КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ДАЛА КОНЦЕПТІСІНІҢ КӨРІНІСІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ӘОК 81'42(075. 8 )

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ «ДАЛА» КОНЦЕПТІСІНІҢ КӨРІНІСІ

Алимбаева А., 7М02301 - Қазақ филологиясы білім беру бағдарламасының магистратура білім алушысы, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Досова А. Т., филология ғылымдарының кандидаты, тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Мақалада көркем шығармадағы «дала» концептісінің лингвистикалық қызметі сараланған. Қазақ ақыны Т. Молдағалиевтің шығармаларының тіліне тілдік талдау жүргізілген. Сондай-ақ «дала» концептісінің синонимі «туған жер» концептісі қарастырылып, танымдық қыры анықталған.

Кілт сөздер: концеп, лингвистика, таным, фрейм, ұғым.

«Концепт» пен «ұғым» терминдері ішкі формасына қарай бірдей: концепт латынның «conceptus - ұғым» сөзінің калькалық аудармасы. Бірақ қазіргі таңда екі ұғымның да өзіндік ерекшелігі байқалуда. Егер ұғым танылатын объектінің мәнді, мазмұнды қасиеттерінің жиынтығы болса, ал концепт - ұлттық болмысқа негізделген ментальді білім жиынтығы. Оның мазмұн межесі - объект туралы ұжымдық, тұлғалық санадағы барлық біліми ақпараттар шоғыры болса, тұрпат межесі-тіл бірліктерінің жүйеленген көрінісі (лексикалық, фразеологиялық, паремиалогиялық т. б. ) . Концептіні белгілі бір мағына бере алатын, әлемді танытатын таңба ретінде қарастыруға болады. Концептіні таныту мақсатында кез келген тілдік бірлік, лексикалық мағынасы бар сөздер қолданылады. Ал концепт ретінде барлық ұғымды ала алмаймыз, тек белгілі бір мәдениетті танытуда қолданылатын және автор үшін маңызы зор деп танылатын күрделі ұғымдарды, ең бастысы, жалпыадамзаттық, жалпыхалықтық, жалпыұлттық құндылықты таныта алатын ұғымдарды тани аламыз. Мысалы, қазақ халқы үшін киіз үй, шаңырақ, қамшы, жазық дала, көш, бөрік, бесік, домбыра, тұмар, т. б. сөздер лингвомәдени бірлік ретінде ұлттық-мәдени концепт деп таныла алады [1, 8] .

Мәтінде концептілер мазмұндық, қолданымдық, түрленімдік көрінісіне қарай ажыратылады. Концептілердің санада танылу деңгейіне қарай, ақиқат дүниенің болмысы мен өзіндік ерекшелігіне қарай метафизикалық, ұлттық-мәдени, эмоционалдық концептілер деп шартты түрде жіктеуге болады.

Ж. Молдағалиевтың шығармашылығындағы «Дала» концептісі «туған жер», «жазира бел», «бабалар жері», «Отан» ұғымдарымен сипатталады. «Дала» біріншіден, туып-өскен, өсіп-өнген мекен, бабалар мекендеген туған жер. Себебі,

Дала! Дала! Дала - емсіз ғашығым.

Жырлап өтем кең жазира ашығын.

Қызға тұңғыш сыйлағаным - қызғалдақ,

Қара торғай үні - жастан машық үн [2, 80] .

Екіншіден, «Дала» - мәңгілік орын. Дала лексемасының көркем мәтінде берілген мәні - жалпы адамзаттың өмір сүріп, тіршілік етер ортасы. Дала лексемасының ұлттың рухани-мәдени құндылықтар жүйесінен маңызды орын алатын «қасиетті, киелі, кең мекен» деген ұғымы ақын шығармашылығында одан әріге тереңдеген. Мысалы,

Көнеріп көз алдымда дала жатты,

Дауымен, дауылымен дара жатты.

Атаммен ала таңнан бірге оянып,

Қой жайып көкжиекке бара жатты [2, 61-б. ]

Ұлттық-мәдени концепті ретінде жіктелуіне қарай:

«Дала» концептісі қазақтың өмірін, жайлауын, мал шаруашылығын, дархан кеңдікті, жазықтықты объективтендіреді. Ақын танымында дала кеңдік этолоны ретінде алынып, қазақтың кең байтақ жеріндегі ұлттық-мәдени өмірді, яғни қазақ даласындағы жырмен ұйықтап, жырмен оянған еркіндікті сүйетін халықтың болмысын сипаттайды.

Фрейм - бұл концептілік жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым формасы. Ол концептінің ең жақын семаларынан құралады және ең жақын ассоциативтік, стереотиптік таңбалар арқылы көрініс табады.

«Дала» концептісінің фреймдік құрылымы Ж. Молдағалиевтің поэтикалық мәтінінде байтақ дала, аруана дала, шой дала, тарланбоз дала, тай дала, дыр дала, қыран дала, той дала, дән дала, сән дала сияқты танымдық элементтерден( тармақтардан) құралады. Демек санада сақталған әрбір ақиқат фрейм бола алады. Олар белгілі бір ұғым мазмұнына сай шоғырланса, концептілік жүйе құрайды.

Шарықтар қыран ба тек өте биік?

Барады байтақ дала көтеріліп.

Мінгізіп халықтарды қанатына,

Тауларды топшысымен кетеді іліп [2, 160] .

Ой-қой-қой, дала, ой дала,

Шойқара дала, шой дала,

Барсың-ау биік бойға да,

Байсың-ау тұнық ойға да! [2, 161-б. ] .

Схема (сызбалы) - когнитивтік санада сыртқы сигналдар мен ішкі сезімдер көмегі арқылы жинақталған ақпараттарды бір құрылымда таныту тәсілі. Бұл тәсіл- концептіні құрайтын ақпараттардың ұқсас жақтарын ұқсас емес бөліктерден ажыратып, сұрыптау операциясын атқарады. Поэтикалық мәтінде концептінің схемалық құрылымы вертикальді, горизонтальді, ландшафтық т. б кеңістік құрайтын денонаттар арқылы объективтенеді.

Схемалық құрылымында танылуы:

Тұранның топырағы н құшып жатыр.

(Яғни даланың топырағы) [2, 130-б. ] .

Ойсурет (бейнелі) - концепт қалыптастыру операциясының ең күрделі формасы. Концепт құрайтын элементтерді санада метафоралау, яғни суреттеу тәсілі. Ойсурет санада бейне, символ, метафора, аллегория көмегімен танылады. Концептінің ойсурет құрылымында танылған формасы көркем мәтінде жиі көрініс табады. Ойсурет суреткердің қиялдау, суреттеу, ұқсату шеберлігінен туындайды. Санадағы фантазиялау таланты басым болса, концептіні ойсурет құрылымында таныту деңгейі жоғары болады.

Мысалы, Ж. Молодағалиев «Қыран дала» «дала» концептісін метафора арқылы былай суреттейді:

Тарихта тың адым жоқ одан асқан,

Жер түгіл одан сәуле алады аспан.

Қаз тұрып сол адыммен қарыштаған

Дала аңыз, дала думан, дала дастан [2, 160-б. ] .

Бұл үзіндіде ақын «дала» концептісін метафорамен айшықтап, даланы аңызбен, дастанмен теңеп көрнектейді.

Сценарий(оқиғалы) - концепт қалыптастырудағы оның қарапайым танымдық элементтері фрейм болса, әрбір фрейм тармақтарының төңірегінен оқиғалар мен жағдаяттар жүйесін жинақтауға болады.

Сценарийлік құрылымда танылуы:

Пай-пай-пай, дала, пай дала,

Тарланбоз дала, тай дала,

Масайра дала, май дала,

Аруана дала, ай дала! [2, 161-б. ] .

Үшіншіден, «Дала» - «рухани кеңістік». Көшпенді түркі халықтары үшін рухани кеңістік - дала. Ақын танымында дала кеңдік эталоны ретінде алынып, кең байтақ жердегі ұлттық-мәдени өмірді, еркіндікті сүйетін халықтың болмысын сипаттайды.

Ақын қолданысында «дала» лексемасы ай дала, қазақ дала, дырду далам, май дала, сырлы дала, асыл дала сынды бейнелі тіркестермен келіп, «дала» концептісінің маңына шоғырланған тілдік бірліктер ретінде танылады. Ақын поэзиясында «дала» концептісі «Туған жер», «Атамекен », «Бабалар жері» мәдени фон мен мәдени семаға ие болған стереотиптік бірліктер арқылы танылған. Ақын поэзиясы тіліндегі «дала» концептісіне қатысты «ата қоныс», «жайлау» «дархан жайлау», «жазира бел» ұғымдары көшпелі халықтың таным әлемімен байланысты көрініс тауып, «дала» концептісін танытудағы өзек концептілер болып табылады.

Мұхитсың жалпақ, жағасыз,

Көкжиек қана көмкерген.

Көкшулан, ала шарбы түз,

Аспандай теріс төңкерген[2, 161-б. ] .

- деп, ақын яғни даланы бірде жағасыз мұхитқа, бірде аспанға теңейді. Ақын даланың шексіздігін мұхитпен аспанға теңеп оқырманға жеткізеді.

Скрипт(күрделі) - концептілік құрылымның бір типі. Скрипт қалыптастыратын басты элемент фрейм. Скриптің санадағы көрінісі - сценарий құрылымының кеңейтілген формасы.

Ой далам , ой-қой қызығым,

Қуаныш, дырду, құзырым,

Жарымдай жандос, қызығым,

Арымдай бетте қызылым! [2, 160-б. ] .

-деп, яғни мәтінде туған жер, өскен жер концептілерін жалпылай күрделі түрде « дала» концептісіне енгізген.

Көшпенді түркі халықтары үшін кеңістік ұғымы əрі горизонталды əрі вертикалды формада қабылданатыны оның түрлі мифтерде, ауыз əдебиеті үлгілерінде, поэзия мен прозада сақталған тілдік бейнелерінен көрінеді. «Кеңістік - қазақтар үшін шексіз космос. Осы космоста олардың «өз микрокосмосы бар, ол - «атамекен» деп аталатын олардың бүкіл болмысын өзге ықпал етуші, үйлесімділігін бұзушы күштерден сақтайтын, ата-бабасынан мұраға алып келе жатқан өздері үшін ерекше «жұмақ, жайлы жер» [3, 22] . «Атамекен» ұғымы осы тіркестердің құрамындағы «ата» жəне «мекен» сөздерінің ассоциативті мағыналары арқылы да объективтенеді. Ата - «ата-баба» мағынасында əрі «ежелгі» мағынасында алынады, мекен - «тұрақ, өмір сүретін, өсіпөнетін территория» деп түсінеміз. Сонда атамекен «ата-бабаларынан мекен етіп, өркен жайып келе жатқан жер» деген ұғымды береді. Атамекен атауы кейде лекикасемантикалық мағынасынан атажұрт, атақоныс, туған жер, Отан сөздерімен де ауыстырылып қолданылады. І. Кеңесбаевтің «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» «туған жер» сөзіне мынадай анықтама беріледі: «Туған ел - торғын беісік. Туған жер. Отан, өз елі, кіндік кесіп туып-өскен жері [4, 519] . Осындағы «Отан» деп отырғанымыз - қазіргі ұғым атауы. Адамдар қай кезеңде де, əсіресе, түркі халықтары қоғамдасып өмір сүруге ерте кейінгі орта ғасырларда, айталық, ХІІІ-ХVІІ ғасырларда белгілі бір этникалық, территориялық тұтастықтарға бөлініп өмір сүрген, оның іріірілерін ғылымда хандық деп атап жүрміз. Ал ертеректегі ата-бабаларымыз бұл ұғымды Отан, мемлекет, хандық деп атамай, ел, жұрт, байтақ, ел-жұрт, ел күн деген сөздермен білдірген» [5, 44] .

Көшпенді қазақ халқы үшін тіл дамуының бертінгі кезеңдерінде қалыптасқан «туған жер», «Отан» атауларына қарағанда «Атамекен» ұғымының мағынасы əлдеқайда кең, əлдеқайда терең. Атамекен ата-бабадан ұрпаққа мирас болып қалған ежелгі құтты қоныс, мекен. Сондықтан «Атамекен» - адамзат тарихымен адам баласының ой-санасында жоғары тұратын қасиеті де, қастерлі ұғым. «Атамекен» кез келген ұлт үшін аса маңызды рөл атқаратыны белгілі. Оның ішінде қазақ халқы «кіндік қаным тамған жер» деп қастерлейді. Қазақ танымындағы «Атамекен» концептісінің логикалық моделі «Отан» Туған жер» «Ата қоныс» сияқты күрделі логикалық ассоциациялардан тұрады. Оны тіліміздегі «Ата қоныс - алтын мекен», «Отансыз адам - армансыз бұлбұл» т. б паремиологиялық бірліктер құрамынан көруге болады. Біз «туған жер», «ел» концептісінің қазақ танымында қандай ұғым беретінін қарастыра отырып, халықтың басынан кешкен өмірін, ұлттық ерекшелігін, дүниетанымын тани аламыз, адамзатты табиғатты, Отанын сүюге тəрбиелейміз. «Туған жер» концептісін зерделеу арқылы адамның ой мен түсінігін тұжырымдап тілдің этнолингвистикалық сипатын айқындай аламыз. «Туған жер» концепісі қазақ халқы үшін ерекше құнды дүние болып табылады. Біз үшін «туған жер» немесе «ел» концептісі «атамекен», «ата-қоныс», «ата-жұрт», «кіндік қаны тамған жер» секілді модельдердің қатысымен анықталады. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын мəдени мұра. Қазақ ақын-жазушыларының ішінде туған жер тақырыбына қалам тартпаған қаламгер болмаған шығар. Сондай ақындардың бірі - Сəкен Сейфуллин.

Туған жер, ел тақырыбында ақын қаламынан туындаған өлеңдері бірнешеу. Мəселен, «Туған жерім - өз елім». Бұл өлеңін Сəкен ағамыз шет жерде жүргенде жазған болатын. Өлеңде ақынның туған жерге деген сүйіспеншілігі тамаша бейнеленген. Қайғы ойлаттың естен кетпей туған жер, Қаны қашты, əм сарғайды ет пен тер. Сені ойласам ішім күйер қапа боп, Жүрегімде түйіншектей қайғы шер. Ұйықтасам да еш шықпайсың түсімнен, Тұрсам-дағы сен кетпейсің есімнен. Жүрекке ыстық, көзге сүйік өз елім, Бəсеке қып, жұмыртқа алған ну көлім, - дей келе шет елде жүргенмен, туған жерін сағынатынын, күндіз ойынан, түнде түсінен кетпейтіндігін айтады. Ал «Нұра» өлеңі арқылы отарлау саясатымен өз туған жеріне бөгде, бөтен адамдардың келіп, билік етіп отырғанына ақынның жүрегі ауыратынын байқаймыз. Сағынып Нұра, мен келдім, Бұрынғы иең - байғұсың Айрылған сенен көп елдің Жатырсың көріп қайғысын. Бұрынғыдан қайғылы Құстарың да сайрайды: Қолдан келер еш не жоқ, Жүрек от боп қайнайды, - деген өлеңінде ақын туған жеріне кімнің келгенін ашық айтады жəне олардың ол елді өз еліндей иемденгеніне күйінеді, қынжылады. Оны біз «Туған жерім» өлеңі арқылы байқаймыз: Өзен өрлеп, суға қармақ салғаным. Құрбылармен таласып балық алғаным. Сөйткен жерге хохол келіп орнады Арманда боп, жылай-жылай қалғаным. Ел аман, жұрт тынышта отырып, қазақтың елін, жерін басқаға билетіп қоюына ақын ызаланады, намыстанады, оны мазақ болу деп түсінеді. Мекен болдың бір уақыт Көшіп жүрген қазаққа. Айрылып сенен бейбақыт Сорлы қалды мазаққа, - деп толғанады. Өлең туған жерге бағышталғандықтан, жер мұңы -халық мұңы, ел мұңы екенін түсінеді. Қорытындылай келгенде, С. Сейфуллин шығармаларының біразында «туған жер», «атамекен» концептісі ұшырасады. Бұл концепті ақынның ішкі жан дүниесімен астасып жатыр. Мұнда нəзік психологизм, Отанға, туған жерге деген ақынның көзқарасы, сүйіспеншілігі, патриоттық сезімі ашық аңғарылады[46, 264] . Əрбір тілдің сөз байлығы мен көркемдік қуатын сол тілдегі көріктей амалдары жəне сөздік қордың деңгейімен өлшеу жеткіліксіз, сонымен қатар, тілдің байлығы ұлттың тілдің тұлғасының танымдық-концептуалды деңгейімен де өлшенеді. Ол үшін сол ұлттың концептуалды əлемі жəне содан өрістейтін концептуалды кеңістігіне тұтастай барлау жасалуы керек. Ілияс Жансүгіров көркем дискурсында «Атамекен» концептісі «дала», «туған жер» мағыналас ұғымдарымен сипатталып, былайша көрініс тапқан. «Атамекен» ең алдымен, туып-өскен, өсіп-өнген мекен. Себебі: Тудым, өстім, есейдім, Ен далам - анам, мен - балаң. Ен далам - анам, мен - балаң. Туған, өскен есейген, Еңбек тулы ел- балаң. («Дала» поэмасынан)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
С.ЖҮНІСОВТІҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІГІ
Жансүгіров поэзиясындағы тілдік бірліктердің қатысымдық және танымдық мәні, мазмұны
Қазақ тіліндегі тілдік тұлға мәселесі
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени сипаты
Қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындау
ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ әйелі концептісінің этномәдени сипаты
Бердібек Соқпақбаевтың тілдік тұлғасы
Дүниенің поэтикалық бейнесі лингвоконцептуалдық талдау (ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар поэтикасы бойынша)
Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz