Қазақстан Республикасында еңбек нарығындағы гендерлік мәселелерді шешу гипотезасы

Түйіндеме. Мақалада Қазақстан еңбек нарығындағы гендерлік факторлар әсерінен пайда болған өзекті мәселелер мен ұсыныстар көрсетілген. Мақала кіріспе, тәжірибелік бөлім және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жұмысты жазу барысында шетелдік, отандық ғалымдар мен экономисттердің еңбектері мен зерттеу жұмыстары және статистикалық мәліметтер қолданылды.
Еліміз өз алдына жеке мемлекет болып, қай салада да біраз жетістікке жеткеніне қарамастан, шешімі табылмай, әлі де өзектілігін жоймаған мәселелер жеткілікті. Еңбек нарығындағы гендерлік теңдік мәселесі де елімізде негізгі проблемалардың бірі екені жасырын емес. Атап өтетін болсақ, еңбекақы алу барысындағы гендерлік алшақтық, гендерлік еңбек бөлінісі, гендерлік сауаттылықтың төмен деңгейі, басшылық қызметке тағайындау мен шешім қабылдауда гендерлік кемсітушілік, әйелдердің еңбекке араласу мүмкіндігінің шектеулілігі т.б. Жоғарыда көрсетілген мәселелердің басты себебі этномәдени ерекшелікпен қатар елдегі гендерлік саясаттың және еңбекке араласу барысындағы гендерлік құқықтар мен заңнамалардың әлсіздігінен орын алуда. Қазақстанда түрлі әйелдер ксіпкерлігі мен еңбекке араласуын қолдау мақсатында түрлі жобалар мен бағдарламалар орындалып жатқанына қарамастан әйелдер қауымының көпшілігінің еңбектен тысқары қалуы орын алып жатыр.
Түйінді сөздер: еңбек нарығы, гендерлік мәселе, жұмыс күші, жұмыспен қамту, еңбек ресурсы, экономикалық даму.
Кіріспе. Еңбек және жұмыспен қамту саласы қазіргі уақытта индивидтердің және әлеуметтік топтардың қолайлы өмірінің негізі болып табылады, бұл өз кезегінде еңбек нарығының тұрақтылығына көп жағдайда бүкіл қоғамның дамуы байланысты дегенді білдіреді.
Қазіргі заманғы қоғамның жаһандану процестері жұмыспен қамту саласындағы қазіргі проблемаларды шиеленістіре отырып, белгісіздіктің өсуімен қатар жүреді. Олар әсіресе нарықтық экономикасы тұрақсыз елдерде байқалады.
БҰҰ Даму бағдарламасының гендерлік мамандарының мәліметінше Қазақстанда еңбек нарығы жағдайында ерлер мен әйелдерге төленетін жалақының айрықша алшақтықта екенін және көптеген жағдайларда әйелдердің жұмысқа орналасу барысында жалақы мөлшеріне мән бермейтінін атап өтті. Сонымен қатар елімізде өзге дамыған елдердегі еңбек нарығында бала дүниеге келгеннен кейінгі жасалтын жағдайлар мен еркін жұмыс кестесінің болмауы салдарынан әйелдер қауымының мемлекеттік қызметтерден артта қалатынын да атап өткен болатын [1].
Фридрих Эберт Қорының Қазақстандағы Тең құқықтар және тең мүмкіндіктер институты қоғамдық қоры гендерлік зерттеу жүргізу барысында елімізде сауалнамаға қатысқан респонденттердің 39,6% - ы Қазақстанда гендерлік еңбек бөлінісінің орын алатынын жоққа шығармады [2].
Қазақстандық экономисттер де өз зерттеулерінде Еңбекақы төлеудегі гендерлік алшақтық ғылыми жобасында елімізде еңбек нарығында әйелдер қауымының ерлерге қарағанда мемлекеттік іске аз араласатынын атай келе, оның басты себебі ретінде этномәдени ерекшелік пен үй шаруашылығынан босай алмауды қарастырып көрсетеді [3].
Гендерлік алшақтықты төмендету-бүгінгі күні еңбек саласының алдында тұрған аса өзекті міндеттердің бірі. Бүкіл әлемде әйелдерде еңбек нарығына қатысу мүмкіндіктері айтарлықтай аз. Әйелдердің сапалы жұмысқа қол жеткізуі әлі де шектеулі. Мысалы, әйелдер ақы төленетін және ақы төленбейтін еңбекті қатар істеумен қатар әйелдердің жұмыс күні ер адамдарға қарағанда көп жағдайда ұзағырақ боп келеді.
Тәжірибелік бөлім. Ғалымдар ерлер мен әйелдер үшін еңбек нарығына тең қол жетімсізділік экономиканың дамуын тежейді деп айтады. Экономистердің есептеулері бойынша, еңбек нарығындағы ерлер мен әйелдер арасындағы алшақтықты қысқарту елдің ЖІӨ-ін таяу 15 жыл ішінде орта есеппен 12% - ға арттыра алады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, көлеңкелі экономикада да гендерлік теңсіздік бар: құрылыста және өндірісте "білікті" жұмыс әдетте ер адамдарға беріледі,ал әйелдер сауда және қол қолөнері сияқты ақы төленбейтін жұмыстарға қанағаттануға тура келеді. Экономиканың көлеңкелі секторында жұмыс істейтін әйелдерге дағдарыстың әсерін зерттеу қосымша табыс көздерін іздеу қажеттілігіне байланысты жұмыс уақытының өсуін, табыстардың төмендеуін, әйелдердің физикалық және психологиялық күйзеліске осалдығының күшеюін көрсетеді [7].
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығында әйелдер жағдайын жақсарту және гендерлік теңдік жөніндегі ұлттық тетікті қалыптастырудың бастамасы 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы, әйелдер проблемалары және демографиялық саясат жөніндегі кеңес құру болып табылады. Үш жылдан кейін кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия болып қайта құрылды. 2006 жылы бұл орган жаңа атау алды: Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия. Алайда, 2008 жылы ұлттық комиссияның атауы қайтадан өзгеріске ұшырады, бүгінгі күні ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия ретінде әрекет етеді. Атаудың екінші өзгеруі және оның бүгінгі күнге дейін сақталуы Қазақстан Республикасының гендерлік саясатында отбасын нығайту, аналарды қорғау және отбасылық міндеттерді үйлестірудің ең жақсы мүмкіндіктерін қамтамасыз ету және әйелдер үшін жұмыспен қамтуға қатысу мақсаттарын куәландырады. Тең құқықтар мен мүмкіндіктерге қол жеткізу мақсатында Мемлекет басшысы әйелдер үшін экономикалық жеңілдіктер мен преференциялар жасауды, ана мен баланың денсаулығын жақсарту жөнінде шаралар қабылдауды, әйелдер үшін құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерді елеулі түрде арттыруды бірінші кезектегі міндет ретінде қояды. Қазақстан Республикасының Президенті "Қазақстан-2050 " стратегиясы Қазақстан халқына Жолдауында гендерлік тең құқықтықтың маңыздылығын атап өтті [8,9].
Гендерлік теңдік жолында алға жылжу мақсаттары ел басшылығына да, халыққа әйелдердің жағдайын жақсарту және бірінші кезекте оларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау міндеттері ұлттық комиссияның негізгі міндеттерінің тізбесінде айтарлықтай көрініс тапты.
Комиссияның аумақтық бөлімшелері бар, олар Қазақстан Республикасының әрбір облыстарында әкімшілік жанында және Астана мен Алматы қалаларында әрекет етеді. Бұл бөлімшелердің басшылығында әкімшілік басшыларының орынбасарлары ретінде әдетте әйелдер тұр.
2018 жылы қараша айында Ұлттық Комисссия өкілдері мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы төрағалығымен ұлттық комиссия отырысы өткен болатын. Отырыс барысында өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 160 адам жұмысқа орналасып, 127 адам жолдама алған, 142 адам қайта даярлау курстарына қабылданғанын Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша көрсетілген жылы 23 әйел пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде жалпы құны 763 млн теңгеден асатын мемлекеттік қолдауға ие болғандығын атап өткен болатын [4].
Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты да Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлер теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады [8].
Бүгінгі күні гендерлік саясаттың негізгі бағыты - әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау. Осы тұста еңбек нарығында орын алатын ерлер мен әйелдерге жалақы төлеу барысындағы алшақтық, гендерлік еңбек бөлінісі мен қызметте шешім қабылдау барысындағы гендерлік кемсітушіліктер тәрізді проблемаларды атап көрсете аламыз.
Қазіргі таңда Қазақстанда әйел адам жұмыс жасай алмайтын 287 бағыт бар. Сонымен қатар мансабы жоғары әйелдерді де сирек кездестіреміз. Бұл тікелей этномәдени ерекшелік көрінісі боп табылады. Ал еңбекақы төлеу барысындағы алшақтықтың басты себебі ретінде әйелдер қауымының жұмысқа орналасу барысында өз талаптарын қоймауы мен еңбекақы мөлшеріне мән бермеуін айта аламыз [1].
Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты қоғамдық қорының ұйымдастыруымен болған сауалнама барысында Қазақстандық респонденттердің көпшілігі әйелдер саясатқа араласуы керек деп санайды. Алайда, ер адамдар әлі де саясат әйелдерге арналмайды деген стереотиптік пікірді қолдайды.
Кезекті сұрақ ретінде "Сіздің жұмыс орныңызда гендерлік кемсітушілік орын ала ма?" сұрағы қойылған болатын. Әйелдердің 33,1 % - ы "кейде" деп жауап берді, ал 12,3% - ы "ешқашан" деп жауап берді, ал көпшілігі не туралы сөз болғанын мүлдем түсінбеді, бұл ретте ерлердің 5,4% - ы еркектерді кемсітушілік бар деп санады. Әйелдердің 19,3% - ы мен ерлердің 6,8% - ы ұйымда неғұрлым жоғары лауазымдық позицияларды атқаратын басшылар мен әріптестер тарапынан гендерлік талаптармен бетпе-бет келгенін атап өтті.
Дегенмен, соңғы жылдары Қазақстан Республикасында биліктің барлық тармақтарындағы әйелдердің үлесі айтарлықтай өсті. Алдыңғы шақырумен салыстырғанда әйел-депутаттар саны екі есе, депутаттардың жалпы санының 20% - ға дейін өсті. Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарда әйел-депутаттар саны депутаттардың жалпы санының 17% - ын құрайды. Қостанай облысының мәслихаты ең жоғары көрсеткішке ие болды, онда әйелдердің үлесі 36% құрайды [2].
Гендерлік саясаттың тағы бір маңызды бағыты әйелдер кәсіпкерлігін дамыту болып табылады. Оның ішінде жас әйелдерге арналған арнайы бағдарламалар бар. Бұған басты мысал ретінде 2010 жылы басталған Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жобасын айта аламыз.
Кәсіпкерлікті дамыту жобаларына тағы бір мысалы ретінде оқыту бағдарламаларын айта аламыз. Атап айтқанда Атамекен ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен 2018 жылда Бизнес кеңесші және Бастау бизнес курстарын 9 мың әйел аяқтаған. Сонымен қатар 2019 жылы өткен аталмыш кеңес конгресінде Кеңестің басты міндеті ретінде әйел кәсіпкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру екендігі атап көрсетілді. Осы бағытта Әйелдер кәсіпкерлігі бойынша жеке оқу бағдарламасын әзірлеу және Әйелдер бизнесіне арналған 100 идея арнайы оқу құралын шығару қажеттігін аталып өткен болатын. Осы бағытта тиімді құралдардың бірі ретінде әйелдер бизнесінің мамандандырылған көрмелерін атауға болады.
Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, соның ішінде әртүрлі елді мекендердегі әйелдер мен балаларға қолайлы өмір инфрақұрылымы стандарттарын әзірлеу де өте маңызды.Биыл Азия даму банкінің техникалық қолдауымен ауылдық жерлердегі әйелдерді қаржылық сауаттылыққа оқыту бойынша жоба іске асты. 300-ден астам қыз-келіншек курсқа қатысты, қатысушылардың жобаларына Өңірлік кәсіпкерлер палаталары сүйемелдеу көрсетеді [5].
Елімізде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдер саны жыл санап өсіп келеді, бірақ қалаларда тұратын әйелдерге қарағанда ауылдық жердегі әйелдер қауымының еңбекке аз араласуы еңбек нарығының басты мәселелерінің бірі боп қалып отыр. Мәселен, Алматы, Нұр-Сұлтан, қалаларындағы әйелдер басқаруымен жүзеге асып жатқан кәсіпкерлік облыстық көрсеткіштерден өте жоғары алшақтық көрсетеді. Өткен 2018 жылғы есеп бойынша Алматы қаласында 248138, облыс аудандарында 35548; Нұр-Сұлтан қаласында 109905, облыс аудандары бойынша 67876 шағын және орта кәсіпкерлік болған. Мұның басты себебі ретінде этномәдени ерекшеліктерден бөлек, кәсіптік білім алуға мүмкіндіктің ірі қалаларға қарағанда ауылдық, аудандық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz