Шағын жинақты бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мәселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Лекция №1
Шағын жинақты бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыру мәселелері

Егеменді еліміздің өскелең ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Ұстаздардың міндеті - жеке тұлғаны дамытып, оның білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру. Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақылды, парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен, жаңаша әдіспен жұмыс істеуін қажет етеді [1].
Білім негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан, бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқыту мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты ізденістер жасау қажет. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау мұғалімнің басты қағидасы болуы шарт.
Танымдық белсенділік дегеніміз - оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыруы үшін, өздігінен ізденіп, қажетті әдебиеттерді оқып, бақылау, тәжірибе жасап, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені, өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алу, оның жолдары мен дағдыларына үйрену белсенділіксіз мүмкін емес [2].
Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.
Педагогика ғылымында шағын жинақталған мектеп оқушыларының танымдық белсенділіктерін арттыру мәселесіне арналған ғылыми-педагогикалық және жекелеген әдістемелік зерттеулер әлі де жеткіліксіз болып отыр. Бүгінгі күні Республика мектептерінің 50 пайыздан астамын, ал ауыл мектептерінің 90 пайызға жуығын шағын жинақты мектептер құрайтындығы белгілі.
Осыған байланысты оқушылар саны аз мектептер мен сыныптарда қалай оқыту керектігі жөніндегі мәселе бойынша психологиялық-педагогикалық зерттеулер, ғылыми тұжырымдамалар өте қажет-ақ.
Шағын жинақталған мектептің негізгі белгілерінің бірі ретінде мектептегі және сыныптағы оқушылар санының аз болуын айтуға болады. Ендеше, оқушылар саны аз сыныптарда оқытудың оқушылар саны толық сыныптарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерінің болуы заңды. Ғалым-әдіскерлердің зерттеулері және мектеп тәжірибесі оқушылар саны 10-нан кем болатын сыныптарда оқыту әдістемесіне айтарлықтай өзгеріс енгізу керектігін дәлелдеп отыр. Сыныпта оқушылар санының аз болуы мұғалім үшін қолайсыз жағдай туғызады. Өйткені, мұғалімнің оқыту әдістерінің әртүрлі түрлерін, оқытудың басқа да формаларын, көрнекі құралдарды т.б. қолдану мүмкіндігі шектеулі болып қалады. Жаңа материалды түсіндіру кезінде қойылатын проблемалық мәселелерді шешуде, ойлаған нәтижеге жетуде қиыншылықтарға кездеседі. Сыныптағы оқушылар санының аз болуы оқушылар үшін де қиындық туғызады. Өйткені, әрбір оқушы үнемі жауап беруші рөлінде болады. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, бір оқушыдан бір оқу күнінде 18-25 ретке дейін, кейде тіпті одан да көп рет сабақ сұралады екен. Бұл, әрине, бастауыш сынып оқушысы үшін өте үлкен жүктеме. Оқушыдан осылайша күнде сабақ сұрау балаға эмоционалдық және психологиялық даму жағынан да кері әсер етеді. Дәстүрлі жаппай ауызша сұрау әдісі оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттырмайды, керісінше оқушылардың жауап беруін тежейді. Мұндай сыныптарда мұғалім оқушылар тарапынан жауап беруден бас тарту жағдайымен жиі кездеседі. Оқушылар әлсін-әлсін сұраудан ығыр болады, нәтижесінде мұғалім мен оқушы арасындағы нәзік байланыс үзіледі [3].
Шағын жинақты мектептерде осындай ыңғайсыз жағдайдың алдын алу үшін және оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру жолдарын іздестіру шағын жинақты мектеп мұғалімінен оқушының сабақтағы іс-әрекетін педагогикалық және әдістемелік тұрғыдан сауатты, әрі тиімді ұйымдастыруды талап етеді. Мұндай мектептерде оқушының танымдық белсенділігін арттыруда маңызды рөл атқаратын жұмыстың бір түрі - оқушылардың өздігінен атқаратын жұмысы. 1-сыныптан бастап оқушыларды өзіндік жұмыстарды орындауға үйрету керек. Алғашқыда шығармашылық тапсырмалар көлемі жағынан үлкен емес, ұқсату сипатына ие болады, яғни балаларға үлгі бойынша тапсырмалар беріледі. Мысалы, Қанша үшбұрыш болса, сонша шаршы сыз, бұл санды цифрмен жазып көрсет. Біртіндеп тапсырмалар күрделене түседі және шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға ұласады. Оқыту процесінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, т.б. жұмыс істеуге үйренеді. Өздік жұмыстарды ұйымдастыру сапалы және дидактикалық тұрғыдан көздеген мақсатқа жетуі үшін алдымен өздік жұмыс ұғымының мәнін анықтап алу қажет.
Оқушының өздігінен орындайтын жұмысы деп, берілген уақыт аралығында мұғалім басшылығымен, бірақ оның тікелей қатысуынсыз атқаратын белсенді танымдық іс-әрекетін айтамыз [3].
Оқушыларға өздік жұмысты орындату кезінде өздік жұмыстардың бір-бірімен тығыз байланысты мынадай екі міндетін ескеру қажет:
1. Оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту және білімді өздігінен игеруге дағдыландыру;
2. Оқушылардың игерген теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету.
Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстары ой еңбегін дамытуға бағытталады және берілген тапсырмаларды орындаудың ең тиімді тәсілдерін өздігінен іздестіруін мақсат етеді. Оқу сабақтарында және сабақтан тыс уақыттарда оқушылардың орындайтын өздік жұмыстарының мынадай түрлерін атап айтуға болады: оқулықпен, оқу құралдарымен және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу; есептер мен мысалдарды шығаруға және түрлі жаттығуларды орындауға байланысты өздік жұмыстар; үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу; әртүрлі тақырыпқа байланысты баяндамалар, хабарламалар жасау; реферат жазу; көрнекіліктер дайындау; саяхат кезінде өлшеуге немесе есептеуге байланысты практикалық сипаттағы тапсырмаларды орындау және т.б.
Дидактикалық мақсатқа байланысты өздік жұмыстарды былайша топтастыруға болады:
1. Жаңа білімдерді игеру және оны одан әрі тереңдету.
2. Жаңа материалды бекіту мақсатында орындалатын өздік жұмыстар.
3. Өткен материалды қайталау және еске түсіру мақсатында орындалатын өздік жұмыстар.
4. Білім, білік және дағдыларды қолдана білу мақсатында орындалатын өздік жұмыстар.
5. Оқушылардың білім, білік және дағдыларының сапасын тексеру мақсатында орындалатын өздік жұмыстар.
Сонымен бірге өздік жұмыстардың ауызша және жазбаша орындалатын, сыныптағы немесе үйдегі, жалпы сыныптық, топтық және жеке түрлері де қолданылады.
Оқу материалының мазмұнына, материалдың ерекшеліктеріне, қолда бар оқу жабдықтарына және басқа да факторларға байланысты мұғалім оқу процесінде сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкес өздік жұмыстардың түрлерін немесе олардың бірнешеуін тиімді қолданудың тиімді жолдарын жоспарлауы тиіс. Оқушыларға берілген әрбір өздік жұмыстың белгілі бір мақсаты болуы керек. Өздік жұмыс оқушыға түсінікті, қызықты, әрі оқушының қызығушылығын тудыратындай болуы керек. Осыған байланысты оқушыға ұсынылатын өздік жұмыстар теориялық материалды да, практикалық жаттығуларды да және зерттеушілік сипатындағы тапсырмаларды да қамтуы тиіс. Өздік жұмыстар бірте-бірте күрделеніп, жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, оқушының шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталғаны дұрыс [3].
Өздік жұмыстарды ұйымдастыру кезінде мынандай талаптардың сақталғаны дұрыс:
1.Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;
2.Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуы тиіс;
3.Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;
4.Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.
Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
* мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
* жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
* мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
Өз бетінше жұмыстың түрлерін қолдана отырып, сабақтың барлық жүйесінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту керек. Оқулықпен жұмыс істеуде, есептерді шығару, мазмұндама, лабораториялық жұмыстарда және еңбек тапсырмаларын орындау кезінде өз бетінше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Түркістан облысындағы шағын жинақы мектептердің қазіргі жағдайы мен болашағы
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде ұлттық қолөнер материалдарын пайдаланудың теориясы
Шағын жинақты мектеп мұғалімінің сабаққа дайындығы
Біріккен сабақ
Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың педагогикалық шарттары
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру
Пәндер