Адамның анатомиялық, физиологиялық және психологиялық тұрғыда дамуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Адамның анатомиялық, физиологиялық және психологиялық тұрғыда дамуы

Жоспар

1. Адамның анатомиялық, физиологиялық және психологиялық тұрғыда дамуы.
2. Жеткіншек жасына өтудің анатомиялық - физиологиялық және психологиялық алғы шарттары.
3. Жеткіншек кезеңдегі дағдарыс мәселесіне теориялық көзқарастар.
4. Жеткіншектік шаққа өтудегі жаңа құрылымдар.
5. Ересектік сезім - жеткіншек жасының негізгі психологиялық құрылымы ретінде.

Жеткіншек кезеңінің баланың дамуындағы алатын орны мен маңызы. Жеткіншектің кезеңінің шектері шамамен балалардың орта мектептің V-VIII сыныптарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі арлықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы V сыныпқа өсумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.
Жеткіншек кезеңінің баланың дамуыдағы ерекше орны оны өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын кезең деген атауларды бейнеленген. Бұл атауларды осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірден екіншісіне өтуімен байланысты даму процесінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімінің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынасын, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
Жеткіншектің жеке басының дамуының аса маңызды факторы - оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі-бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзінің болашағын, ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерінің жолбалануы) бағытталады.
Алайда, жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады, бұл көптеген жағдайларға байланысты болады және осы себепті бүкіл майданда әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі бір жағынан жеткіншекке балалық пен ересектіктің қатар болуымен, ал екінші жағынан, сол бір ғана паспорттық жастағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтырының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтары болуымен анықталады. Бұл қазіргі мектеп оқушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты.

Олар:

1) ересектік дамуын тежейтін жағдайлар: балалардың көбінде тұрақты және байыпты міндеттер болмай, тек оқумен ғана шұғылдануы, көптеген ата-аналардың балаларды тұрсымтағы еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылыстардан қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы.
2) Ересектендіретін жағдайлар: мазмұны жөнінен сан алуан информацияның орасан зор тасқыны, көптген ата-анларадың бос уақытының аздығы, осының мүмкін салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі, жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы, дене күші дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.

Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар жасайды, осыдан келіп оның белгілі бір жақтары дамуының алуан түрлі көріністері мен елеулі айырмашылықтары келіп шығады. Мәселен, VII сыныпта бет пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жағына ортақтасқан өте ересек балалар да бар, өздігінен білім алып жүрген интеллектуалдар да бар, бірақ сонымен қатар оқу матералының өзін өздігінен игере білетін жеткіншектер де бар, болашаққа деген жоспары айқын емес, мектеп оқушылары бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде дайындала бастағандар да бар, кейбір қыз балалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана,басқалары бұған онша мән бермейді, кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат - жәрдемші болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға ебі жоқ.
Жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әртүрлі және әрбір бағыттың көптеген нұсқаулар болуы мүмкін. Мысалы қайсы бір интеллектуал үшін өмірде ең бастысы кітап пен білім болады, қалғанының бәрін ол әлі нәресте дегенді бір нағыз интеллектуал үйде электроника туралы мақалаларды оқып, радиотехникамен әуестенсе де, сабақта түк бітірмейді, модадан қалып қоймаумен төтенше шұғылданады, өмірдің мәнінен бастап ең шебер шаштараз туралы барлық мәселелер жөнінде әңгімелесуге болатын ересек жасөспірімдермен сөйлескенді бәрінен артық көреді, үшінші бір интеллектуалды ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол шешемінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді, ал қыздарға келгенде, осы қыздардың пікірінше өзін бала сықылды ұстайды, галстуктарын тартқылап, шаштарын ұйпалап кетеді. Бір өлшем ұқсас осы нұсқаулар ересектіктің дамуы әрқилы болады да, бұл орайда мазмұны әртүрлі өмірлік игіліктер қалыптасады, біреу үшін маңыздының енді біреуге құны жоқ. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық және әлеуметтік негіздері жасөспірімдік шақта олардың қалыстасуы жалғасады.
Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау, біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты, бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірімен өзгертетін сипатта болады, мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмелі, қауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер екінің бірінде бір жағынна жеткіншектің өзінде, әртүрлі елеулі субьективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасады, оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады, жеткіншек ересектерді ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың әр түрлі формалары шығады (қиқарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық).
Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді. Бұл проблеманың аса маңызды педагогикалық мәні бар.

Жеткіншек жасына өтудің анатомиялық-физиологиялық және психологиялық алғы шарттары.

Жеткіншек дамуындағы биологиялық фактор мәселесі баланың организімінде нақ осы шақтағы биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды. Дене күшінің дамуында жаңа кезең басып, жыныстық жетілу процесі өркендейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнің морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады.
Организмнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден басталады. Гипофиздің әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның өте маңызды бездерінің қызметіне қолайлы жағдайлар жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер туғызады. Бұл процестер қыз балаларда 11-13 жаста, ер балаларда 13-15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің акселерациясы байқалып отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10-11, ер балалар 12-13 жатса жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады.
Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі - жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді, дене пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел жетілуі нәтижесінде бет әлпеті де өзгереді. Жеткіншек жасындағы жылдарда омыртқа жылдық өсуінде бойдың ұзару қарқынынан қалып қояды. 14 жасқа дейін омыртқалар арасындағы кеңістік әлі шеміршікпен толы болады. Дене түзілісінің неғұрлым көбірек бұзылуы 11-15 жаста болады, дегенмен нақ осы шақта мұндай кемшіліктерді түзеу одан да кейінгі кездегіден оңай болады. 20-21 жаста жамбас сүйектерінің бекуі аяқталады (қыз балалардың жыныс органдары осы сүйектердің аралығында болады). Өте биіктен секірген кезде бұл сүйектердің тайып кетуі мүмкін, ал биік өкшелі аяқ киім кигенде жамбастың формасы өзгеріп, мұның кейінгі босану функциясына зиянды әсері болуы мүмкін.
Бұлшық ет күшінің неғұрлым жедел артуы жыныстық жетілудің аяғында болады. Бұлшық еттің дамуы ер балаларда еркектер типінде, ал қыз балаларда әйелдер типінде болады, осыдан келіп әр жыныстың өкілдерінде еркектерге тән немесе әйелдерге тән белгілер қалыптасады, бірақ бұл процестің аяқталуы жеткіншек шақтан өткеннен кейін болады.
Бұлшық ет күшінінің артуынан жеткіншектің дене күшінің мүмкіндіктері ұлғаяды. Мұны ер балалардың өздері де ұғынады және олардың әрқайсысы үшін оның үлкен маңызы бар. Алайда ересектерге қарағанда жеткіншектің бұлшық еттері тез шаршайды, сондықтан ұзақ уақыт жұмыс істейтін қабілеті әлі болмайды, спортпен және дене еңбегімен шұғылданған кезде мұны ескеріп отыру қажет. Мотор аппаратының қайта құрылуымен қатар көбіне қозғалыстардағы үйлесім жоғалады, өз денесін дұрыс ұстай білмеушілік шығады. Алайда 6-7 жастан 13-14 дейінгі шақ - көптеген қозғалыс сапалары оптималды дамитын, қозғалыс функцияларының бірқатар көрсеткіштері жедел артып жетілетін кезең. Сондықтан спортта жетістіктерге жету мүмкіндіктері де артады.
Әр түрлі мүшелер мен талшықтардың өсуі жүректің қызметіне шамадан тыс талаптар қояды. Жүрек те өседі, әрі қан тамырларына қарағанда тез өседі. Мұның өзі жүрек - қан тамырлары жүйесінің қызметіндегі функциялық бұзылулардың себебі болып, жүректің қағуы мен қысымының артуы, бастың ауруы, бастың айналуы, тез шаршау түрінде көрінуі мүмкін. Жеткіншек шақта организмінің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гормондары, атап айтқанда, зат алмасудың анализаторлары болып табылады. Эндокриндік және жүйке жүйелері функциялық жағынан өзара байланысты болғандықтан, жеткіншек шақ , бір жағынан, энергияның күрт өсуімен, ал екінші жағынан, патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуымен сипатталады. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт жүйеге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар (қорқыныш, ыза, реніш) эндокриндік қолайсыздықтар (етеккір циклінің уақытша тоқтауы, гипертироздың дамуы) және жүйке жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін. Жеткіншек шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншекттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылетін дамыту жолдары
Тұлғаның дамуы
Баланың жас ерекшелігіне сай даму деңгейі
Жеке тұлға, әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар
Жеке даралық психологиясы
Тұлға және даралық туралы
Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Жеке тұлғаның даралық ерекшеліктері
Қабілет туралы шет ел және отандық ғалымдардың теориялық көзқарастары
Кіші мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой дамуы туралы
Пәндер