Халықаралық туризм: анықтамасы, негізгі түсініктері және атау сөздері


Дәрістің мақсаты: Студент халықаралық туризмнің негізгі түсініктері мен атау сөздері туралы білу қажет
Негізгі сөздер: халықаралық туризм, турист, экскурсант, ішкі туризм, ұлттық туризм, статистика
«Туризм» мен «турист» түсініктері әдебиет бетінде XVІІІ ғасырдың соңында пайда болып, XІX ғасырда, әсіресе XX ғасырда кең қолданыла бастады. «Туризм» және «турист» түсініктері француз тілінен келген (tour - саяхат деген мағынаны білдіреді) . Олай болса да, алғашқы рет бұл түсініктер XVІІІ ғасырда Британ аралығында континентке баратын ағылшын жастарының саяхатын анықтау үшін қолданылды. Ағылшын оқушылары өз білімін толықтыру үшін француз, итальян, неміс мектептеріне жіберіліп тұрды. Бұндай саяхаттарды «grand tour» деп, саяхатшыларды туристер деп атай бастады.
1811 жылы «Sporting Magazine» журналында туризм түсінігіне көрікті орындарға танымдық, көңіл көтеру немесе ғылыми мақсатымен жасалынатын саяхаттарды жатқызды. Соңғы басылымдарда әр адамды көңіл көтеру мақсатымен саяхаттайтын немесе жай, уақытты кетіріп жүретінді турист деп атады.
Ресми түрде ғылыми әдебиетте «туризм» түсінігі XX ғасырдың 30-шы жылдары туризмнің зерттеу жұмыстарымен айналысатын Берлин институтының журналында «Archіv fur Fremdenverkehr» (1930-1931) мақаласының алғы сөзінде шыққан.
Туризм өте кең түсінік, әдебиет бетінде туризмнің әр түрлі анықтамаларын кездестіруге болады. В. Унцикер туризм деп табыс табуға арналмаған тұрақты жерден тыс жердегі барлық саяхат пен қысқа мерзімді сапардағы құбылыс пен қатынастың жиынтығын атады. Кейбір авторлар «әр түрлі мақсаттағы спорттық жарыстарды» туризмге жатқызды. КСРО-да 1952ші жылы тұңғыш рет В. В. Добкович туризмге қазіргі уақытқа лайық анықтама берді: «Туристік саяхат деп каникул және ұзақ уақытты демалыс кезінде біздің еліміздің әр түрлі аудандарында болып, сол елдің халықтарының өмірімен және мәдениетімен танысу, социалистік құрылысымен, табиғи байлықтарымен, тарихи, әскери және революциялық ескерткіштерімен танысуды айтамыз» - деді.
Туризмге қысқа да, сәтті анықтаманы ҮКЭ (Үлкен Кеңес Энциклопедиясы) берді: «туризм - бос уақыттағы адамның белсенді саяхаты, сапары, жорық жасап демалуы».
ХХ ғасырдың 30-шы жылдары поляк географы С. Лещицкий туризм туралы түсінікті толықтап, «туристік-сауықтыру қозғалысына байланысты теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, құқықтық, мәдени және әлеуметтік сұрақтардың жиындысы» - деп анықтама берді.
Туризм географиясы облысына еңбегі сіңіп, атағы шыққан В. С. Преображенскийдің айтуынша, «туризм» ұғымы арқылы мынадай негізгі түсініктер беріледі:
а) демография мен халық географиясы және заң ғылымы оқитын халық
қозғалысының ерекше түрі;
б) экономика саласы, экономика мен экономикалық географиямен айналысатын халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттін өтейтін салалардың біреуі;
в) социология мен рекреациялық география айналысатын тұрақты
жерінен тыс жерде бос уақытты өткізу түрі.
Қазір туризм анықтамасы екі топқа біріктірілуі мүмкін - жұмыстық және концептуалдық. Біріншісінің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және басқа да туризмнің аспектілеріне ғана қатысы бар. Екіншісі, концептуалды немесе мәнін көрсететін анықтама, пәнді бүтіндей қамтиды, туризмнің ішкі сырын ашады.
Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» деген түсініктерге біраз өзгерістер енгізілді. Тәжірибеде туризмнен гөрі турист деген түсінік анықтамасы жағынан анығырақ болғанын қажет етеді. Ең алғашқы «турист» деген анықтаманы Ұлттар Лигасының статистика жөніндегі сараптау Комитеті берді (1937) . Ол халықаралық түсініске ие болып, біршама түзетулермен біздерге де жетті. Соңғы жылдары «турист» ұғымының анықтамалары ресми халықаралық туристік ұйымдар одағының жиындарында (Дублин, 1950; Лондон, 1957), БҰҰ-ның халықаралық туризм және саяхаттар туралы конференциясында (Рим, 1963), туризм туралы парламентаралық конференцияның конгресінде (Гаага, 1989) талқыланды. Бұл деген туризмнің теория және тәжірибе жағынан маңызының зор екендігін және оған берілетін анықтаманың толық та дәлірек болу керектігін көрсетті.
Қазіргі шақта 1963-ші жылы Рим конференциясында енгізілген, Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) қабылдаған халықаралық тәжірибеде кең қолданылып жүрген анықтама келесі: «Туристер - әр түрлі мақсатта тұрақты жерінен тыс жерге саяхат жасайтын, ақша табу әрекетпен айналыспайтын, адамдар». Бұл анықтама мыналарды қамтиды:
- туристер немесе келушілер деп, осы елде кемінде 24 сағат болатын адамдарды айтады және олардың саяхат жасау мақсаттарын келесі топтарға біріктіреді: а) бос уақытын көңіл көтеруге, каникулға, емделуге, оқуға немесе спортпен айналасуға жіберетін адамдар; б) жұмыс бабымен, отбасы ісімен айналысуға немесе съезд, симпозиум конференцияларға қатысатын адамдар;
- экскурсанттар, немесе уақытша келушілер, елде 24 сағаттан аз уақыт болатын адамдар (теңіз рейсіне қатысушыларды қосқанда) .
Сапар мақсатына байланысты саяхатшылар үлкен екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа туристік мақсатпен сапар шекпейтін адамдарды жатқызады. Бұлар шет елдерге ақша табу мақсатында кәсіби әрекетпен айналысып жүретін адамдар, яғни шет елдерге барып жұмыс іздеп немесе сонда жұмыс істеп жүрген адамдар; көрші территорияда жұмыс істейтін көрші шекара ауданның тұрғындары; тұрақты мекенге қалушылар. Екінші топқа жататындар - уақытша келушілер, яғни туристік мақсатпен саяхат жасаушылар. ДТҰ-ның кепілдемесімен статистикалық есепке жеңілдік жасау үшін туристік мақсаттар үш блоққа топтастырылған: көңіл көтеру мақсатымен саяхаттау, кәсіптік ынтасын қанағаттандыру үшін саяхаттау және басқа да туристік мақсаттар блогі (оқу, емделу, транзит және т. б. )
Саяхаттың ұзақтығына қарай уақытша келушілер «таза» туристер және экскурсанттар болып бөлінеді. Турист - бұл бір тәуліктен артық және бір жылдан аз уақытта, өзінің тұрғылықты жерінен тыс жерде саяхаттап жүрген адам.
Экскурсант - түнеуге қалмай белгілі бір жерге, ауданға немесе елге саяхаттайтын адам.
Туристік ағым мен оның бағытына қарай, сондай-ақ құқық статусына байланысты туризм екі үлкен классқа бөлінеді: ішкі (ұлттық) және халықаралық (шетелдік) . Ішкі туризм - бұл азаматтардың өз елінің ішіндегі саяхаты. Халықаралық туризм - бұл азаматтардың өз елінен тыс жердегі саяхаты, туристердің бір елден екінші елге немесе бірнеше елдерге сапары.
Шетелдік туризм - бұл шетелдік азаматтардың туристік мақсаттарымен басқа елге келуі.
Бұлай бөліну халықаралық туризмнің екі басқа түрімен тығыз байланысты - кіру және шығу, бұлар туристік ағымның бағыты арқылы айырмашылықта болады. Туристің саяхат жасау мақсатына қарай оның шыққан елін және баратын елін анықтайды. Туристің шыққан елі шығу туризмі делінсе, ал баратын елі кіру туризмі деп аталынады.
Ұлттық туризм ішкі және сыртқа шығу туристік ағымдардан құрылады. Ел ішіндегі туризм - ішкі және келетін туристік ағымдарды қамтиды.
Ішкі туризм дегеніміз демалу, спортпен шұғылдану және басқа да мақсаттар үшін адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Бұндай саяхаттарда елдің шекарасынан өтпейді, туристік құжаттарды толтырмайды.
Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.
Қазіргі туризмнің басталуы деп 1841 жылды атайды, яғни кәсіпкер Томас Куктің 600 адамды (туристерді) поезбен Лейстерден Лафбороға апарған жылы. Арзан билетпен көп адамды тасымалдау қымбат билетпен аз адамды тасымалдауға қарағанда әлде қайда тиімді деп Томас Кук Англияның темір жол компаниясын сендірді. 1845 жылы Томас Кук экскурсия жүргізу мақсатымен Ливерпульге саяхат ұйымдастырды. 1847 жылы тек қана Англия да емес, басқа да шет елдерге жолдамаларды сататын туристік қоғам ұйымдастырылды. 1863 жылы Кук тұңғыш туристік фирманы ұйымдастырып, Швейцарияға саяхаттайтын алғашқы туристік топты құрды. Англия - бұл ең бірінші капиталистік жолмен дамуға енген ел. Бұнда алғашқы зауыттар мен фабрикалар, сонымен қатар алғашқы туристік ұйымдар мен фирмалар құрылған.
ХІХ-ғасырдың 50-70 жылдарында Еуропадағы шетелдік саяхатшылардың көбісін ағылшындар құрады. Контененттегі "Англетчер", "Британик", "Лондон" атты қонақ үйлері дәл сол уақытта пайда болды.
1865 жылы Кук АҚШ-қа туристік саяхаттарды ұйымдастыру мақсатымен барады. Оның мақсаты - ағылшындарды АҚШ-қа, ал американдықтарды Еуропаға туристік сапар шегуге көңдіру. 1866 жылы ағылшын туристерінің алғашқы екі тобы АҚШ-қа сапар шекті.
1867 жылы «Квейкер-сити» кеме бес айлық саяхатқа шығып, теңіз туристік сапарлардың басталуына себеп болды. Осы саяхатқа қатысқан 60 туристердің ішінде әйгілі Марк Твен жазушысы ды болған.
Бірінші дүниежүзілік соғыс халықаралық туризмнің дамуын уақытша тоқтатты. Соғыс бітісімен-ақ халықаралық туризмнің көлемі соғысқа дейінгі деңгейге жылдам жетіп, ал 3-4 жылдан кейін оның деңгейі көптеген елдерде одан да асып кетті.
ХХ-ғасырдың 20-шы жылдары шетелдік туризмнің географиялық
шеңбері кеңейді. Егер соғысқа дейін шетелдік туристердің көбісі Италия мен Швейцарияға саяхаттаса, ал соғыстан кейін халықаралық туризм барлық Еуропа елдерін қамтыды. 1925 жылы Гаага қаласында туризмді насихаттау үшін халықаралық одақтың ұйымдарының 1-конгрессі өтті. Оның жұмысына 14 Еуропа елдерінің делегаттары қатысты.
Екінші дүниежүзілік соғыс халықаралық туризмнің дамуын тағы да уақытша тоқтатып, туризмнің материалдық-техникалық базасына елеулі зиянын келтірді. Соғыстан кейінгі жылдар соғыстан бұзылған туристік байланыстарды қалпына келтіруге ғана кетті.
1950 жылдары әлемдегі тіркелген туристердің саны соғысқа дейінгі деңгейден біразға асып кетті, 25 млн адамға жетіп, түскен табысы 2, 1 млрд долларды құрады. 1950 жылдан бастап халықаралық туризмнің дамуында жаңа кезең басталды.
- жылдары шет елдерге шыққан туристердің саны 71 млн адамға жетті, яғни айтқанда үш есе артты. Олардан түскен табыс 7 млрд долларды құрады.
- мен 1970 жылдар аралығы халықаралық туризмнің жоғарғы қарқында даму кезеңі деп сипатталынады. 1971 жылы әлемдегі саяхатшылардың саны 168, 4 млн адамға жетсе, одан түскен табыс 17, 9 млрд доллар құрады.
Халықаралық туризмнің соншалықты жоғарғы қарқында өсуінің себебі неден? Бұл уақытта халықаралық туризмге бірқатар жағымды факторлар әсерін тигізді: әлемдегі тұрақты саяси жағдай, ірі капиталистік елдердің экономикасының өсуі, көлік облысындағы жаңа техникалық процестер жол бағасын төмендеуіне әсер етті. Мысалға, 50-жылдары АҚШ-тан Еуропаға ұшақпен барып қайту үшін бір мың доллар болса, ал 60-шы жылдары 3-4 есе төмендеді.
Халықаралық туризм өзінің даму сатысында «аристократтық» туризмнен (ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың басы) «бұқаралық» туризм сатысына дейін жетті (ХХ ғасырдың ортасы мен соңы) .
ХХ-ғасырдың екінші жартысында адамның өмірге деген көзқарасы (стереотипі) өзгерді. Бұрынғы тұрғылықты орыннан жылдар бойы қозғалмайтын халықтың өміріне жаңа «динамикалық» өмір стереотипі келді. Қазіргі қала өмірінің ырғағы рекреациялық қажеттілікті керек етуде.
Халықаралық туризмнің дамуына халықтың жұмыстан тыс уақыттың көбеюі де әсерін тігізуде. Ұзақ уақыт төленетін демалыстар туристік сапарлардың санын өсуіне де әкелді.
ХХ-ғасырдың 80-ші жылдардың басында дүние жүзі бойынша экономика құлдырап кетті, осы құлдыраушылық 1984 жылға дейін халықаралық саяхаттардың қысқаруының негізгі себебі болып табылды.
ХХ-ғасырдың 80-ші жылдардың екінші жартысында экономикалық жағдай қайтадан жақсарды. Бұл кезде Тынық мұхит бассейіндегі бірқатар елдерде (Австралия, Гонконг, Тайланд және Қытай), сонымен қатар Еуропа елдерінде (Португалия, Турция) туризмнің өсуі қарқынды дами бастады.
ХХ-ғасырдың 90-шы жылдарында да халықаралық туризмнің дамуы үшін қолайсыздықтар байқалды. Бұндағы басты себеб «Құмдағы дауыл» атты Ирақтағы соғыс болды.
2. Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстар ретіндеДәрістің мақсаты: Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстар ретінде студенттің білімі болуы тиіс.
Негізгі сөздер: халықаралық туризм, сыртқы сауда, туристік формальдықтар, белсенді туризм, пассивті туризм, туристік нарық.
Халықаралық туризм - бұл мемлекеттіліктің дамуында маңызды рөл атқаратын өте күрделі құбылыс. Бұл жағынан халықаралық туризмнің ұлттық экономика мен әлем саудасына тигізетін әсерін зерттеу өте маңызды болып табылады.
Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстары алмасу-дың әртүрлі формалары: банк салымдары, шетелдік салымдар (инвестициялар), халықтың көшіп-қонуы, мәдениет аясындағы алмасу, сауда қызметін көрсету және т. б. арқылы іске асады Дүниежүзілік сауданың дамуы әлем бойынша халықтың қозға-лысының өсуіне әсер етеді. Бұл өз ретінде елдердің төлем балансына әсерін тигізетін шетелдік туризмді дамытады.
Қандай бір ел болмасын оның маңызды экономикалық іс-әрекетіне сыртқы экономикалық алмасу жатады, оның ішінде нәтижесі валютамен анықталатын сыртқы сауда. Халықаралық алмасу теориясы елдердің сыртқы сауда процесінде жететін нәтижелеріне әсер ететін факторларды ескереді. Сыртқы сауда әрекетіне қатысы бар осы теорияның жалпы қағидаларын турис-тердің алмасуына да қолдануға болады. Халықаралық сауда секілді халықаралық туризм экономистерді ішкі туризмнен бұрын қызықтыра бастаған. Олардың пікірі бойынша, туристік қозғалыс төлем балансына тауарлар алмасуы сияқты әсер етеді. Сондықтан, халықаралық туризмді сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі деп айтуға болады, яғни ол сыртқы сауданың арнайы бір түрі.
Халықаралық туризм халықаралық экономикалық қатынастардың түрі ретінде шетел туристерінің әралуан қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған туристік қызмет көрсетуге бағыт-талған. Халықаралық туризмге шетелге баратын және онда төлемақылы іс-әрекетпен айналыспайтын тұлғалар жатқы-зылады. Халықаралық нарықта көрсетілетін қызметтер саны өте көп. Оның ішінде туристі баратын елге дейін жеткізу және сол ел ішіндегі көлік қызметі, орналастыру, тамақтандыру, туристердің әлеуметтікмәдениеттік, іскерлік қажеттіліктерін қанағаттандыру және әртүрлі құжаттарды рәсімдеу қызметтері. Туриске оның таңдауы бойынша қызмет түрлері көрсетіледі немесе қызметтердің толық жиынтығы ұсынылады. Тур құрылымы ел ерекшеліктеріне, туристер құрамына, олардың сатып алу қабілетіне, ұсынылатын қызметтер сипатына, ассортиментіне және сапасына байланысты.
Халықаралық туризм операциялары соңғы жылдары ойдағы-дай өзгерістерге ұшырады. Қазіргі халықаралық туризмнің ұйымдастыру формаларының ерекшеліктері мынадай: туристік индустрияның ірі монополияларының құрылуы, туристік бизнеске сауда фирмаларының, банктердің, сақтандыру компа-нияларының, өнеркәсіптің «туристік емес» капиталының енші-лес компаниялары ретіндегі өз турагенттіктерін құрастыру арқылы немесе туристік операцияларды өз күшімен жүргізу жолымен енуі.
Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі болғанымен, бірқатар өзіндік ерекшеліктері де бар.
Біріншіден, әлем нарығында сату-сатып алу заттары ретінде тікелей сыртқы сауда алмасуына жатпайтын тауарлар мен қызметтер ұсынылады. Тауарлар да, туристерге көрсетілетін қонақ үйінде орналастыру, тамақтандыру, экскурсиялар, кір жуу және тағы сол сияқты қызметтер де тауар сипатына ие. Нарықта тек тауарлар мен қызметтер ғана емес, сонымен қатар табиғи және әлеуметтік-экономикалық туристік-рекреациялық ресурстар да сауда затына айналады. Бірақ осындай сауда процесінде олар әдеттегі экспорттағыдай аумақтан үзілмейді. Ішкі туризмнен түсетін пайда сияқты, шетел туризмінен түсетін валюталық табыстар аумақтың қызықтыратын жерлері, шипалы қасиеттері үшін төленетін рекреациялық рентасы деп айтуға болады [42] .
Екінші ерекшелігі - тауар мен қызмет өндірісіне жұмсалған еңбек өндірілген жерінде өтеледі. Мұнда тауарлардың тұтынушыға емес, керісінше тұтынушы тауар-қызмет өндірілетін жерге келеді. Сондықтан капитал айналымының уақыты қысқартылады. Бұл халықаралық туризмді басқа экспорттық баптардан айырытан басты ерекшелігі. Біріншіден, сатып алушы (турист) көлік шығындарын өзі төлейді. Екіншіден, шетел туристерінің сувенирлер мен тауарларды сатып алуын сыртқы сауда операцияларының пайдалы түрі ретінде қарастыруға болады. Көптеген елдерде әртүрлі салалар осы «ішкі экспортқа» арналған жұмыс жасайды. Мысалы, Жапонияда шетел туристері елде шығарылатын радиотауарлар мен бейне-аппаратуралардың, фотоаппараттардың үлкен бөлігін сатып алады; Швейцарияда - сағаттарды, шоколад пен сырларды; Францияда - парфюмерия мен сән бұйымдарын; Италияда - аяқ киім мен былғары бұйымдарын; Ұлыбританияда - виски және т. б. сатып алады.
Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып, басқа бір елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.
ДТҰ туристік құжаттардың реттеуіне ерекше маңыз бере отырып, жаңа ұсыныстар жасады: - паспорт формалдылықтары;
- виза формалдылықтары;
- валюта формалдылықтары;
- кеден формалдылықтары;
- медицина формалдылықтары мен туристерге медициналық жәрдем көрсету.
Кейбір туристік формалдықтар туристерге ғана қатысты, мысалы, шетелдік паспорт алу, кеден бақылаунан өту, прививка жасау және т. б. Басқалары турфирмаларға жатады, яғни халықаралық турбизнеспен айналасу үшін барлық құжаттарды жинау, яғни туристік іс-әрекетпен айналасу үшін лицензия алу, туристік өнімге сертификат алу және т. б.
Мемлекеттік шекараны кесіп өтуімен байланысты туристік формалдылықтар халықаралық туризмнің ең басты ерекшелігі болып саналынады. Неғұрлым мемлекеттің ақша жүйесінде айырмашылық және адамдардың қозғалу жолында кедергілер көп болса, соғұрлым халықаралық туризмнің ішкі туризмнен айырмашылығы басымырақ болады.
Халықаралық туризмде өз ерекшеліктері болғанымен сыртқы саудада қалыптасқан операциялар түрлері: экспорт, импорт және реэкспорт операциялары іске асырылады. Халықаралық экономикалық қатынастың бір түрі ретінде халықаралық туризмнің басты ерекшелігі - кез келген сыртқы сауда мәмілесі сияқты қызметтерді сатып алу шетелдік контрагент (контрагент ретінде турфирма да, шетел туристің өзі де болуы мүмкін) арқылы өткізіледі. Осыған байланысты халықаралық туризмде экспорт дегеніміз - шетел қонақтарын қабылдау, ал импорт - өз елінің туристерін шетелге жіберу болып табылады. Халықаралық туризмде реэкспорт деген түсінік бар. Теория бойынша осы категорияға бұл мемлекеттің туристік ұйымынан үшінші мемлекетке сапар шегу үшін тур сатып алған барлық шетелдік туристер жатуы керек. Бірақ қазіргі кезде есеп жүргізу жүйесінің жетілмегендігінен бұл категорияға жататын туристерді бөліп көрсету өте қиын. Сондықтан реэкспорт операциялары кең тарағанымен, олардың көрсеткіштері экспорт операциялары статистикасында жоғалып кетеді.
Туризм арқылы іске асырылатын экспорттың өз артық-шылықтары бар.
Біріншіден, әдетте үйренішті жолдармен экспортталатын тауарлардың экспорттық нарығы кеңейеді. Екіншіден, басқа жағдайда шетел валютасына сатылмайтын тауарлар енді шетел валютасына үлкен көлемде сатыла бастайды. Оның үстіне шетел туристеріне сатылатын тауарларға шетелдік валюта түріндегі салық салынады.
Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі - елдің төлем балансына тигізетін әсері. Сондықтан шетелдік туристердің келуін «белсенді» туризм деп атайды. Оған қарама-қарсы, туристердің шет елге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің азаюына әсерін тигізеді. Бұндай туризмді «белсенді емес» немесе «пассивті» дейді. Туристердің белсенді және белсенді емес болып бөлінуі туристік іс-әрекеттің қаражат нәтижесімен байланысты, ол ішкі туризмге тарамай, халықаралық туризмде ғана пайда болады.
Кейбір жағдайда шетелдік туризмнің дамуы елдің экономикалық және әлеуметтік дамуын жылдамдатуға да жіберілуі мүмкін.
Шаруашылық жүйесінде туризм - еңбек бөлінісінің көрсеткіші, онда экономикасы жоғары дамыған елдер басты рөл атқарады. Сыртқы сауданың басым бөлігі өнеркәсібі дамыған елдердің арасындағы тауар алмасуына түседі. Халықаралық туристік алмасуда да нақ осыған ұқсас жағдай қалыптасқан. Әлемдегі туристік сапарлардың ең үлкен жігі өндірісі жоғары дамыған елдер арасында жүреді, оларда азаматтардың шет елге шығу пайызы жоғары (АҚШ, Франция, Ұлыбритания және т. с. с. ) . Сондай-ақ, туристер алмасуы осы елдер мен экономикасы орташа дамыған елдер (Грекия, Португалия, Түркия) және дамушы елдер (Тунис, Таиланд және т. б. ) арасында да жүреді. Осыған байланысты Дүниежүзілік туристік ұйым «туристерді ең алдымен жіберуші елдер» және «туристерді ең алдымен қабылдаушы елдер» анықтамаларын қабылдады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz