БОРАНҚҰЛ АУЫЛЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ, БЕЙНЕУ АУДАНЫ, БОРАНҚҰЛ СЕЛОСЫ

«БОРАНҚҰЛ ОРТА МЕКТЕБІ»КММ

Жаратылыстану бағыты

Химия секциясы

Ғылыми жұмыс

БОРАНҚҰЛ АУЫЛЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІ

Орындаған: Қожықов Бердібек

Ғылыми жетекшісі: Кайржанова Айгерим Адилбековна

2018-2019 оқу жылы

Мазмұны

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Өсімдіктер туралы жалпы мәлімет

2. Өсімдікті жинау

3. Өсімдікті зерттеу

4. Қосымша мәлімет

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Боранқұл өсімдіктер дүниесін зерттеу, олардың пайдасын білу және олардың емдік қасиеттерін халыққа таныту.

Тақырыптың өзектілігі

Қазіргі таңда сол өсімдіктер туралы мәлімметтерді жинақтап, емдік қасиеттерін көрсету.

Боранқұл ауылы Каспий маңы ойпатындағы Қарақұмның оңтүстік-шығысында шөлді белдемде орналасқан.

Табиғат ерекшелігі жағынан Боранқұл ауылы Маңғыстау обылысының шөлейт аймағына жатады. Кәдімгі шөлейт түрлері жер қабатының 23%-ын құрайды, сондықтан шөлейттену мәселелері тұтас Қазақстан үшін де, Маңғыстау үшін де көкейтесті мәселе болып отыр. Боранқұл аймағы ежелгі кезеңдерден бері мал шаруашылығымен айналысады. Топырағы сортаң, өсімдігі бұталы, ащылы, қысы ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғырықты, ылғалы аз, көктемі созылмалы, континентті шөл далаға жатады. Мұнда өсетін өсімдіктерде осы ауа райына сай әрі төзімді болып келеді. Боранқұл ауылының өсімдіктер дүниесін зерттеу бір емес бірнеше жылды қажет етеді. Боранқұлдың сортаң топырағына, желді ауа-райына қарамастан мұнда алуан түрлі өсімдіктер өседі. Тіпті сирек кездесетін шөптерді де тап осы Боранқұл ауылының өсімдіктер дүниесінен тауып алу оп-оңай. Туған өлкенің көк майса, шөбі шүйгінді болғаны адамға да, сол жерде тіршілік етіп жатқан төрт-түлік малғада жағымды. Азығын тауып жеу үшін 20-30 шақырымды артқа тастап, шөп іздеп жүрмейді, ауылдын шетіне шықса болғаны: сораң, ащы, жусан, мортық, жантақ, алабота, тітір, түйежапырақ секілді шөптер қаптап жатыр.

Жұмыстың мақсаты

Боранқұл өсімдіктер дүниесін халыққа таныстыру және оны зерттеу мен жинау әдістерін үйрету.

Зерттеу болжамы

1. Өсімдіктерге түрлі тәжірибелер қолданып олар туралы көптеген мәліметтер білуге болады.

2. Өсімдіктер тіршілігімен толық танысуға болады.

Жұмыс барысында мынадай зерттеу әдістері қолданылды:

-Өсімдікті жинау

-Өсімдіктердің тіршілігін зерттеу

Жұмыстың міндеттері

1. Боранқұл ауылының табиғатына сәйкес өсетін өсімдіктер ерекшелігін таныстыру.

2. Боранқұлдағы өсімдіктер көп өсетін жерлер және ондағы өсімдік түрлерімен таныстыру.

3. Туған өлкенің өсімдіктер дүниесі туралы мәліметтерді халыққа таныстыру және мал шаруашылығын дамыту үшін пайдалы өсімдіктердің қыр-сырын ашу.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы

Ғылыми жұмыс 10 беттен және 3 бөлімінен (кіріспе бөлімі, негізгі бөлім, зерттеу нәтижелері мен анализдері), қорытындыдан тұрады. Жұмысқа 8 сурет, 8 қолданылған әдебиеттер тізімі еңгізілген.

1. Өсімдіктер туралы жалпы мәлімет

Боранқұл құмды аймақтарында: сексеуіл, жыңғыл, сораң, балықкөз, изен, ақтық, жусан, мортық, ебелек, алабұта, буйырғынды т. б өсімдіктер өседі. Сонымен қатар, жердің бедері мен құрылымына, топырағының ащы, тұщылығына қарай теріскен, жантақ, құм жағаларында-сүттіген, садақ, тітір шөбі өседі. Мұндағы өсімдіктер өте құнарлы. Оны азық етіп жүрген малдың да еті дәмді әрі нәрлі. Шөлді аймаққа жатқанмен мұндағы кейбір өсімдіктердің атауларын басқа жақтың халқы естімеген десе де болады. Итсигек пен адыраспан, құрқашаш пен сүттіген көбіне елді мекенде немесе мал көп жайлаған тұяқкесті жерлерде кездеседі. Боранқұлдағы жайылымның негізін құрайтын басты мал азығы-жусан. Жусан аймақтың барлық жерінде өседі. Жусаннан кейінгі төрт түлік мал талғамай жейтін шөп-күйреуік. Қоныссыз жылдары күйреуік жақсы шықса, малшы қауым жусанды көп іздемей, қанағат тұтады. Ал бұйрығынды көктемей тұрғанда, не шала көктеу кезінде, содан кейін күз, қыс қарсаңында жақсы пайдаланылады. Сондай-ақ, изен, жапақ, тітір, жантақ барлық жерде біркелкі кездесе бермейді, бірақ төртеуінің де малға жұғымдылығы, қоректік сапасы өте жоғары. Қысы қарлы, көктемі желсіз жылы, жазы жаңбырлы болған жылдары шөптің қай түрі де: қызғалдақ, сарғалдақ, мортық, беде, жауылша, шытыр, қоңырбас, түйежапырақ, қызылша, түйеқарын, алабұта, кекіре, торғайот, балықкөз т. б. қаптап шығып, дала құлпырып кетеді. Бірақ, бұл сирек, 7-10 жылда бір кездесетін өзгермелі құбылыс. Көктемгі төл шөптердің ішінде шаруашылық үшін ең пайдалысы-мортық. Мортық қонысты жылдары Боранқұлдың көптеген жерлерінде шығады. Көктемде бас жарғанға дейін мал жақсы жейді. Кей жылдары мортықты мал азығы үшін де дайындайды. Азықтық және шығымдылық сапасы жағынан мортықпен деңгейлес шөптердің бірі-ебелек. Ол да мортық сияқты Боранқұлдың көпшілік жерінде кездеседі. Мортықтан ерекшелігі-жаңбырлы жылдары көктемнен қоңыр күзге дейін мезгіл таңдамай шыға береді. Малдың барлық түрі, оның ішінде жылқы малы ебелекті жақсы жейді. Дәнденіп, қатайған уақытта қозы үшін тиімсіз. Әдетте қазан айының соңғы он күндігінен бастап ебелек ұша бастайды. Малға жағымдылығы жағынан бағалы шөптердің бірі-ажырық. Ол тау қойнауларында, ағыстардың түйіскен, су жиналатын жартылай тақыр тегістіктерінде тұтас өседі. Ғылымда ажырықты мал семірткіш азық деп бағалайды. Шаруашылықтар қалың шыққан жылдары ажырықты малазығы үшін де дайындайды. Боранқұл даласында ши басқа өсімдіктер сияқты кең көлемде кездесе бермейді.

Боранқұл аймағы ежелгі кезеңдерден бері мал шаруашылығымен айналысады. Топырағы сортаң, өсімдігі бұталы, ащылы, қысы ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғырықты, ылғалы аз, көктемі созылмалы, континентті шөл далаға жатады. Мұнда өсетін өсімдіктерде осы ауа райына сай әрі төзімді болып келеді. Боранқұл ауылының өсімдіктер дүниесін зерттеу бір емес бірнеше жылды қажет етеді. Боранқұлдың сортаң топырағына, желді ауа-райына қарамастан мұнда алуан түрлі өсімдіктер өседі. Тіпті сирек кездесетн шөптерді де тап осы Боранқұл ауылының өсімдіктер дүниесінен тауып алу оп-оңай. Туған өлкенің көк майса, шөбі шүйгінді болғаны адамға да, сол жерде тіршілік етіп жатқан төрт түлік малғада жағымды. Азығын тауып жеу үшін 20-30 шақырымды артқа тастап, шөп іздеп жүрмейді, ауылдын шетіне шықса болғаны: сораң, ащы, жусан, мортық, жантақ, алабота, тітір, түйежапырақ секілді шөптер қаптап жатыр.

2. Өсімдіктерді жинау

Адыраспанды 10 қыркүйек күні ешкім баспаған, тапалмаған жерден дұға оқып, жинап алу керек.

Ақ сексеуіл Жантақ Изен

Шытыр Ащы Сораң

Адраспан Итсигек

Ақ сексеуiл-бойы 1, 5-тен 2, 5 метрге дейiн жететiн тал-шiлiк. Негiзiнен құмдауыт әрi сортаңдау жерлерде өседi. Құрғақшылыққа бейiм. Оның тамыры 10-11 метр тереңдiкке дейiн кетедi. Сирек те болса ара-арасында бұтақтарының биiктiгi 5 метрге дейiн өсетiндерi бар. Оны Боранқұл ауылында отын ретінде пайдаланады. Оның жас бұтақтарын түйелер құмарта жейдi. Ал ұсақ малға оның жердегi жiңiшке сынық бұтақтары мен қураған жапырақтары тоя жеуiне жарап жатыр. Соған қарағанда бұл сексеуiлдiң азықтық жұғымдылығы жоғары болса керек.

Изен-сор, сортаң, тасты, құмды дала мен шөлдерде өседі. Бұл өсімдік республикамыздың шөл және шөлейт аймақтарында өседі. Ол ауылдың құмды жерлерінде жиі кездеседі. Дәрілік шикізат ретінде жаз, күз кезінде сабақтары орылып алынады. Орылған шөп көлеңкеде кептіріліп, құрғақ жерде сақталады. Изенді емдік дәрі ретінде, малдың ішкі органдары жақсы жұмыс жасау үшін азыққа тәбетін жақсарту үшін қолданады.

Адыраспан -улы әрі емдік қасиеті бар өсімдік, дәмі ащы, мал жемейді. Күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды. Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Құяқмен ауырған адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне екі жеті мәрте қатарынан ішкен. Tic қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді.

Бұрындары адраспанмен малдың қотырын емдеген. Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған. Жүн мен қолөнерде қолдананылатын түрлі жіптерді бояу үшін адыраспанды көп мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу алған.

Жантақ -көп жылдық өсімдік. Бұтақталып өседі. Шөл далалық аудандарда, сұр, құмайт және сортаң топырақты жерлерде өседі. Жантақ- дәрілік өсімдік, оның қабығында қант, эфир майы, ал тамырында алкалоидтар, глюкозидтер, шайыр, бояғыш заттар болады. жантақтан алынған дәріні бүйрек ауырғанда, қуыққа тас байланғанда, өт, несеп жолдары қабынғанда ішеді. Гүлінен ара бал жинайды. Жантақты түйе сүйсініп жейді. Жүгері, қамыспен бірге жақсы сүрленеді.

Сораң-өте сулы, ащы, өсімдік. Оның биіктігі 5-тен 40 см-ге жетеді. Ол түйелердің сүйіп жейтін азықтарының бірі. Ол шөлді, сор, сортаң жерлерде жие кездеседі. Осы сораңмен азықтанған малдың етіде дәмді болады.
3. Өсімдікті зерттеу

Ақ сексеуіл наурыз айында гүлденіп бастап, сәуір айының 5-і мен 15-і аралығында жаппай гүлденеді.

Адраспан мамыр және шілде айларында гүлдеп, тамыз айында жемісін береді. Жемісі-көп тұқымды қауашақ.

Изен тамыз-қыркүйек айында гүлдеп, қазан айында жемістенеді. Тұқымы-сопақша дән.

Жантақ мамыр-маусым айларында гүлдеп, тамыз айында жеміс береді. Жемісі-бұршақ.

Сораң жаздың соңғы айы, яғни тамыз айында гүлдеп, қыркүйек-қазан айларында жемістейді. Тұқымы тығыз жеміс тәрізді.

Итсигек шілде-қыркүйек айларында гүлдеп, жемістейді. Жемісі-қауашақ.

Жусан шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Қыркүйек-қазан айларында жемістейді. Жемісі-тұқымша.

Жыңғыл мамыр айынан қыркүйекке дейін гүлдейді. Қазан айында жемістейді. Жемісі-үш қыры бар қауашақ.

Қосымша мәлімет

Төрт шадиярдың бірі әзіреті Оспан әскер бастап жорыққа бара жатады. Жолда бір жерге түнейді. Түнде жаулары тыңшы жіберіп, байлаулы тұрған аттарын босатып, жан-жаққа қуалап, шашыратып жібереді. Түнімен азан-қазан болып сахабалар аттарын іздейді. Оспанның атының шылбыры бір өсімдіктің түбіне оратылып қалыпты. Оның кісінеген даусын естіп, өзге аттардың бәрі сол араға жиналып қалады. Оспан да серіктерін ертіп жылқының дауысы шыққан жерге келеді. Қараса барлық жылқы бір жерге үйіріліп тұр екен. Бәрі аттардың аман-есен табылғанына қуанады. Оспан атына жақындап келсе, шылбыры беймәлім өсімдіктің бұтағына ілініп қалыпты. Оспан оны дорбасына салып алады. Сол жорықта жолы болып, жеңіспен оралады. Елге келген соң, Мұхамед пайғамбарға болған жайды баяндайды.

Пайғамбар:

-Бұл шөптің аты қалай?-деп сұрады.

Оспан:

-Мұны адыраспан деп атап едім, - деді.

Пайғамбар:

- лық Алла бұл шөпті себеп қылып, сендерді бір апаттан сақтапты. Жаудың алдында абыройларыңды түсірмепті. Бұдан кейін де осы адыраспан менің үмбетіме игілікті қызмет етсін. Бойына кие дарып, қасиет бітсін, - деп, аят оқып, шөпке дем салған екен. Содан бері адыраспанға емдік қасиет дарыпты. Беріге дейін жұрт оны Оспанның адыраспаны деп атап келіпті. Адыраспанды жұлатын кезде де:

Ассалаумағалейкум, адыраспан,

Атыңды қойған екен Әзіретті Оспан.

Пайғамбар дұғасынан нәр алған соң,

Өзіңе келіп тұрмын жол алыстан, - деп айтады екен.

Қорытынды

Боранқұл ауылы жұртқа өте жайлы қоныс. Мал бағуғада өте қолайлы. Мұндағы өсімдіктер өте құнарлы. Оны азық етіп жүрген малдыңда еті дәмді әрі нәрлі. Шөлді аймаққа жатқанмен мұндағы кейбір өсімдіктердің атауларын басқа жақтың халқы естімеген десе де болады. Итсигек пен адыраспан, құрқашаш пен сүттіген көбіне елді мекенде немесе мал көп жайлаған тұяқкесті жерлерде кездеседі. Итсегетің томашасын күйіп қалған кезде пайдаланады. Итсегектің қураған түрін өртеп, күйген жерге сеуіп қойса, жара орны тез жазылады. Боранқұлдағы жайылымның негізін құрайтын басты мал азығы-жусан. Жусан аймақтың барлық жерінде өседі. Жусаннан кейінгі төрт түлік мал талғамай жейтін шөп-күйреуік. Қоныссыз жылдары күйреуік жақсы шықса, малшы қауым жусанды көп іздемей, қанағат тұтады. Ал бұйрығынды көктемей тұрғанда, не шала көктеу кезінде, содан кейін күз, қыс қарсаңында жақсы пайдаланылады. Сондай-ақ, изен, жапақ, тітір, антақ барлық жерде біркелкі кездесе бермейді, бірақ төртеуінің де малға жұғымдылығы, қоректік сапасы өте жоғары. Қысы қарлы, көктемі желсіз жылы, жазы жаңбырлы болған жылдары шөптің қай түрі де: қызғалдақ, сарғалдақ, мортық, беде, жауылша, шытыр, қоңырбас, түйежапырақ, қызылша, түйеқарын, алабұта, кекіре, торғайот, балықкөз т. б. қаптап шығып, дала құлпырып кетеді. Бірақ, бұл сирек, 7-10 жылда бір кездесетін өзгермелі құбылыс. Көктемгі төл шөптердің ішінде шаруашылық үшін ең пайдалысы-мортық. Мортық қонысты жылдары Боранқұлдың көптеген жерлерінде шығады. Көктемде бас жарғанға дейін мал жақсы жейді. Кей жылдары мортықты мал азығы үшін де дайындайды. Азықтық және шығымдылық сапасы жағынан мортықпен деңгейлес шөптердің бірі-ебелек. Ол да мортық сияқты Боранқұлдың көпшілік жерінде кездеседі. Мортықтың ерекшелігі жаңбырлы жылдары көктемнен қоңыр күзге дейін мезгіл таңдамай шыға береді. Малдың барлық түрі, оның ішінде жылқы малы ебелекті жақсы жейді. Дәнденіп, қатайған уақытта қозы үшін тиімсіз. Әдетте қазан айының соңғы он күндігінен бастап ебелек ұша бастайды. Малға жағымдылығы жағынан бағалы шөптердің бірі-ажырық. Ол тау қойнауларында, ағыстардың түйіскен, су жиналатын жартылай тақыр тегістіктерінде тұтас өседі. Ғылымда ажырықты мал семірткіш азық деп бағалайды. Шаруашылықтар қалың шыққан жылдары ажырықты малазығы үшін де дайындайды. Боранқұл даласында ши басқа өсімдіктер сияқты кең көлемде кездесе бермейді. Боранқұл өсімдіктер дүниесі көптеген жерлерде кездесе бермейтіндігімен ерекше.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Боранқұл кен орны
Ішек қылған, қобызым
Қостанай облысы Восточный ауылының ірі масштабты топырақ картасын құрастыру қағидалары
Қазақстан мен Өзбекстан экономикалық байланыстары
Бөкей Орда ауданы Сайқын ауылының құрылу тарихына және физикалық-географиялық жағдайларына сипаттама
Қазіргі замандағы шертпе дәстүрі
Қарқаралы аймағына толық физикалық -географилық және экономикалық сипаттама
Шоқанның табиғатты зерттеуі
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы
Қазақстанның қорықтары. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz