Прагмалингвистика


Прагмалингвистика
Прагмалингвистиканың пәні (гр. pragma - қимыл, қатынас) нақты коммуникация үрдісінде тілдің субстанциялық және функционалдық қасиеттерін, яғни нақты бір ситуация кезіндегі нақты индивидтердің вербалды және вербалды емес қатынас құралдарын қолданып, пікір алмасуды зерттеу болып табылады. Яғни адам өз ойын оқырманға қалай жеткізеді, қатынас құралдарын қалай қолданады және тағы сол сияқты мәселелерді зерттейді.
Прагмалингвистика XX ғасырдың 70-ші жылдарында пайда болған тіл білімінің жас, жаңа саласы. Алғаш Ч. Моррис еңбегінде сөз болған прагматика мәселелеріне Ю. С. Степанов, А ван Дейк, Г. Г. Матвеева, О. С. Москальская сынды ғалымдар еңбектерін арнап, прагматика теориясын дамытуға азды-көпті үлестерін қосты.
Зерттеушілер прагматиканы коммуникатор прагматикасы және реципиент прагматикасы деп екіге бөледі. Мәтінді түзуші коммуниканттар өз мәтінімен бірге нақты жағдаятқа, белгілі бір тілдік контекстке тән алуан түрлі мәтіндерді интерпретациялаушы болып саналады. Коммуниканттар айтылымда өз хабарламасының екіжақты түсінілуі мүмкін екендігін біліп, ойын соған бейімдейді. Аудиторияның мәтінді барынша дұрыс түсінуі үшін адресант ақпаратты жеткізу барысында оқырманның қажеттілігін, білім деңгейін, әлеуметтік ұстанымдарын ескереді. Осыған байланысты мәтіннің прагматикалық сипаттамасын арнайы қарастыру қажеттігі туындайды. Өйткені мәтіннің прагматикалық компоненті тілдік құралдардың жұмсалуына қатысты заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Газет мәтінінде адресанттың белгілі бір прагматикалық ұстанымы көрініс табады. Зерттеушілер оны 3 түрге жіктейді:
1) Ақпараттық ұстаным (мәліметті іріктеп ұсыну) ;
2) фатикалық ұстаным (материалды оқырман назарын аударту үшін пайдалану) ;
3) манипулятивтік ұстаным (мәтінде баяндалатын оқиғаларға қатысты оқырман көзққарасын қалыптастыруды мақсат ету) .
Коммуникативті-прагматикалық лингвистика нақты адамдардың ақпарат алмасу үрдісінде тіл бірліктері мен ережелерінің өзара әрекеттесуін шынайы қарым-қатынас кезіндегі барлық факторларды есепке ала отырып зерттейді. Ондай факторларға, біріншіден, интенция (айтушының әлде-бір коммуникативтік-мәнді мағынаны айту пиғылы, мақсаты) және коммуниканттардың мінез-құлқы, олардың бір-біріне көзқарасы, екіншіден, сөйлеу мазмұны мен формасы, ал үшіншіден, вербалды және вербалды емес тәсілдерді пайдалану т. б. жатады.
Осы мәселелер жиынтығын шешу үшін жеке сөйлем аясын кеңейтіп, болмыстың кеңірек фрагменттерін қамтып көрсететін дискурс және мәтін түріндегі бірыңғай құрылымын қарастыру керек.
Осыған байланысты прагмалингвистиканың келесі екі аспектісін бөліп шығару жөн: дискурс теориясы (дискурсология) және мәтін теориясы (текстология) . Жалпы және жеке (индивидуалды), үрдіс және нәтиже, субстанционалды және функционалды сияқты ұғымдардың түсініктемесін осы аспектілерден іздеу керек. Басқа сөзбен айтқанда, прагмалингвистика - адамдардың қарым-қатынас әрекетін зерттейтін ғылым.
Прагмалингвистикалық зерттеулердің мақсаттары:
1) Дискурсты, оның түрлерін қатынас мақсатына қарай және оның нақты бір коммуникация үрдісінде вербалды/вербалды емес қатынастармен жүзеге асырылуын зерттеу;
2) Мәтінді, оның түрлерін және мәтін ішіндегі байланыстарын зерттеу.
Прагмалингвистика - адамның коммуникативтік қызметін екі түрде: ауызша (дискурс) және жазбаша (мәтін) түрде зерттейді.
Олардың айырмашылықтарын танымдық ғылым негізінде үрдіс пен үрдістің нәтижесін салыстыра зерттеуден көруге болады:
1. Дыбыстық формада сөйлеу немесе сөзді айту үрдісі.
2. Нақты бір ситуация кезінде вербалды және вербалды емес құралдарды қолдана айтылған дайындықсыз сөйлеу.
3. Коммуниканттар арасындағы тікелей қатынас.
4. Сөздің, сөйлеудің айтылу мезгілі мен қабылдау мезгілі бір уақытта өтеді.
5. Сөйлеудің рөлдері ауысып отыратын айтушысы мен тыңдаушысы бар. Оны екіжақты дискурс дейміз.
Мәтін:
1. Графикалық формада берілген сөйлеу нәтижесі.
2. Өңделген сөйлеу.
3. Коммуниканттар арсында тікелей қатынастың болмауы.
4. Сөздің, сөйлеудің айтылу мезгілі мен қабылдау мезгілі әр түрлі уақытта, кезеңде өтеді.
5. Толық емес коммуникативтік жағдайдағы бір ғана автор.
Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады:
1) Дискурс - сөзді айту үрдісі және дайындықсыз сөйлеу;
2) Мәтін - өңделген сөйлеу;
3) Дискурстың кез келген түрінде (монолог немесе диалог) қатынасқа түсуші адамдар арасында тікелей қарым-қатынас болуы керек. Ал мәліметті мәтін арқылы бергенде бұл сиқты тікелей қатынас болмайды;
4) Дискурс кезінде сөздің, сөйлеудің айтылу мезгілі мен қабылдау мезгілі бір уақытта өтеді. Ал мәтінді жазу мен оқу бір мезгілде жүзеге аспайды. Олардың арасы алшақ болады, мысалы біз бірнеше ғасыр бұрын жазылған мәтінді оқи аламыз;
5) Екі жақты дискурс кезінде (әңгіме, пікірсайыс) екі автор кезек кезек сөйлеседі, ал мәтінде автор біреу ғана болады.
Сөздің, сөйлеудің осы екі түрінде әртүрлі тәжірибе жатыр: ауызша сөйлеу (дискурс) тәжірибесі негізінен диалог түрінде іске асса, жазбаша сөйлеу тәжірибесі монолог ретінде жүзеге асады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Allrefrs. Сборник учебного материала, для всех студентов.
2. Языковая деятельность в аспекте лингвистической прагматики. М. :ИНИОН, 1984. -222c.
3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. -Алматы: Мектеп, 2002. - 256 б.
4. Арутюнова Н. Д., Падучева Е. В. Истоки, проблемы и категория прагматики // Новые в зарубежной лингвистике. Вып. 16 -М., 1985. стр.
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz