілді. Жер мен оның қойнауы, су мен әуе кеңістігі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстары, экономикалық және ғылыми-техникалық потенциалы ҚР-ның меншігі болып табылатындығы бекітілді.
V тарауда ҚР әлемдік қоғамдастықтың иең құқықты мүшесі болып жарияланды, ол тәуелсіздігін қорғау және ұлттық мемлекеттігін нығайту мақсатымен әскери маңызды іс-шаралар қабылдайтындығы негізделді. Республиканың құқықтық ажырағысыз мәселелерін шешуге қандай да болса араласу оның тәуелсіздігіне қол сұққандық болып табылатындығы атап көрсетілді.
Соңғы, VII тарауда ҚР-ның өз мемлекеттік рәміздері - Елтаңбасы, Жалауы, Әнұраны - барлығы, сондай-ақ осы құжаттардың республиканың жаңа Конституциясын әзірлеуге негіз болатындығы мәлімденді.
1991 жылы Президенттік институттың дамуының келесі кезеңі басталды. Егемендік орныға бастаған осы кезеңде Президентті бүкілхалықтық сайлау қажеттігі туындады. Президенттік үміткерлерді тіркеу 1991 жылдың 10 қазанына дейін жүрді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайлауды 1991 жылғы 16 қазандағы қаулысымен 1991 жылы 1 желтоқсанда өткізуге шешім қабылдады. Бұл кезде енді ғана құрыла бастаған саяси партиялардың сайлауға дайындығы нашар еді. Нәтижесінде президенттікке жалғыз үміткер болып Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі ұсынған Н.Назарбаев тіркелді. 1 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық сайлауда Қазақстанның Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Сайлауға қатысқан халықтың 98,78%-ы Н.Ә. Назарбаевқа дауыс берді. Социалистік кезеңнін аяқталуы, мемлекет атауын өзгертуді талап етті. 10 желтоқсан күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп атау туралы заң қабылданды. 1991 жылы 10 желтоқсанда Алматы қаласында Республика алаңында ­Президентті ұлықтау (инаугурация) рәсімі өтті. Н.Ә.Назарбаев көпұлтты республикамызға адал қызмет етуге, Конституциясын құрметтеп, халықтың кұқығы мен бостандығына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің міндетін адал атқаруға ант берді, мінбеге жақындап, Конституция мен мемлекеттік егемендік Декларациясына қолын қойып тұрып, анттың мәтінін қазақ және орыс тілдерінде кабылдады. Залда салтанатты түрде Қазақстаннын Мемлекетгік әнұраны орындалды. Президент шығып сөйлегеннен кейін, сахнаға республиканың халық aқыны Ш.Әбенов, республиканың халық жазушысы Д.Ф. Cнегин, КСРО халық депутаты И.Қожахметов, КСРО халық әртісі Қ.Х.Қожамияров, КСРО еңбегі сіңген жаттықтырушысы З.Ф.Айрих сынды елге қадірлі аксақалдар шығып, барлығының атынан Ш.Әбенов Президентке бата берді. Ұлттық оюмен өрнектелген шапан, бас киім және кісе белбеу тарту етті.
1995 жы­лы 30 та­мыз­да рес­пуб­ли­ка­лық ре­фе­рен­дум нә­ти­же­сін­де жа­ңа Кон­сти­ту­ция қа­был­дан­ды. Кон­сти­ту­ция 9 бө­лім­нен, 98 бап­тан тұ­ра­ды. Не­гіз­гі заң қо­ғам­дық та­ту­лық пен са­яси тұ­рақ­ты­лық­ты, бү­кіл ха­лық­тың игі­лі­гі үшін эко­но­ми­ка­лық да­му­ға, қа­зақ­стан­дық пат­ри­отиз­мге, көп ұл­тты ха­лық­тың бір­лі­гі мен ел­дің тұ­тас­ты­ғы­на не­гіз­дел­ген. ҚР еге­мен­ді­гі оның бү­кіл аума­ғын қам­ти­ды. Мем­ле­кет өз аума­ғы­ның тұ­тас­ты­ғын, қол сұ­ғыл­мауын жә­не бө­лін­беуін қам­та­ма­сыз ете­ді.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы -- де­мок­ра­ти­ялық мем­ле­кет (demos-ха­лық, kratos-би­лік -- грек сө­зі) ха­лық би­лі­гі не­ме­се ха­лық­тың бас­қа­руы де­ген ма­ғы­на бе­ре­ді. Оның не­гіз­гі маз­мұ­ны, бел­гі­сі -- же­ке адам­ның бос­тан­ды­ғы, оған құр­мет. Де­мок­ра­тия бар­лық аза­мат­тар­дың тү­рі­не, жы­ны­сы­на, ті­лі­не, ді­ні­не, әле­умет­тік шық­қан те­гі­не, мү­лік­тік жағ­дайына, се­ні­мі­не, бас­қа да бел­гі­ле­рі­не байла­ныс­сыз тең­ді­гін көр­се­те­ді. Қа­зақ­стан­дық де­мок­ра­ти­яның ажы­ра­мас кон­сти­ту­ци­ялық ин­сти­ту­ты, со­ны­мен бір­ге мем­ле­кет­тік жо­ға­ры лауазым­ды адам­ның (Пре­зи­ден­ттің) ор­нын ал­мас­ты­ру мен өкіл­дік ор­ган­дар­ды (Пар­ла­мен­тті, мәс­ли­хат­тар­ды жә­не жер­гі­лік­ті өзін-өзі бас­қа­ру ор­ган­да­рын) құ­ру тә­сі­лі -- ерік­ті сайлау. Ерік­ті сайлау үшін не­гіз­гі үш жағ­дай сақ­тал­ған. 1-ден, ба­ла­ма­лы ұйға­рым­ды­лық (аль­тер­на­тив­тік), сайла­ушы­ның бір­не­ше кан­ди­дат­тың бі­реуін ұйға­ру мүм­кін­ді­гі; 2-ден, сайлау на­уқа­ны­ның бар­лық са­ты­сын­да­ғы қо­ғам­дық ба­қы­лау жә­не 3-ден, сайла­ушы­лар­дың өз ер­кі­мен кө­ңіл біл­ді­руі. Мем­ле­кет­тік би­лік­тің бір­ден-бір бас­тауы -- ха­лық. Ха­лық би­лік­ті ті­ке­лей рес­пуб­ли­ка­лық ре­фе­рен­дум жә­не ер­кін сайлау ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ра­ды, сон­дай-ақ өз би­лі­гін жү­зе­ге асы­ру­ды мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға бе­ре­ді. ҚР-да би­лік­ті еш­кім де иеле­ніп ке­те ал­майды. Рес­пуб­ли­ка­да мем­ле­кет­тік би­лік бір­тұ­тас, ол Кон­сти­ту­ция мен заң­дар не­гі­зін­де заң шы­ға­ру­шы, ат­қа­ру­шы жә­не сот тар­мақ­та­ры­на бө­лі­ну, олар­дың те­же­ме­лік әрі те­пе-тең­дік жүйесін пайда­ла­ну ар­қы­лы, өза­ра іс-қи­мыл жа­сау прин­ци­пі­не сәйкес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
ҚР Кон­сти­ту­ци­ясы­на сәйкес сөз, ар-ұж­дан, ті­лі мен ұл­тын өзі анық­тауын қам­та­ма­сыз ете оты­рып, бір­ле­су, ми­тин­гі­лер, де­монстра­ци­ялар, ше­ру­лер өт­кі­зу, ереуіл­ге шы­ғу құ­қы­ғы­мен қо­са, же­ке­лей жә­не ұжым­дық ең­бек дауын ше­шу, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке ара­ла­сып, мем­ле­кет­тік, та­ғы бас­қа да іс­тер­ді бас­қа­ру қыз­ме­ті­не қа­ты­су­ға тең құ­қық­тар бе­рі­ле­ді.

Қоғам конституциялық құрылысының негіздерін жасау. Қазақстан Республикасының Рәміздерін бекіту - ту, елтаңба, әнұран
Не­гіз­гі заң­ның ір­ге­та­сы -- құ­қық­тық мем­ле­кет­тің тұ­жы­рым­да­ма­сы. Бұл -- аза­мат­тық қо­ғам­ның ең гу­ма­нис­тік жар­қын иде­ясы. Құ­қық­тық мем­ле­кет­тің не­гі­зі­не адам­ды би­лік ұйым­да­ры та­ра­пы­нан қор­ғау, же­ке адам­ның құ­қы­ғы­на, бос­тан­ды­ғы­на ке­піл­дік бе­ру жа­та­ды. Құ­қық­тық мем­ле­кет -- өзі­нің іс әре­ке­тін­де құ­қық­пен шек­тел­ген, бос­тан­дық­ты, құ­қық­тық бұл­жы­мас­тық­ты қор­ғайтын, би­лік­ті тәуел­сіз ха­лық­тың ер­кі­не ба­ғын­ды­ру­ға не­гіз­дел­ген мем­ле­кет. Мем­ле­кет пен аза­мат­тың ара­қа­ты­на­сын­да адам құ­қы­ғы­на ар­тық­шы­лық бе­ріл­ген. Ол мем­ле­кет за­ңы­мен, оның іс-әре­ке­ті­мен бұ­зы­лу­ға ти­іс­ті емес.
Біз­дің мақ­са­ты­мыз - құ­қық­тық қа­на емес, әле­умет­тік мем­ле­кет құ­ру. Құ­қық­тық мем­ле­кет жа­ри­яла­ған же­ке адам бос­тан­ды­ғы, олар­дың өза­ра тең­ді­гі, мем­ле­кет­тің аза­мат­тық қо­ғам­ның іш­кі ісі­не ара­лас­пауы эко­но­ми­ка­сы­ның дағ­да­ры­сын, өт­пе­лі ке­зең­де­гі әле­умет­тік тең­сіз­дік­тің ши­еле­ні­су­ін, жұ­мыс­сыз­дық­ты, бас­қа да жа­ғым­сыз құ­бы­лыс­тар­ды бол­дыр­ма­уға мүм­кін­дік бе­ре­ді. Әле­умет­тік мем­ле­кет әр­бір аза­мат­қа тұ­рақ­ты өмір сү­ру жағ­дайын жа­сайды, оны әле­умет­тік жа­ғы­нан қор­ғайды, адам­ның өз қа­бі­ле­тін та­ны­ту­ға жағ­дай жа­сайды.
Эко­но­ми­ка­лық-әле­умет­тік да­му үр­ді­сін­де игі ны­шан­дар да бол­май қойған жоқ. Үкі­мет та­ра­пы­нан бір­қы­ды­ру ша­ра­лар жү­зе­ге асы­ры­лып жат­ты. Ор­та жә­не ша­ғын биз­нес­ті да­мы­ту­ға ба­ғыт­тал­ған жұ­мыс­тар жүр­гі­зіл­ді. 1997 жыл­дың аяғы­на қа­ра­ған шақ­та үкі­мет зейнет­кер­лер ал­дын­да­ғы қа­ры­зын тү­гел­дей өтей алу­ға қол жет­кіз­ді. Жұ­мыс­сыз­дар үшін ша­ғын не­сие бө­лін­ді. Эко­но­ми­ка­ның құл­ды­рауын тоқ­та­тып, ағыс­ты ке­рі бұ­ру­ға мүм­кін­дік ту­ып, аз­да­ған іл­гер­ле­уге қол жет­ті. Ба­ға бір­ша­ма тұ­рақ­та­нып, құн­сыз­да­ну ауыз­дық­тал­ды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер - бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Ту - мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. Флаг термині vlag деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы - белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2

Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.

Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы - алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..

Қыран (бүркіт) бейнесі - көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.

Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер - оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері - дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Елтаңбасы - мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба (герб) термині немістің erbe (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы таңба деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары - белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл - Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі - көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде Qazaqstan деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ Qazaqstan деген жазу - алтын түстес.

Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ - киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі - елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.

Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар - шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.

Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады.

Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь - бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.

Елтаңбада қолданылған негізгі түс - алтынның түсі. Бұл - байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Әнұран - мемлекеттің басты рәміздерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы
Құрылыс нарығын қаржыландырудың теориялық-әдістемелік негізі
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй нарығының қалыптасу тенденциялары мен дамуы
Тұрғызылған тұрғын үйлер аумағы
Тұрғын үй нарығы
Конституцияда конституциялық құрылыс негіздерін бекіту мәселелерін зерттеу
Жылжымайтын мүлік рыногын реттеудің экономикалық-құқықтық мәселелері
Қазақстан Республикасында тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүліктер рыногының қалыптасуы мен дамуы
Тұрғын үй нарығының даму жағдайы (Маңғыстау облысы материалында)
Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы
Пәндер