Баспасөз және сын жайында


Баспасөз және сын
Әдеби сынның даму арнасы - баспасөз. Сондықтан да сынның дамуы баспасөздбің дамуына тікелей байланысты. ХІХ ғасырдың екінші жарымында қазақ даласында баспасөздің тууы шын мәніндегі жазба әдеби сынның пайда болуына тікелей қолайлы жағдай туғызды. Әдебиетке қатысты алғашқы сын мақалалар ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде шыға бастаған. «Түркістан уәлаятының газеті», «Дала уалаятының газеті» беттерінде көрінді. Қазақ баспасөзінің қарлығаштары болған бұл газеттер әлеуметтік рухани ойларды оятумен бірге әдеби ой-пікірлердің де көшбасында тұрды. Бұл газеттер қаншама ресмиліктің қыспағына түссе де, қазақтың қоғамдық ой-пікірін оятуға себепші болды. «Түркістан уалаяты» газетінде қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтары, ақындардың өлең-жырлары, әңгімелері мен ертектері жарияланып отырған. 1875-1878 жылдар аралығында сыншылдық ой-пікірге қатысы бар материалдарды жариялап, халықтың сана-сезімін ояту бағытында бірқыдыру үлкен еңбек сіңірсе, екінші жағынан, қазақ әдебиет сынының тууына дайындық жасады. Бұл кезеңдегі әдеби сын элементтері әлі де болса саяси-экономикалық, тарихи-әлеуметтік мәселелермен қабаттаса айтылып, мәнді арна табуға ыңғайы бар екенін аңғартты. Қазақ әдебиет сынының эстетикалық дәрежесі мен өрісі онша биік талапқа жауап беріп, алқалы өңірден көріне қоймағанымен ел-жұртты елең еткізер екпінін аңғартып, өзінің жанрлық сипатын «Айқап» журанлы мен «Қазақ» газетінде айқын танытты. «Айқаптың» тұңғыш санынан бастап «Кітаптар жайынан» деген арнаулы бөлім ашылып, жаңа шыққан кітаптарға аннотация, жарнама-сын беріліп отырды. Айқап бетіндегі сын-ескертпелер мен мақалаларды негізінен екі салаға бөле қарастырамыз. Бірінші - педагогикалық сипаты айқын сыншылық ой-пікірлерді алдымен әңгімелейміз, өйткені бұл кезеңде мектептерді оқу құралдарымен қамтамасыз ету мәселесі ең көкейтесті праактикалық іс болатын. Екінші - әдебиетке тікелей қатысты жайлардан өрбитін сыни ойларға назар аударып, олардың жанрлық болмысы мен табиғатын айқындау қажеттігі негізгі проблема болмақ. «Қазақ» газетінің позициясы әшейіндегі ағартушылық идеясын насихаттау емес, нақты практикалық тұрғыдан шешуге, іске айналдыруға тырысқандығымен дараландырады, түбегейлі өзгерісті қалаған төңкерісшілдікті аңғартады. 1918 жылы шыққа «Абай» журналы жазба шешендіктің, ойды дөңгелетіп ажарлы жеткізудің жаңа бір амалын жасауға талпынды. Сонымен баспасөз бен сынның кіндігі бір екендігі осыншама сүбелі де жүйелі ой-пікірлерден аңғарылады. Сын - коллективтік ұжымның жігер-күшімен дүниеге келер жанр. Ұзақ толғақпен туған жанрды қазақ басылымдары аяқтандырып, көркемдік сахнасына еркін шығарды. Рецензия. - сын жанрларының ішіндегі ең көп қолданылатын өрісі көп жанр. (лат. тексеру, қарастыру, бағалау, пікір білдіру) . Р. дегеніміз әдеби шығарманы сыни тұрғыдан талдап қарастырып баяндайтын, пікір білдіретін әдеби сынның жанры. Рецензия -әдеби үдерістің барысында туындап отыратын әрбір жаңа шығармаға ізін суытпай, дер кезінде пікір білдіріп отыратын шапшаң жанр. Сондықтан да рецензия баспасөз бетінде жиі көрініп, көп оқылады. Оның осы қасиетіне байланысты болса керек, сын туралы қаулыда рецензияға баса назар аударылды. «Рецензиялау практикасында елеулі кемшіліктер бар. Жарияланған рецензиялар көп реттерде сыңаржақты сипатта болады, ешқандай негізсіз қағытушылық кездеседі, олар шығарманы атүсті айтып шығуға саяды, оның маңызы мен құндылығын нақты көрсетіп бере алмайды» деп, қатты сынға алды. Сөйтіп алдағы уақыттарда жаңадан шығып жатқан кітаптарды рецензиялау жұмыстарын жақсарту міндеттерін алға қойды. Қаулы шыққаннан кейін, баспасөз бетінде сынның рецензия жанры әдәуір жандана түсті. Республикадағы бірден-бір үлкен әдеби журнал «Жұлдыз» беттерінде рецензиялық мақалалардың жариялануы жиілей түсті. Рецензия сан жағынан ғана емес, жанрлық жағынан да жетіліп, сапасы арта түсті. Шағын көлемде толымды пікір айту, әсіресе, жас сыншылардың шеберлік мектебіне айналды. Жаңадан шығып жатқан шығармалар өзі туралы айтылар бағаны алғаш рет осы рецензиядан алып жатты. Әдетте рецензия шағын келеді. Әрине рецензия жанрында көрінген кейбір мақалалармен пікір жарыстыруға, талдаушылық шеберлігіне тоқталып жатуға мүмкіндіктің жоқтығынан олардыі кейбіреуіне ғана тоқтала кеткенді жөн көрдік. І. Есенберлиннің тарихи тақырыпқа жазған «Алмас қылыш» романының кезінде идеялық жағынан қатты сынға ұшырағаны белгілі. Осы роман кіретін «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» трилогиясына арнап белгілі әдебиетші Х. Әдібаев сын жазды. Автор «Сыншы міндеті - би болып, үкім шығару, кесім айту н/е мәңгілікке мандат беру емес, ойға ой, сезімге сезім қосып, шығарманың жетістік-кемістігін анықтау ғой деп түсінеміз. Алдымызда жатқан үш қалың кітаптың негізгі сипатын ағымыздан жарылып, газеттік маақаланың мүмкіндігінше талдадық-дей келіп, - Шығармада күрделі жемсі бар, жетістік аз емес; ренжітерлік, жетпей жатқан жерлерін де айттық . . . Қайталап айтамыз, жазушы І. Есенберлин бүгінгі таңда ел-жұртына мейлінше қажет, мың сан оқушысын тапқан, туған әдебиеттің тақырыптық шеңберін көбейткен күрделі романдар циклын бітірді»(«Қазақ әдебиеті», 12. 04. 1974) - деген ой түйеді. Шағын да шапшаң жанр рецензияның бірсыпырасы алдын-ала ойластырылған белгілі бір мақсаттармен жазылып, біржақтылыққа ұрынған, сөйтіп өзіне жүктелген абыройлы міндеттің үдесінен шыға ламаған кездері де болды. Сын қара қылды қақ жарып, шындықты шырылдап тұрып айтуға тиіс болса, кейбір рецензияларда бір кітапқа пікір айта отырып, авторының ар-ұжданына, намысына тиетін сөздер айтып, тіпті оның шығармашылық болашағын кесіп-пішіп қоятын жағдайлар да ұшырасты. Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Сын, сын тарихы және оны дәуірлеу мәселелері қазақ ғалымдары тарапынан біршама қарастырылған. Ол негізінен, қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеуге қатысты айтылған. Алайда бұл салада жүйелі зерттеулер мен өз бағыты айқындалған ізденістер бірден көріне қоймады. Бұл бір жағынан заңды да. Себебі кәсіби сынның қанаты қатайып, қалыптасып, кемелденбей жатып, оның тарихын дәуірлеу мәселесінің көтерілмейтіндігі, көтерілген күнде де нақты шешімін таба алмайтындығы мәлім. Ал қазақ әдеби сынының алғашқы нышандары сонау ауыз әдебиетінде көрініс бергенімен, шын мәніндегі сынның жалпы жұртшылыққа жол тартуы мерзімді баспасөзге байланысты болды. Осы кезеңде сынның жанрлық тұрғыдан жіктелу, кәсіби сипатының анықталуы, кәсіби сыншылардың бой көрсету процесі жүріп, шыңдап қалыптасып дамуға бет бұрды. Көркем әдебиеттің асылы мен жасығын таразылар, адал бағасын берер сыншылар пайда бола бастады.
Бұл орайда ақын-жазушы, қаламгерлеріміздің кәсіби сынның өрісін кеңейтуге қосқан үлесі ерекше. Әрине мұнда ауыз толтырып айтар ардақты есімдер қатарында А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, С. Торайғыров, М. Дулатов, С. Сейфуллин, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Жолдыбаев, Е. Бекенов, Ғ. Тоғжанов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. Қаратаев, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов және т. б. сап түзейтіндігі белгілі. Бұлардың әдебиет сыны мен әдебиеттану ғылымының қалыптасуына қосқан үлестері мол. Алайда сол кезеңдегі сынға, сын тарихына қатысты айтылған ой-пікірлердің көпшілігі кеңестік идеология талап-тілегімен жымдаса беріліп жатты. Солай бола тұрса да, олардың ішінде осы кезге дейін де өз маңызын жоймаған құнды ойлар бар. Бұл кезде сын және зерттеу мақалаларда маркстік-лениндік әдіснама талаптарына сай социалистік реализм көбірек сөз болды.
30-жылдары әдебиет сыны саласында аянбай еңбек еткендердің бірі сыншы Е. Ысмайыловтың, Қазақстан Жазушылар Одағының 1937 жылы мамыр айында сын туралы арнайы пленумы өтті. М. Қаратаевтың “Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері” деген баяндамасы, 1939 жылы маусым айында өткен Қазақстан жазушыларының ІІ съезінде жазушы Ғ. Мүсірепов сынның жай-күйі туралы баяндамасы және М. Әуезов әдебиеттану ғылымы, әдебиет сыны, әдебиет тарихы жайында мынадай ой тұжырымдары ерекше әдеби сын тарихында орын алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz