Оқулықтар сапасын практикалық талдаудың критерийлер жүйесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Оқулықтар сапасын практикалық талдаудың критерийлер жүйесі

Оқулық атауы:

Жалпы білім беретін мектептің арналған оқулық

Авторлары:

Жұмабаева Ә., Уайсова Г., Сәдуақас Г.

Оқыту тілі:

Қазақ тілі

Сыныбы:

4-сынып

Баспа:

Атамұра

І. Нормативтік бағалау

Оқулық білім беру деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған мазмұндағы Типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалды.

ІІ. Оқулықтың мазмұндық жағы, жалпы құрылымы

Оқулық жалпы талапқа сәйкес дайындалған 2 бөлімнен турады. Бұл оқулықта 4 сынып оқушылары қазақ тіліне қатысты жаңа ережелер мен мәліметтермен таныстыруды одан әрі жалғастырады. Оқушылар қазақ тіліндегі жаңа сөздермен олардың мағыналарына тілдің көркемдік құралдарымен танысады. Сөйлем мен мәтін жайында жаңа әрі қызық мәліметтерді біледі. Сөз таптарымен, олардың түрлену жүйесімен танысуды одан әрі жалғастырады. Оларды ауызша және жазбаша жұмыс барысында қолданып, сауатты жазудың жаңа ережелерін білетін болады.

ІІІ. Оқулық мәтіні, тақырыптарға бөлінуі

Оқулық мәтіні 3 түрде берілген. Яғни ол әңгімелеу, сипаттау, пайымдау. Жалпы оқулық 64-сабақтан тұрады. Әр сабақта бір-бір тақырып болады. Соған сәйкес өтілетін сабақтың тақырыптары да әртүрлі болып келеді. Сабақтың тақырыптары қайталанса да өтетін ереже тақырыптары қайталанып келмейді, дәл сол тақырып үш рет қайталанса үш рет бір ереже берілмейді. Яғни оқушылар ережені екі үш сабақ өтпейді. Тек нәтиже сабақтарда өткенді қайталап еске түсіреді.

ІV. Өмірмен сәйкестілігі

Маған 4 сыныптың бірінші бөліміндегі, 83 беттегі, 38 сабақтағы, «Абай шығармалары - ұрпаққа мәдени мұра» тақырыбы ерекше көзіме түсті. Бұл тақырыпта өмірмен сәйкестік бар деп ойлаймын. Сабақ тақырыбы айтып тұрғандай Абай атамыз біз үшін өте дара тұлға. Жалпы6 өзім осы дара тұлғаның 83 беттегі «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін өмірге ең қажетті, әрі, өмірмен дәл сәйкесетіне нақты көзім жетеді. Неге десеңіздер әр өлеңі нақылға, қанатты сөздерге бай Абай атамыз. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде ғылымға берілудің, ғалым болудың жолдарын әңгімелейді. Ғылым жолына ұмтылған жастарға айтар ақынның ерекше ескертуі бар. Ол - қандай нәрседен қашық болу, қандай нәрсемен дос болу керек екенін нақты айтып көрсеткен. Шағын өлең жолдары бізге алдымыздан кездесетін қиындықтарға төтеп беруге көмектеседі. Яғни өлең жолдарында өмірде болатын әр істің қайсысына бет бұру керек екенін, қайсысынан алшақ болу керек екенін айтып жеткізген. Бұл тақырыптың толықтай өмірмен сәйкес екеніне дәлел деп ойлаймын.

V. Тапсырмалардың күрделілігі, жас ерекшеліктеріне сәйкестілігі

Тапсырма сынып көтерілген сайын әрине күрделенеді. Бұл сынып бастауыш буынының соңғы сатысы болған соң, бір жағынан жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырма да тақырыпқа сай күрделірек болатыны анық. Жалпы кітап мазмұнына сәйкес оқушылар сөз саптауын, жеткізуді, қолдануды арттырады. Тапсырмалар тақырып бойынша сөздерді тиісті орына қою, ребус шешу, оны талдау, қорғау, табу секілді тапсырмалар берілген. Оқушылар оны жекеде топпен де орындай алады. Ол үшін мұғалім тақырыпты мейлінше жіті бақылап, түсіндіру керек деп санаймын.

VI. Мәтін тілі және стилі

Мәтіндер стильдің барлық түрлері бойынша жазылған.

VII. Баспа қателерінің болуы

Баспада қателіктер болмады.

VIII. Түптелуі

IX. Шрифт, безендірілуі

Times New Roman шрифт 14

Оқулық талапқа сай дайындалған. Безендірілуіне келетін болсақ әр түрлі суреттер, тор көзді кестелер, сызбалар, әр түрлі түсті тірек сызбалар, портретермен безендірілген.

Оқулық бойынша ұсыныстар:

Мен оқулық бойынша әр тақырып аяқталған сайын қорытынды ретінде оқулық бетінде кішкентай бос орын болғанын қалар едім. Ол жерде әр оқушы келесі осы оқулықты ұстайтын оқушыға тілек жазып отыратындай. Мысалы:

«Сәлем, мен Айгерім бұл тақырып мен үшін қызықты болды. Мен сенің бұл тақырыпты мұқият зейінмен оқып, түсінгеніңді қалаймын. Сәттілік!»

Осындай сөздер арқылы оқушылар бір-біріне ниет, тілектерін арнайды. Бұл оқушының көңілін көтеріп сабаққа зейінін ашады деп ойлаймын.

Қорытынды.

Қорытындылай келе оқушылар оқитын бұл оқулық өте сәтті шыққан. Оны мен сіздерге айтпаяқ сөзбен дәлелдей аламын. Алдарыңызда оқуға беріліп отырған құрал таптырмас білім, байлық. Оқушыларды жаңа білімге бастайтын жетекші. Әр бір сөзінде қателік жоқ. Оқу талабына сай. Мақсаты айқын. Тақырыптары толық. Тапсырмалары нақты әрі қызықты, күрделі. Бұл кітап бастауыш сынып оқушысының ең соңғы кітабы болған соң осы оқулықпен бастауыш буыны тәмамдалады. Оқушылар осыған дейін бұл оқулықтардан алған білімдерін жоғарғы буындарда дәлелдеу керек болады. Сондықтан әр сабақты ынтамен, түсініп оқыңыздар деп кеңес бергім келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Критериалды бағалау технологиясы
Шет тілінде электронды оқулықтарды пайдалану
Озық педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымы жетістіктерін практикаға енгізу, педагогикалық инновацияның критерийлері
Формативті бағалау әдістері
Сабақты жоспарлау
Педагогтың шығармашылық қызметі
Жазу - жазбаша мәтін жасауға бағытталған сөйлеу әрекетінің бір түрі
Қаржылық жағдайды басқару
Қазақстанның білім беру жүйесі
Тиімділікті бағалау критерийлерін белгілеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz