Тарих сахнасында Ислам мәдениеті мен ғылымының орны
Жоспар
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
А) Ислам мәдениетінің қалыптасуы
Б) Ислам мәдениеті мен ғылымының Батысқа және әлемге таралуы
В) Ислам мәдениетінің Батысқа келуінің бірнеше жолдары
3. Мұсылман араб ғалымдарының ғылымдағы орны мен жетістіктері

* Жоспар
* 1.Кіріспе
* 2.Негізгі бөлім
* А) Ислам мәдениетінің қалыптасуы

* 3. Мұсылман араб ғалымдарының ғылымдағы орны мен жетістіктері
* 4. Қорытынды
* 5.Қолданылған әдебиеттер
*
Қазіргі таңда міне, Кеңестік дәуірдің келмеске етіп, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өтіп жатсақ та, әлі күнге дейін көбіміздің санамызда асыл дініміз Исламға тек белгілі бір құлшылықтар түрінде ғана қарау бар. Оны ешқашан мәдениеттің, білім мен ғылымның діні деп білмейміз. Көпшілік, оның ішінде өзіміздің мұсылман қауымының кейбірі де, ғылыммен дінді, дәлірек айтсақ Ислам діні мен ғылымды бөле қарайды. Ал, Ислам діні мен ғылым ешуақытта да әсте бөлінбек емес. Ендеше дін мен ғылым хақындағы сөзімізді, қайнар-көздер мен ойшыл ғалымдардың айтқандарына сүйендіре отырып бастасақ. Төрткүл дүниеге аты мәшһүр ғалымдар дін мен ғылымды ешқашан бөліп қарамаған. Өткен ғасырдың ғалымдарының бірі, ұлыбританиялық Луи Пастер: Иман, яғни Жаратушының барлығына деген сенім, ешқашан адамзаттың алға басу процесіне тосқауыл болмайды.
Өйткені прогрестің әрбір сатысы Аллаһтың жаратқан таңғажайып нәрселерін анықтап көрсетіп берді деген. Негізі ғылымды діннен бөліп қараудың бірден-бір себебі Құдайға деген сенімнің әлсіздігі немесе жоқтығы. Бұл жөнінде тарихшы Фебер: Әрбір дәуірдің өз ерекшелігі болады. Біздің дәуірдің ерекшелігі - Жаратушыға деген сенімсіздік. Менің Жаратушыға деген сенімімді тартып алғаннан гөрі терімді сыдырып алса, соған разы болар едім депті. Көбінесе біз дін, сенім деген де ойлайтынымыз: бұлар бізді керіге, артқа тартатындығы. Дінді - біз көбінесе, адазатты мәдениеттен, оқу-білімнен құр қалдыратындай ғып көреміз. Ал жоғарыдағы Еуропа ғалымдарының не айтқанын естідіңіз.Олардың айтқанына сүйенсек дінге деген сенім бізді жан-жақты дамытпаса керіге тартпайды екен.
Олай болса, осы тақырыпқа дін иесі Аллаһтың өзі не дейді соған назар аударсақ:
Аллаһ тағала Пайғамбарға (с.а.у.) алғаш Құран аятын жібергенде Оқы - деп, бастаған: Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен үйреткен. Ол адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен. (Ғалақ сүресі, 1-5)
Осы аяттарға бір сәт ойлана қарасақ көп нәрсенің мәні аңғарылмақ. Өйткені Аллаһ біздерге Оқы деп оқуды, білімді-ғылымды бұйырып тұр. Оқығанда Раббыңның атымен оқы - дейді. Яғни оқу-білім іздегенде Өзіне мойынұсына отырып, еске ала отырып іздену керек. Келесі аятта Ол адам баласын (алақтан) ұйыған қаннан жаратқан - дейді. Бұл қазіргі медицинаның айтып жүрген эмбрионы ғой. Яғни бала жатырға түскеннен кейін бір кесек ет болған түрі. Бұны адамзатқа Хақ тағала 14 ғасыр бұрын білдіруде. Ал сол кездің медицинасына бұл мәлім болмаған. Сонда сіздің медицинаңыз да Құранда қамтылып тұрған жоқ па?! Келесі аятқа көшсек: Сондай қаламмен үйреткен. Білімді үйренудің ең бір дамыған жолы - қаламмен үйрену жолы. Меніңше мұндағы меңзеліп тұрған нәрсе ғылымның көбнесе қаламмен дамыйтыны сияқты. (Әрине ең дұрысын Аллаһ біледі) Ол адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен - дейді. Бұл аят турасында Пакистандық көрнекті ғалым Әбул Ала Мәудуди былай дейді: Егер Аллаһ илхам (оқу-білімсіз, жүрекке я ақылға енген білімдер) жолымен адамға қаламның және кітаптың ғылымын бермеген жағдайда адамның ғылыми қабілеттері дамымас еді.
Жалпы Құран Кәрімде 256 жерде Ойланбайсыңдар ма? Ақыл жүргізбейсіңдер ме? - деп, бізге ой жүгіртуге, ғылым-білімге жөнелуге бұйырады. Енді мұндай дін қайтып қана ғылым-білімнен алшақ бола алады?!
Ислам мәдениетінің қалыптасуы
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдинаға келген соң (622 ж.) қаланың саяси тұрақтылығын және мұсылмандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен бінеше жұмыстарды қолға алды. Өйткені Мәдина қаласының тұрғындары Мекке сияқты тек қана арабтардан ғана емес, сонымен қатар иудейлерден және де басқа да ұлттардан құралған-ды. Бұған дейін Мәдиналықтарда орталық билікпен басқарылатын бір ымырадағы басқару жүйесі болмаған еді. Сахабадан Әнас Ибн Мәликтің (р.н) үйінде мұсылмандар мен мұсылман еместердің уәкілдері келісім шарттар жасасып, барлығы келіскен ортақ бір жазба мәтін дайындалды. (623 ж.) Мәдина тұрғындарының бәрі ұйғарысқан осы келісім шарттардың жазбаша нұсқалары бүгінге дейін жеткен. Ғалымдар осы келісімді Мәдина Ислам Мемлекетінің Конституциясы деп атайды. Осы негізгі заңда қамтылған тақырыптар мен баптардан және Пайғамбардан (с.а.у.) кейінгі халифалардың да, мұсылман елдерінің қатарына жаңа қосылған елдерде ұстанған саясатынан, мұсылман билігінің басқа мәдениеттерге кең әрі тең рұқсат бергенін байқаймыз.
Ислам діні бөтен мәдениеттерді (егер әрине діннің негізгі қағидаларына қарсы келмесе) жатсынған емес. Қайта оларды баулап, олардың жақсы жақтарын алудан ешқашан кері тұрмаған. Пайғамбарымыздың (с.а.у) түрік-соғды сауытын киюі, Қытайдан әкелінген заттарды пайдалануы, түрік шатырында сапарға шығуы, Арабтардың төрт жағындағы Мысыр, Византия, (395-1453), Сасани (224-651) қатарлы патшалықтарға елшіліер жіберіп, (630 ж.) оларды хақ дінге шақыруы, тіпті император Ираклиммен хат алысып тұруы, Оның күллі адам баласына жіберілген Елші екеніне әрі ұлы мәдениеттің құрушысы екендігіне бұлтартпас айғағақтар болып табылады.
Мәдениетте, білім-ғылымда жеткен жетістіктерді өзгелермен бөлісу
Мұсылман ғалымдар бар білімін, ғылымда жеткен жетістіктерін жұртшылықтың пайдалануына жұмсаған. Ғылымды күнкөріс пен мәртебе алудың құралы деп ешқашанда көрмеген. Бір мысал келтірелік; Иран патшасы І Шапур кезінде (241-272) Хұзистан аймағында Жундишапур деген қала орнатылды. Осы шағын қалашық Сасани билеушісі І Хұсраудың кезінде (531-579) патшалықтың екінші қаласына айналды. Мұнда атақты дәрігерлік мектебі пайда болды. Бірақ Жұндишапұрлық дәрігерлер өздерінің кәсіби сырларын тек өз топтарында ұрпақтан ұрпаққа қалдырып сақтайды да монополия мен кірістен айырылмас үшін басқа ешкімге де білдірмейді һәм үйретпейді. Аталған аймақ мұсылман билігіне қаратылған соң ғана мұсылман ғалымдар олардың кейбір ғылымын ашып, пайдалана алған. Алайда, Ибн Сина сықылды біртуар мұсылман ғалымдардың жазған кітаптары мұсылман елдерінде ғана емес, сонау Еуропаның өзінде кем дегенде VI ғасыр бойы оқулық есебінде оқытылған. Сол ғасырлардың ең мықты деген Батыс елдерінде де, мұсылман ғалымдарымен салыстырарлық ғалымдардың шыға алмағаны баршаға аян. Бұл жөнінде Бартольд (1869-1930) былай дейді; Исламның басты артықшылығы, мұсылман әлемінің сол дуірдегі білімді халықтардың алдында болуының сыры, материалдық һәм рухани жағынан мәдени біріншілікті ұстауында жатыр.
Тарихта бірінші халифалықтар дәуірінде дүние жүзі мәдениеттері тығыз араласты. Қиыр шығыстағы Қытай мәдениетінің жетістіктері Батысқа, мұсылмандардың ғылым-мәдени табыстары болса Қытай еліне мәлім болды. Талас (751 ж.) соғысынан кейін Атлант мұхитына дейінгі халықтардың бірін-бірі жақын тануына мүмкіндік туды. Мұсылмандардың 3 құрлықтағы билігі халықтар арасында тығыз мәдени байланыстардың орнатылуына орасан зор үлесін қосты. Халифалар Батыстағы Франк, Герман, Рим патшаларымен және Қытай хандарымен тығыз байланыста болды. Мәселен Қытай деректерінде халифалық кезеңнін 651-798 жж. аралығында 37 рет, ал 908-1168 жж. аралығында 49 рет елшілік делегациясы келгені жазылған.
Қысқа қайырсақ, тарихта мәдениет қатынастарының дамып, өзара бірігуі һәм кіруі Исламнан кейін ғана мүмкін болды. Оған дейін мәдениеттер арасында өшпенділік пен пышақ сырты ғана байланыс болса, Исламмен бірге Шығыс пен Батыстың барша мәдениеттері жамырасып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Оған дейін белгілі мәдениетке ғана тән болып есептелген нәрселер мұсылмандардың арқасында бүкіл әлемдік мәртебеге ие болды. Мысалы араб цифрлары деп атағы шыққан сандардың ежелгі дәуірде Үндістандықтарға ғана мәлім болғаны белгілі. Мұсылмандар осы цифрларды жетілдіріп қана қойған жоқ оларды құр символдықтан шығарып, мағыналы белгілерге айналдырды. Адамзат тарихында бірінші рет нөлді (сыфр цифр), мұсылман ғалымдар тапты және еңбектерінде пайдаланды; нөлді бірінші рет сан ретінде қолданған Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (780-850) еді. Арал теңізі маңында дүниеге келген дана бабамыз сонымен қатар 1-ден төмен қарайғы сандарды белгіледі. Мысалы, жүздік, мыңдық және ондықтарды жүйелеп, бөліп жазуды көрсетті. Оның бұл табыстары тарихтағы ең маңызды ғылыми жаңалықтарға жатады. Күніміздегі информация ғасырында, телекоммуникация ғасырын мұсылмандар ашқан осы жаңалықтардың қызығын күллі әлем көруде. Орыс тіліндегі цифр мен Батыс тіліндегі cipher сөздері арабша нөл дегенді білдіретін сыфр сөзінен алынған. Шындығында араб сандары рим сандарымен салыстырғанда қолданымы өте икемді және оңай. әл-Хорезми ашқан бұл жаңалық Еуропаға тек Х-ХІІ ғғ. ғана мәлім болған; осы жаңалықты Еуропаға жеткізген Герберт есімді адамның абырой-беделінің артқаны соншалық, кейін ол Рим папасы сайланған. Оның есімі папа Силвестр ІІ ретінде Еуропа тарихында қалды. әл-Хорезмидің Китап әл-Жәбр уәл Мұқабала (Алгебра мен теңдіктер кітабы) атты еңбегі латын тіліне аударылғанда (ХІІ ғ.) әл-жәбір сөзі алгебра деп аударылғандықтан осы сөз термин ретінде қалыптасты. Оның екінші бір кітабы латыншаға Algoritme de Indorum деп аударылғандықтан алгоритм сөзі де терминге айналды.
Адам құқықтары жөніндегі үндеудің ХХ ғасырда ғана бекітілгенін ескерсек, ХIV ғасыр бұры Раббымыздың Құран Кәрімінде барлық адамдардың құқықтарын қорғау міндетін бұйырғанын көріп, таң қаламыз:
Адамдардың құқықтарын қыспаңдаң! Жер бетінде бұзақылық шығарып, бүлік жасамаңдар! (26 сүре, 183 аят)
Ислам мәдениеті мен ғылымының Батысқа және әлемге таралуы
Ислам мәдениетіндегі мемлекеттер Батыс мәдениетінің шекаралырын Әмуилер, Аббасилер мен Османлы империясының шарықтау кезеңдерінде өздеріне қосты. Мұсылман түріктердің Исламды қабылдауларынан кейін Еуропа елдері бірте-бірте Ислам елдері қатарына кіреді. Анадолының алынуынан кейін крестшілер жорықтарының себебімен және мұсылман түріктердің Батыс елдеріне жасаған шабуылдарының нәтижесінде Ислам мәдениеті мен Батыс мәдениеті бетпе-бет кездесуге тура келді.
Фараби, Ибн Сина, Ғазали сияқты Ислам философтарының және Аристотельдің шығармаларын Еуропа, латын тілдеріне аудару еңбегімен қатар, Батыс әлемі өзге ғылымдармен де шұғылдану керектігін байқады. Тіпті университеттерінде де ХІІ ғасырдың соңғы жылдарынан бастап медицина сбақтарының тақырыптарын Ибн Синаның Канон және Ибн Рушдтің медицина жайындағы еңбектерінен алды.
Римдіктер және олардың ізбасарлары болып табылатын Византиялықтар, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz