Ақтөбе облысының шөлге айналу проблемалары


Ақтөбе облысының шөлге айналу проблемалары
Қазіргі замандағы шиеленіскен мəселенің бірі жердің жойылу немесе шөлдену мəселесі болып табылады. Конвенцияда қабылданған терминологияға сəйкес, «шөлдену» - жердің жойылуы, жартылай құрғақ жəне құрғақ аудандардың əртүрлі факторлары, оның ішінде климат өзгеруі мен адам əрекеті əсерінен туындайды.
Шөлейттену - адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сиреп, шөлге ұқсас ландшафттардың пайда болуы. Дүниежүзілік климаттың өзгеруі мен оның қуаңдануының өсуіне байланысты шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Шөлейттену нәтижесінде биологиялық өнім мен түр саны азайып, топырақ құнарсыздана бастайды. Қазіргі кезде құрлық бетінің 1/3 бөлігінде топырақтың құнарлы қабатының жоғалу қаупі бар, ал оның әсерінен Жер шары халқының 1/5 зардап шегуі мүмкін.
Шөлейттену және жағымсыз экологиялық өзгерістерге әкеліп соғатын басты себептердің қатарына тың игеру кезінде топырақтың жаппай жыртылуы, шабындықтар мен мал жайылымдардың жүйесіз пайдаланып, оталып тақырлануы, топырақ құрылымының бұзылуы, суармалы жерлердің қайтадан сорлануы, ормандардың жөнсіз кесіліп, өртенуі жатады.
Жер деградациясы (латынша degradatio - біртіндеп нашарлау, құлдырау) - біртіндеп жағымды қасиеттердің нашарлауы, төмендеуі немесе жойылуы, құлдырауы. Топырақ деградациясы - кері әсерлі химиялық және физикалық жағдай салдарынан топырақтың әрбір қасиеттерінің нашарлауы, жойылу.
Топырақтың ластануы топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі. Топырақтың ластануының көптеген түрлері, соның ішінде радиоактивтік, микробтық және тағы басқа түрлері сараланады. Химиялық ластаушылар үлкен екі топқа бөлінеді: Бірінші топқа топыраққа жоспарлы түрде, белгілі бір мақсатқа бағытгап, қолданылған химиялық заттар жатады. Олар пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т. б. Бұл препараттар шамадан артық мөлшерде болса топырақты ластаушылар болып шыға келеді. Екінші топқа топыраққа сұйық, қатты, газ тәрізді қалдықтармен бірге кездейсоқ түскен химиялық заттар жатады. Бұған топыраққа мал шаруашылығы мен өнеркәсіптен, монша, емдеу- санитариялық және малдәрігерлік мекемелерден түскен ластаушы заттар.
Аймақтық топырақ өкілдерімен қатар жаралымдардың ерекше жағдайына байланысты - интра аймақтық топырақ түрлері кеңінен таралған, олардың ішінде сортаң, ақ сортаң, шабындық - батпақ жəне аллювий топырақ анағұрлым көп, ал мия сирек кездеседі.
Өндіріс орындары облыстың топырағының ластануына күшті əсер етіп отыр. Топырақтың ластануы негізінен өнеркəсіп кəсіпорындары орналасқан радиуста қалыптасуда. Облыс жерін негізгі ластаушылар болып мұнай-газ өндіру кəсіпорындары, темір жолдың өндірістік бөлімшелері жəне тұрмыстық қатты қалдықтар үйінділері жиналған ауылдық елді мекендер болып табылады. Компаниялар мұнай скважиналарын мерзімінде техникалық қызметтен өткізбегендіктен мұнай өнімдері қалдықтарының қалуына жəне қарасты жер аумағына залал келтіруге себепкер болып отыр. Мысалы, мұнай мен газ өндіруші Мұғалжар ауданы аумағында «Жаңажол» ірі мұнай кен орындарын пайдалану, соның кесірінен мұнай өнімдерімен жəне басқа зиянды заттармен ластанған алқаптар ұлғаюда. Бұл ауданға антропогендік əсер етуде мынадай да факторлар ықпал етуде немесе ықпал етті: көмірсутегі шикізатын іздеу, зерттеу, құрамында алтын бар рудаларды өндіретін рудниктер жұмысы, фосфориттер өндіру, ауыл шаруашылығын ұқыпсыз жүргізу. Мұның бəрі аудан аумағын шөлейтке айналдыру процесін күшейтті. Қазіргі кезде ауданның көптеген алқаптары иесіз қалып, арам шөп басып кетті. Пайдаланылмай жатқан жерге көп жылдық шөптер өсірілмейді. Облыстың басқа аудандарында да осындай жағдайлар орын алған. Елді мекендер айналасында жиналып жататын өндірістік жəне тұрмыстық қалдықтар да жер қыртысына кері əсерін тигізуде. Көптеген кəсіпорындарда жерді өңдеу жөнінде нақты шаралар алынбайды, көптеген аумақтар өндірістік қалдықтарға толған. Темір жол бойындағы нысандардың жерлері де қолайсыз жəне экологиялық ауыр жағдайда, оларға қарасты жерлер мұнай өнімдерімен қатты ластанғаны байқалады, ал мазутты топырақтан тазарту уақытында жəне толық көлемде жүргізілмейді. Кəсіптік жұмыстар интенсивті жүргізілген жерлердің ластану себептері бар.
Өсімдікті жердің негізгі бөлігі ежелден жайылым ретінде пайдаланылып келеді. Жайылымның өте көп күш түсуінен өсімдік синантропикаға ұшырауда, бұл флораның кедейленіп, бір ізділіктен кетеді. Мал жаюдың, шөп шабудың, егіншіліктің бақыланбауы, елді мекендердің дұрыс күтілмеуі, көлік, пироген желілерінің дамуы секілді көптеген факторлар əсерінен өсімдік топырағы мен экологиялық жүйеде азыптозу жүреді, соның нəтижесінде өсімдік əлемінде тұрақсыз атропогендік модификация қалыптасады, оның құрылымы қарапайымданады, биологиялық ерекшелігі төмендейді, өнімділік кеміп, экологиялық жүйенің ресурстық маңызы жойылады.
Жекелеген жерлерде эрозия жəне дефляция ошағы орын алады, топырақтың генетикалық профилінің жəне оның су - физикалық қасиетінің бұзылуы байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz