Әдеби тіл және оның қалыптануы (кодификациясы)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ: Әдеби тіл және оның қалыптануы (кодификациясы)

ОРЫНДАҒАН: Жансұлтан Айару.ҚБ-204 топ.
ТЕКСЕРГЕН: Тайжанов Ұлан

Әдеби тіл-жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен,жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты,орныққан қалыптары,стильдік-жанрлық тармақтары бар,сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті. Әдеби тілдің жүйелік сипат алып,тұрақты нормаланып қалыптасуында,сұрыпталып,икемделіп, жетіле түсуінде,жанрлық-стильдік тармақтарының қалыптасып,дамуында жазба әдебиеттің алатын орны ерекше.Бірақ әдеби тіл деген ұғымды,бір жағынан,тек жазба әдебиетпен байланыстырып,жазба тілмен балама деп тану, екінші жағынан,әдеби тіл тарихын сол халықтың қоғамдық,әлеуметтік,эконономикалық, мәдени тарихынан бөліп алып,соның нәтижесінде жазуы болмаған я кеш дамыған халықтың, бай ауыз әдебиеті,ауызша тарап келген әр жанрдағы халықтық әдебиеті болса да,әдеби тілі жоқ,я болмаса кеш қалыптасқан деген үзіледі-кесілді пікір айту шындыққа жанасымды бола бермейді. Әдеби тіл тек жазба әдебиет негізінде ғана қалыптасып,дамып қоймайды,бұл процесте,мысалы,қазақтың шешендік сөздерінің, ақын-жырлаулар шығармашылығының,айтыс ақындарының,лиро-эпик,батырлар жырларының,жалпы ауызша әдебиет түрлерінің де өз орындары бар.Оның үстіне әдеби тілдің орфографиялық нормасымен бірге орфоэпиялық та нормасы бар екенін мойындасақ, ауызша әдебиеттің де әдеби тілді қалыптастырып,дамытуда орны бар екенін байқаймыз.Сондықтан,біріншіден,әдеб и тіл деген ұғым мен жазба тіл,жазба әдебиет тілі деген ұғымдар бір-бірімен қарым-қатынасты,байланысты болып келгенмен,тепе-тең,бір емес, екіншіден,жазба тіл әдебиліктің бірден-бір негізгі критериі,мәнді қасиеті бола алмайды,ол тек әдеби тілдің даму дәрежесінің көрсеткіші,демек,жазба тіл мен ауыз екі тіл жалпы тілдің,соның ішінде әдеби тілдің өмір сүру формасы болып табылады. Әдеби тілдің халықтың қоғамдық рухани байлығы,сөз мәдениеті өндірісінің құралы болуы оның жүйелік сипатымен,сұрыпталған, сымбатталған тұрақты нормаларымен,сол халыққа әрі ортақ,әрі түсінікті қасиеттерімен анықталады.Өйткені тілдің әдебилігі сол тілдің иесі болып табылатын халық өкілдерінің баршасына түсінікті және ортақтығы,яғни олардың арасындағы бір-бірімен тікелей де, жанама да қарым-қатынас құралының ең жоғарғы сатысы болуы сол тілдің орныққан жүйелі нормалары яғни тілдік элементтердің жүйелігі мен қалыптығы негізінде ғана жүзеге аспақ.Ол нормалар-бір күннің,тіпті бір жылдың жемісі емес,тілдің даму барысындағы көптеген ғасырдың жемісі. Әдеби тілдің қоғамдағы басты қызметі-адамдар арасындағы қатынас құралы болу.Сондықтан жалпы тіл атаулыға тән қасиет-коммуникативтік қызмет әдеби тілге де тән.Әдеби тіл арқылы айтушының,жазып қалдырған адамның ойын,пікірін ұғамыз, сұрағына жауап береміз.Әдеби тіл арқылы өзіміз көзбен көрмеген оқиға туралы мағлұмат аламыз.Яғни пікір алысу,ой жеткізу, адамдардың бір-бірімен ұғысуы,білмегенді білу,білім,тәлім-тәрбие, тағлым алу әдеби тілдің осы коммуникативтік қызметі арқылы жүзеге асады.Бірақ әдеби тілдің коммуникативтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық тіл -- мәдениеттің іргетасы
Қазіргі тіл біліміндегі варианттылық ұғымы: варианттылықтың түрлері
Ұлт тілі тарихының деректері
Қазақ орфографиясындағы бас әріп және кіші әріптің қызметі
Сөйлеу мәдениетінің басты мақсаты - орфоэпиялық норма
Тіл мәдениеті мен тілдік норма
Тілдік норманың қалыптануы
Тілдік норма
ҚТС - дағы зат есіммен байланысатын етістікті сөз тіркестерінің синтаксистік құрылымдарын өзге тілдермен салыстыра, салғастыра отырып зерттеу
Лексика - семантикалық, фонетикалық - орфограммалық және грамматикалық варианттардың ерекшеліктерін саралап көрсету, нормадан ауытқу немесе сай келу заңдылықтарын талдау және варианттарды кодификациялаудың теориялық негіздерін іздестіру
Пәндер