Қазақстанның жоғарғы оқу орындары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

«IT-технологиялар, автоматтандыру және АӨК механизациялау» факультеті
«IT-технологиялар және автоматтандыру» кафедрасы

Баяндама

ТАҚЫРЫБы: Қазақстанның жоғарғы оқу орындары

Топ:Is-20-15К

Орындаған:Серікбаева Әсел

Тексерген:Назгүл Жарылқасынқызы

Алматы 2021

Университет - жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, әлеуметтік ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын, көп салалы жоғары оқу орны. Университетте студенттер жан-жақты терең теориялық даярлықтан өтеді. Университетке тән ерекшелік - оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестіріле жүргізілуі.

Қазақстандағы жоғары оқу орны 2020 рейтингі бойынша көптеген университеттер иеленген болатын . Оның ішіндегі рейтинг бойынша 2-ші орында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Еуразия ұлттық университеті - Қазақстанның жетекші классикалық жоғары оқу орындарының бірі. ЖОО-ның бiлiм беру саясаты әлемдiк нарықта бәсекеге түсе алатын жаңа қажеттi технологиялар мен білім, тауар және қызмет саласында білімдері жетік мамандарды даярлауға бағытталған. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аса талап етілетін бiлiм беру бағдарламаларын ұсынады:техникалық, экономикалық, жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық. Білім алу тек күндізгі оқу түрі бойынша жүргізіледі. Дайындық пәндері факультетке байланысты анықталады. Ұлттық рейтингте Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірнеше жылдан бері көш бастап келеді. Алғашқы ұлттық жоғары оқу орны­ның табыстылығы оның халық­аралық деңгейдегі өрлеуімен, білім берудің автономды ұйымдастыруына трансформациясымен көрінеді. Онда білім беріліп қана қоймай, сонымен қатар, қазіргі ғылымның жетістігінде негізделген жаңа идеялар туындайды. Бүгінде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - үздіксіз дамып келе жатқан білім ордасы

Қазіргі кезде оқу орны өз түлек­терінің жоғары талапқа сай болуын көздеп, жұмыс берушілерімен тығыз байланыс ұстаған, профессор-оқытушылар құрамын қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық бағыттағы инновациялық даму, халықаралық қатынастар жыл сайын даму үстінде. Соған сәйкес, оқу орнының мақ­сатты даму факторы кешегі мектеп түлек­терінің Еуразия ұлттық университетін таңдауға басымдылығын көрсетеді. Бұған жақында ғана көрсетілген нәтижелер дәлел бола алады: «Алтын белгі» иегерлерінің көп бөлігі дәл осы оқу орнында білім алуда. Қазіргі таңда осындай балдардың контингенті 4200 студентті құрайды.

Университетте 12 факультет бар:

  1. Сәулет-құрылыс факультеті
  2. Физика-техникалық факультеті
  3. Журналистика және саясаттану факультеті
  4. Ақпараттық технологиялар факультеті
  5. Тарих факультеті
  6. Халықаралық қатынастар факультеті
  7. Механика-математикалық факультеті
  8. Жаратылыстану ғылымдары факультеті
  9. Әлеуметтік ғылымдар факультеті
  10. Көлік және энергетика факультеті
  11. Филология факультеті
  12. Экономика факультеті
  13. Заң факультеті

Қазіргі таңда Еуразия ұлттық университеті өз қызметінде инновациялық-технологиялық жолды ұстанған, жаңа технологияларды кеңінен қолдануды көздейтін қазақстандық университеттердің көшбасшысы болып танылуда. Елбасымыздың Жолдауын жүзеге асыру мақсатында сапалы білім - саналы тәрбие беру үшін стартап аймағы, оқу лаборатория ғимараты ашылып, нәтижелі жұмыстар атқарылды. Университетіміз әлемдік деңгейде білім беру саласы бойынша жоғары сатыға шығып, ТМД арасында топ жарды. «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иелендік. Әлемдік деңгейде берілетін мараптат - «Алтын жұлдызға» қол жеткізіп, "Ірі кәсіпорын" номинациясы бойынша Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің сапа жағынан 10-халықаралық турнир жеңімпазы атандық. Мұндай жоғары атақ пен марапатқа ие болу - профессор-оқытушылар құрамы және ұжым еңбегінің нәтижесі.

Университетке көрнекті еуразияшыл ғалым, тарихшы-этнолог, ақын Лев Гумилев есімінің берілуінің де мәні зор. Бұл біріншіден, қазақ жерінде оның этногенез пассионарлық теориясының құрметтелуін көрсетсе, екінші жағынан азаматтарға нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне қарамай тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер берілетінінің, олардың қоғамға, мемлекетке сіңірген еңбегі бірдей бағаланатынының да белгісі.

Еуразия ұлттық университетінде елдегі жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып Қазақстан халқы Ассамблеясы, ЮНЕСКО кафедрасы мен Рухани жаңғыру институтының ашылуы да оның заман үнін естіп, уақыт талабымен жұмыс істейтін оқу орны екендігін көрсетеді. Ең бастысы, Қазақстанда алғаш рет Еуразия ұлттық университетінде «Білім тарихы» музейі ашылды. Мұның бәрі болашаққа бастап, тәуелсіздігімізге қызмет ететін «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» жолындағы ортақ еңбегіміздің жемісі.

Міне, Еуразия ұлттық университетінің осындай жетістіктері - ширек ғасырдан асқан бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның арқасында қол жеткен зор табысы деп білемін.

Сол себепті де рейтинг жағынан жоғары болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы білім берудің инновациялық дамуын экономикалық-құқықтық реттеу
Қазақстандағы жоғарғы мектеп дамуы және қалыптасуының негізгі кезеңдері
Жоғарғы кәсіби білім жүйесін стратегиялық дамыту кезеңі
Туристік кадрларды даярлаудың алғышарттары
Авторлардың еңбектерінде жоғарғы оқу орындарымен даярланған ауыл шаруашылық мамандары
Патенттер мен мақалалар саны т. б. көрсеткіштері бойынша әлемдегі мемлекеттердің рейтингі
Қазақстан Республикасының иновациялық дамуының минералды шикізат ресурс рөлі
Ұлыбритания мен Қазақстанның білім беру жүйесіне салыстырмалы талдау
Аграрлық оқу орындарының ашылуы мен даму тарихы
Қазақстан республикасындағы жоғарғы білім беру жүйесінің құрылымдық дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz