Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы туралы


Аханова Назым ХІТ-20-06
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) - данышпан, ақын, өзінің өлеңдері мен қарасөздерінде өз халқын «жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге» шақырумен бірге қазақ халқының әдет-салттары, мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі туралы мол мұралар қалдырды. Оның «Жаз», «Ескілік киім», «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ», «Қансонарда бүркітші шығады аңға» т. б. көптеген өлеңдері ұлттық ерекшелігіміздің жанды көріністерін бейнелейді.
Алтынсарин Ыбырай (1841-1889) - ұлы ағартушы лаларды оқыту, «Қазақ хрестоматиясы» сияқты оқулықтар жазумен шұғылданып қана қоймай өз елі-жұртының тұрмысы мен әдет-ғұрпына да назар аударып бірнеше ғылыми-танымдық еңбектер мен шығармалар жазған үлкен этнограф-ғалым. Сондай еңбектерінің бірі - «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда тұсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі» (1870) деп аталады.
Қорқыт ата (ІХғ) - түркі жұртшылығының ойшылы, халық даналығының ірі өкілі. Қорқыттың музыкалық-этнографиялық мұрасы «Қорқыт ата кітабы». Бұл еңбек тарихи-этнографиялық жағынан да, орта ғасырдағы тәлімдік ой-пікірлер жағынан да ерекше құнды шығарма.
Махмұт Қашғари (ІХ ғ) - «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Бұл жинақта Орта Азия мен Қазақстан халықтарының әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық өмірінің алуан салалары қамтылған. Әдеп, тәлім-тәрбие, адамгершілік сипаттағы ой-пікірлері бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Солардың қатарында «Түркі халықтарының жыл қайыруы», «Түркі халықтары мен тайпалары» деп аталатын еңбектері бар.
Захир Ад-дин Мұхаммед Бабыр (1483-1538) - тарих, этнография, астрономия, география, биология, әдебиет т. б. ғылымдарды жете меңгерген шығыс ғұламасы. Оның «Бабырнама» атты энциклопедиялық аса құнды шығармасында өзі жүрген, басқарған елдердің, соның ішінде қазақ жер-суының, салт-дәстүрлері туралы айтылған.
Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) - барлық өмірін Орта Азия, Шығыс Түркістан, Үндістан т. б. елдерде өткізіп, жорық жолдарында, ат үстінде жүріп «Тарих-и Рашиди» атты классикалық шығарма жазып қалдырған. Мұнда жоғарыда аталған елдердегі халықтардың тарихы, сән-салтанаты, тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы, т. б. жайлы кең қамтылған оқиғалар мен қызықты деректер бар.
Әбілғазы Баһадүр хан (1603-1664) - әйгілі «Түркімендер шежіресі», «Түрік шежіресі» атты тарихи шығармалар жазған білімпаз. Әсіресе, соңғы еңбегінде ол қазақ, өзбек, қарақалпақ халықтарының тарихы мен шежіресі, өмірі жайлы көп деректер келтірген.
Алекторов Александр Ефимович (1861-1918) - қазақ елінің тарихын, мәдениетін, этнографиясын және ауыз әдебиетін зерттеп, «Қырғыз есімдері» (1886), «Қырғыздар өмірінің бейнесі», «Бақсы» (1886) т. б. этнографиялық, танымдық еңбек жазған.
Кәшімов Мұхаметсәлім (1884-1935) - қаламгер, ұстаз, «Әдеп» (1907), «Насихат қазақия» (1908), «Ақыл кітабы» (1908) т. б. шығармаларында мәдениет, оқу, білім, әсіресе тәлім-тәрбие жұмыстарын ұлттық салт-дәстүр негіздерінде жүргізуді насихаттаған. Қытай, қырғыз қазақтары арасында жүріп жазған этнографиялық еңбектерінде елдің тұрмыс-салты мен әдет-ғұрыптары жайында тәлімдік ой-пікірлер қалдырған
Дауылбаев Бейбіт (туған, өлген жылы белгісіз) - қазақ өмірінен этнографиялық материалдар жинап, Орынборда қазақ музейін ұйымдастыруға атсалысқан. Торғай даласындағы қазақтар тұрмысы жөнінде құнды ғылыми еңбектер жазғаны (1830-1880) үшін Орыс Географиялық қоғамның күміс медалімен наградталған.
Бабажанов Мұхамет-Салық (1832-1898) - ХІХ ғасырда Орыс Географиялық қоғамымен байланыс жасап қазақтың діни сенімі, аңшылық кәсібі, жылқы өсіру, қымыздың шипалық қасиеттері т. б. тұрмыстық мәселеле жөнінде мақалалар жазды, құнды заттар тауып тапсырды. Оның «Нарын құмындағы географиялық және этнографиялық мәліметтер» (1871), «Қырғыздың қырғыздар туралы жазбалары» (1861) атты зерттеу еңбектері басылған.
Бекимов Молданияз (1882-ө. ж. белгісіз) - қазақ этнографы, аудармашы. «Орал облысындағы қырғыздардың (қазақтардың) үйлену ырым жорасы» (1906), «Этнографиялық материалдар» (1910) деген еңбектері ХХ ғасыр басында жеке этнография мәселелері мен жұмыстарына белсене араласқан.
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1866-1937) - қоғам қайраткері, публицист, әдебиетші, аудармашы, экономист. «Ол қазақ тұрмысының нағыз әмбебап энциклопедиясы» деген В. А. Радус-Зенкович. Ә. Бөкейхановтың қазақтың тарихы мен мәдениетіне арналған күрделі еңбектері «Қырғыздардың жерлеу салттары туралы» (1900), «Россия. Біздің отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» (1903) томдық кітаптың 18 томында жарияланған. Ол «Қарғыз аймағының тарихи тағдыры және оның мәдени жетістіктері» деп аталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz