Бөлек қосалқыланған жүйенің сенімділігін есептеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

«Ақпараттық технологиялар және энергетика»

жоғары мектебі

Пәні: "Басқару жүйелерінің сенімділігі"

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы:Бөлек қосалқыланған жүйенің сенімділігін есептеу

Қабылдаған: Батырбеков А.

Тобы: ИП-17-5к1

Орындаған: Ыбрай Қадыржан

Шымкент 2020 жыл

Зертханалық жұмыс №3 Бөлек қосалқыланған жүйенің сенімділігін есептеу

Жұмыстың мақсаты: Басқару жүйелерінің сенімділігін зерттеу. Бөлекқосалқыланған жүйенің құрылымдық схемасын құру және сенімділік көрсеткіштерін есептеу принциптерін оқып, үйрену.

Теориялық негіздеме

Сенімділік талаптарын қанағаттандырмайтын элементтерден қажет сенімділігі бар жүйені құруға мүмкіншілік жасайтын іс-шара қосалқылау деп аталады.

Ең сенімсіз элементтерін ғана қосалқылау арқасында сенімділікті жоғарылататын қосалқылау бөлек қосалқылау деп аталады. Бөлек қосалқыланған жүйенің құрылымдық схемасы 3-ші суретте көрсетілген.

Негізгі жүйе n элементтерден тұрады. Әр негізгі элемент m қосалқы жүйелермен қосалқыланған. Яғни, жүйе (қосалқыланған жүйенің элементтерін де есептегенде) топ элементтерінен құралған n элементтер тобынан тұрады.

Жүйенің сенімділік көрсеткіштерін есептеу үшін шектеулер енгіземіз: негізгі жүйенің элементтерінің біреуінің тоқтауы басқа n -1 элементтеріндегі тоқтаулардың пайда болуына тәуелсіз; i -ші топтағы j -ші элементтің тоқтауы сол топтағы m қосалқы элементтеріндегі тоқтаулардың пайда болуына тәуелсіз. Алдымен i-ші элементтер тобының j -ші элементінің тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығын P ij ( t ) деп белгілейміз. Сонда i -ші тобының j -ші элементте тоқтау пайда болу ықтималдығы келесі түрде өрнектеледі:

Q ij ( t ) =1- P ij ( t ) (3. 1)

Жоғарыда енгізілген шектеулерге сәйкес, i-ші тобының элементтерінде тоқтау пайда болу ықтималдығы келесі түрде өрнектеледі:

(3. 2)

3. 2-ші теңдеу негізгі және m қосалқы топ элементтерінің сенімділіктерінің мәндері тең болмаған (әр текті) жағдайда орын алады.

Егер i -ші тобының элементтері сенімділік тарапынан бір текті болған жағдайда, келесі теңдеу орын алады:

(3. 3)

Соған сәйкес, i -ші топ элементтерінің тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығын келесі түрде өрнектейміз:

(3. 4)

немесе

(3. 5)

Жүйенің элементтер тобындағы тоқтаулардың пайда болуы кездейсоқ және өз-ара тәуелсіз оқиғалар қатарына жататындықтан, тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығын келесі түрде жазамыз:

(3. 6)

немесе

(3. 7)

Егер негізгі және қосалқы жүйелердегі тоқтаулар ағынын қарапайым деп есептесек және сенімділіктің экспоненциалды заңына бағынатын болса, онда келесі теңдеулер орын алады:

(3. 8)

немесе

(3. 9)

Тапсырма

Негізгі жүйе n элементтерден тұрады. Әр элементтің жөндеусіз t (сағат) уақыт аралығында үздіксіз жұмыс атқаратын тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығы P i ( t ) қалыптасқан (кесте 8, вариант бойынша) . Қосалқы жүйелер саны m -ге тең. Негізгі және қосалқы жүйелердің сенімділіктері біртекті.

Сенімділіктің негізгі көрсеткіштерін есептеу қажет:

  • жүйенің тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығынPЖ(t) ;
  • тоқтаулардың пайда болу ықтималдығынQж(t) ;
  • әр элементтің λiжәне жүйенің λСтоқтау қарқындығын;
  • әр элементтіңжәне жүйеніңтоқтау алды жұмыстарын.

Қосалқыланбаған жүйе, жалпы түрде қосалқыланған жүйе және бөлек қосалқыланған жүйелер арасында салыстырмалы талдау жасаңыз.

Есептеу барысын және оның нәтижелерін А4 форматындағы ксерокс қағазына рәсімдеу қажет. Жұмысты оқытушы белгілеген уақыт мерзімінде қорғап, тапсыру қажет.

Есеп беру мазмұны

  1. Жұмыстың атауы және мақсаты.
  2. Теориялық негіздеме.
  3. Тапсырма, бастапқы мәліметтер.
  4. Барлық әрекеттердің түсініктемесімен есептеу барысы.
  5. Есептеу нәтижелері (3. 1, 3. 2 кестелер) .
  6. Қорытынды.

Кесте 3. 1

Бастапқы мәліметтер

Вариант №
n
m
ρ
t
P 1 ( t )
P 2 ( t )
P 3 ( t )
P 4 ( t )
P 5 ( t )
P 6 ( t )
P 7 ( t )
P 8 ( t )
P 9 ( t )
Вариант №: 16
n: 7
m: 3
ρ: 10
: 2
t: 700
P1(t): 0, 93
P2(t): 0, 96
P3(t): 0, 94
P4(t): 0, 95
P5(t): 0, 92
P6(t): 0, 95
P7(t): 0, 92
P8(t): -
P9(t): -

Кесте 3. 2

Есептеу нәтижелерін енгізетін кесте

Жүйенің түрі
Жүйенің сенімділік көрсеткіштері

Тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығы

P ж ( t )

Тоқтаулардың пайда болу ықтималдығы

Q ж ( t )

Жүйенің тоқтау қарқындығы

λ ж

Жүйенің тоқтау алды жұмысы
Жүйенің түрі: Қосалқыланбаған жүйе
Жүйенің сенімділік көрсеткіштері: 0, 6898
0, 55
0, 000635
1574, 39
Жүйенің түрі: Жалпы қосалқыланған жүйе
Жүйенің сенімділік көрсеткіштері: 0, 95
0, 0035
0, 001189
329, 64
Жүйенің түрі: Бөлек қосалқыланған жүйе
Жүйенің сенімділік көрсеткіштері: 0, 6971
0, 05
6, 351*10 -18
1, 25

Бақылау сұрақтары

  1. «Сенімділік» дегеніміз не?

Берілген пайдалану шарттары бойынша, берілген шектермен анықталған, орнатылған пайдалану көрсеткіштерінің мәндерін уақыт аралығында сақтай білетін, берілген функцияларды атқаратын жүйенің қабілеттілігін сенімділік деп атайды.

  1. «Тоқтамау» дегеніміз не?

Анықталған уақыт аралығындағы жүйенің жұмыс істеу қабілеттілігін сақтау қасиеті тоқтамау деп аталады.

  1. «Жөндеуге жарамдылық» дегеніміз не?

Жүйенің істен шығуын алдын-ала болдырмайтын, анықтап табатын және жөндеу жүргізуге бейімделе білу қасиеті жөндеуге жарамдылық деп аталады.

  1. «Ұзақтылық» дегеніміз не?

Жүйенің жұмыс істеу қабілеттілігін шектелген күйге енгенше сақтау қасиетін ұзақтылық деп атайды.

  1. «Сақталу» дегеніміз не?

Жүйенің сақталу немесе тасымалдау мерзімінде және одан да кейін дұрыс күйін үздіксіз сақтау қасиетін сақталу деп атайды.

  1. «Тоқтау» дегеніміз не?

Жүйенің бір немесе бірнеше элементтерінің дұрыс қызмет атқаруының бұзылуы тоқтау деп аталады.

  1. «Қосалқылау» дегеніміз не?

Сенімділік талаптарын қанағаттандырмайтын элементтерден қажет сенімділігі бар жүйені құруға мүмкіншілік жасайтын іс-шара қосалқылау деп аталады.

  1. «Тоқтау алды жұмыс» дегеніміз не?

Екі көрші (уақыт бойынша) тоқтау арасындағы пайдалану мерзіміндегі орта уақыт тоқтау аралық немесе тоқтау алды жұмыс деп аталады.

  1. «Өмірсүргіштік» дегеніміз не?

Өмірсүргіштік деп, жүйенің жиі болатын тоқтауларда өзінің функцияларын бұлжытпай атқару қасиетін айтамыз.

  1. Пуассон заңы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалпына келетін жүйенің сенімділігін есептеу
Биология терминдерінің анықтамалары
Криптология
Сызықты программалау есебінің (спе) элементтері
Қыздырғыштардың алдындағы газ қысымы
Жолаушылар автомобилдер тежегіш жүйесі анализі
Ақпараттық жүйелер басқару жүйесінің негізгі бөлігі ретінде
Желілік бағдарламалау
Ақпаратты басқару жүйелер және сигналдар
Автоматтандыру үрдісін жүргізетін негізгі құрылғылар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz