ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының еңбектеріндегі тəуелсіздік идеясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының еңбектеріндегі тəуелсіздік идеясы
ХХ ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға, азаттық пен тəуелсіздік
күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін шығарды. Ел
арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқақ білімділік деңгейімен, рухани
парасатымен суырылып шыққан алаш азаматтары ұлт болашағы үшін жан аямай тер
төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола
білді. Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Ғабдұлғазиз
Мұсағалиев, тағы басқалар, бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады.
Шын мəнінде олар ғұмыр кешкен ХХ ғасырдың басы алып адамдарды қажет еткен,
əрі осыған орай өздерінің ойлау, болжау қасиеттері айырықша,
энциклопедиялық білім, талғам-танымдары жан- жақты алыптарды дүниеге
келтірген дүбірлі заман болды.
Бірақ жылдар бойы Кеңес өкіметі жүргізген озбырлық пен қырып-жоюға, тарихты
өрескел бұрмалауға негізделген саясаттың тікелей салдарынан халқымыздың
сана-сезімі өлшеусіз де орын толмас жұтаңдыққа ұшырап, оның интеллектуалды
ауқымының қарыштап, дамуына үлкен нұқсан келді. Соның тікелей кесірінен
Қазан төңкерісіне дейінгі жалпы адамзат өркениетінің төрінен орын алған ірі
тұлғаларымызға байшыл, кертартпа, діншілдер деп ойдан шығарылған,
цензура арқылы тыйым салынды. Партиялық талап, марксистік-лениндік
идеология қазақ халқының дарынды дара перзенттерінің бостандық пен ұлт
тəуелсіздігі үшін аянбай тер төккен, қабырғалары қайысқан ерекше еңбектерін
большевиктік көзқараспен біржақты бағалап, оларды мемлекетке  қажетсіз
санап, жетпіс жылдан астам мерзімге жоққа шығарды.
ХХ ғасырдың басында орталық Қазақстанда туып, ұлтының тəуелсіздігі үшін
күрескен қазақ зиялылары — Ə. Бөкейханов, Н. Нұрмақов, Ж. Сəдуақасов, Ж.
Ақбаев, тағы басқалардың еңбегінде қазақ халқының тəуелсіздігі, жерінің
азаттығы, азаматтық құқығының жоқ болуы туралы ой-пікірлер, ұсыныстар,
азаттыққа жету жолдары туралы терең тұжырымдар жасалған [1].
Тарихшы-ғалым ретінде Бөкейханов халқының 1916 жылғы қарулы көтерілісінің
орасан зор маңызын түсінді. 1926 жылы ол орыстың тарихшысы, профессор
Шестаковпен бірігіп, көтерілістің 10 жылғы  мерейтойына  арнап, 
1916–1926 атты  еңбек  жазып  шығарды. Онда  қазақ көтерілісінің Ресей
Империясының қоластындағы башқұрт, өзбек, қырғыз сияқты халықтардың да бас
көтеруіне үлкен себеп болғандығына назар аударады, көтерілістің 1917 жылы
патшаны тақтан құлатудағы елеулі ролін айтады, ол қазақ көтерілісінің
қаналушының қанаушыға қарсы таптық сипатта емес, отаршылдарға қарсы ұлт-
азаттық бағытын көрсетеді [2]. Қарусыз бейбіт халықты қырған, патша
əскерінің қинаяттық іс-əрекеттерін сынайды.
Ə. Бөкейханов қазақ халқының өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері мол
мəдениетін, тұрмыс-салтын, əдет-ғұрпын, сенім-нанымын, өнерін зерттеп
жазып, айтарлықтай мұра қалдырған. Ол қазақ ұлтының жүздік, рулық-тайпалық
құрылымын зерттеген, қазақтың шежіресін жазған. Ол Павлодар мен Қарқаралы
уездерін мекендеген қазақтардың жəне төле мен төлеңгіттердің шежіресін
жазып, оны Ф.А. Щербина экспедициясы Материалдарының IV (1903) жəне IV
(1905) томдарында жарияланған [3].
Ə. Бөкейханов жазған Аңқау елге — арамза молда [4], немесе О киргизских
поминках [5], атты мақаласы өте қызық. Би һəм білік [6] атты мақаласында
қазақтың заң мен билік мəселелері баяндалады. Қазақ халқының тəуелсіздікке
қол жеткізуінің бір жолы — ол Мемлекеттік думаға қатысуы арқылы қазақ
халқының құқығын қорғауға болады деп сенді. Ол Орыстың география қоғамының
Батыс-Сібір бөлімі мүшесі ретінде қоғамның ғылыми мəжіліс-жиналыстарында
қазақтың мəдениеті, тұрмыс салты, өнері жайында баяндамалар жасап, дəрістер
оқыған. Сол арқылы өз ұлтының басқа ұлттармен қатар тəуелсіз өмір сүруге
болатындығын дəлелдеуге ұмтылған. Ол орыстың ғалымы Г.Н. Потанинге қазақ
халқының əн-күйін, ою-өрнегін, тұрмыстық құрал-сайманын жинасып, Томск,
қаласында қазақтың өлкетану музейін ашуға көмектеседі. Оның əрбір іс-
əрекеті Қазақстанның дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру мақсатына
арналады.
Ə. Бөкейханов Ф.А. Щербина бастаған Жер жөніндегі министрліктің ғылыми
экспедициясына қатысады. 1896–1901 жылдары аралығында бұл экспедициясы сол
кездегі Қазақ өлкесінің Ақмола жəне Семей облыстарының 12 уезіне жұмыс
жүргізді. Əлихан Бөкейханов бұл экспедицияға дейін Тобыл губерниясында
жүргізілген санақ жұмыстарына қатысып, тəжірибе жинақтаған. Сондықтан да
Щербина экспедициясына жеке зерттеу тобын басқарған. Экспедицияның негізгі
мақсаты — ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап Ресей үкіметінің қоныстандыру
саясатының объектісіне айналған қазақ даласын жан-жақты зерттеу [7]. Қазақ
шаруашылығын үйді-үй қора-қора басымен есепке алу, жайлау, қыстау, егіндік,
шабындық жерлердің көлемін анықтау арқылы, қазақтың жер-суын, орман
тоғайын, шөл-даласын есепке алу керек болды. Экспедиция жұмыстары біткеннен
кейін жиналған бай материалдарды іріктеп, белгілі тəртіпке келтіріп өңдеп,
ғылыми қорытындысын жазысады. Қажетті деген ғылыми есеп кестелерін жасайды.
Жер-судың карталарын сызады. Қазақтың шаруашылығына, егіндік, шабындығына,
қыстау, жайлауына ғылыми сипаттама береді. Жиналған деректерге сүйене
отырып, Павлодар, Қарқаралы, Семей, Омбы уездеріндегі байырғы тарихи
аудандарын анықтап, оны картаға түсіреді. Қазақ шаруашылығының
экономикалық тиімділігін есептеп шығарады. Экспедицияның қорытындылары
1903–1905 жылдары аралығында 13 том болып жарыққа шыққан. Ғалымның
Павлодарский уезд, Родовые схемы киргиз Каркаралинского уезда, тағы
басқа еңбектері жарық көрді [8]. Осы еңбектерінде Ə.Бөкейханов қазақ
халқының мүддесін қарапайым мысалдар келтіре отырып қорғағаны байқалады.
Ə. Бөкейхановпен қатар қазақ халқының тарихында саяси ұйымның белсенді
көсемдерінің бірі Ə. Ермеков болды. Ол Алаш партиясының мүшесі болып,
өмірінің соңына дейін қалады. Оның еңбектерінде ұлт жандылығы, өз
принципіне берікті, езілген қазақ халқының қамын ойлап, тек соның азаттығы
үшін жұмыс атқарғандығы сезіледі. Ол Кеңес үкіметіндегі басқа партияға
мүше   болмайды.
Қазақ жəне Сарыарқа газеттерінде Алаш партиясының негізгі бағдарламасын
насихаттап, қазақтың нағыз жанаршылары осы партияның төңірегіне топтасу
керек дейді.  Ақпан революциясынан кейін барлық қазақ зиялылар сияқты, Ə.
Ермековте қазақ үшін бостандық, теңдік күні туды деген рухани серпіліс
болады. Ендігі мақсат — автономия алу, оның қаншалықты қажеттігін жан-жақты
дəлелдеу мен ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласады. Оның пікірінше,
Ресей мемлекетінің шет аймақтарындағы өмір салты, даму дəрежесі өзінің
ұлттық негізінде болу керек. Қазақ халқы үшін шаруашылығына сəйкес, тұрмыс
тіршілігіне, əдет-ғұрпына лайықтап, заң шығару тек қазақ халқының өз
үкіметінің міндеті дейді [9]. Ə. Ермеков бастаған семейлік Алаш
төңірегіндегі топтасқан ұлт зиялылары құрылтай жиналысына, депутаттар
сайлау жұмысына да айналысады. Ол қазақ халқының өзінің басты мақсаты —
ұлттық мемлекеттігін қайта қалпына келтіруге тиіс деген ойды өмірінің
соңына дейін насихаттайды. Ə. Ермековтың қазақ ұлт-азаттық қозғалысының
қалыптасуы, дамуы, əсіресе оның Алаш партиясындағы саяси қызметі, оның
қазақ жеріндегі отарлық езгіден азат ету жолындағы саяси күресінің нақты
айғағы. Отаршылдық саясаттың ауыр зардабы, ашаршылық пен күйзеліс Уақытша
үкіметтің жалған уəделері, қазақ ұлтына теңдік алу жолындағы күресінде
кедергі болды. Ə. Ермековтың көзқарасында Қазақ төңкерісінің жеңісімен
байланысты жаңа бағыт байқалды. Оның пікірі бойынша, Ресей халықтары
құқықтарының Декларациясы (1917 ж. 2 қараша) мен Кеңес үкіметінің Ресей
мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне үндеуінде (1917 ж. 20 қараша)
жарияланған негізгі бағыттардан үлкен үміт күтті. Сол үміттің арқасында ол
1920 жылы Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Уақытша əскери революциялық
комитет қатарына өтеді. 1917 жылы 17 тамызда Мəскеуде өткен Халық
комиссарлары Кеңесінің мəжілісінде Ə. Ермеков қазақтар мен орыс
қоныстанушылардың қазақтардан тартып алған жерлерін ежелгі иелеріне
қайтаруды талап етіп, жер реформасын жүргізу жəне қазақ жерін, оның орыс
отарлауына дейінгі шекарасы белгілеуді талап еткен баяндама жасайды. Ə.
Ермековтың қазақ халқы үшін атқарған қоғамдық-саяси қызметінің бір маңызды
кезеңі Алаш үкіметі тарихынан кездеседі. Алаш қозғалысының жетекшілерімен
бірге ол да қазақ жерінде ұлттық автономия құру туралы шешімді қолдайды.
Ақпан революциясы əкелген жалпы демократиялық федерация мен Құрылтай
жиналысын қолдап, ел ішіне бүлік салған большевиктердің саясатын сынайды.
Ə. Ермеков, басқа қазақ зиялылары сияқты, антибольшевиктік күштерді қолдау
арқылы, ең алдымен халықтың амандығын, елдің тұтастығын сақтауға ұмтылады
[10]. 1918–1919 жж. бүкіл елді  қамтыған шиелініске толы уақытта
зиялыларымен бірге Ə. Ермековте Қазақстанның екі топтың ортасындағы
қантөгіс майданынан құтқаруға, қазақ елінің дербестігін қамтамасыз етуге
барлық мүмкіндіктерді қолданады. Сол кездегі қазақ күрескерлерінің басында
болған Ə. Ермеков ел тəуелсіздігін жоғары қойып, бірін-бірі күшпен
алмастырған əр түрлі орыс үкіметтерімен жүргізген келіссөздерге араласып
отырды. Ұлттық мүдде үшін туған халқының игілігі үшін күрескен Ə. Ермеков,
тағы басқа қазақ зиялылары Кеңес үкіметтінің құдалау саясатына тап болды.
1921 жылы РКП (б) Х-ші съезінде ұлт мəселесі туралы проблема көтерілді. Осы
съезде қосымша баяндама жасаған Ə. Ермеков қазақ даласының жалпы əлеуметтік-
экономикалық, саяси жағдайына тоқталды. Ол былай деді: Каспий теңізі
теріскей жағасындағы ұзындығы 70-80 шақырымға, Нарын құмына дейін созылған,
шаруашылыққа тиімді шығанақ-бұғазды орыс помещиктеріне, алпауыт- тарына
əперілген, басқаша айтқанда, П.А. Столыпиннің Мемлекеттік думада қазақ
жерін игеру деуінен кейін Миллионный фонд деп аталған өңірді жəне
Ертістің қазақ жерінде ағатын өне бойының екі жағын, он шақырымнан
қатарлыстыра кесіп алып, сібірлік казак-орыстарға тартып əперген жерлерді
болашақ Қазақ республикасына қосу керек деп айтады [10; 134]. Бүгінгі
Қазақ- станның тəуелсіздігін алу жолындағы күрес тарихында Ə.Ермековтей
тұлғалардың еңбектері өте зор.
Орталық Қазақстаннын тарихи тұлғаларының бірі — Ж. Садуақасов. Ол 1924
жылдың қыркүйек айынан 1925 ж. мамыр айына дейінгі аралықта Қызылорда
қаласында Қазақ автономиясының Халық Комиссариатының орынбасары болып
қызмет атқарады. Осындай қызметте жүргенде Қазақ мемлекетінің өз алдына
дербес басқару жүйесін қалыптасуына мəдени-шаруашылық құрылысының дамуына
көп еңбек сіңірді. Əсіресе оның 1928 ж. Юстиция Халық Комиссариаты жəне
Республика прокуроры болып қызмет атқарған кезінде Қазақстанда заңдылықты
нығайтуға, заң кадрлерін тəрбиелеуге халықтың мүддесіне қажетті заңдарды
қабылдауға, мемлекеттік заңдылықты сақтау жолында зор еңбек сіңірді. Оның
пікірінше, Қазақстаннын заң органдары Орталық əкімшілік органдарға
тəуелділігі Қазақстанда тəуелсіз мемлекет ісін алға бастыруға кедергі
келтіреді. Кеңес үкіметінің байларға қарсы ашық күресі, қазақ халқының
сайлау құқығынан айырудың бір жолы деп түсінді. Қазақстандағы байлардың
малын тəркілеу туралы іс-əрекеттің барысында халықтың наразылығы туралы
арыздарды талқылай келе, жергілікті билік органдарының, билікті шектен тыс
орынсыз пайдалануы болып жатқандығын дəлелдейді. Əсіресе ол ел ішінде
орнаған заңсыздықтарды жоғарғы органдарға хабарлауды өзінің мақсаты
санайды. Сөйтіп, 1924 ж. 3 қазанда Қазақстан атқару комитетіне жіберген
хабарында ол былай деп жазды: Кеңестік аппараттың жекеленген адамдарының
тəркілеу процесінде қылмыстық істер жасағандығы анықталып отыр [11].
Осылайша Кеңес үкіметінің Қазақстан даласындағы жүргізген саясатының
өрескел қателіктерін ашық білдіріп, өз басын қатерге тігеді. Ж.Садуақасов
қазақтың басқа зиялыларымен бірге Қазақстандағы мəдени құрылыстың дамуына
үлкен үлес қосады. Əсіресе ұлттық баспасөзді күшейті, ғылыми-мəдени
мекемелерді ұйымдастыру, қазақ əдебиетінің болашағы туралы жəне жастарды
оқыту мəселесіне, аштықпен күрес жұмыстарына белсене араласып, ХХ ғ.
басындағы тəуелсіз Қазақ автономиясының дамуына өз үлесін қосады.
Орталық Қазақстанның саяси тұлғаларының бірі, қазақтың алғаш заң магистрі
Ж.Ақбаев [12].
Өзі заңгер болғандықтан, қазақ даласындағы қоғамдық-саяси жұмыстарға
белсене араласып, патша үкіметінің ХХ ғ. басындағы қазақ даласында жүргізіп
отырған отаршылдық саясатын сынап, қазақ халқының атынан атақты Қарқаралы
петициясын жазып, сол арқылы қазақтың жерін, құқығын, рухани дамуын тежеп
отырған фактілерді анықтап, патша атына хат жолдады. Соңғы кездері ғана
қазақ зиялылары, соның ішінде Ж.Ақбаевтың өмірі мен қызметі туралы алғашқы
зерттеулер шыға бастады [5]. Ол 1905 – 1907 орыс революция жылдарындағы
қазақ даласындағы азаттық қозғалыстың басында болды. Қазақтардың арасында
сайлау, жер мəселесі, рухани бостандық, саяси теңдік мəселелер жөніңде
заңгер ретінде ашық үгіт-насихаттын жүргізді. ХХ ғ. басында  қазақ
зиялыларының еңбектерінде тəуелсіздік идеясы басты мақсат болып қойылды.
Солардың ерен еңбектерін іс жүзінде шындыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш партиясы программасының жобасы
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы
XX-шы ғасырдың басындағы Қазақ зиялылары
Қазақ баспасөзiнiң дерекнамасы мен тарихнамасы
Қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі қазақ зиялыларының үлесі
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Мұстафа Шоқайдың Түркістан Автомиясын құрудағы қызметі
ХХ ғасыр Қазақстандағы саяси – құқықтық ойлар
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Пәндер