Локальді есептеу желілерін құрастыру


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
«Ақпараттық технологиялар және энергетика»
жоғары мектебі
Пәні: "Автоматтандырудағы компьютерлік желілер мен жүйелер"
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Локальді есептеу желілерін құрастыру
Қабылдаған: Тапалов Т. Т.
Тобы: ИП-17-5к1
Орындаған: Ыбрай Қадыржан
Шымкент 2020 жыл
МазмұныКіріспе3
1 Негізгі бөлім4
1. 1Локальді есептеу жүйесін құру технологиясы4
1. 2Локальді есептеу жүйесін құрудағы қойылатын талаптар4
2Net Cracker бағдарламасында ЛЕЖ құру6
Қорытынды9
Пайдаланған әдебиеттер тізімі10
Бұл жұмыста біз ЛЕЖ, яғни локальды есептеу жүйесін құратын боламыз. Жұмыс барысында 250м қашықтықта орналасқан 9 есептеуіш машина үшін локальды есептеу жүйесін құрастыру керек. Тапсырма орындау арқылы біз желі және локальді есептеу жүйелері жайлы мәліметтермен таныс боламыз.
Желі - мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілген компьютерлердің жиынтығы. Есептеу желісі - бір-бірімен байланысқан желі элементтері арасында мәліметтер жеткізуге арналған программалық және аппараттық құрауыштардың күрделі жүйесі. Аппараттық жабдықтар ішінде әртүрлі типті және класты компьютерлермен қатынастық жабдықтарды атауға болады.
Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) - барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.
Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі - Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады.
Жергілікті желі (ағылш. Local Area Network, LAN ) - салыстырмалы түрде шектеулі кеңістіктің (мысалы ғимараттың) шегінде компьютерлер, басып шығарғыштар мен басқа да құрылғылар тобын біріктіретін коммуникациялық желі. Жергілікті желі бір біріне қосылған құрылғылардың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді.
1 Негізгі бөлім- Локальді есептеу жүйесін құру технологиясы
Локальді есептеу желілерін құрастыру кезінде олардың құрастыру технологияларын дұрыс таңдау желінің өнімді жұмыс істеуіне көп ықпалын тигізеді.
Ethernet технологиясы ЛЕЖ негізгі технологияларының қатарына жатады. Бұл технология 1970 жылдары Пало Альтода (PARC) Xerox корпорациясының ғылыми зерттеу орталығында дүниеге келді. Ethernet технологиясы IEEE 802. 3 спецификациясының негізін құрады.
Digital Equipment Corporation, Intel Corporation және Xerox Corporation компаниялары бірігіп, 802. 3 спецификациясымен сәйкестендірілген (Version 2. 0) спецификацияны қабылдады.
Ethernet - қазіргі кезде ең кеңінен таралған локальді желілердің стандарты.
Физикалық орталарына сай IEEE 802. 3 стандарты келесі түрлерге бөлінеді: 10Base-5, 10Base-2, 10Base-T, 10Base-F.
Ethernet стандарттарының барлық түрлерінде CSMA/CD әдісі қолданылады. Ethernet желісінде мәліметтерді тасымалдау ортасына кіру үшін тежеулерді анықтайтын (коллизий-carrier-sense-multiply-access with collision detection, CSMA/CD) және тасымалдаушыны тобымен анықтайтын әдіс қолданады.
CSMA/CD әдісі желідегі барлық жұмысшы стансаларының бір қалыпты, әрі тұрақты жұмыс істеуі үшін оның негізгі уақыт аралығы мен қисындық қатынастарын анықтайды.
Шина арқылы бірінен кейін бірі тасымалданатын ақпараттар кадрларының арасы 9. 6 мкс болуы қажет. Мұндай үзіліс (іркіліс) түйіндерде орналасқан адаптерлердің бастапқа қалыптарына келуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай үзілістер бір стансаның толығымен мәліметтерді тасымалдау ортасын иемденуге жол бермейді.
- Локальді есептеу жүйесін құрудағы қойылатын талаптар
Локальды есептеу жүйесін құрастыру үшін келесі мәселерді шешіп алған дұрыс болады:
- Технологиясын таңдау керек;
- ЛЕЖ топологиясын таңдау қажет;
- ЛЕЖ мекеменің тапсырмасымен толық танысу керек;
- ЛЕЖ компьютерлер санын білу керек;
- ЛЕЖ қажетті кабельдің түрі таңдалады;
- ЛЕЖ орналастыру орны анықталуы керек.
Осы жағдайлар анықталынғаннан кейін ғана алты компьютерден тұратын ЛЕЖ құрастыруды бастауға болады.
Локальды есептеу жүйесінде жылдамдық маңызды роль ойнайтып болса әрине Ethernet технологиясы оптимальды болып табылады.
Топология дегеніміз кабельдердің физикалық немесе электрлік кескіндік үйлесімі. Топологиялардың бірнеше түрлері бар: жалпы, сақиналы, жұлдызша, тармақталынған, ұяшықты. Әр бір топологияның өзіне тән кемшіліктері бар:
Шиналық тополгияның кемшіліктері: желінің бір қондырғысы немесе желіні құрайтын бір элементтің кемшілігі, басқа тұтынушыларға әсерін тигізеді. Желі жұмыстан шығады.
Сақиналытополгияның кемшіліктері: егер сақинадағы бір компьютер жұмыстан шығатын болса, барлық компьютерлер жұмыссыз қалады. Желіге қосымша компьютерді қосу қажет болған жағдайда бүкіл желінінің жұмысын тоқтату керек.
Жұлдызшатополгияның кемшіліктері: желіні құрастыру үшін көп мөлшерде кабель қажет. Концентратор желінің барлық функцияларын орындайтын болғандықтан, оның жұмыстан шығуы желінің бүкілдей жұмысын тоқтатады.
Осы топологиялардың арасында біздің локальды есептеу жүйемізге жұлдызшалы топология оптимальды болып табылады, себебі есептеу машинасы істен шықса оны концентратордан ажыратып аламыз, ал желі болса өз қызметін ары қарай атқара беретін болады.
10Base-T - қорғалмаған қос өрілген кабель (Unshielded Twisted Pair, UTP) . Концентратордың көмегімен жұлдызша топология құрадық.
Алғашқы кезде Ethernet желілер технологиясында коаксиальды кабельдер пайдаланды. Қазіргі кезде Ethernet технологиясының физикалық спецификациясы келесі тарату орталарынан тұрады:
10Base-5 - диаметрі 0. 5 дюймдік жуан коаксиальді кабель. Кедергісі 50 Ом. Қайталағышсыз сегментің ұзындығы - 500 метр;
10Base-2 - диаметрі 0. 25 дюймдік жіңішке коаксиальді кабель Кедергісі 50 Ом. Қайталағышсыз сегментің ұзындығы - 185 метр;
10Base-T - экарандалынбаған қос өрілген кабель (Unshielded Twisted Pair, UTP) . Концентратордың көмегімен жұлдызша топология құрайды. Концентраторлар мен соңғы түйіннің ара қашықтығы - 100 м көп емес;
10Base-F - оптикалық талшықты кабель. Топологиясы қос өрілген кабельге ұқсас. Бұл спецификацияның бірнеше түрлері бар: FOIRL; 10Base-FL; 10Base-FB.
Мұндағы 10 саны мәліметтерді тасымалдаудың жылдамдығын - 10 Мб/с көрсетсе, 2 мен 5 екі түйіннің арасындағы желінің ұзындығын білдіреді, яғни, 200 бен 500 м құрайды, ал, Base - деген 10 МГц жиіліктегі тасымалдау әдісін білдіреді.
Берілген тапсырма бойынша 250метр ара қашықтықта орналасқан компьютер арасында ЛЕЖ құрастыру керек.
- Net Cracker бағдарламасында ЛЕЖ құру
Енді локальды есептеу жүйесін құру үшін барлық мәселелерін шешіп алғаннан соң, ЛЕЖ құрастыруға кірісейік.
Локальды есептеу жүйесін тәжірибе жүзінде құрастыру үшін NetCracker бағдарламасын қолданатын боламыз. NetCracker бағдарламасын іске қосу үшін:Пуск → NetCracker Professional.
Сурет 2. 1. NetCracker бағдарламасының бас мәзірі
Локальды есептеу жүйесін құру үшін 6 есептеуіш машинаны жұлдызша топологиясымен қосатын боламын, сондықтан ең алдымен 9 есептеу машинасын жұмыс орнымызға орналастыру керекпіз. Ол үшін LAN workstations тізімін тауып, ашуымыз қажет. Ары қарай Ethernet workstation есептеу машиналарын жұмыс орнына орналастырамыз.
Сурет 2. 2. LAN workstations тізімі
Өзімізге керек есептеу машиналарын жұмыс орнымызға орналастырып аламыз. 6 есептеу машиналарын жұмыс орнына орналастырып болған соң барлығын 1 концентраторға қосуым керек. Ол үшінHubs → Intelligent тізіміне кіріп, 16-Port 10BASE-FL Ethernet Hub, HUB16 FL концентраторын орналастыру қажетпіз. Есептеу машиналарын концентраторға жалғау үшін, Link
батырмасын басамыз.
Сурет 2. 3. Жалғау терезесі
Ашылған жалғау терезесінде Link батырмасын басу арқылы жалғаймыз, кабель ұзындығын 250 метр деп еңгіземіз және басқа есептеу машиналарды осылай жалғап шығатын боламыз.
Сурет 2. 4. Концентраторға жалғанған есептеу машиналары
Есептеу машиналарын концентраторға жалғап болғаннан соң концентраторды серверге жалғау керекпіз. LANservers тізімін басып серверімізді жұмыс орнымызға орналастырамыз. Енді концентраторымызды серверге Link батырмасы арқылы жалғаймыз.
Сурет 2. 5. Концентратордың серверге жалғануы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz