Психология ғылымының кеңестік кезеңдегі даму тарихы


Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті
Тақырып: Психология ғылымының кеңестік кезеңдегі даму тарихы
Дайындаған: Маккамбаева Муниса
Тобы: 108-топ; 2 шет тілі
Қабылдаған: Кулымбаева Алмагуль
Алматы 2021
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1 Кеңес психологтардың 20-30 жылдардағы жалпы психология саласындағы негізгі жетістіктер.
2. 2Кеңестік психологтардың еңбектеріне талдау
2. 3 Кеңестік Қазақстандағы психология ғылымы.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әрбір халықтың қалыптасуы мен дамуы, оның белгілі бір территорияда орналасуының терең тарихи тамыры бар. Кеңестік жүйе ыдырап, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы кеңес дәуіріндегі тарихи процестерді саралауға, оның ішінде көші-қон мен қоныстандыру мәселелеріне ғылыми тұрғыдан баға беруге жол ашты. Кеңес дәуіріндегі қоныстандыру мен көші-қон үрдістерінің демографиялық қана емес біртұтас мелекеттік билік тарапынан жасалынған іс-шаралар екендігі айқындала түсті. Себебі қоныстандыру үрдісінің жүргізілуі халықтардың көші-қонына әкелетіндігі заңдылық еді. Ал халықтың көші-қон қозғалысы олардың әлеуметтік жағдайының өзгеруіне, психологиялық ахуалына әсері болды.
Соңғы кездері елiмiздiң демографиялық даму үдiстерiн зерттеу, көшi-қон үрдiстерiнiң барысы мен салдарын талдауға көп көңiл бөлiнiп жүр.
Кеңес психологтардың 20-30 жылдардағы жалпы психология саласындағы негізгі жетістіктер.
Кеңестік Қазақстандағы психология ғылымы.
Л. С. Выготский Ресейдегі бұл қозғалыстың негізін салушылардың бірі болды. КСРО-дағы педалогияның даму кезеңдері: 1. Бастапқы даму кезеңі: педолог жұмысы қосалқы мектептерге оқу топтарын жинап және балаларды іріктеу болды. Негізгі әдіс - тестер, мектепке арналған тестер жиынтығы 1926 жылы жарияланды. 1928 жылы «Педалогия» журналы жарыққа шықты. 2. Екінші кезең - 1928 жылы Бірінші педалогиялық съезд шешімімен тестерді қолдану шектеледі, психологиялық-педагогикалық бағыттың аздығы педалогиялық қызметті ұйымдастырудың кемшілігі болды. 20-шы жылдардың аяғында педаолого-психологиялық қызмет мамандарын қайта даярлау туралы сұрақ қойылып мектеп дәрігері және мектеп педологінің функцияларын нақты белгілеу сұрақтары қойылды. 3. Үшінші кезең - 20-30-шы жылдары оқу мен тәрбие процесінде балалардың дамуын бақылау жоспарының алдыға қойылуы, тестке қатынастың өзгеруі және олардың педагогикалық практикада кеңеюі оқу - тәрибе процесін психологиялық қамтамасыз ету мүмкіндігін молайтты. 4. Төртінші кезең - 1928 жылы педагогикалық қызметтің алдына жаңа міндеттер қойылды: - оқу және тәрбие жұмыстарының сапасын жоғырылату мақсатында мектептегі оқушыларды жан-жақты зерттеу; - «қиың» балалармен жұмыс. Педологтар мен ата-аналарды педалогия негіздерімен таныстыру; - кәсіби бағдар жұмысы. 5. БКП ОК (ЦК ВКП) 04. 07. 1936 жылғы қаулысы бойынша педалогия ғылымы КСРО-дағы әлеуметтік саяси өзгерген жағдайларға байланысты өз жұмысын тоқтатты. Орнаған әлеуметтік жағдайларға байланысты педалогия ғылымы алдына қойған еркін тұлғаның дамуы міндетін жүзеге асыру өз өзектілігін жойды. 20-30-шы жылдары КСРО-да, батыстағы сияқты психотехника ғылымы белсенді дамиды. Оның міндеті психологиялық құралдар арқылы практикалық мақсаттарды жүзеге асыру және өндірісте адам мінез-құлқы заңдылықтарын мақсатқа бағытты реттеу үшін қолданып, адамға әсер ету. КСРО-дан психотехника принцпитерін ұсынған Керженцев, Каплун, Шпильрейн, Стопани және т. б. болды. Бұл зерттеушілер ұсынған негізгі келесі принциптер төмендегідей:
1. Ресейдегі әлеуметтік саяси бағдарланған еңбекті зерттеуге көңіл қою, негізгі қарастырған сұрақ жұмысшылар қозғалысын зерттеу емес, техника және өндірісті рационализациялау;
2. Психотехниканың келесі міндеттері ұсынылды:
- кәсіби іріктеу және кәсіби кеңес негіздерін құру;
- еңбек процесі барысындағы шаршау мен зорығуды зерттеу;
- жұмысшылар күшін даярлауда психикалық функцияларды жаттығулар арқылы дағдыларын қалыптастыру заңдылықтарын анықтау.
3. 30-шы жылдардағы психотехниканың сипаты кәсіби сұрыптаудан зерттеу мәселесінің кәсіби оқыту және қызметкерлерді қайта даярлау, еңбек процесін ұйымдастыру және т. б. әдістерге рационализациялауға көшіру болды. 20-30-шы жылдары психотехника қарқынды дамуда болды. 200-ге жуық психотехникалық лабораториялар құрылды. 1923 жылдан 1932-ші жылға дейін Бүкілодақтық психотехникалық қоғам жұмыс істеді. Сталинизм кезеңінде психотехника сұранысқа ие болмай 1936 - шы жылы барлық психотехникалық лабораториялар жабылды.
2. Л. С. Выготскийдің ғылыми шығармашылығы. Лев Семенович Выготский (1896-1934) ХХ - шы ғасырдағы Кеңес психологиясындағы ең маңызды тұлғалардың бірі болды. Оның барлық ғылыми шығармашылығы екі кезеңге бөлінеді: - гомельдік және мәскеулік. Гомельдік кезең 1917 жылдан басталып зерттеушілік жұмыс және психологиялық кабинетті ұйымдастыруды біріктіреді. Негізгі идеялары:1. Өзіндік бақылауды рефлоексологияның әдісі ретінде терістеу; 2. Рефлексология және психологияның сөздік рефлекс феномені негізінде бірігуі, өйткені ол дене актісі, яғни адамның мінез-құлқын бейнелейді және сананың субъективті бастан кешуі болып табылады. 3. Мінез-құлықты түсіндірудің шартты рефлекторлы принципіне сүйену. Мәскеулік кезеңнін өзі үшке бөлінеді: 1. Бірінші кезең - 1924-1927 жылдары. Бұл кезеңнің негізгі ерекшеліктері:
- «психология өнері», еңбегі, орталық идеясы, эстетикалық ерекше формадағы реакция концепциясы болды;
- психикалық құбылыстардың детерминациясының екі факторы - әлеуметтік және мәдени ұсынылуы.
2. Екінші кезең - 1927-1931 жылдары. Аспапты психология деп аталып келесі ерекшеліктерді қамтиды:
- «стимул-стимул-реакция» кестесінің ескі «стимул - реакция» орнына келуі стимул және жауап реакциясының арасында ерекше стимул белгі орын алды;
- белгі бұл құрал, адам психикасының алғашқы табиғи процестерін табиғи биологиялықтан тарихи өзгеріске әкеледі. Бұл сананың даму процесі ақпараттардың интериоризация, ал алғашқы табиғи процестер - жоғары психикалық функциялар деп аталады.
3. Үшінші кезең - 1931-1934 жылдары. «Ойлау және сөйле» кітабының жарық көруі, мұнда белгілер эволюциялық мәнділік көзқарасынан қарастырылады және келесі мәселелерді қамтиды:
- мотивация және танымдық процестерің өзара байланысы;
- оқу мен тәрбиенің қатынасы, бұл аймаққа «дамудың жақын аймағы» түсінігін енгізу: дамудан алдыда жүретін оқу ғана әрекеттік болып табылады.
3. С. Л. Рубинштейннің еңбектері. Кеңестік кезеңде психологияда іс-әрекет бағыты негізгі концепция болды. Бұл бағыт шеңберінде тұлға теориялары ұсынылды. Психологияның ғылым ретінде пәні мен міндеті айқындалды. Педагогиткалық концепциялар құрылды. Негізгі идея сана және іс-әрекет бірлігі болды. Іс-әрекет бағытының принциптері кеңес ғалымдары С. Л. Рубинштейн және А. Н. Леонтьев еңбектерінде қарқынды дамыды.
Сергей Леонидович Рубинштейн (1889-1960) іс-әрекет бағытының келесі идеяларын дамытты: 1. Адамның кез-келген әрекеті мотивтерден туындайды және мақсатқа бағытталады; 2. Іс-әрекет және сана бірлікті құрайды, іс-әрекетті саналау фактісінің өзі оның жүзеге асуын өзгертеді, сондықтан сыртқы тітіркендіргішке жауап реакцияларының қарапайым жиынтығы болмайды; 3. Әрекеттің саналануы іс-әрекет барысында құрылатын қатынасқа тәуелді. 4. Адам мінез-құлқы қарапайым реакциялардың жиынтығы емес, ол объектіге деген қатынастың өзгешелігімен ерекшеленетін саналы әрекеттер жүйесінен тұрады; 5. Әрекет бұл іс-әрекеттің саналы актісі; 6. Іс-әрекет субъектінің қоршаған дүниемен өзара әрекеттестігі ретінде түсіндіріледі. Бұл адамның қоршаған дүниеге қатынасы жүзеге асатын және адам психикасы басқалары үшін тануға мүмкіндік жасайтын процесс болып табылады. С. Л. Рубинштейннің жалпы психология негіздері еңбегі Кеңестік психологияның 30-шы жылдарындағы теориялық және эмпирикалық жетістіктерді біріктіретін маңызды еңбек болды. Мұнда психика, сана және тұлға даму контексінде қарастырылады.
4. А. Н. Леонтьевтің еңбектеріндегі іс-әрекет түсінігі. Алексей Николаевич Леонтьев (1903-1979) өз еңбектерінде іс-әрекеттің жалпы түсінігін дамытты. Ол іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын ұсынды. Іс-әрекетік бағыттың мәнін ашатын негізгі еңбек Леонтьевтің «Іс-әрекет. Сана. Тұлға» жұмысы болды. Леонтьев іс-әрекет теориясында келесі теорияларды ұсынды:
1. іс-әрекет адам өмірін жүзеге асыратын процесс және оның мақсаты субъектінің заттық қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады;
2. заттық қажеттіліктер ағзаның ішкі жағдайы ретінде анықталады;
3. іс-әрекеттің дамуы эволюция барысында шындықты психикалық бейнелеудің пайда болуына әкеледі, яғни іс-әрекет психикалық өмірді тудырады;
4. іс-әрекет шындықты объективті бейнелеумен қатар заттық және мұратты болатын бейнені объективті заттық формаға әкеледі. Тіл бейнені индивидуалды санада бейнелейтін форма болып табылады.
5. Психиканың онтогенезде дамуының бірнеше кезеңдері бар:
- элементарлы-сенсорлы психика;
- перцептивті психика (яғни бейненің құралуы) ;
- интеллект кезеңі (яғни ағзаның қоршаған ортаға бағдарлануын қамтамыз ету және бейімдеу) ;
6. Адамның әрбір жас кезеңінде іс-әрекеттің жетекші түрі болады, бұл Д. Б. Элькониннің «Баланың психикалық даму кезеңдері» еңбегінің негізі болды.
7. Адам тәжірибесінің жиынтығын үш түрге бөлуге болады:
- индивидуалды;
- түрлі;
- әлеуметтік.
А. Н: Леонтьев идеялары Кеңестік психологияның көптеген салаларының: әлеуметтік, балалар, педагогикалық, инженерлік, патопсихологиялық, зоопсихологиялық, эргономиканың дамуына күшті әсер етті.
Сонымен қатар бұл салалардың Кеңестік психологияда дамуына ықпал етті. С. Л. Рубинштейн сияқты А. Н. Леонтьевте кеңестік психологияның негізін салушылардың бірі болып табылады.
Кеңестік Қазақстандағы психология ғылымы.
Жан (психика) құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары да сонау ерте кезден бастап-ақ аз айтпаған. Асанқайғы, Шалкиіз, Мұхаммед Хайдар Дулати, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Ақтамберді, Бұхар, Шал, Дулат, Махамбет, т. б. ақын-жыраулар мен ғұлама-ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалады. Қазақ топырағындағы жан мәселелері жайлы ХХ ғасырдың басында өндірте жазған адамның бірі - Жүсіпбек Аймауытұлы (1829-1931) . Жүсіпбектің тәлім-тәрбие тақырыбында жазған еңбектерінің ішінде «Психология» деп аталатын көлемді еңбек айрықша атауға тұрарлық. Өйткені бұл - бүкіл кеңестік түркі тектес халықтар тіліндегі сол кездегі бірден-бір төл туынды.
Қырқыншы жылдарға дейін әзірбайжан, өзбек, түрікпен, қырғыз, башқұрт, татар т. б. тілдерде мұндай еңбектердің болмағанын ескерсек, осы басылымның бағасы ерекше арта түседі. Петербургтегі әскери-медициналық академияның түлегі Халел Досмұхамедов (1883-1939) Алаш қозғалысының белсенді қайраткері болумен қатар, әртүрлі ғылым саласында (медицина, физиология, тарих, әдебиет, психология, т. б. ) өзін үлкен биіктен көрсеткен тұлға еді. Ол қазақ этнопсихологиясының іргетасын қалаушылардың бірі болды. Оның «Tіл - жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт - жойылған жұрт . . . Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру - зор қате» деуі қазіргі кездегі мемлекеттік тілді өркендету, дамыту мәселесімен ерекше үндесетіні хақ.
Осы кезде ғұлама ақын М. Жұмабаев (1893-1937) « . . . қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл» дейтін аталы сөзін өзінің «Педагогика» атты кітабындағы психологиялық түйіндердің негізгі арқауы етті. 1923 жылы Орынборда В. Я. Струминскийдің (1880-1967) «Психология» атты көлемді еңбегі жарық көрді. Сол жылы Ташкентте П. Н. Архангельскийдің «Мектептегі психологиялық зерттеулер» деген еңбегі, Н. Құлжанованың «Мектепке дейінгі тәрбие», Ғ. Қарашевтің «Педагогика» атты төл туындылары жарық көрді. 1935-1948 жылдар арасында Cемейде қызмет еткен белгілі орыс психологі А. П. Нечаев (1870-1948) «Психофизиологиялық синдромдар жүйесі» (1940), «Психология» атты оқу-құралын жазды. 30-40 жылдары психологияға қатысты зерттеулерді қазақ ғалымдары да (Ш. Әлжанов, С. Балаубаев, С. Қожахметов, Ә. Сыдықов, Т. Тәжібаев, А. Темірбеков, т. б. ) жүргізіп келді. Соғыс жылдары елімізде қызмет еткен профессор Г. С. Костюк, профессор В. Я. Резник, профессор П. М. Рубинштейн т. б. республикадағы психология ғылымының дами түсуіне жәрдем етті. Қазақстандағы психология ғылымы, әсіресе, Ұлы Отан соғысының кейінгі жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. Мәселен, 1946 жылы Қазақ педагогикалық институтында (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) тұңғыш рет психология кафедрасы, 1947 жылы Қазақ университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын арнаулы бөлім ашылды. 1951-1953 жылдары осы бөлімді жүзден астам түлектер бітіріп шықты. Бұлардың көпшілігі психология мамандығын иеленіп, еліміздің оқу орындарында, ғылыми мекемелерде қызмет ете бастады.
Осы жылдары республика үшін психологтар даярлауда профессор Т. Т. Тәжібаев (1910-1964) пен профессор И. Л. Стычинский (1896-1969) зор үлес қосты. Елуінші жылдары Қазақстанның өзінде психология ғылымынан бірнеше диссертация қорғалды (Е. Суфиев, А. Темірбеков, М. Мұқанов, т. б. ) . Соңғы 50 жыл ішінде көптеген ғылыми еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Солардың қатарына М. Мұқановтың «Ақыл-ой өрісі», Қ. Жарықбаевтың «Қазақ психологиясының тарихы», Т. Жүкештің «Ұлттық психологияның сипаты», Р. Илешованың «Медициналық психология», Ә. Алдамұратовтың «Қызықты психология», Ғ. Досболовтың «Алдын ала тергеудің психологиясы» т. б. толып жатқан еңбектерді жатқызуға болады. Психология тақырыбына арналған бірнеше ғылыми конференциялар (1962, 1973, 1990, 1994, 1996, 1998, 2000-2005жж. ) өткізілді. 1988 жылдан бастап елімізде психологтар даярлау жаңа қарқынмен қолға алынды. Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, сондай-ақ Алматы, Атырау, Тараз, Қостанай, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан университеттерінде психологиядан бакалавр мен магистранттар даярлануда, орта мектептерде «психолог» мамандығының штаты енгізілді, ҚазҰУ-де академик Т. Т. Тәжібаев атындағы этнопсихология орталығы, Алматы облыстық «Ұлттық тәлім-тәрбие» қауымдастығы (1991-2001) ондаған психология кафедралары жұмыс істейді.
Қазіргі кезде психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің маңызы артып отыр. Осы тұрғыдан келгенде, ауыл-село мектептерінің әлеуметтік психологиялық мәселелері, мал шаруашылығына қажетті мамандардың, сондай-ақ, жаңа типтегі лицей, гимназия, колледж, медресе шәкірттерін оқытып, тәрбиелеудің психологиялық проблемалары, талантты, дарынды оқушылардың өзіндік психологиясын, қостілдік пен көптілдіктің психологиялық астарларын зерттеу, нарық экономикасына көшуге байланысты туындайтын сан алуан психологиялық жайттар алдағы жерде өз шешімін күтіп тұрған өміршең ғылыми мәселелер болып табылады. Ортағасырлық қазақ ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1488) жан туралы пайымдаулары ерекше назар аудартады. Оның басты еңбегі «Шипагерлік баянда» көптеген психологиялық ұғымдар (түйсік, ойлау, сөйлеу, қиял, дағды, т. б. ) туралы қызықты мағлұматтар бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz