Абай философиясындағы адам болмысы Әл-Фараби Ұлы даланың ұлы ойшылы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Орындаған: Абай Мағжан
Тобы: информатика 18-1а
Абай философиясындағы адам болмысы Әл-Фараби Ұлы даланың ұлы ойшылы
Менің ойымша, Фараби өмір сүрген дәуір терең тарихы, төлтума мәдениеті, озық дәстүрі бар түркі даласына ислам дінінің дендей еніп, түркі, араб, парсы мәдениетінің тоғысуы басталған күрделі кезең еді деп ойлаймын. Саналы ғұмырын ғылым-білім жолындағы ізденіске арнаған Фарабидің өмірлік ұстанымының қалыптасуына аталмыш факторлардың әсері үлкен болғаны анық. Мұсылман әлемінің сол кезеңдегі аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары Бағдат, Шам, Мысыр елдеріне сапар шеккен жас Фараби араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік меңгеріп, сан-сала ғылымға бой ұрады. Өз дәуірінің атақты ойшыл ғалымдарымен, өнер иелерімен, сөз зергерлерімен сұхбаттас болған Фараби сол кезең ғылымындағы күрмеуі шешілмеген күрделі мәселелерді тап басып танып, ізденісін осы арнаға бағыттайды. Философия, логика, психология, этика, математика, астрономия, тіл білімі, эстетика, социология, поэтика салаларына арналған 150-ге жуық трактат қалдырған энциклопедист-ғалымның өз зерттеулерінің үлкен бөлігін Аристотель еңбектерін түсіндіруге арнауы - дәуір сұранысынан туған ізденістер еді. Көрнекті шығыстанушы Е.Э.Бертельс бұл туралы: "Аристотельдің араб тіліндегі алғашқы аудармалары мінсіз деуге келіңкіремейтін. Ғылыми терминологияның қалыптаспағандығы аудармашылар жұмысына едәуір бөгет жасады. Мәтінді игере алмағандықтан олар көбіне грек тіліндегі түпнұсқаның синтаксистік құрылымын сақтауға тырысып, аударманы араб оқырманы мүлде түсінбейтін жағдайға жеткізді. Тек Фараби еңбектері ғана көне дәуір дүниелерін дұрыс түсінуге мүмкіндік берді. Ғалым Аристотельдің "Категориялар", "Герменевтика", "Бірінші және екінші Аналитика", "Топика", "Риторика", "Софистика", "Поэтика" секілді еңбектеріне түсіндірме жасады. Осы еңбектері әл-Фарабиді "Екінші ұстаз" атандырды" деп жазады . (Осы орайда "Екінші ұстаз" атауы жөнінде қалыптасқан жоғарыдағы пікірден өзгеше өрбіген дінтанушы М.Бұлұтайдың: "Фарабидің "Екінші ұстаз" аталуын дәреже жағынан емес, тарихтағы кезеңі жағынан екіншілік деп түсінеміз" деген пікірін де ескере жүрген жөн секілді ). Сан-сала ғылымның түп қазығын философия мен логикадан тарата зерттеуде Фараби Аристотель бағытын жалғастырды. Ғалымның өзіне дейін жасалған әдістеменің ізімен жүруі қалыпты құбылыс болатын. Шығу тегін өзі логикадан тарататын поэтика, әдебиет теориясы, тіл білімі салаларына арнап әл-Фараби "Өлең өнері туралы трактат", "Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат", "Әдебиеттегі пікірталас туралы трактат", "Риторика туралы трактат", "Аристотель "Риторикасына" түсіндірменің үлкен кітабы", т.б. еңбектер қалдырды. Сондай-ақ "Логика туралы трактат", "Ғылымдардың шығуы туралы трактат", "Мемлекет билеушісінің нақыл сөздері", "Ғылымдардың жіктелуі туралы трактат" секілді еңбектерінде де Фараби әдебиет пен поэзияға қатысты бірқатар тұдің әдебиет пен өлең өнеріне қатысты біршама пікірлері тұжырымдалған. Фарабидің әдебиет әлеміне қатысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ философиясына сипаттама
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Философия тарихындағы адам мәселесі
Абай шығармаларында адамды зерттеуі
Философия тарихындағы адам өміріндегі достықтың орны
ШӘКӘРІМ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ
Антропология – адам туралы ілім
Абай философиясындағы адамдар мәселесі
Адам мәселесі
Қазақ философиясы әлем халықтар философиясының табиғи бір арнасы
Пәндер