Қаржы мамандығы бойынша практика есебі



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
___________________________________ _________________

_________________________ тәжірибе бойынша
ЕСЕП

Орындаған: __________________
тобының студенті: ______________
Тексерген: оқытушы
_______________________

Павлодар 2015ж

ЖОСПАР
Тақырып 1. Кіріспе әңгіме. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау
Тақырып 1.1 Білім алушыларды танысу тәжірибесінің міндеттерімен, бағдарламасымен және тәртібімен таныстыру.
Тақырып 1.2 Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау.
Тақырып 1.3 Ұйымның құрылымымен таныстыру.
Тақырып 1.4 Құрылтай құжаттары, құрылымдық бөлімшелері, құрамы және олардың өзара қатынасы, қызметтері мен танысу.
Тақырып 1.5 Басқару органдарының құқықтары мен міндеттері мен танысу.
Тақырып 1.6 Меңгерген материалдарының қорытындысы бойынша білім алушылар ұйымның мекен-жайын, қызмет түрін, басқару органдарының сипаттама құруы .
Тақырып 2. Ұйымның қызметін жоспарлау бойынша құжаттармен танысу.
Тақырып 2.1 Ұйымның қызметін жоспарлау бойынша құжаттармен танысу.
Тақырып 2.2 Қабылданған бизнес-жоспарларды қарастыру.
Тақырып 2.3 Ұйымның бағдарламаларымен танысу.
Тақырып 2.4 Ұйымның құрылу мақсаттарына сипаттама жасау.
Тақырып 2.5 Ұйымның қызметтінің бағыттарына сипаттама жасау.
Тақырып 2.6.Ұйымның шығаратын өніміне, көрсететін қызметі мен жұмысына сипаттама жасау.
Тақырып 2.7 Сату нарығына сипаттама жасау.
Тақырып 2.8 Ұйымның қаржылық стратегиясы және тактикасы мен танысу
Тақырып 2.9 Ұйымның ағымдағы бюджетін қүру
Тақырып 3. Ұйымның қаржы қызметі жұмыстарымен танысу
Тақырып 3.1 Ұйымның қаржы қызметі жұмыстарымен және міндеттерді бөлуімен танысу.
Тақырып 3.2 Ұйымның қаржы қызметкерлерінің жұмысындағы және лауазымдық нұсқаулығындағы негізгі бағыттарымен танысу
Тақырып 3.3 Ұйымның бухгалтерлік есепті, құжат айналымы жүйесін ұйымдастырудың формалары мен әдістерімен танысу және қарастыру.
Тақырып 3.4 Ұйымның әрбір бөлімі қызметін қысқаша сипаттау.
Тақырып 3.5 Ұйым бухгалтериясының сызбасын құру
Тақырып 3.6 Ұйымның ұйымдастыру сызбасын құру.
Тақырып 4. Ұйымның қаржы саясаты
Тақырып 4.1 Ұйымның қаржы саясатымен танысу оны қалыптастыру, бөлу процестерін талдау.
Тақырып 4.2 Ұйымның материалдық және материалдық емес активтерін тиімді пайдалануына талдау жасау және бақылау.
Тақырып 4.3 Ұйымның қаржылық көрсеғткіштерін қалыптастыру және жоспарлау.
Тақырып 4.4 Ұйымның бухгалтерлік есебі мен қаржылық есеп беруін меңгеру.
Тақырып 4.5 Ұйым бөлімшелердегі әртүрлі ресурстардың қозғалысы мен пайдаланылуын, ұйымның қаржылық - шаруашылық қызметінің ішкі аудитін оқып білуді қарастыру.
Тақырып 4.6 Ұйымның қаржы саясатын сипаттау.
Тақырып 4.7 Ұйымның дивидендтік саясаты мен танысу.
Тақырып 4.9 Ұйымның қаржылық жағдайын экспресс - талдау
Тақырып 5. Материалдарды жинақтау және тәжірибе бойынша есепті ресімдеу
Тақырып 5.1Ұйымның салаларына қыскаша сипатама және жағдайына талдау жасау.
Тақырып 5.2 Ұйымның өндірістік қызметіне сипатама.
Тақырып 5.3 Өндірістін мамандауына және шикізатты жеткізушілерге, өтім жүйесін ұйымдастыруына сипатама.
Тақырып 5.4 Ұйым өнімдерінің (қызмет) қозғалыс түрлері
Тақырып 5.5 Әрбір бөлім қызметін қыскаша сипаттай отырып, ұйымның қаржы қызметінің жұмысын ұйымдастыруыны сипаттама беру.
Тақырып 5.6 Ұйымның қаржы саясатына сипаттама беру

Тақырып 1. Кіріспе әңгіме. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау
Тақырып 1.1 Білім алушыларды танысу тәжірибесінің міндеттерімен, бағдарламасымен және тәртібімен таныстыру.
Тақырып 1.2 Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау.
Роса Акционерлік қоғам басшыларының және ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға жауапты адамдардың (бұдан әрі - жауапты адам) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеру еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің комиссияларында өткізіледі.
Жауапты адамдардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеру үш жылда кемінде бір рет өткізіледі.
Жұмысқа қабылданған жауапты адамдар еңбек шартына қол қойған күннен кейін бір айдан кешіктірмей еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеруден өтуі тиіс.
Білімін тексеру алдында өндірістік ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар тиісті жоғары оқу орындарындағы біліктілікті жоғарылату курстарында оқып шығады.
Білімді тексеру жұмыс беруші бекіткен және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген кесте бойынша жүргізіледі.
Жауапты адамның білімін тексеру үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің емтихан комиссиясы тестілеу әдісін немесе емтихан билеттерін пайдалана алады. Емтихан билеттері немесе тестілер өндірістің ерекшеліктерін, мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын ескере отырып әзірленеді және оларда:
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (47-тарау) бойынша;
"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы", "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы", " Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы " Қазақстан Республикасының Заңдары бойынша;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер бойынша мәселелер көзделуі тиіс.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің емтихан комиссиясы жауапты адамдардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексергеннен кейін төмендегі шешімдердің біреуін қабылдайды:
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеруден өтті;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі білімін қайта тексеруге жатады.
Емтихан комиссиясының шешімі ашық түрде дауыс беру арқылы қабылданады.
Білімдерін тексеру нәтижелері осы Ережеге 1-қосымшадағы нысанға сәйкес хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға емтихан комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өткен жауапты адамдарға хаттамадан көшірме беріледі.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеруден өтпеген жауапты адам білімін қайта тексеруден өткенше атқаратын лауазымында қалады. Білімін қайта тексеру білімін тексеру өткізілген күннен бастап үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі білімін қайта тексеруден өтпеген жағдайда жауапты адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетіледі.
Жауапты адамдар төмендегідей жағдайларда:
жаңа жабдық іске қосылғанда немесе жаңа технологиялық процестер енгізілгенде;
жауапты адамның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қосымша білімінің болуын талап ететін өзге жұмыс орнына ауыстырылғаны немесе өзге лауазымға тағайындалғаны жағдайда;
топтық, өліммен немесе ауыр салдармен (мүгедектікке әкеп соққан) жазатайым оқиғаларға жол берілген кезде, сондай-ақ, апат, жарылыс, өрт немесе улану туындаған кезде;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің талабы бойынша;
жұмыста бір жылдан астам үзіліс болғанда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі білімін осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген мерзімнен тыс уақытта қайта тексеруден өтеді.
Ұйымдардың емтихан комиссияларының шешімдеріне байланысты даулар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда немесе сотта қаралады.

0.3 Ұйымның құрылымымен танысу
Роса Акционерлік қоғамының негізгі қызмет түрі болып сыраны, минералды суды және алкаголсіз сусындарды өндіру және оны өткізумен байланысты қызмет табылады. Роса Акционерлік қоғамы павлодар өңірінде орналасқан, өзінің қызмет түрін Павлодар облысының өңірінде және Қазақстан Республикасының басқа да төңіректерінде өткізеді.
Акционерлік қоғам мемлекет алдында заңды тұлға болып саналады. Акционерлік қоғам өзінің құқығын және заңды тұлғаның міндеттерін мемлекеттік тіркеуден өткен кезде алады.
Артықшылықтары мен жетіспеушіліктері:
- АҚ өз атынан келісімдерді іске асыруға, келісім-шарттар жасасуға, мүліктік және жеке жеке мүліктік емесе құқықтарға ие болу және оған жауапкер болу, сотта талапкер немесе жауапкер болуға құқылы;
АҚ дербес теңдік ала алады, банкілерде есеп айыратын және басқа да шоттары болады;
Толық шаруашылық есеп-қисап негізінде, өзін-өзі қаржыландырудың, өз шығынын өзі өтеушілік негізінде жұмыс істейді.
Қазақ тілі және орыс тілінде жазылған өз атауы бар мөріне ие;
Өз акционерлерінің мүлкінен өзгеше өз мүлкіне ие, және оған тиесілі барлық мүлігіне қатысты міндеттеріне жауап береді;
Акционерлер АҚ-ның міндеттеріне жауап бермейді және АҚ жұмысы кезінде пайда болатын зияндарына өзіне тиесілі акциясының бағасы мөлшерінде жауап береді.
АҚ шектелмеген мезгілге жасалады, мемлекет және құрылтайшылар қоғам міндеттемелеріне жауап бермейді;
Тек қана директорлар кеңесі мен оның өкілдіктерінің рұқсаты арқылы АҚ Қазақстан Республикасы аумағында өзінің бөлімшелері мен өкілдіктерінаша алады және сол кезден бастап директорлар кеңесі мен оның өкілдіктерінің көмегімен айналым құрылымдарын алып, кеңеспен қолдаған олар туралы жайлар негізінде жұмыс істейді.

1.3 Құрылтай құжаттары, құрылымдық бөлімдері құрылдым және оларды өзара қатынасы, қызметімен танысу
Акционерлік Қоғамның құрылтай құжаттары ретінде Акционерлік қоғамның жарғыс танылады.
Акционерлік Қоғамның жарғысында Қоғамның құрылтайшылары олардың үлес салмағы, сонымен қатар Акционерлік Ұоғам үлескерлерінің пайдасы мен тәуекелдері және басқа да жағдайлары айқын көрсетілген.
Кәсіпкерліктің негізгі құжаты ретінде жарғы танылады.
Жарғы - белгілі заңды ретте тіркелген және бекітілген ережелердің күмбезі. Ол ұйымның негізгі қызмет трлерін, яғни оның мақсаты мен себептерін, білім және қызметтің принциптерін, құрылымды, құрылғыны, басқа беттермен және мемлекеттік органдармен қарам-қатынас жасауын, құқық және міндетті анықтауды реттейді.
Қоғамның жалпы жиналыстарының шешімі негізінде АҚ-ның жарғылық капиталы ұлғаюы немесе азаюы мүмкін.
Шаруашылық және қаржылық қызметіне басқаруын бақылауды Қоғам Тексерушісі жүргізеді. Акционерлердің жалпы жиналысында директорлардың кеңесіне тесеруші тексеру нәтижелері туралы баяндайды. Тексеруші жылдық есептеу мен балансы нәтижелеріне сәйкес қорытындысын құрастырады.
Жиналыс ревизордың нәтижесінсіз жылдық теңдікті, басқа да қоғам есептеулер нәтижесін бекітуге және таза табысты таратуға құқығы жоқ.

Тақырып 1.5 Басқару органдарының құқықтары мен міндеттері мен танысу.
Бөлім басшысына өз басқаруындағы бөлімнің сектор меңгерушілері, бас мамандары бағыныста болады.
Бөлім басшысы уақытша еңбекке жарамсыз,іссапарда немесе кезекті еңбек демалысында болған кезде осы бөлім басшысының орынбасары алмастырады.
Бөлім басшысының құқықтары
Өз өкілеттігін жүзеге асыру барысында мемлекеттікқызметті жетілдіру мәселелері бойынша басшыларға ұсыныстар енгізуге;
Өзге мекемелерден өз өкілеттігін жүзеге асыруға қажетті мәліметтер алуға;
Бағынысты қызметкерлерге бөлімніңқызметін жүзеге асыруға бағытталған тапсырмаларды беруге;
Бағынысты қызметкерлерден бөлімнің ішкі тәртібін сақтауды талап етуге құқылы.

Тақырып 1.6 Меңгерген материалдарының қорытындысы бойынша білім алушылар ұйымның мекен-жайын, қызмет түрін, басқару органдарының сипаттама құруы .
Роса АҚ үш басқарушы директордың басқаруы арқылы өз қызметін жүзеге асырады. Оларға нақтырақ тоқталар болсақ:
Етекбай Ербол Габдулайулы 1961 жылғы, 200 жылдың 16 - шы қазанынан бастап Роса АҚ-ның директоры қызметін атқарады, Роса АҚ-ның директорлар кеңесінің мүшесі.
Бекжигитов Жасулан Кесенбаевич 2008 жылдың 14-ші маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін АҚ-ның директоры, Роса АҚ-ның директорлар кеңесінің мүшесі.
Масатбаев Айдар Оралжанович 2008 жылдың 12-ші желтоқсанынан бастап директорлар Роса АҚ-ның кеңесінің мүшесі.

Тақырып 2. Ұйымның қызметін жоспарлау бойынша құжаттармен танысу.
Тақырып 2.1 Ұйымның қызметін жоспарлау бойынша құжаттармен танысу.
Ұйымның қызметін жоспарлау Акционерлік қоғамның жарғысына негізделе отырып, құрылтайшылар жасаған стратегиялық маңызы бар жоспарлар арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда ұйымның құрылтайшылармен келісіліп жасасқан стратегиялық жоспары, 9.12. 2014 жылы жасалған 2014-2017 стратегиялық жоспары бар. Бұл жоспарда:
oo "Роса" Акционерлік Қоғамының қызметін жетілдіру салалары айқындалған;
oo "Роса" Акционерлік Қоғамының жарғық қорын толықтыру;
oo Роса акционерлік қорының инвестициялық тартымдылығын арттыру;
oo АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын нығайту;
oo АҚ-ның еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
oo Еңбекақы көлемін арттыру;
oo Қызметкерлердің жұмыс сапасын жоғарлату;
oo Жаңа құрал- жабдықтар сатып алу;
oo Резервтік қор көлемін ұлғайту;
oo Шығындар көлемін азайту;
oo Шикізат қорын нығайту;
oo Сусындардың жаңа желісін шығаратын техникамен өндірісті қамтамасыз ету
oo "Роса" Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайын жақсарту. Осы бөлімдер арқылы стратегиялық жоспарда осы 3 жыл ішінде Акционерлік Қоғамның жұмысын жандандыру бойынша барлық жобалар жазылған.

Тақырып 2.2 Қабылданған бизнес-жоспарларды қарастыру.
Бизнес жоспар - фирма туралы инвестор немесе кредитор өз ойын құрастырады және қаржы жағдайын ойластырады.Ең басты принцип - талап ету, яғни өздері таңдаған нарық боцйынша тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыру. Уникальность - орынды, персоналдарыд бар мүмкіндігінше толық пайдалану, тиімді еті. Шынайылық - кредиторды бизнеске салынған қаржыны ақтап шығатынына көз жеткізу.

Тақырып 2.3 Ұйымның бағдарламаларымен танысу.
Кәсіпорында берілген бағдарлама бойынша Акционерлік қоғамнның актив құрамын арттыру ал пассив құрамын азайту белгіленген. Олар төмендегі кестелерде.
Кесте 2.1 - Роса АҚ-ның баланс активі құрылымына жоспар жасау
Көрсеткіштер
2016 жыл
2017 жыл
2018 жыл
Қарқын
ды өсу (%)
Қарқынды өсу (%)

млн. тенге
млн. тенге
млн. тенге

Ақшалай қаражат және олардың баламасы
127799
255245
161088
99,7
-36,9

Міндетті қор
55106
87268
30825
58,4
-64,6
Қаржылық активтер, кіріс не шығынның әділ құны арқылы бағаланушы
53195
48073
14987
-9,6
-68,8
Несие мекемелерін
дегі қаражат
2049
3398
10357
65,8
+204,7
Инвестиция
лық құнды қағаз, сату үшін қолда орын алады
123339
107839
135801
-12,5
+26,0
Жабуға дейінгі ұсталатын инвестиция

8689

Негізгі қаражат
16412
22766
58023
38,7
+154,8
Іскерлік репутация
3265
3265
3190
0
-2,3
Материалдық емес активтер
1538
3841
6436
149,7
+67,6
Сақтандыру активтері
5626
3886
4417
-30,9
13,7
Басқа активтер
6814
19221
29256
182,1
+52,2
БАРЛЫҚ АКТИВ
991359
1595075
1651349
60,9
3,5

Тақырып 2.4 Ұйымның құрылу мақсаттарына сипаттама жасау.
Роса Акционерлік қоғамының құрылтайшыларынан (акционерлерінен) алынған жарғылық капиталдың көлемі 52 089 000тенгені құрайды.
Жарғылық капиталдың көлемін ұлғайту жалпы акционерлер отырысының шешімімен жүзеге асырылады немесе Қазақстан Республиикасының заңнамаларында бекітілген акцияларды шығару және тарату көлеміне сәйкес жүзеге асырылады.
Роса Акционерлік қоғамы қарапайым және артықшылықты түрдегі акцияларды шығаруға құқылы. Қоғамның акциялары құжатсыз формада шығарылады.
Роса акционерлік қоғамының тартылған акцияларының көлемі 104 178 дананы құрайды, оның ішінде:
қарапайым акциялар 100 428 дана;
артықшылықты акциялар 3 750 дана.
Қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санына акцияның бақылау пакеті 75 пайызды құрайды.
Қоғамның құрылтайшыларының (акционерлерінің) арасында таратылған акциялардың көлемі:
қарапайым акциялар 100 428 дана;
артықшылықты акциялар 3 750 дана.
Қоғамның құрылтайшылары арасында таратылған акциялардың наминалдық құны 52 089 000 дананы құрайды.
Қарапайым акциялар акционерлерге акционерлер жиналысына қатысуға, барлық мәселелер бойынша дауыс беругеакциялары бойынша дивидент алуға, сонымен қатар акционерлік қоғам таратылған жағдайдаоның мүлкінің бір бөлігін иеленуге құқы береді.

Тақырып 2.5 Ұйымның қызметтінің бағыттарына сипаттама жасау.
Роса Акционерлік қоғамының негізгі қызмет түрі болып сыраны, минералды суды және алкаголсіз сусындарды өндіру және оны өткізумен байланысты қызмет табылады. Роса Акционерлік қоғамы павлодар өңірінде орналасқан, өзінің қызмет түрін Павлодар облысының өңірінде және Қазақстан Республикасының басқа да төңіректерінде өткізеді.

Тақырып 2.6.Ұйымның шығаратын өніміне, көрсететін қызметі мен жұмысына сипаттама жасау.
Қазіргі кезеде Роса АҚ-мы өнімнің көптеген түрлерін шығара бастады. Ең алдымен бұл сыраның үш түрі:
- Павлодарское сырасы, осы сыраны өндіру барысында класикалық неміс техналогиясы қолданылады, сондай-ақ жорғары сапалы европалық фирмалардан алдырылған қосапаларды және жұмсақ әрі таза суды пайдалана отырып өндіріледі.
- класикалық класикалық техналогиялардың негізінде жасалған сыралар;
- айрықша сыраның құрамына жұмсартатын қоспалар қосу арқылы өндірілетін сыра;
- элитное - жұмсақ және ашық түсті, айрықша хмел дәмі бар сыра.
Сыралырды әдетте 0,5сыймдылығы бар шілден жасалған бөтелкелеге және 30литр және 50 литр сыймдылықты КЕГ бөшкелеріне құйылады.
2008 жылы алкаголсіз сусындарды өндірі және сату келесідей келесідей түрлерде болды:
- Дюшес газдалған сусыны - ол ашық түсті, қышқыл-тәтті және түссіз болып келеді;
- Оранж газдалған сусыны - ол тоорғылт келген, қышқыл-тәтті дәмі бар және апелсиннің дәмі бар сары түсті болып келетін сусын;
- барбарыс газдалған сусыны - ол көрнекті, қышқыл-тәтті және түссіз сусын болып келеді.
- Кола газдалған сусыны - ол көрнекті, тәтті, дәмі Колаға сай келетін, қоюқоңыр түсті сусын болып келеді.
- квас газдалған сусын - тұнық, қышқыл-тәтті, ашыған наның дәмі бар және қою-қоңыр түсті болып келетін сусын.
Қоғамның жалпы жиналыстарының шешімі негізінде АҚ-ның жарғылық капиталы ұлғаюы немесе азаюы мүмкін.
Шаруашылық және қаржылық қызметіне басқаруын бақылауды Қоғам Тексерушісі жүргізеді. Акцционерлердің жалпы жиналысында директорлардың кеңесіне тесеруші тексеру нәтижелері туралы баяндайды. Тексеруші жылдық есептеу мен балансы нәтижелеріне сәйкес қорытындысын құрастырады.
Жиналыс ревизордың нәтижесінсіз жылдық теңдікті, басқа да қоғам есептеулер нәтижесін бекітуге және таза табысты таратуға құқығы жоқ.

Тақырып 2.8 Ұйымның қаржылық стратегиясы және тактикасы мен танысу
Қаржылық есеп беру пайдаланушылардың көптеген бөлігіне экономикалық шешімдерді қабылдау барысында ұйымның қаржылық жағдайы туралы, қызметінің нәтижелері туралы және ақша қаражаттарының ағымы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қаржылық есеп ұйымның ресурстарын басқару бойынша басқарушылардың қызметінің нәтижелілігін көрсетеді. Қаржылық есеп ұйымның келесі көрсеткіштері туралы ақпарат береді: ұйымның активтері, міндеттемелері, меншікті капиталы, кірістері мен шығыстары, ақша қаражаттарының ағымы туралы.
Есеп саясатын қалыптастырған соң қаржылық есептің халықаралық стандартына көшу күнімен байланысты енгізілу балансын құрастыру керек және ондағы барлық мәліметтер қаржылық есептің халықаралық стандартының қойылатын талаптарына сай келуі тиіс.

Тақырып 2.9 Ұйымның ағымдағы бюджетін қүру
Кәсіпоырндағы құрылымдық бөлімшелерінің қызметтерін, бюджеттік жоспарлауды ұйымдастыру мақсатында бюджеттердің өтпелі жүйесін құуға кеңес береді және төменгі функционалдық бюджеттерден құралған:
- сату бюджеті;
- өндіріс бюджеті;
- еңбек ақы қоры бюджеті;
- материалдық шығындар бюджеті;
- басқа да шығындардың бюджеті;
- және т.б.
Бюджеттеу үрдісі - бұл бірнеше кезеңдерден өтетін және әртүрлі бюджеттерді құру мен құрастыруды талап ететін,біршама қиын үрдір.
Осы құжатты құрастыру келесі жылға сату бюджетін қалыптастырудан басталады. Берілген бюджет маркетинг бөлімімен ұсынылған мәліметтері бойынша құралады және оған қойылған негізгі талап - шамалы нақтылық пен тұрақтылық.

Тақырып 3. Ұйымның қаржы қызметі жұмыстарымен танысу
Тақырып 3.1 Ұйымның қаржы қызметі жұмыстарымен және міндеттерді бөлуімен танысу.
Роса Акционерлік қоғамы қаржы қызметі жұмыстары қаржы және экономика бөлімдеріне толық негізделген.
Барлық жүзеге асырылатын қаржылық міндеттемелер мен қаржылық жоспарлар, сондай - ақ стратегиялық жоспарлар қаржы бөлімінде талқыланады.
Ал барлық қаржылық жоспарлар мен шаруашылық операциялар тізімдемесі экономика бөлімінің бас экономисті арқылы бекітіледі және басшылық қарауына жібереді.
Роса Акционерлік қоғамындағы барлық қаржы-шаруашылық оерациялар мен есеп қисаптар акционерлік қоғамның бухгалтериясында жүзеге асырылады. Оған жауапты адам бас бухгалтер болып саналады.
Ал ақшалай қолма-қол және қолма-қолсыз операциялар акционерлік қоғамның кассасында жүзеге асырылады.

Тақырып 3.2 Ұйымның қаржы қызметкерлерінің жұмысындағы және лауазымдық нұсқаулығындағы негізгі бағыттарымен танысу
Лауазымдық нұсқаулық - - кәсіпорын қызметкерінің функциялары, міндеттері мен құқықтары айқындалатын құжат. Лауазымдық нұсқаулық еңбек қатынастарында даулар, келіспеушіліктер пайда болған жағдайда қажет. Лауазымдық нұсқаулық негізінде қызметкермен еңбек шарты жасалады.
Лауазымдық нұсқаулықты кадр қызметі жасайды, кәсіпорынның басшысы бекітеді. Лауазымдық нұсқаулыққа енгізілетін барлық елеулі өзгерістер бастықтың бұйрығымен ресімделеді. Лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының талаптарын ескере отырып, 1999 жылғы 16 қазандағы № 22 СмиС комитеті бекіткен Қазақстан Республикасының АК 01-0-99 жіктеу негізінде жасалады.
Сауатты жасалған лауазымдық нұсқаулық қызметкердің міндеттері туралы айқын түсінік береді және еңбек дауларын дұрыс шешіп отыруға көмектеседі. Әйтсе де, бұл нормативтік акті көп жағдайда бағаланбайды, оған немқұрайды қарайды.
Лауазымдық нұсқаулық қызметкерлерді аттестациялау, жұмыскерді сынақ мерзімі ішінде жұмыстан босату, қызметкерлерді немесе штатты қысқарту кездерінде де қажет болады. Сол үшін де бұл актіні терістеуден гөрі қабылдау пайдалырақ болып табылады.
Лауазымдық нұсқаулық әрқашан қолданыста болуға тиіс, ол компаниядағы құрылымдық және ұйымдық өзгерістерді жедел де, нақты әрі айқын көрсетіп отыратындай болуы шарт.
Нұсқаулықты әзірлеуге кіріспес бұрын, ең алдымен бұл істі дұрыстап ұйымдастырып алу керек. Бұл орайда әуелі Лауазымдық нұсқаулық туралы ереже дайындау керек болады. Ол арнайы құжатта жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулығы туралы келісу, оны бекіту, қабылдау және сақтау ережелері белгіленіп, нұсқаулық мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ жұмыс беруші тарапынан жасалатын бұл актілердің дер кезінде әзірленуіне тікелей жауапты тұлғалар көрсетілуі тиіс.
Лауазымдық нұсқаулық туралы ереже - міндетті құжат емес, бірақ нұсқаулық әзірлеуге қатысты жұмыстарды ретке келтіріп, бір жүйеге түсіргіңіз келсе, олардың нақтыланып, заңдық күшіне ие болуын қаласаңыз, жұмыс берушінің бұл актісіне жауапкершілікпен қарағаныңыз жөн.
Ереже жобасын әзірлеу көбінесе кадрлар бөліміне жүктеледі. Лауазымдық нұсқаулық ережесінің әзірленген жобасы ұйым басшысына қол қоюға беріледі. Жоба бекітілгеннен кейін өз күшіне енеді.

Тақырып 3.3 Ұйымның бухгалтерлік есепті, құжат айналымы жүйесін ұйымдастырудың формалары мен әдістерімен танысу және қарастыру.
Бухгалтерлік есептің мақсаттары:
бухгалтерлік есепті нормативті-құқықтық құжаттар негізінде ұйымдастыру;
бухгалтерлік есеп шоттарда бастапқы құжаттар негізінде ақпарат жинақтау;
бухгалтерлік есептің принциптерін қатаң сақтау;
қаржылық есепті пайдаланушыларға дұрыс және мерзімді беру.
Бухгалтерлік есептің есеп саясаты бойынша талап етілетін қағидалары: есептеу, ұздіксіздік, түсініктік, сақтық, орындылық, сенімділік, салыстырмалық, маңыздылық, толықтылық, уақытылық кәсіпкерлік.
Кәсіпорындағы шарушалық процесстер бойынша жасалған шаруашылық операциялар міндетті түрде бухгалтерияның журналдарында (тіркелімдерінде) тіркеліп бастапқы (тиісті) құжаттармен расталады. Құжаттар операция түріне қарай журналдарға тіркелгеннен кейін бухгалтермен бухгалтерлік есеп шоттарда бейнелінеді (бухгалтерлік проводкалар жасалады). Компьютерлік бухгалтерлік бағдарламасы бар кәсіпорындарда бастапқы құжаттар компьютерлік бағдарламаға бухгалтермен еңгізіледі де есептік кезеңнің бастапқы құжаттарына өз ретімен бухгалтерлік өңдеу жасалып ай соңында жеке шоттар бойынша бухгалтерлік есептің қорытыны жинақталады. Осы есептер бас бухгалтермен тексеріліп айналым ведемос қалыптасып содан кейін баланс құрастырылады да пайдаланушыларға тиісті формалары бойынша таратылады (тапсырылады).

Тақырып 3.4 Ұйымның әрбір бөлімі қызметін қысқаша сипаттау.
Акционерлік қоғамның ұйымдастырылу құрылымына цех, бөлімдер, өнім шығары процессіндегі байланыс, қызмет көрсету жатады.
Ұйымдастырылу құрылымы еңбекті кәсіпорынның бөлімшелері мен олардың корпорацияға бөлінуін мінездейді. Ол кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштеріне, кәсіпорынды басқару құрамына, оперативті және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруына нақты әсерін тигізеді.
Кәсіпорынның ұйымдастырылу құрылымы динамикалық болып табылады. Техниканы және кәсіпорын техналогиясын басқаруды, кәсіпорынды ұйымдастыруды, еңбекті жетілдіру барысында оның өндірістік құрылымы да жетілдіріледі.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымына бөлімінің, цехтың, қызметтің, өзара байланыс формаларының пайда болу құрамы ретінде түсіндіріледі. Жұмыс орыны, бөлімдері, цехтар кәсіпорынның өндірістік құрылымының басты элементі болып табылады.
Кәсіпорынның бірінші құрамдас бөлігі - жұмыс орыны болып табылады. Жұмыс орыны - бұл өндірістік құрылымында бір немесе бірнеше жұмысшылармен қызмет көрсетілетін, белгілі бір өндірістік немесе қызмет көрсету операцияларын орындауға арналған, керекті заттар мен ұйымдастырушылық-техникалық құрылымымен жабдықталған ұйымдастырушылық қатынастың бөлінбейтін бөлігі.
Учаске - жұмыс орынының белгілі бір қатарын біріктіретін белгілі бір белгілер бойынша топтастырылған, жалпы өндірістік процестің өнімді өндіру және өткізу процесіне қызмет көрсетудің біраз бөлігін жүзеге асыратын өндірістік бөлімнің бір бөлігі.
Әрқашан техникалық байланыспен өзара байланысқан учаскілерді цехтар біріктіреді.

Тақырып 3.5 Ұйым бухгалтериясының сызбасын құру
Ұйымның бухгалтериясы

Бас бухгалтер

Бухгалтер

Касса

Кассир

Тақырып 3.6 Ұйымның ұйымдастыру сызбасын құру.
Акционерлік қоғамға басшылық етуді әрине директор жүзеге асырады. Акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық құрылымын толық нышанды көру үшін төмендегі суретке назар аударайық.

Бухгалтерия

Бас инжинер

Қоғамның директоры

Жоспарлы-экономикалық бөлім
Директордың орынбасары

экономика

Техникалық бөлім

цехтар

Еңбек ақы бойынша еңбек инжинері (мөлшерлеуші)

Көмекші цехтар

Сурет 2.1- Роса Акционерлік қоғамының ұйымдастырушылық құрылымы

Тақырып 4. Ұйымның қаржы саясаты
Тақырып 4.1 Ұйымның қаржы саясатымен танысу оны қалыптастыру, бөлу процестерін талдау.
2.9 кесте - іскери белсенділік көрсеткіші
Көрсеткіш атауы
01.01.
2013ж.
01.01.
2014 ж.
01.01.
2015 ж.
Капиталдың жалпы айналымдағы коэффициеннті
(ресурс қайтарымдағы)
1,584
2,546
2,465
Кайналымдағы қаражат айналымдылық коэффициенті
2,026
3,450
3,415
Айналымдағы қаражаттың айналым кезеңі
177,69
104,35
105,42
Материалдық айналымдағы қаражаттың айналымдылық коэффициенті
2,611
4,940
5,191
Материалдық айналымдағы қаражаттың айналымдылық кезеңі
137,88
72,87
69,35
Дебиторлық берешек айналымдылық коэффициенті
9,282
11,89
10,98
Дебиторлық берешек айналымының кезеңі
38,78
30,28
32,79
Кредиторлық берешек айналымдылық коэффициенті
0,294
6,590
23,45
Кредиторлық берешек айналымының кезеңі
12,24
54,63
15,35
Меншікті капиталдың айналымдылық коэффиценті
-49,62
-90,12
90,12

Ресурс қайтарымның ұлғаюы талдамамалы кезеңде кіріс әкелетін өндіріс және айналымның толық циклі жедел болуын көрсетеді.
Меншікті капитал айналымдылық коэффициенті қызметтің әр түрлі аспектісін сипаттайды, қаржылық тұрғыдан меншікті капитал жеделдігін, ал экономикалық тұрғыдан акционерлер ақшалай қаражатының белсенділігін сипаттайды. Талдамалы кезең ішінде айналымдылық коэффициенті 01.01.05 ж. -49,62 %-дан 01.01.07ж. 90,12 %ға дейін өсті. Коэффициенттің бұл ұлғаюы өткізуден ақшалай түсімнің ұлғаюымен, сондай-ақ меншікті капиталдың азаюымен байланысты.
Өткен жылмен салыстырғанда 2006 жылы айналымдағы барлық қаражаттың айналым ұзақтылығы 73,34 күнге (104,35 - 177,69) қысқарды, бұл кәсіпорын қызметінде оң сипатқа тиесілі. Алайда, өндірістік қорларға салынған қаражат фактісі толық циклді өтеді және 104,35 күн ішінде ақша нысанына тиесілі, бұл кәсіпорын өнімді өткізу және дебиторлық берешекпен қиыншылықтар бар екенін куәландырады.
Дебиторлық берешектің коэффициенті кәсіпорынның дебиторлық берешегіне тартылған қаражат айналымының жылдамдығын көрсетеді. Бұл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, сату мен ақшаны алу арасындағы уақыт соншалықты қысқа болады. Күндер бойынша көрсетілген бұл көрсеткіш кәсіпорын қаражатының дебиторлық берешектегі ұзақтылығын немесе ксәіпорынға берілетін коммерциялық кредит мерзімін көрсетеді.
Дебиторлық берешек айналымының ұзақтылығы 2005 жылы 38 күн, 2006 жылы - 30 күн, 2007 жылы - 32 күн құрайды. Айналым ұзақтылығын ұлғайту сатып алушы мен тапсырыс берушімен есеп айырысудың бақылаусыз жағдайы, кәсіпорын алымдарды жинай алмайтыны туралы куәландырады. Тауарлық кредиттің зор мерзімі (32 үн) кәсіпорын өткізілген өнімінің жарты құнын ғана алатынына әкеп соғады, бұның салдарынан өндірістің пайдалылығы төмендейді.
Кәсіпорынның айналымдағы қаражаттың айалымдығына байланысты 2006 жылы 1019029 мың теңге ((5002080360)∙(104,35-177,69)) босатылды, ал 2007 жылы 18319 мың теңге ((6163696360)∙(105,42-104,35)) тартылды.
Тақырып 4.2 Ұйымның материалдық және материалдық емес активтерін тиімді пайдалануына талдау жасау және бақылау.
Талдаудың басты мақсаты қаржылық қызметінде уақытылы анықтау және кемшіліктерді жою, кәсіпорынның қаржылық жағдайының және оның төлем қабілеттілігін жақсарту резервін табу.
Кәсіпорын мүліктің құрылымы және оны құру көзі 2.2. кестеде ұсынылды.

3.1 кесте - кәсіпорын мүлігінің құрылымы және оны құру көзі
Көрсеткіш атауы
Абсолютті өлшем, мың теңге
Көрсеткіштерге қатысты, %

01.01.
2005 ж.
01.01.
2006 ж.
01.01.
2007 ж.
2005 ж. қарағанда 2007 ж. өзгеріс

01.01.
2005 ж.
01.01.
2006 ж.
01.01.
2007 ж.
2005 ж. қарағанда 2007 ж. өзгеріс
өсу қарқыны
Баланс қорытынды-сының өзгеруіне баптың өзгеріс
Айналымнан тыс активтер
427852
514479
695777
+267925
21,82
26,19
27,83
+6,01
+62,62
+49,66
Айналымдағы активтер
1533021
1450031
1804671
+271650
78,18
73,81
72,17
-6,01
+17,72
+50,34
- материалдық активтер
1189330
1012557
1187489
-1841
60,65
51,54
47,49
-13,16
-0,16
-0,34
- дебиторлық берешек
334555
420840
561140
+226585
17,06
21,42
22,44
+5,38
+67,73
+41,99
- ақшалай қаражат және қысқа мерзімді инвестициялар
9136
16634
56042
+46906
0,47
0,85
2,24
+1,77
+513,42
+8,69
Мүлік жиыны
1960873
1964510
2500448
+539575
100
100
100
0
+27,52
100
Меншікті капитал
(62583)
(55503)
6839
+69422
3,19
2,86
0,27
-2,92
-110,93
+12,87
Міндеттемелер
2023456
2020013
2493609
+470153
103,19
102,86
99,73
-3,46
+23,24
+87,13
- ұзақ мерзімді міндеттемелер
440412
247804
450429
+10017
22,46
12,61
18,01
-4,45
+2,28
+1,86
- қысқа мерзімді кредиттер
527784
1013173
1780336
+1252552
26,92
51,57
71,21
+44,29
+237,32
+232,14
- кредиторлық берешек
1055260
759036
262844
-792416
53,82
38,64
10,51
-43,31
-75,09
-146,85

2013-2015 жылдар ішінде кәсіпорын мүлігінің құны 539575 теңгеге немесе 27,52%-ға өсті. Бұл өзгеріс сыртқы айналымдағы активтер көлемі 49,66%-ға және айналымдағы қаражат көлемінің 50,34%-ға ұлғаюымен шартталған. Бұл өзгерістер оң өзгеріс деп есептеледі, себебі кәсіпорын өз қызметін кеңейтеді және өзінің мүліктік әлеуетін ұлғайтады. Валюта балансының өзгеруі негізінен ұзақ мерзімді инвестициялар мен ақшалай қаражаттың ұлғаюы есебінен болды. Активтер құрылымында едәуір үлес салмағы 2013 жыл, тиісінше 2014 жыл және 2015 жылы ішінде 78,18%, 73,81% және 72,17%, бұл кезең соңына елеусіз төмендейді (3,01%). Осындай активтердің құрылымы бұл кәсіпорын үшін оңтайлы болып табылады. Кәсіпорынның активтер құрылымының серпіні 2.2 суретінде ұсынылған.

Тақырып 4.3 Ұйымның қаржылық көрсеғткіштерін қалыптастыру және жоспарлау.
2.1 кесте - компанияның қаржылық көрсеткіштері
Көрсеткіштер, мың теңге
2013 жыл
2014 жыл
2015 жыл
Активтер
1960873
1964510
2500448
Жарғылық капитал
1004
1004
1004
Кірістер
3105205
5002080
6163696
Таза кіріс
34105
7080
44074

Негізгі құрылтайшылар және жарғылық капиталдағы олардың үлесі: Т.А. Ракиш - 28,62%, М.Е. Ким - 25,38%, ЕБРР үлесі - 41,8%, ИКФ үлесі - 4,2%.
Кәсіпорынның баптарының өзгерістерін және құрылымының балансын талдау. Қаржылық жағдай етіп кәсіпорын өз қызметін қаржыландыру ықтималымен түсіндіреді. Кәсіпорынның дұрыс ісеу үшін қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету, оларды нысаналы орналастыру және тиімді пайдаланумен, басқа заңды және жеке тұлғалардың қаржылық өзара қарым-қатынасымен сипатталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметінің нәтижесіне байланысты. өндірістік және қаржылық жоспарлар табысты орындалған жағдайда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң әсер етеді. Керісінше, өндіріс және өнім өткізу бойынша жоспар орындалмаған жағдайда оның өзіндік құнының артуы, түсімнің және пайда сомасының төмендеуіне, нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайының және оның төлем қабілеттілігінің төмендеуіне әкеп соғады.
Талдаудың басты мақсаты қаржылық қызметінде уақытылы анықтау және кемшіліктерді жою, кәсіпорынның қаржылық жағдайының және оның төлем қабілеттілігін жақсарту резервін табу.

4.3 Ұйымның қаржылық көрсеткіштерін қалыптастыру және жоспарлау
Ұйымның қаржылық көрсеткіштері және оларды жоспарлау негіздері төмендегі 2.5 кестеде көрсетілген

2.5 кесте - Роса АҚ-ның қаржылық көрсеткіштері және олардың болашақ кезеңге жоспары
Көрсеткіш
Есепті кезең
1 болжамды кезең
2016жыл
2
болжамды кезең
2017жыл
2
болжамды кезең
2018жыл
4
болжамды кезең
2019жыл

5
болжамды кезең
2020жыл

-678359
-695317,97
-712700,91
-730518,43
-748781,39
-767500,92
Инвестициялық қызметтен ақша ағыны
221074
217757,89
214491,52
211274,14
208105,02
204983,44
Қаржылық қызметтен ақша ағыны
969788
974636,94
979510,12
984407,67
989329,7
994276,34
Жиынтық ақша ағыны
70355
61561,08
52317,69
42615,1
32443,29
21791,98
Дисконт ставкасы
0,15
0,15
0,15
0,15
0,15
0,15
Дисконт коэффициенті
0,869
0,755
0,656
0,570
0,440
0,382
Дисконтталған ақша ағыны
61138,49
46478,61
34320,40
24290,60
14275,04
8324,53
Ақша ағынының ағымдағы құны
-
-
-
-
-
188827,67
Бизнестің қалдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу практиканың бағдарламасы
Өндірістік тәжірибенің өту орны
Аудиттің стандарттары және аудиторлардың кәсіби этикасы
Практикалық және лекциялық дәрістерді өткізу және оған дайындық
Педагогикалық практиканың есебі
Нархоз университетінің тарихи қалыптасуы
Бастауыш білім беру мұғалімі мамандығы бойынша қашықтықтан оқыту негізінде Баланың мектептегі алғашқы күндері оқу практикасы
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы - біртұтас қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі
Университеттің ғылыми кітапханасы
Ақша - қаражаттарын есепке алу
Пәндер