Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері. Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде

Адамға әлеуметтік-психологиялық талдау жасау үшін: адам, индивид, тұлға, даралық ұғымдарына қатысты нақты түсінік шегін белгілеуіміз керек.
Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен
адам болмысы өлшенеді және олар бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғлық) қасиеттердің болатыны. Ол аға ұрпақ жасаған мәдениетті меңгеруде қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикалда аяқ алысып болмайды
Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі.
Тұлға - әлеуметтік қатынастарымен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс тәуелсіз өмір сүре алмайды., өйткені оның тәні де, жаны да айналадағылармен қарым-қатынас жасау процесінде, әлеуметтік жағдай әсерінде ғана кісілік мән - мағынаға ие болады. Мысалы, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі тұлға емес, себебі онда білім, тәжірибе, іс-әрекет, көзқарас жоқ.
Қазіргі уақытта тұлға - психологиядағы ең көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға жоғары талап қояды.
Қоғамдық ғылымдарда және күнделікті тұрмыста адам, тұлға, индивид яғни, даралық ұғымдары қолданылады. Бұл ұғымдар бір мағынада не бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Бұның екеуі де қате пікір. Адам бұл биологиялық тіршілік иесі, онда сана бар. Тұлға - қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Сонымен тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.
Тұлға дамуына әсер ететін негізгі факторлар: тұқымқуалаушылық,қоршаған орта,оқыту мен тәрбиелеу
Негізгі ұғымдар: Холерик,сангвиник,флегматик,меланхо лик,мінез сапалары,жалпы және арнайы қабілет
Дәрістің жоспары:
1. Темперамент туралы жалпы ұғым.
2. Мінез
3.Қабілет туралы түсінік.
Темперамент деп психикалық процестер ағысының жылдам, не баяулығы, қимыл-қозғалыстар мен көңіл күйдің түрлі деңгейіне адамның жүйке саласының тыстан берілетін ерекшеліктерінің жиынтығын айтады. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т. б.) жақсы байқалып отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грек ғалымдар Гален, Гиппократтың еңбектерінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады. Олар: денені жылытып тұратын - қан, салқындататын - шырын (слизь), құрғататын - бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ). Олар дұрыс араласса адамның дені сау, дұрыс араласпаса сырқат болады. Организмдегі сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл-қозғалыстағыларда - өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады.
XX ғасырда темперамент туралы теориялық пікір айтқан ғалымның бірі Э. Кречмер (1888-1964). Ол Тән құрылысы және мінез атты еңбегінде темпера-мент турлері адамның дене құрылысымен конституциясымен байланысты болады деді. Кречмер адамдарды дене құрылысымен конституциясына қарай төрт типке бәледі. Олар: пикник, атлетик, лептосоматик, диспластик.
Э. Кречмердің сипаттауынша пикниктердің денесі төртпақ, қол аяғы мен мойны қысқа, бұлшық еттері нашар, сүйектері борпылдақ, іші мен бөксесі үлкен, көкірек бездері шығыңқы, беті жұмсақ, ажарлы, денесі семіз келеді;
Атлетиктер бойы ұзын, бұлшық еттері жақсы жетілген, жауырын мен бөксесі оңтайлы, мойны ұзын, дене құрылысы пропорциялы болып келеді.
Диспластик - дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әр түрлі мүшелік зақым сырқаттарға ұшырағандар(сырықтай ұзыр, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер.
Лептосоматик бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол аяғы ұзын, сыйдиған.
Адамның дене құрылысын осылайша сипаттай келе, Кречмер темпераменттерді екіге бөледі. Пикниктердің темпераментін Кречмер кебінесе - сиклотиник, ал атлетик пен астениктің темпераменттері - шизотимик деп аталады. Сиклотиник және шизотимикті ол сау адамдардың темпераменттеріне жатқызады. Сау адамдар мен ауру адамдардың ортасында ауруға шалдығайын деп тұрған адамдардың темпераментін Кречмер циклойд темпераментіне, ал астеник, атлетиктердің темпераментін - шизойд темпераменті деп атаған. Оньң айтуынша, сиклойдтардың және шизойдтардың өзіне тән аурулары болады. Мәселен, сиклойдтар көбінесе кем ақылдық - депрессивтік психоздармен ауырады. Кречмердің сипаттауынша сиклойдтар өте жігерлі, әрекетсіз, уайымшыл, бірақ тез көнгіш, ақ көңіл, өте жұмсақ болып келеді. Шизойдтер - жай, қозуы өте шабан, тұйық, жабық адам, бірақ табанды, тұрақты болып келеді.
Кречмер темперамент балаға ата-анасынан балаларға тұқым, нәсіл арқылы көшіп отырады, олар өзгеріске түспейді, баланың туысынан темпераменті қандай болса, сол темпераменттерді үлкейген кезде де сол бойынша қалады дейді. Әрине, темперамент женінде осы-лайша кесіп айту дәл болмайды, темпераменттер түрлі жағдайлардың әсерімен өмір суру барысында аздап өзгеріске түсіп отырады.
Жоғары нерв қызметінің типтері-темпераменттің табиғи негізі.
Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П.Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді. Ол темпераменттердің осы қасиеттерінің туа үйлесуіне орай сипатталатындығын көрсетті. Пав-лов өзінен бұрынғылардан өзгеше жолмен, атап айтқанда, дененің сыртқы құрылымын зерттеген неміс психиатры Кречмерден, қан сауыттарының құрылымын зерттегендерден (П.Ф.Лесгафт) басқаша организмді біртұтас нәрсе деп қарап, ондағы ми қызметіне ерекше назар аударды.
Нерв жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылады.
И. П. Павлов шартты рефлекстер әдісі арқылы жоғары нерв қызметінің және нерв процестерінің негізгі қасиеттері - козу мен тежелудің заңдылықтарын ашты. Нерв процестерінің негізгі қасиеттері: 1) күші, 2) тепе-теңдігі, 3) қозғалғыштығы.
Нерв процестерінің күшіне - нерв жүйесі мен нерв клеткаларының жұмыс қабілеттілігін яғни сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштерге төзімді келсе, әлсізі мұндайға шамасы келмей, морт сынып жатады.
Нерв процестерінің тепе-теңдігі - бұл козу мен тежелудің өзара саймасайлығын көрсетеді. Бұл процестер кейде бір-бірімен тепе-тең болып, кейде тең келмей, біреуі екіншісінен күшті болып отырады.
Нерв процестерінің қозғалғыштығы - бір процестің екінші процеспен алмасу шапшаңдығы. Бұл, мидың кездейсоқ және қолайсыз өзгерістерге бейімделуіне мүмкіндік береді.
Осы қасиеттердің түрліше араласып, қосылуы жоғары нерв қызметінің түрлі типтерін сипаттайды. Осылардың ішінде төрт типі жиі ұшырасады. Бұлардың үшеуін И. П. Павлов күшті типке, біреуін - әлсіз типке жатқызады.
1.Күшті, тең емес (ұстамсыз) тип қозу процесінің күштілігі мен тежелудің әлсіздігімен сипатталады.
2.Күшті тепе-тең (қозу процесі тежелу процесімен сайма-сай болады), қозғалғыш тип.
3.Күшті тепе-тең, инертті (сырттай тыныш) тип.
4.Әлсіз тип қозу және тежелу процестерінің баяулығымен,
олардың әлсіз қозғалысымен (инертті) сипатталады.
И.П. Павлов ашқан нерв жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. И.П.Павлов сангвиниктерді - ширақ, нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді - ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуінен басым; флегматиктерді нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді - нерв жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.
Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама.
Холерик темпераменті. Бұл типтің өкілі аса қозғыштығымен, соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик қарым-қатыста - күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте - пысық. Холериктер жұмысты үзіп-үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен беріледі. Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады, кедергілерді жеңіп, мақсатына жетеді. Қайрат-жігері мұқалып, өз сенімі кетсе, еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойны жар бермей қояды. Көтеріңкі көңілді, көзі оттай жайнап, сөйлегенде жұртқа кезек бермейді. Бір сөзбен айтқанда ұстамсыз, құйындай адам.
Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің өкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты жатырқамайды. Ұжым ішінде сангвиник көңілді, ақ-жарқын, іске бар ықыласымен кірісетін, әуесқой адам. Іска зауқы болмаса, жұмыстан тез суынып кетеді. тап болғанда суынып қалады. Сангвиникте эмоция тез пайда болып, тез өзгереді. Оның осал жері іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді. Ол онша кек сақтамайды, қазір береумен ерегесіп қалса, біраздан кейін ашуы тез тарап кетеді. Көңіл күйі тез өзгергіш, ойға жүйрік, өткір тілді, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді келеді.
Флегматик темпераменті. И.П. Павловтың сипаттауынша, бұл барлық уақытта да байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбекқор адам. Нерв процестерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдай да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді.
Флегматик - салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі аяғына жеткізеді. Ол бөспелікті сүймейді. Жұртпен қарым-қатынасы да бір сарынды жүріп жатады. Баяулық пен селқостық - флегматиктің осал жағы. Оған ырғалып-жырғалуға, жиналып, қамдануға біраз уақыт қажет. Дегенмен, бұл қасиет мінездің тұрақтылығын көрсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықты аяқтауға мүмкіндік береді. Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлық пен әрекет етуге төзімді болады.
Меланхолик темпераменті - бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық, қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.
Қозу және тежелу процестерінің әлсіздігі бұлардың бір-бірімен тең келмеуі (тежелуі басым болады), кез келген күшті әсер - меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатып, онда шектен тыс тежелу туғызады, Меланхоликті әлсіз тітіркендіргіштер де мазалайды, сондықтан да ол ұсақ-түйектің бәріне де қатты мұңаяды немесе қатты қуанады.
Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін жақсы ұстайды, жұртпен қарым-қатысқа түсіп, алған ісін нәтижелі орындай алады, кедергілерді жеңіп, табандылық көрсетеді.
Темпераменттердің осы 4 түрінің біреуі жақсы, біреуі жаман деп айтуға болмайды. Өйткені, олардың әрқайсысының да ұнамды, ұнамсыз жақтары бар. Егер сангвиниктің шнрақ болуы, көңілінде кек сақтамауы жағымды болса, көціл күйінің бір қалыпты болмауы өзгеріп, құбылып тұруы, бір бастаған жұмысын аяқтап, ақырына жеткізбеуі жағымсыз жағы болып табылады.
Холериктің өте жігерлі болуы жағымды болса, көңіл-күйінің ұйытқымалылығы, ұстамсыз-тұраксыздығы қолайсыз жағы болып табылады.
Флегматиктің сабырлы, салмақты болуы жағымды болса, қимыл-қозғалыстарының баяулығы, шабан бо-лып келуі жағымсыз жағы болады. Ал меланхолик адамның көңілінің тұракты болуы, қолына алған бір жұмысты аяғына дейін апаруы жағымды жағы болса, өте сылбыр болуы, көбінесе көпшіліктен бөлек жүріп, өзімен-өзі болып, өзінен-өзі жүнжіп кетуі жағымсыз жағы болып табылады. Міне, осы себептен бұл темпераменттердің мынаусы жақсы, мынаусы жаман деп айтуға болмайды.
Мінез туралы жалпы ұғым.
Адамның ісі мен қылығынан көрінетін, оның айналасындағыларға қатынасын бейнелейтін кісінің тұрақты және тұрлаулы жеке өзгешелігі мінез деп аталады. Мінез туа біткен қасиет емес, ол біртіндеп өмір сатысында дамып, қалыптасып отырады. Мінезі мүлде бірдей болып келетін адам болмайды, бірақ өмір сүрген ортасына, қоғамына қарай типтік мінезі болады. Күнбе-күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ер жүрек не байбаламшыл болып сипатталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моральдық-еріктік қасиеттері жатады.
Жеке адам тіршілігінің өрісі тар, ол қоғамдық дамудан оқшау жүріп жатса (отбасынан әрі аспайтын болса), онда біртіндеп оралымсыз, тартыншақ мінез қалыптасады. Бала мінезінің қалыптасуына отбасы мен мектеп өмірінің моральдық-психикалық атмосферасы үлкен әсер етеді. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысынан "еңбек сүйгіш не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі, ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады.
Мінез туыстан пайда болмаса да, нерв жүйесінің, адамның табиғи жағының ерекшелігі мінез көріністерінде, оның жекеленген бітімінің қалыптасуында байқалып отырады. Нерв процестерінің тең не тең еместігі, шапшаңдығы не баяулығы, күштілігі мен әлсіздігі - бұлардың бәрі адамның іс-әрекетіне, мінез-құлқына, оның реакцияларына түрліше рең береді. Мәселен, екі адамның наным-сенімі бірдей болғанмен, оның бірі - қызба, шапшаң және албырт, ал екіншісі - байсалды, парасатты болуы ықтимал.
Нерв жүйесінің типінен басқа мінезге организмнің басқа да ерекшеліктері: жүрек, қан тамырлары, ас қорыту, эндокрин жүйелері де әсер етеді. Осы айтылған жүйелер қызметінін бұзылуы адам мінезінің күрт өзгеруіне әсер етеді.
Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең, талабы мен мүддесінде қайшылығы жоқ, сөз бен ісі байланысты адамдарды толық мінезді адам дейді. "Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты" (Әл-Фараби). Мінез сапаларының бірі - оның бірқалыптылығы мен байсалдылығы. Мұндай адамдар қарым-қатынаста ұстамды және құйындай ұйтқып тұрмайды. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын бітістері.
Мінездің мәнерлі белгілері. Мінез тек қылық пен қимыл-қозғалыстардан ғана емес, бет-әлпеттен және ымнан да байқалады. Мінез жеке адамның сыртқы кейпіне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz