Қазақстан Республикасындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту шаралары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту шаралары

Қазіргі қоғамда әйелдер кәсіпкерлігі ерекше орын алады. Қоғамның жаңа әлеуметтік құрылымы қарқынды түрде қалыптасуда - бұл ескі әлеуметтік топтар өзгеріп, жаңа әлеуметтік топтар пайда болатын әлеуметтік процесс. Кәсіпкерлердің әлеуметтік тобының аз бөлігі әйелдер болғанына қарамастан қазіргі таңда олардың бизнеске қатысу ауқымының өсіп жатқанын байқаймыз. Қазіргі қоғамда кәсіпкер әйел жаңа ойлаудың, философия мен өмір салтының, құндылықтар мен имандылықтың жеткізушісі болып табылады. Зерттеу әйелдер кәсіпкерлігінің қалыптасуы мен дамуы туралы ғылыми әдебиеттерді талдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын әйелдерге сауалнама жүргізу және статистикалық есептілікті талдау негізінде жүргізілді.
Әлеуметтік жетістік, әйелдер бизнесі феноменінің тұрақтылығы көбіне әйелдердің кәсіпкерлік саласына келуіне байланысты: бұл олардың өміріне байланысты ма, әлде кездейсоқ, тіпті мәжбүрлі сипатта бола ма? Ол кәсіпкер әйелдердің үш топқа бөлінетіндігінен анықталады. Бірінші топ сенімді әйелдерді біріктіреді. Олардағы таңдау мотиві - бұл кәсіпкер болуға деген ішкі ұмтылыс, осы қызмет түріне қызығушылық. Олар бизнеске өз еріктерімен және ең үлкен мақсатпен кірді. Екінші және ең көп санаттағы іскер әйелдер тобы күтпеген кездейсоқ жағдайлардың әсерінен (достарының кеңесі немесе мысалы, күтпеген қолайлы перспективалар, газет туралы ақпарат және т.б.) әсерінен кәсіппен айналысып бастағандар. Ақырында, үшінші түрі - құлықсыз кәсіпкерлер - өз еркімен бизнеске келмеген әйелдерді біріктірді. Әр түрлі қолайсыз жағдайларға байланысты олар өз кәсібін ашуға мәжбүр болған. Олардың кәсіппен айналысудағы себебі - нақты жұмыссыздық немесе жұмыссыздық қаупі, күнкөрістің болмауы, жалақының төленбеуі, сондай-ақ сыртқы қысым [1].
Іскер әйел - бұл өзін-өзі жүзеге асыруға, шығармашылықпен айналысуға, табиғатынан жаңашылдыққа деген қажеттіліктің жоғарылауы бар, либералды құндылықтардың тасымалдаушылары болып табылатын әйелдердің ерекше әлеуметтік типі. Әдетте, бұл типтегі әйелдер тек кәсіпкерлікте ғана емес, басқа да жұмыс саласында, көптеген ұйымдық-құқықтық нысандары бар кәсіпорындарда да сұранысқа ие. Кәсіпкер әйелдерді қолдау мен олардың кәсібін дамыту стратегияларын қабылдап, іс-шараларды ұйымдастыру әрбір мемлекеттің гендерлік саясатына тікелей байланысты [2].
Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлер теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады [3].
Елімізде гендерлік саясаттың маңызды бағыты әйелдер кәсіпкерлігін дамыту болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту жобаларының мысалы ретінде оқыту бағдарламаларын айта аламыз. Атап айтқанда Атамекен ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен 2018 жылда Бизнес кеңесші және Бастау бизнес курстарын 9 мың әйел аяқтаған. Сонымен қатар 2019 жылы өткен аталмыш кеңес конгресінде Кеңестің басты міндеті ретінде әйел кәсіпкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру екендігі атап көрсетілді. Осы бағытта Әйелдер кәсіпкерлігі бойынша жеке оқу бағдарламасын әзірлеу және Әйелдер бизнесіне арналған 100 идея арнайы оқу құралын шығару қажеттігін аталып өткен болатын. Осы бағытта тиімді құралдардың бірі ретінде әйелдер бизнесінің мамандандырылған көрмелерін атауға болады.
Қазақстанда және әлем елдерінің көпшілігінде әйелдер кәсіпкерлігі негізінен әлеуметтік сала, мектепке дейінгі білім беру, қосымша білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау саласы, құқықтану, есеп, психология, сән және әлеуметтік-пайдалы қызметтер саласындағы ақпараттық-консультациялық қызметтерге бағытталған.
Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, соның ішінде әртүрлі елді мекендердегі әйелдер мен балаларға қолайлы өмір инфрақұрылымы стандарттарын әзірлеу де өте маңызды. 2019 жылы Азия даму банкінің техникалық қолдауымен ауылдық жерлердегі әйелдерді қаржылық сауаттылыққа оқыту бойынша жоба іске асты. 300-ден астам қыз-келіншек курсқа қатысты, қатысушылардың жобаларына Өңірлік кәсіпкерлер палаталары сүйемелдеу көрсетеді [4].
Елімізде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдер саны жыл санап өсіп келеді, бірақ қалаларда тұратын әйелдерге қарағанда ауылдық жердегі әйелдер қауымының еңбекке аз араласуы еңбек нарығының басты мәселелерінің бірі боп қалып отыр. Мәселен, Алматы, Нұр-Сұлтан, қалаларындағы әйелдер басқаруымен жүзеге асып жатқан кәсіпкерлік облыстық көрсеткіштерден өте жоғары алшақтық көрсетеді. Өткен 2019 жылғы есеп бойынша Алматы қаласында 248138, облыс аудандарында 35548; Нұр-Сұлтан қаласында 109905, облыс аудандары бойынша 67876 шағын және орта кәсіпкерлік болған. Мұның басты себебі ретінде этномәдени ерекшеліктерден бөлек, кәсіптік білім алуға мүмкіндіктің ірі қалаларға қарағанда ауылдық, аудандық жерлерде болмауымен түсіндірсек болады [6].

Сурет 1. ҚР-дағы жұмыс беруші әйелдер саны

Осы тұста жоғарыда атап көрсеткен Атамекен ҚР ҰКП ұйымдастыруымен жүзеге асып жатқан әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жобаларын ауылдық, шағын елді мекендік жерлерде жиі ұйымдастыру аталмыш мәселенің шешімі ретінде қарастыра аламыз.
Қоғамда белсенді әрі жеке кәсібімен айналысатын қыз келіншектер туралы ақпарат жиі жарияланады. Бұл соңғы уақытта бизнесте де әйелдердің үлесі бар екенін айқын көрсетіп отырғаны анық. Қандай бизнес түрімен айналысу керек екенін шама-шарқына, қабілет-қарымына қарай таңдау әркімнің өз еркінде. Дегенмен бизнес және әйел дегенде жеңіл өнеркәсіп, тағам және қызмет көрсету салалары бірінші ойға оралады.
Алайда қазіргі таңда ауыл шаруашылығында да әйелдердің қолымен атқарылып жатқан жұмыстар бар. Шалғай аймақтарда, ауылдық жерледе шаруа қожалықтарын ашып, асыл тұқымды мал басын көбейту, құс өсіруді қолға алған келіншектер де жеткілікті. Осы ретте Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Іскер әйелдер кеңесі ауыл шаруашылығында әйелдердің кооперациясын құру туралы бастама көтерді. Бұл туралы отандық әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау және дамыту тақырыбына арналған баспасөз-мәжілісінде айтылды.[5]

Сурет 2. Әйелдер кәсіпкерлігінің салалар бойынша диаграммасы (2019 ж.)

Іскер әйелдер кеңесі төрайымының айтуынша бүгінгі күні қазақстандық әйелдер мемлекет ЖІӨ-нің 40%-ын қалыптастырып отыр. Қазақстандағы жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында әйелдер кәсіпкерлігінің қалыптасуы
Қордын даму кезеңдері мен қызметтері
Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігінің жағдайы туралы жалпы мағлұмат
Жеке кәсіпкерлік: тірлік, табыс, тәуекел
Қазақстанның гендерлік саясаты
Қазақстан Республикасында еңбек нарығындағы гендерлік мәселелерді шешу гипотезасы
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаты
Банктік реформа және теңге жүйесі
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы ақпарат
Қазақстандағы гендерлік саясат
Пәндер