Көпарналы байланыс



Тақырыптық жоспар :

І. Кіріспе
ІІ. Байланыс жүйесі туралы негізгі түсініктер және анықтамалар
2.1 Көпарналы байланыс

2.2 Автоматты және көпарналы электрлік байланыс
2.3 Байланыс арналары

ІІІ Көпарналы электрбайланысын ұйымдастыру
3.1 Біріктірілген автоматтандырылған байланыс желісі (БАБЖ) туралы негізгі түсінік
3.2 Көпарналы байланыс желісінің құрылу әрекеті

ІV Қорытынды
V.Қолданылған әдебиеттер

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Курсттық жұмыс
Тақырыбы : Көпарналы байланыс

Орындаған : Бақтияров Ғ.Қ

Тексерген : Құдайберген М.Ф
Экономика және Ақпараттық технологиялар колледжі

Орал 2012

Тақырыптық жоспар :

І. Кіріспе
ІІ. Байланыс жүйесі туралы негізгі түсініктер және анықтамалар
2.1 Көпарналы байланыс

2.2 Автоматты және көпарналы электрлік байланыс
2.3 Байланыс арналары

ІІІ Көпарналы электрбайланысын ұйымдастыру
3.1 Біріктірілген автоматтандырылған байланыс желісі (БАБЖ) туралы негізгі түсінік
3.2 Көпарналы байланыс желісінің құрылу әрекеті

ІV Қорытынды
V.Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Байланыс жүйесі өте ауқымды да күрделі ғылым саласы. Бұл саладағы модуляция түсінігінің алатын орны ерекше. Модуляция - бұл тасымалдаушы дабылдың бір немесе бірнеше параметрлерінің өзіне әсер ететін бастапқы ақпараттық (модульдеуші) дабылдың лездік мәнінің өзгеру заңдылығымен өзгеруі. Латын тілінен аударғанда модуляция - өлшемділік, шектілік дегенді білдіреді. Сондықтан да, оны тасымалдаушыға қандай да бір өлшем, шек беру деп түсінеміз. Модуляция үш түрге бөлінеді:
- амплитудалық модуляция;
- өз ішінде жиілікті және фазалық болып бөлінетін бұрыштық модуляция;
- импульстік модуляция (ИМ).
Кейде амплитудалық және бұрыштық модуляцияларды, жеке, үздіксіз модуляция деп бір топқа біріктіреді. Біз, бұл жұмыста осы аталған модуляция түрлеріне тоқталып кетеміз.
Байланыс құралдары (орыс. средства связи) -- ұрыста бір жақты не екі жақты байланыс орнатуға арналған техникалық құралдар: радио, радиорелелік, сымды, жылжымалы және сигналдық құралдар, сондай-ақ байланыс ұшақтары мен тікұшақтар. Ұрыста байланыс құралдарын қолдану тактикалық-техникалық мәліметтерге жөне жағдайға байланысты анықталады. Байланыс құралдары әскери бөлімдер мен байланыс бөлімшелерінің құрамында болады. Олар ұйымдасқан түрде әскер түрлерінің құрамалары, бөлімдері, бөлімшелерінің және арнайы әскерлердің құрамына кіреді де, сол құрамаларда (бөлімде, бөлімшеде) байланыс орнатуға арналады.
Кабель (голл. kabel - канат, сым арқан), электрлік - сырты қорғағыш қаптамамен қапталған, бір не бірнеше оқшауланған өткізгіштерден (токөткізетін талсымдардан) тұратын өткізгіш. Кабель электр энергиясын және сигналдарды қашықтыққа жеткізу үшін пайдаланылады. Кабель арналу мақсатына орай күш кабелі (электр энергиясын тасымалдайтын), байланыс кабелі (сигналдарды тасымалдайтын), радиожиіліктік кабель (жоғары жиіліктік) болып бөлінеді. кабельдің құралымы оны тарту (су және жер астында, ауада, зиянды ортада, т.б.) және пайдалану ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып жасалады. Мысалы, Атлант мұхиты арқылы Еуропа мен Солтүстік Америка арасындағы алғашқы кабельді байланыс - күшейткіштері бар монтаждалған герметикалық коаксилді кабель жәрдемімен жүзеге асырылды (ұызндығы 4000 км). Күш кабелі талсымдарының көлденең қимасы тасымалданатын электр қуатының шамасына сәйкес 10 - 150 мм2 болады. Кез келген кабельге тән ортақ элементтер: ток өткізетін талсымдар, оқшаулама және сыртын қаптайтын қаптама.

ІІ .Байланыс жүйесі туралы негізгі түсініктер және анықтамалар (Система связи; communications system) -- жиынтық импульстерін, үндік сигналдарды және пернетақта белгілерін аныктап, сондай-ақ жүйе шегіндегі және жүйеден тыс қажетті аралық қосылыстарды қамтамасыз ететін, бағдарламамен басқарылатын процессорлы комплекс. Байланыс жүйесі сандық компьютерді бағдарламамен қамтамасыз ететін еске сақтаушы құрылғыны және нақты қосылыстарды орындауға арналған арнайы аппараттық құрал-жабдықтары бар сөрелі плата ұстағышты қосады. Байланыс жүйесі көсіпорындағы тұтынушыларға деректер терминалдары мен телефон аппараттарын жалпы пайдалану және деректерді тарату үшін байланыс қызметін ұсынады.
Хабар - дегеніміз белгілі бір материалды обьектінің жағдайы тіралы мәлімет жиынтығы . Беруші және қабылдаушы хабар белгілі бір кеңістіктен бөлінген.Кеңістікте және уақыт бойынша берілген хабардың өзгеруін көрсететін физикалық дәлдік сигнал деп аталады.Мысалы : сөйлесу кезінде хабар берушінің қызметін адамның дауыс аппараты орындайды , сигнал болып кеңістікте және уақыт бойынша өзгеретін ауалық қысым - акустикалық толқын , ал хабар қабылдаушы ретінде адамның құлағы қызмет атқарады.Сонымен электробайланыс жүйесі , әр түрлі хабар түрін беретін электромагниттік сигналдарды қабылдау және беруді калыптастыратын , өзара әсерлескен электротехникалық және радиоэлектронды кешенді құрайды .Беру кезінде сигналдар техникалық қондырғылардың дұрыс болмауынан бұрмаланады; сонымен қатар сигналдарға бөгеулер ілеседі.Беру жүйелері бөгеулер мен бұрмалануларға қарамай , берілген хабарды нақтылықпен қайтадан қалыптастыратындай болып құрылуы керек.
2.1 Көпарналы байланыс
Электрлік байланыс жүйесінің қымбатты бөлігі байланысты беру желісі болып табылады.Сымды байланыс желі түсінігіне байланыс тізбегі деп бір электр сигналын беруге арналған, кабель тізбегінде немесе әуе тізбегінде орналасқан сым жиынтығын атайды .Сым санына байланысты бір , екі , үш және төрт сымды тізбек болып
бөлінеді.

Радио - сызықты желіні қолданғанда оқпан түсінігі аналогты болып табылады.Қазіргі электрбайланыс жүйесіндегі екі және төртсымды тізбек қолданылады.
Көп жағдайда техникалық және электрондық тұрғыдан қарағанда бір тізбек бойынша бір мезгілде хабардың көп санын беріге болады, яғни бір тізбекте тәуелсіз канал санын жіберуге болады.
N- канал байланысының жүйесі дегеніміз - бір байланыс тізбегімен N көзінен N қабылдағышқа бір уақытта және тәуелсіз хабар берудегі техникалық қондырғылардың жиынтығы . N каналды байланыс жүйесінде N хабар көзінен біріншілік сигналдар жқргізіледі.Бұл сигналдар арнайы тексеруден өтеді және байланыс тізбегінде жүретін ортақ топты сигналдан берілтін хабарға сәйкес , бөлек каналдың жеке сигналдары бөлініп шығады.
Көпарналы байланыс жүйесін құрған кезде сигнал бөлу ең қажетті кезең болып табылады.Қазіргі кездегі байланыс техникасында сигнал бөлуді ә топқа қарауға болады.
Бірінші топта N каналды жүйесінің кіріс каналына түсетін біріншілік сигналдың формасын өзгертпеуге болады; бөлу шешімді (развязывающий) 2N полюмтникке мысал ретінде (N-2) теңестірілген
көпір болуы мүмкін. 2N - полюстниктің көмегімен аз каналы бар аппатураны құрастыруға болады сондықтан бірінші топ әдісі көмекші роль атқарады.
Екінші топта беру бөлігінде бөлек каналдың сигнал жүйесінде алдын ала қаралған көрініспен біріншілік сигналды түрлендіруді қамтамасыз етеді.
Олар сигнал жүйесінің қабылдау бөлігіндегі әр түрлі және бөлшіктенген болуы керек.
N - канал байланыс жүйесінің қабылдау бөлігінде әр түрлі және бөлшектенген болуы керек.
N - канал байланыс жүйесінің құрылымдық сұлбасы 1.2 суретте көрсетілген.

Жүйенің бері бөлігіне түсетін а1(t) , a2 (t) , ... aN(t) біріншілік
Сигналдары М1 , М2, ... МN қондырғыларымен түрленеді; осы қондырғылар шығысында шығысындағы U1 (t) , U2 (t) ,... UN (t) сигналдар каналдары деп аталады.Әрбір каналдан шыққан сигналдар Е шығысында топтастырылып , топтық сигналға қабылдау бөлігінде қайтадан әрбір каналға бөліну үшін жеке сигналдарға бөлінеді. а1 (t) сигналынан физикалық тізбектен енгізілген n(t) сигналының бұрмалану мен бөгеулер салдарынан сәл ғана өзгерісте болады.
2.2 Автоматты және көпарналы электрлік байланыс.-құрамы бірнеше күрделі бөліктерден тұратын байланыс жүйесі. Олардың біріншісі әртүрлі дыбыстық сөйлесу, жазба-сызба, кұжаттық, бейнелік және теледидар хабарларын электр сигналына айналдырып, оларды түрлендіретін кұрылғылар. Екіншісі сол сигналдарды бір жерден екінші жерге жеткізуге арналған сымды қабель жолдары, оптикалық талшықты, кабельді және ғарыштық байланыс жолдары. Үшіншісі әртүрлі бөгеуліктерден қорғап, қателерін түзетіп, дәлдігі мен сенімділігін арттырушы құрылғылар. Төртіншісі солардың барлығын басқарып реттеуші, заманымыздың қазіргі деңгейіне сай электрондық аппаратуралар мен жоғары класты компьютерлер. Байланыс жолдарын тығыздау
Байланыс жолдарын тығыздау(Уплотнение линии связи). Байланыс желісінің ең қымбат бөлігі -- байланыс жолы (кабельді байланыс жолдары, жарық сөулесін өткізу байланыс жолдары, толқын тарату байланыс жолдары, радиорелелі байланыс жолдары, т.б.). Сондықтан қымбат тұратын байланыс жолын тек қана бір хабар көзінен шыққан мәліметті ғана беруге емес, бірнеше хабар көздерінен шық қан мәліметтерді бірден беруге пайдаланған тиімді. Әр түрлі мәліметтерді беруге арналған, тек байланыс арналарының бір байланыс жолымен біріктіріп берілуін байланыс жолын тығыздау дейді. Мұндай тығыздалған байланыс жолымен берілетін мәліметтердің колемі сол байланыс жолының өткізу қабілеттілігінен артық болмауы керек.
Көпарналы байланыс жүйесінде арналар өлшеміне дыбыстық жиіліктегі телефон арнасы алынады. Осындай телефон арналарын топтап (өдетте, 12-ден), көпарналы жүйе жасайды. Он екі арнадан жиналған топты одан өрі бес-бестен топтап, 60 арналы жүйе жасайды. Мұндай тығыздау арқылы бірнеше жүздеген, мыңдаған арналы жүйе жасайды. Арналарды біріктіріп топтау және қабылдау орнында оларды қайтадан жекелеп айырып шығару әр түрлі әдістермен, әр түрлі құрылғылармен жасалады. Ондай әдістерді тығыздау әдістері, ал құрылғыларды тығыздау құрылғылары деп атайды. Мұндай жүйелерде әрбір арна өз алдына бөлек орналасады. Арналарды болектеу жиілік бойынша уақыттық, фазалық, бейнелік және комбинациялық болып бөлінеді

2.3Байланыс арналары (Каналы связи) -- хабардың жіберушідеп қабылдаушыға дейінгі жолы. Ол көптеген аспап-құралдардың (аппаратура) жиынтығынан тұрады. ИнБАИ зо формацияны (хабарды) жеткізетін байланыс жолының түріне қарай байланыс арналары радиобайланыс, сымды байланыс арналары болып бөлінеді. Соңғысы әуе байланыс жолы, кабельді байланыс жолы, толқын таратушы, жарық таратушы және басқа арналарға бөлінеді.

Инженерлік тұрғыдан айтқанда, арна деп бір хабардың жүретін жолын айтады. Егер ол көп хабар көзіне арналса, оны көпарналы жүйе деп атайды.
Арна әр түрлі міндет атқаратын құрылғылардың тізбектей қосылған жиынтығынан тұрады.
Қандай хабар таратуға арнал ғанына байланысты арналар телефон, дыбыстық хабар тарату, бейнелі телефон, қозғалмайтын бейнелерді беру, теледидар, басқару сигналдарын жеткізу, деректер тарату, телеөлшеу, телесигналдау, телебасқару, т.б. арналарға болінеді.
Осы арналармсн берілетін әр түрлі сигналдардың динамикалық ауқымы, қуаты, деңгейі және жиілік спектрі болады.
Телеграфтық арна үзік-үзік сигналдарды өткізуге арналған, жиілік спектрінің кендігі 100 Гц. Оны екі есе кемітіп немесе екі есе кеңейтіп 50 Гц немесе 200 Гц етіп алуға болады.
Телефон арнасы жиілік спектрінің кеңдігі 300-ден 3400 Гц-ке дейін өзгереді, яғни 3100 Гц. Бір телефон арнасына 24-ке дейін телеграф арнасын сыйғызуға болады. қарапайым фототелеграф арнасына қажет жиілік спектрінің кендігі 2000 Гц.
Дыбыс таратуға арналған арнаның жиілік спектрінің кендігі 2, 3 телефон арналарының кеңцігіндей, 8 -- 12 кГц. Бейнелі телефон арнасының жиілік спектрінің кендігі -- 1300 кГц. Теледидарға арналған арнаның жиілік спектрінің кендігі -- 8,5 МГц.
Электронды есептеу машинасына арналған сигналдарды беруге пайдаланылатын арналар: төменп жылдамдықты (арна кендігі 200 Гц), орта жылдамдықты (арна кендігі 4кГц) және жоғары жылдамдықты (арна кендігі 48 кГц-тен артық) болып бөлінеді.
Радиобайланыс арналарының жиілік спектрі ЗТО3 Гц-тен 310" Гц- ке дейін болады.
Сигналдарды жеткізіп беретін арналар олардың кірісі мен шығысындағы сигналдардың сипаттамасына қарай да бөлінеді:
а) үзілісті сигналдар арнасының кірісіндегі сигнал да, шығысындағы сигнал да үзілісті (дискретті) болады;
ә) үзіліссіз сигналдар арнасының кірісіндегі де, шығысындағы да сигналдар үзіліссіз болады;
б) арнаның кірісіндегі сигнал үзілісті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күшейткіштер
Көпарналы электро байланыстың негіздері
Күшейту тізбектері
Автоматты және көпарналы электрлік байланыс
Радиорелелік байланыс жүйелері
Сандық байланыс желісін синхрондау
Радиорелелік және спутниктік байланыс жүйелерінің антенналық толқын беру жүйесі
Күшейткіштерді өрістік транзисторларда бағдарламалық тәсілмен әр түрлі компоненттердің өзгерісінде АЖС-тің формасын модельдеу және соны зерттеу
Спектрге анықтама және спектрді кеңейту
Сантиметрлік радиотолқындардың радиорелелік және спутниктік байланыс желілерінде таралуы
Пәндер