Стоицизм және гедонизм: олар туралы қазіргі заманғы түсініктер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер каферасы

СӨЖ

Пәні: «Философия»

Тақырыбы: «Стоицизм және гедонизм: олар туралы қазіргі заманғы түсініктер»

Мамандығы: Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік

Тексерген: доц. Апашов С. Б.

Орындаған: Бимолдина Гүлдана Тобы: ПИк-19-1

«» 2021ж

(бағасы) (қолы)

Алматы 2021

Стоицизм (грек stoa портик, ғимарат: Афины портигі-(Бейпелістоидің) атынан шыққан стоиктердің филос мектебі) -- Эллин мемлекетімен Рим империясының гулденген дәуірінде адамның ішкі тәулсіздігі мен дербестігін философия тұрғыснан түсіндірмекші болған эллиндік және рим философиясындағы басты бағыттың бірі. Сондықтан С. ілімінде этика мәселесі негізгі орын алды. С. төрт кезеңен тұрады 1-кезең (б. з. б 3-2) 2-кезең (б. з. б 2-1 ғ. ) Платон іліміне сүйенеді; 3-кезең (б. з 1-2 ғ. ) Сократтың іліміне жандандыруға бағытталған кезең; (б. з -2 ғ . ) ; -неоплатонизімнің даму кезеңі. С. философияны тұжырымдай келіп оны логикаға, физикаға, этикаға бөлді. Логикада олар танымның сезімдік теориясын дамытты. Кез келген ілім сезім арқылы қабылданып, адам ойының елегіне түседі. Содан барып жалпы ұғым мен пайымдау шығады. Дүниені тану процесі жан арқыл іске асады, ал жаның өзі ерекше дүние, ауа мен оттың қосындысы дейді. Бірақ С-нің өкілдері материя құдайға қарағанда дәрменсіз деп есептеді. С дүниенің бәрін қажеттіліке мәжбүр етіп, адамдарды тағдырдың өміріне бағындырды. C-нің идеалисттік этикасының негізгі-тағдыры мен сыртқы күшке бас иіп, өмір рахатынан бас тарту. Стоиктер сөз және сөйлеу мен ойлаудын бірлігі жайындағы ілімнің біртұтас жүйесін жасаған. Олардын ілімі жалпы философиялық тұжырымдарга негізделген, олардын пікірінше, сөз туралы ілім (логос) философияның біртұтас әлемдік парасатты күшін білдіреді, ол өмірдін материалдық және рухани жақтарын тұтас алып қарастырады. Логосқа жету үшін білім үш кұрамнан түруы керек: логика, физика, этика. "Логика" терминін логостын ішкі және сырткы жактары туралы ілімнін атауы ретінде бірінші рет стоиктер енгізген.

Стоиктердін пікірінше, үш зат өзара байланысты: таңбалаушы, таңбаланушы және объект. Таңбалаушы - дыбыс. Үш заттын екеуінін дүниелік, заттық сипаты бар, ал біреуі сөзді, сөйлеуді білдіретіндіктен, заттық емес, онын шындықты білдіруі де, жалған болуы да мүмкін.

Стоиктер есім мен етістіктін біркатар грамматикалық категориялары туралы ілімді бастады, олардын кейбіреуі (мысалы, септік туралы) кейін еуропалық грамматикалық еңбектерге өзгеріссіз қабылданды. Аристотельден ауысып алған "септік" термині, стоиктердін түсіндіруінше, есімнін кез келген формасын білдіреді. Егістік шактарытуралы ілімінде көне грек етістіктерінің негізгі шақтық мағыналары мен формалары жіктеліп берілген.

Стоиктер еуропалык синтаксис дәстүрінін негізін калаған, "Синтаксис" терминін алғаш рет еңгізген. Логос туралы жалпы ілімнін шенберінде олар синтаксисті ең алдымен логика мец риторика тұрғысынан қарастырған. Олардын негізгісі - предикаттардын түріне, сөйлеу мақсатына қарап жасаған топ- тастырулар. Стоиктерде "баяндауыш", "предикат" терминдері осы күнгі мағыналарына жуық қалыптасқан. Стоиктер еуропалық тіл ғылымындағы құрмалас сөйлемдер теориясын жасады.

Сөз бен ол білдіретін зат арасында "табиғи" байланыс тұрғысынан карап, этимологияға көгі көңіл бөлді, бірақ олардын этимологиялық ізденістері көбінесе жалған болып шықты. Стоиктер ілімі Александриялық мектеп пен тіл туралы көне Рим ғылымының қалыптасуына елеулі ықпал жасады.

Гедонизм (гр. hedone - көңілділік, рахаттану) - адам тіршілігі рахаттарға ұмтылып, азаптардан қашудан тұрады деп қарастыратын философиялық-этикалық принцип және моральдің критерийі. Гедонизмнің философиялық астарын (подпочва) "игіліктің" ("благо") объективтік барлығы туралы идея, нәрселер мен құбылыстарға иеленуге, меншіктенуге болатын іштей тән құндылық (ценность) қасиеті барлығы туралы ой құрайды. Гедонизмнің психологиялық аспектісі адамның іс-әрекеттерінің психикалық мотивациясын (себебін, дәлелін) рахаттану қажеттілігін қанағаттандыру тілегі терминдерінің төңірегінде қарастыруда тұр. Гедонизмнің этикалық негізі рахаттану адам үшін ең жоғары игілік болады, тілектерін қанағаттандыруға ұмтылу оның (адамның) табиғи мәнінің бейнесі деп есептейді (натурализм) .

Гедонистік постулаттардың (жорамалдар) бастауларын көнеүнді, сол сияқты көнеқытайлық философиялық-этикалық ілімдерде кездестіруге болады. Гедонизм идеясы алғаш рет антикалық философияда - кирендік мектепте кездеседі. Осы мектептің негізін қалаушы, Сократтың шәкірті Аристипп таным теориясында сенсуализмді этикада гедонизммен үйлестірді. Ол өмірдің жоғары мақсатын рақаттылықта деп көрді, бірақ адам рақаттылықтарға бағынбауы керек, жоғары игілік құрайтын ақылды рахаттануға ұмтылуы керек.

Антикалық уақыттың гедонистік ілімінің шыңы Эпикурдың этикасы болып саналады (эпикуреизм) . Қанағаттандыру принципіне сүйеніп, Эпикур бақыт концепциясын жасады (эвдемонизм) . Оған сәйкес ең биік игілік қызықтармен ақылды рахаттану болып есептеледі. Игілік - қанағаттандыруды тудыраттынның бәрі, зұлымдық - азапты әкелетіннің бәрі. Эпикур бойынша, жоғары игілік - бұл рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру. Эпикурейшілдікте гедонизм принципі сезімдік ләззаттардан рухтың тыныштығына (атараксия) және қасіреттен құтылу жолдарын іздеуге көбірек бағытталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стойцизм және гедонизм қазіргі заманғы интерпретация
Өмірдің мәнін негізгі тақырып етіп ұстанған ойшылдар
Сократ пен Платонның этикалық ілімдері
Стоя философиясы
Философия және мәдениеттану
Философия - ойлауға тікелей байланысты ғылым
Этика және аксиология
Антик философиясының кезеңдері
Философия пәні мен оның қызметі
Ежелгі грек антропологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz