Тау жасалу кезеңдері және оларға сипаттама
Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті
Баяндама
Тақырыбы: Тау жасалу кезеңдері және оларға сипаттама.
Орындаған:Аменов Ризабек
Тексерген:Хамитова Сая
Семей 2021
Сабақтың мақсаты: Таудың түзілу құбаласының ерекшеліктерін, олардың орналасу жерінің өзгешелігін білу керек.
Негізгі сұрақтары:
Тау жынысының бұзылуы
Таудың пайда болуы
Тау жасалу кезеңдеріне сипаттама
Геологиялық уақыт аралығында жер қыртысы жиі өзгерістерге ұшырап, ұдайы дамып отырады. Оған, ең алдымен, Жердің ішкі энергиясы мен қысым әсерінен жүретін түрліше козғалыстар әсер етеді. Жер қыртысындағы құрылымдарды қалыптастыратын бұл ішкі күштерді тектоникалық қозғалыстар деп те атайды. Тектоника -- жер қыртысының дамуын және оның ішкі күштер мен әртүрлі дәрежедегі иіліп-майысулар өсерінен өзгеруін зерттейтін геологияның бір саласы.
Тектоникалық қозғалыстардың ең маңыздыларының бірі -- материктердегі тау құрылу процестері. Олар қарқынды жанартау атқылаулары, күшті жерсілкінулері, тау жыныстарының құрамы мен құрылымының күрделі езгерістерімен қатар жүреді. Жер қыртысының геологиялық даму тарихында бірнеше рет күшті тау құрылу кезеңдері болған, оларды тау қатпарлықтары деп те атайды.
Жер қыртысының архей мен протерозой эраларында қалыптасқан неғұрлым тұрақты құрылымдарын платформа деп атайды.
Тектоникалық деректер бойынша, жер қыртысы дамуындағы ең ежелгі тау қатпарлығы ретінде байкал қатпарлыгын атайды. Бұл қатпарлық протерозойда басталып, палеозойдың басында аяқталды.
Байкал қатпарлығының құрылымдары мен олардың ерекшеліктері алғаш рет Байкал көлінің маңындағы тауларда анықталған, қатпарлық аты осымен байланысты қойылған. Сонымен қатар байкал қатпарлығының іздерін Шығыс Саян, Таймыр, Кореяжәне Арабия түбектерінен кездестіруге болады. Бұл кұрылымдар кейінгі тау жасалу қозғалыстары әсерінен өзгерістерге ұшыраған.
Палеозойдың силур, девон дәуірлерінде каледон қатпарлығы жүрді. Бұл таулар кейінгі герцин қатпарлығында көтерілген таулармен жымдасып, біртұтас тау жүйелерін түзді. Палеозойлық құрылымдардың басым көпшілігі кейінгі тектоникалық қозғалыстарәсерінен майысуларға ұшырап, ұзақ уақыт теңіз табанына айналды.
Теңіздік шөгінділерің қарқынды жиналуы жүрген бұл құрылымдар қазіргі кезде мұнай мен газға бай аудандар қатарына жатады. Палеозойлық іргетас мезозой және кайнозой жыныстарымен жабылған, салыстырмалы түрде тұрақты, жер бедері тегіс, жазық болып келетін мұндай құрылымдар жас платформалар немесе эпигерциндік (герциннен кейінгі) плиталар деп аталады. Олардың ең ірілеріне: Еуразияда Батыс Сібір, Тұран, Батыс Еуропа; Солтүстік Америкада Мексика шығанағы жағалауы жатады. Палеозойлық құрылымдар құрлықтың оқшау жатқан ежелгі бөліктерін біріктірген. Олар қазіргі материктердің негізін құрайды. Құрлыктың континенттік шөгінділер қалың жиналған бөліктерінде қазіргі ірі көмір алаптары қалыптаса бастады.
Мезозой эрасында бірнеше тау түзілу кезеңдерін біріктірген, жалпы атпен мезозой қатпарлығымеп аталған тау жасалу процесі қарқынды жүрді. Солтүстік жарты шар материктерінде бұл қатпарлық өте үлкен аумақты қамтып, ірі тауm жүйелерінің түзілуіне себепші болды. Мұндай құрылымдарға Кордильера, Солтүстік-Шығыс Сібір мен Сихотэ-Алинь таулары, Тибет жатады. Осы кезенде оңтүстік жарты шар материктерінде салыстырмалы түрде тыныштық жағдай орнады.
Палеогеннің соңы мен неогенде жүрген қарқынды тау жасалу қозғалыстары альпі қатпарлығы деп аталады. Бұл қатпарлықта Еуразиядағы аса ірі Альпі-Гималай геосинклинальдық белдеуінде орналасқан тау жүйелері көтерілді. Алыпі қатпарлығында тектоникалық әрекеттердің аса қаркынды жүруі бұл белдеуге көршілес орналасқан ежелгі тау құрылымдарының қайта жаңғыруына, көтерілуіне себепші болды.
Бұл күштер неотектоникалық қозғалыстар деп аталады, себебі бұл қозғалыстар әсерінен терең тектоникалық жарықтар пайда болып, салыстырмалы түрде ежелгі құрылымдар қозғалмалы (сейсмикалық) аудандарға айналды. Неотектоникалық қозғалыстар Тянь-Шань, Алтай, Саян,
Байкал тау жүйелерін қамтыды, олардың әсерінен бұл аймақтарда тауаралық ірі қазаншұңқырлар қалыптасты.
Кейбір аудандарда терең жарьщтар жердің терең кыртысы аркылы мантияға дейін жетіп ,рифтілер қалыптасты. Мүндай рифтілер катарына Байкал көлі мен Өлі теңіз табанындағы жөне Шығыс Африкадағы Үлы жарьщтар жатады. Терең тектоникалық жарьщтар бойында көл казаншүңкырлары орналасады. Дүниежүзілік мұхит табанында рифтілердің ең ірі жүйесі таралған, олар суасты орта жоталарына сәйкес келеді.
Материктердің Тынық мұхитпен жалғас бөліктері қазіргі кездегі тау жасалудың ең қарқынды жүріп жатқан аудандары болып табылады, бұл аймақ Тынық мұхиттық жанартаулық белдеу деп аталады. Бұл белдеуде қарқынды жанартау атқылаулары, күшті жерсілкінулер тоқтаусыз жүріп жатыр. Жанартаулық белдеу бойымен материктік литосфералық тақталардың аумағы біртіндеп ұлғаюда.
Қазіргі кезде құрлық пен мұхит табандарында 800-ден астам сөнбеген жанартау орналасқан. Олардан жылына 6 млрд тоннадан астам эффузивті жыныстар лава түрінде жайылып, жер қыртысын қалындатады
Стратиграфия -- геологияның бөлімі, тарихи геологияның негізі. Стратиграфия тау жыныстарының жатыс формаларын, олардың бір-біріне қатынасы мен горизонтальды және вертикальды бағыттарда ауысуларын зерттеп, жастарын анықтайды.
Өзен кен орнында терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы шамамен 3600 м шөгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның құрлымында триас, юра, бор, палеоген, неоген және төрттік шөгінділері орын алады. Олардың былай белгіленуі ұңғыма үлгітастарын зерттегенде алынған палеонтологиялық мәліметтерге және Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шөгінділерімен салыстыруға негізделген. Бөлімдер, ярустар және подярустар арасындағы шекаралар шартты, негізінен электрокаротаж бойынша жүргізілген. Соңғы кезде микрофауна мен т. б. зерттеулер арқасында қолда бар стратиграфиялық үлгілерді өзгертуге және анықтауға мүмкіндік туып отыр. Өзен кен орнының мұнайгаздылығы юра және кейде бор шөгінділеріне байланысты. Кен орнының геологиялық қимасында бор және юра шөгінділеріне қарасты 26 құмды горизонттары анықталған. І-ХІІ горизонттар (жоғарыдан төмен қарай) жасы бор-газды, XIII-XVIII горизонттар - жоғарғы және орта юра - кен орнының негізгі мұнай - газды қабаты, жеке күмбездерде төменгі юраның XIX - XXIV горизонттары мұнайгазды.
Пермь - триас (РТ) шөгінділері Өзен кен орнының ең көне жыныстары болып табылады.
Пермь - триас жүйесі (РТ)
Жоғарғы пермь терең метаморфизм іздері бар күңгірт полимикті құмтастармен және қара сланецтермен көрінеді. Төменгі триас (Т) шөгінділері қоңыр аргиллиттермен және орта түйіршікті құмтастармен орын алады. Бұл шөгінділердің оңтүстік Маңғыстаудағы қалындығы 440 метрге жетеді, жабынында шайылудың ізі бар.
Оленек және орта триас жыныстары құмтастар мен қышқылды туфтар қабатшалары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz