Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдықсаяси қозғалыстар
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университеті
Индустриальды - технологиялық институты
Баяндама
Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар
Орындаған: ПСМ - 21 студенті
Серік Айгерім
Тексерген:Жанат Самиғоллақыы
Орал - 2021
Саяси партиялардың пайда болуы, қалыптасу шарттары, белгілері және атқаратын қызметтері.
Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды.
"Партия" деген сөз латын тілінен шыққан. бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш, алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады.
Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада XIX ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын партиялар құрыла бастады. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді көрсетті:
1. Аристократиялық үйірмелер.
2. Саяси клубтар.
3. Көпшілік партиялар.
Мұнда аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаса, саяси клубтар буржуазияның мүддесін корғады. Ал көпшілік партия үнемі көпшілікпен байланысты болады. Барынша өз қатарына көбірек адамдарды тартады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияның либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары ғана басынан өткізген. Басқа партиялар әр түрлі даму жолдарынан өткен. Біразы бірден көпшілік партияға айналды.
Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбританияның либералдық партиясы құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы құрылды. Мұндай партиялар басқа да елдерде құрыла бастады.
Американың саясаттанушысы Ла Паломбараның айтуынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады:
1. Партия белгілі бір идеологияны қорғайды;
2. Партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін ұзақ біріктіретін ұйым.
3. Партияның мақсаты - билікті колға алып. жүзеге асыру:
4. Әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен. Мүше болуына дейінгі колдауын қамтамасыз еткісі келеді.
Партиялардың өмір сүру ұзактығы дау-жанжалдардын тууы мен оларды шешу қажеттігінен туады. Жалпы саяси партиялардың. мынандай сипатты белгілері болады:
1. Партия бағдарламасынын болуы;
2. Саяси билік үшін күрестің болуы:
3. Партиялық тәртіптің болуы:
4. Партияға мүшелік ету;
5. Мүшелік жарна төлеу;
6. Партияның жарғысының болуы:
7. Баспа органдарының, болуы;
8. Партия басшылығының көптеген өкілеттігі;
9. Кәсіптік негіздегі партия аппаратының болуы. Осындай белгілері бар саяси партиялар тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, жұмысына мақсаттылық-сипат береді, белгілі бір идеологияны қорғайды, бағыт береді.
Саяси партиялардың негізгі қызметтері
Поляктың саясаттанушысы А. Боднардың ойынша, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтер атқарады:
1. Саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
2. Қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау
3. Олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;
4. Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
5. Қоғамдық пікірді қалыптастыру;
6. Жалпы коғамды. топты саяси тәрбиелеу:
7. Саяси жүйелерді, онын принциптерін, элементтерін. күрылымдарын калыптастыруға қ атысу;
8. Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және онын жұмысының бағдарламасын жасау;
9. Мемлекеттін, кәсіподактарының, коғамдық ұйымдарының аппараты үшін кадрлар даярлау, ұсыну.
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді.
Сонымен саяси партиялардың негізгі қызметтері төмендегідей:
Теориялық:
Қоғам дамуының, негізгі салалары бойынша жәңе оның даму жолдарын талдап, теориялық жағынан бағалау. Әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтап үйлестіру. Қоғамды жаңартудын стратегиясы мен тәсілін тұжырымдап бұқараны қимыл бірлігіне теориялык жағынан әзірлеу.
Идеологиялық:
Еңбекші бұқара арасында өз көзқарасын, ізгі мұраттарды тарату, оны іскерлікпен ұштастыру. Өз бағдарламасы мен саясатын насихаттау. Азаматтардың түбегейлі мүдделерін ескере отырып өз бағытын қолдауға жұмылдыру және партия қатарына тарту.
Қорыта келе, партия деп - мемлекеттік билікті колға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады.
Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері
Саяси партияларды жіктеп. жүйелеудің көтеген өлшем және белгілері бар.
Француз ғалымы М.Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына қарай екіге бөлген:
Кадрлық:
Сайлаушылардың 10 пайызы ғана болатын мүше саны аз, ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық билеті бар. Мүшелік жарна төлейді. Жарғысын мүлтіксіз орындайды. ГФР-дің Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы.
Бұқаралық
Сайлаушылары көп, мүшелері, белсенділері де көп. Партиялық билеті жоқ мүшелік жарна төлемейді. Мысалы: Ұлыбританияның Лейбористер партиясы АҚШ-тың республикалык және демократиялық партиялары.
Сайлаушылар партиясы - бұл партияның, негізгі мақсаты үміткердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.с.с. Мұнда тұрақты мүшелік жоқ ұйымдық құрылым жоқ.
Парламенттік партия - екі қызмет атқарады: парламентке бақылау жасайды, сайлауға дайындалады.
Авангардтық партия - орталықтанған өзінің барлық мүшелерінен партиянын жұмысына белсенді катынасуын талап етеді.
Қауымдастық партиясы - ортак көзкарас, ұқсас мүдделеріне орай маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі.
Коммунистік партиялар -- К.Маркстің ілімін басшылыққа алады. Тапсыз, меншіктің жеке түрі жоқ қоғам мүддесін қорғайды.
Социал-демократиялық партиялар - бұл партиялар үнемі еңбекші халыктың мүддесіне сай қоғамды реформалап отырады. Негізгі құндылықтары: әділеттілік, бостандық, теңдік, ынтымақтастық.
Буржуазиялық-демократиялық -- билік үшін ашық күрес жүргізеді. Үкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жетеді. Заң алдында бәрінің, де тең болғанын қалайды.
Консервативтік партиялар - ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Тенсіздікті сақтағысы келеді.
Фашистік партиялар - адам құқықтары мен бостанықтары шектеледі. Ұлтшылдықты уағыздайды. Жеке мүддеден мемлекеттік мүдде жоғары тұрады. Күштеу басым болады.
Билеуші партиялар - билік қолға жеткен соң, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, басқа партиялардың үстінен билік жүргізеді.
Оппозициялық партиялар - олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қарсыластық қасиет тән.
Ресми партия - жұмысын ашық жүргізеді. Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Жартылай ресми партия - формалды түрде рұқсат етілген, кейбір жұмысына шек қойылған.
Құпия партиялар - заң бойынша тыйым салынған, жұмысын жасырын жүргізеді
Бірпартиялық - өзінен баска партияның болғанын қаламайды. Мұндай партия тоталитарлық және авторитарлық коғамға тән. Мысалы: бұрынғы КСРО-дағы коммунистік партия.
Екіпартиялық - мұнда нағыз бәсекелестік ірі екі партия арасында болады. Жалпы сайлау арқылы үкімет басына келеді. Үнемі бір-бірін сынға алып отырады. Мысалы: АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партиялары. Ұлыбританиядағы консерваторлар мен лейбористер партиялары, Германиядағы христиандық демократтар мен социал-демократтар.
Көппартиялылық - мүнда үш немесе одан да көп партиялар болады. Саяси мәселелер жан-жақты қаралады, бюрократияға тежеу салынады. Билік басына нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік туады. Мысалы: қазіргі Қазақстан Республикасы. Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция құруы мүмкін.
Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады. Мынандай түрлері бар:
Парламентке қатысатын партиялардың, ешқайсысы өз алдына бөлек басқара алмаған уақытта құралған көппартиялық коалиция;
2. Екіпартия бірігіп үкіметті баскара алатындай уақытта құрылатын екіпартиялық коалиция:
3. Билік үшін бәсеке екі партия одағының арасында болса, екі блоктық коалиция болады;
4. Егер дербес партия ұзақ уақыт билік етсе оны басымдық коалициясы дейді.
Барлық саяси партияларын жұмысы Конституцияға қайшы болмауы керек.
2.Қазақстандық партиялық жүйелердің даму үрдістері және ерекшеліктері.
Қазақстандағы көппартиялылық
Қазақстанда ең алғаш Ә.Бөкейхановтың бастауымен 1905 жылы желтоқсанда Орал қаласында өкілдер съезі шақырылып, кадет партиясының бөлімі (филиалы) кұрылды. Ол ешқандай мәселені шешпеді. Қазақтардың, өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де болған жоқ.
1917 жылы 21 қазанда Қазақ газетінде Алаш партиясының бағдарламасын басып шығарды. Онда: Ресей демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек: мұндағы мемлекеттер дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай бәрі де тең, ақысыз білім алуы, басқарушылар жергілікті халықтын тілін білуі керек, т.с.с. жазылған.
1917 жылы желтоқсанда Орынборда жалпы қазақтың екінші съезі шакырылып. "Алашорда" үкіметінің құрылғандығын хабарлады. Басшысы Ә. Бөкейханов болып сайланды. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңес әскерлерінің, күшімен талқандалды. "Алаш" партиясының басшылары қуғын-сүргінге ұшырады.
1917 жылы күзде "Үш жүз" деген партия құрылды. Оның басшысы Қ. Тоғысов болды. Ал Кеңес үкіметі уақытында жалғыз басқарушы партия СОКП болды.
1986 жылы желтоқсан көтерісінен кейін, "Желтоқсан" партиясы дүниеге келді.
Қазіргі кездегі негізгі мәселе - республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтық.мемлекет құру. Барлық партия оған келіседі, тек қандай әдіс-тәсілдер, құралдар колдану керек.
Республикадағы барлық партиялар өздерінің бағдарламаларында демократиялык құндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық-экономикаға тырысатындығын білдіріп, азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайтындықтарын білдіреді.
Қазақстанда партиялар саны өсуде.
Казақстан социалистік партиясы (ҚСП)
Республиканың саяси өмірінде бұл партия 1991 жылы 7 қыркүйекте пайда болды. Қазақстан Компартиясының кезектен тыс съезі өзін Қазақстанның социалистік партиясы деп атау жөнінде шешім қабылдады.
Қазір ол 1586 жергілікті партия ұйымдарын, 47 мыңнан артық КСП мүшелерін біріктіреді. Партиядағылардың 42 пайыздан астамы 40 жастан асқандар. 24 пайызы 40-50 арасындағылар. Олардың арасында көптеген мемлекеттік жүйенің басқарушылары, халық депутаттары бар.
КСП атқарушы органы болып - Политисполком (саяси аткару комитеті) анықталған. Ұйымдық жағынан партия территориялық, облыстық, қалалык, аудандық атқару комитеті және бастауыш ұйым болып бөлінеді. Соңғы мәліметтер бойынша ҚСП Оңтүстік Казақстан облысында 16,5 мың, Кызылорда облысында-5 мыңнан аса, Солтүстік Қазақстанда - 4 мыңнан аса, Жамбыл облысында -4 мыңнан аса мүшелері бар. 40-қа тарта ұлт пен ұлыс өкілдері КСП мүшесі.
Партия Еуразия кеңестігіндегі Одақты конфедеративтік негізде қайта құруға мүдделік танытты. ҚСП мүшелері дүниедегі адамгершілік, ізгілік принциптері әлемдегі социалистік теориялардың түрлі бағыттағы тұғырнамаларының негізі болды деп есептеді.Оның тең төрағалары болып Петр Своик пен Ғазиз Алдамжаров сайланды. Партия бүгінгі күні өз жұмысын тоқтатты. Қазақстан халық конгресі партиясы (ҚХКП)
Партия 1991 жылы 5 қазанда құрылған. Партияның тең төрағалары болып, "Невада - Семей" қозғалысының жетекшісі, белгілі ақын, саясаткер О.Сүлейменов пен "Аралды қорғау" қоғамдық козғалысының жетекшісі, ақын. саясаткер М.Шаханов сайланды. Кейіннен М.Шаханов төрағалыктан кетіп "Арал - Азия - Қазақстан" қозғалысына ауысты. Сондыктан партияның төрағалық қызметін В. Рогалев, Г. Ерғалиевалар атқарды. Оның құрылтайшылары Семей - Невада, Арал - Азия - Қазақстан қозғалыстары, Әйелдер одағы, Тәуелсіз Бірлесу кәсіподағы. Қазақ тілі қоғамы мен республика жас құрылысшылары ассоциациясы және ұлттық мәдени орталықтар болды.
КХК партиясының Солтүстік Қазакстан облысынан баска 18 облыста өз ұйымдары болды. КХКП - жас азаматтар партиясы, Оның мүшелерінің 50 пайыздан астамы 40-45 жастағылар. Партия өзінің бас органы 'Халық Конгресі". "Народный Конгресс" газеттерін 20000 тиражбен щығарып тұрды. Партия саяси, экономикалык,әлеуметтік өмір салаларына белсенді араласып көптеген жаңа пікірлер мен ұсыныстар енгізіп отырды. Қазіргі уақытта партия жұмысын токтатты.
Қазақстан халық бірлігі партиясы (ҚХБП)
Қазақстан халык бірлігі одағы 1995 жылы акпан айынан бастап аталмыш партияға айналды. Халық бірлігі одағының кұрылтай съезі 1993 жылы ақпанда өтті. Онда саяси Кеңес сайланып оның кұрамына 71 адам мүшелікке енді. "Қазақстан халық бірлігі" одағының лидері болып Президент Н.Назарбаев сайланды. Одақтың төрағасы болып халық депутаты С.Абдрахманов бекітілді. Басқару органдарына мемлекеттік билікте отырған бірнеше жас саясатшылар кірді. 1993 жылы 2 қазанда халық бірлігі одағының бірінші съезі болды. Бұған дейін республиканың 14 облысында, 20 қаласында, 19 қалалық және 102 селолық аудандарында құрылтай конференциялары өткен болатын. Съезде одақтын лидері Президент Н.Назарбаев сөйледі. Одақтың төрағасы болып, К.Султанов сайланды. Сонымен қатар съезд жаңа Жарғы мен Бағдарламасын қабылдады. Одақты қозғалыс деп біліп, соған қарамай мүшелікке алуда жекелік принципті сақтау ұйғарылды. Халық бірлігі одағының мақсат-мүддесі, іс-әрекетімен көпшілікті таныстыру жүйесі ретінде "Жас алаш" және "Экспресс К" газеттері белгіленді. Кейіннен одақ орыс және қазақ тілдерінде "Время". "Дәуір" атты газет шығарып тұрды. 1995 жылы Қ.Султанов Қытай Халык Республикасына елші болып кетуіне байланысты, одақтың төрағасы болып А.Бижанов сайланды. 1999 жылы наурыз айында бұл партия "Отан" партиясынын кұрамына кірді.
Қазақстан Республикасының партиясы (ҚРП)
Партия өз тарихын 1990 жылдың 1 шілдесінен бастайды. Бұл күні "Азат" азаматтық козғалысының құрылтай конференциясында Қазақстанның "Азат" азаматтық козғалысынын негізгі мақсаты мен принциптері деген декларация қабылданды.
"Азат" тез қарқынмен дамып көп ұзамай-ақ республика көлемін қамтыған козғалысқа айналды. Оның ұрандары мен талаптары көпшіліктің, әсіресе қазақ қауымының көңілінен шығып отырды.
1991 жылы 4 кыркүйекте 30 өкіл қатысқан "Азат" партиясының құрылтай конференциясы өтті. Ол парламенттік типтегі Қазақстан республикалық партиясы "Азаттың" құрылғаны жөнінде шешім кабылдады. Сонымен қатар партияның Жарғысы мен Бағдарламасы қабылданды.
Сонымен енді біртұтас "Азат" қозғалысы екіге "Азат"-Қазақстан азаматтық қозғалысына және "Азат"- Қазақстан республикалық партиясына бөлініп шыға келді. Бұл әрине оның қоғамдағы беделін күрт төмендетіп жіберді. Оның үстінен "Азаттық" көтеріп жүрген көптеген ұрандары, тәуелсіздік, мемлекеттік, ұлттық мәселелері жүзеге асты.
Осы тұста бытырап кеткені ұлттық-демократиялық қозғалыстардың басын косып бір арнаға түсіру максатымен "Азат" - азаматтық қозғалысы. "Азат" - республикалық партиясын, Қазақстан ұлттық демократиялық партиясы "Желтоқсанды" үшеуін бір партияға біріктіру идеясы ұсынылды.
1992 жылы 11 қазанда біріктіру съезі өз жұмысын бастады. Мұнда "Азат" республикалық партиясы шеңберінде ұйымдасты деген шешім қабылданды.
Жаңа республикалық "Азат" партиясының төрағасы болып Қазақстан Ұлттық Ғылыми Академиясының корреспондент мүшесі профессор К.Ормантаев сайланды. Онын бірінші орынбасары болып Хасен Қожа-Ахмет, бас кеңесшісі болып Жасарал Қуаныш-Әлі сайланды.
"Алаш" партиясы
1999 жылы қыркүйекте Қазақстанның Республикалық партиясы "Алаш" ұлттық партиясы болып өзгерлді. Ұлттық бағыттағы бұл партияға қазақ зиялыларының біраз өкілдері енді. Максаты Қазақ ұлтынын мүдделерін қорғау деп ашық айтылды. Партия лидері Сәбетқазы Акатай 2003 жылы өмірден өтті. Ол 60 жылдары Мәскеуде Қазақ жастары кұрған атакты Жас түлпар студенттік ұйымының белсенді мүшелерінің бірі болған.
Қазақстан социал-демократиялык партиясы (ҚСДП)
Партия 1990 жылғы 26-27 мамырда кұрылтай-конфе-ренциясында құрылған. Конференцияға 34 өкіл катысты, олар республиканың 15 облысының өкілдері еді. Пар-тия ресми тіркеуден өтпеген. Партия мүшелерінің екі түрлі мәртебесі белгіленген: белсенділер және жактау-шылар. Белсенді мүшелер париялық жарна төлеуге, партиялық қызмет, тапсырма алуға міндетті. Екіншілерді іс жүзінде партияға іш тартушылар деп үққан жөн. Пар тия мүшелерінің жалпы саны мыңға жуық. Социал-демократиялық партиянын, 10 облыстық бөлімшелері бар. Партия төрағасы Дос Көшімов.
Қазақстан коммунистік партиясы (ҚКП)
1991 жылдың күзінде коммунистердің XIX съезі өтті. Съезде 17 облыстан келген 148 өкіл, 87 арнайы шакырылған конақтар қатысты. Онда саяси жағдай туралы баяндама тыңдалды.
Қазақстан Компартиясын жандандыру және оның кезек күттірмес мәселелері жөнінде әңгіме болды. Съезд делегаттары жүріп жаткан реформаларға карсы шықпай. демократиялык және әлеуметтік әділеттік орнату қажеттігі жайлы пікірлер айтты.
Сонғы деректер бойынша компартия катарында 55 мыннан астам мүше бар. Олардың бәрі арнайы тіркеуден өткен. Коммунистердің орта жасы 42-ге тең. Партияның жергілікті ұйымдары Республиканың Талдыкорған облысынан баска облыстарының бәрінде де бар. Қазақстан Компартиясы Республика Әділет министрлігіне үш рет күн кұжаттарын дайындап, тек төртінші ретте 1994 жылы ғана ресми тіркеуден өтті. Алғашында партиянын төрағасы бұрынғы ККП Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы икститутының директоры академик Б.Төлепбаев, кейін 1996 жылы сәуір айында ККП ОК бірінші хатшысы болып Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің бүрынғы төрағасы С. Әбділдин сайланды. Қазір де ҚКП катары біраз өзгерген. Екінші хатшы Сорокиннің орнына Мәжіліс депутаты В. Косарев сайланды да, 2004 жылы ол және партияның өзге де 11 мүшесі партия қатарынан шыкты. Жакында Компартияның хатшылығына жаңадан тағы бір мәжіліс депутаты - Т.Тоқтасынов сайланды.
" Желтоқсан" ұлттық-демократиялық партиясы
1992 жылғы қазаннан бері республикалық "Азат" партиясының құрамына енген. "Желтоқсан" қозғалысының негізін 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасына қатысушылар калады. Ұйымдық жағынан "Желтоқсан" қозғалысы 1989 жылы қалыптасты. Бұл қозғалысты ұйымдастыруға тікелей себеп болған оның белсенділерінін 1986 жылғы Алматыдағы, желтоқсан оқиғаларының себептері мен оған берілген ресми бағамен, келіспеуі болды.
Қозғалыстың басында сазгер Хасен Қожа Ахмет тұрды. Ол ресми саясатпен келіспеуіне байланысты жауапқа тартылып, 1986 желтоқсан окиғасына қатысты тағы да сотқа тартылды. Дәл осы жағдай 1991 жылғы Қазақстандағы президенттік сайлау кезінде "Алаш", "Азат" козғалыстарының Хасен Кожа Ахметтің кандидатурасын қолдауына себеп болған.
1990 жылы мамыр айында "Әділет", "Ақиқат". "Азамат", "Жерұйык", "Кәусарбұлақ", "Форум", қоғамдық ұйымдарының бастамасымен кұрылтай съезі шакырылып "Желтоқсан" қоғамдық комитет негізінде "Желтоқсан" партиясың құру жөнінде декларация кабылданды.
Құрылтай съезіне Алматыдан республиканың бес облысынан, Кырғызстан, Өзбекстан, Мәскеуден, КСРО-ның баска да аймақтарынан келген 80 өкілі қатысты.
Партияның лидерлері болып X.Қожа Ахмет пен А. Нәлібаев сайланды. Партия бағдарламасында республикандық саяси-экономикалык тәуелсіздігі үшін күрес, желтоксан кұрбандарын ақтауға қол жеткізу, қазақ тілінің мемлекеттігін бекіту, шет елдердегі қандастарымызбен тығыз байланыс орнату көрсетілген. Сонымен қатар үлкен маңыз алып келе жаткан ислам факторына да көңіл бөлген.
Қазақстан демократиялық прогресс партиясы
Құрылтай конференциясы 1991 жылы 24 қарашада өтті. Республиканың алты облысында, негізінен орыс тілді тұрғындар басым облыстарда 1000-нан астам мүшелері бар. Партия ресми тіркеуден өтпеген. Негізгі әрекеті саяси саланы камтиды. Партия мемлекеттік құрылымдарды Жоғарғы Кеңес пен Өкіметті қатаң сынға алу мен айналысады. Партияның негізін орыс тілді зиялылар тобы құрайды. Партияның төрағасы А.Докучаева.
Бұл партиялардан басқа партиялар да бар. Қорыта келе қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатардағы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.
Қазақстанның республикалың Еңбек саяси партиясы
"Қазақстан инженерлер Одағы" қоғамдық саяси қозғалыс негізінде 1996 жылы 10 қаңтарда құрылған. Алғашында 11 облыста филиалы жұмыс істеді. Олар өздері центристік бағыт ұстайтындарын мәлімдеді. Мақсаты -демократиялык мемлекет құру. Әлеуметтік базаны инженер-техникалық зиялылар қауымы кұрады. Партиялык тізім бойынша Парламент сайлауына катысып, 1.38 пайыз дауыс жинады. Алғаш төрағасы Мәжіліс депутаты Ө.Жолдасбеков, кейіннен Б.Т. Жұмағұлов болды.
Халықтық-кооперативтік партия ХКП
Өздерін аса ірі, таптық және әлеуметтік жіктеулерден, негізінен кооперация мен ауыл шаруашылығы саласындағы кызметкерлерге арқа сүйеп отырған бірден-бір партиямыз деп жариялады. 1994 жылы 20 ақпанда құрылды.
Қазақстанның "Дәуірлеу" партиясы
Өздерін парламенттік типтегі партия деп атады. Партия төрайымы болып 1995 жылдың қантар айының 27-де өтқен құрылтай сезъінде Алтыншаш Жағанова сайланды. КДП-ның басты ұстанар жолы руханилық пен ізгіліктің қайта жанданып дәуірлеуіне күш салу болды.
Қазақстанның Демократиялык Партиясы.
1995 жылдың 1-шілде айында құрылды. Партияның бастапқы кезеңіндегі төрағалары президенттің кеңесшісі Төлеген Жүкеев және Алтынбек Сәрсенбаев болды. Бұларды 1999 жылы наурыз айында "Отан" партиясының құрамына кірді.
Республикалық социал-демократиялық "Отан" партиясы.
1999 жылы акпан айында Алматыда өткен құрылтай съезінде Қазақстанның Демократнялык плртиясы, Қазақстаннын Халык бірлігі партиясы. Қазақстанның Либералдық және "Қазақстан-2030" коғамдық қозғалыстарының бірігуі барысында құрылды. Парламент әлеуметтік базасы бюджеттік ұйымдар, мемлекеттік кызметкерлер, студенттер, ғылыми және шығармашылык зиялылар кауымы, орта және кіші бизнес өкілдерінен тұрды.
Құрылтайға 400-ге жуык уәкіл катысты. Бұрынғы эксперимент С. Терещенко партияның төрағасы болып сайланды (казіргі уакытта республикалық Отан" саяси партиясын партия төрағасының міндетін атқарды Амангелді Ермегияев баскарады). 2004 жылы 12 наурызда кезектен тыс VI съезінде партия тәрағасының орынбасары болып Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Жармұқан Тұяқбай мен бұрынғы вице-премьер Александр Сергеевич Павлов сайланды.
"Қазақстанның республикалық Халықтық партиясы"
Оның төрағасы бұрынғы экс-премьер Ә. Кажыгелдин. 1998 жылы 17 желтоқсанда кұрылды. Оның шетелге кетуге мәжбүр болуына байланысты партияны саяси кеңесінің төрағасы Ә.Қосанов басқарады. Бір кездегі партия жетекшілігінде болған Ғ. Алдамжаров 2001 жылы қаңтар айында кенеттен бұл партиядан шығып, Президент әкімшілігіне ауысты, кейін Қазақстанның Беларусь мемлекетіндегі елшісі қызметіне ауысты. Партияның, алға койған мақсаттарының бірі адамның құқығы мен бостандығы қорғалатын құқыктық мемлекет кұру деп жарияланды. Партия мемлекеттік биліктің бір қолға шоғырлануына карсы шықты. Бұл бағытта бірнеше шаралар жасауға талпыныс білдірді. Партия мүшелерінің кайта тіркелуі үшін 50000 мүшесі болу керек деген заң талабына байкот жариялап, өз жұмысын, тіркеуден өтпей-ак астыртын жалғастыруда.
"Азамат" Қазаңстанныц демократиялың партиясы
1996 жылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz