Қазақ мәдениетінің соңғы ортағасырлық кезеңіндегі және Жаңа заманғы сипаты (17-19 ғ. ғ. )



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

12-тапсырма
Тақырыбы: Қазақ мәдениетінің соңғы ортағасырлық кезеңіндегі және Жаңа заманғы сипаты (17-19 ғ.ғ.)

Орындаған:Халықбаева Б.Б
Мамандық:6В01601-Тарих
Қабылдаған: Саурбаева Р.С

Қазақтардың XVIII - XIX ғ.ғ. материалдық мәдениетінің жай - күйі қоғамның экономикалық дамуы деңгейімен анықталды. Оның дамуы барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда дамуының, көрші халықтардың прогресті ықпалының да маңызы аз болған жоқ.Қазақ халқының тұрғын үйі - материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіші. Ол аумағымен және түзілісімен ерекшеленіп, қыстық және жаздық болып бөлінеді. Жазда қазақтар жығып алуға ыңғайлы киіз үйлерде, қыста - тұрақты: "ағаш үй", "жер үй", "қара там" деп аталатын үйлерде тұрды.Өзінің пайдаланылуына қарай киіз үйлер үш түрге бөлінді. Қонақтарды қабылдауға арналған салтанатты үйлер көлемінің аумақтылығымен және бай жихаздарымен ерекшеленді. Салтанатты үйлер ең кем дегенде он екі қанат керегеден тұрғызылып, олардың үстіне ақ киіз бен жібек маталар жабылды. Жасаулары жөнінен неғұрлым бай үйлер үйлену тойы өтетін - отау үй болды. Ал тұрғын үйлер шағын көлемде жасалды. Кішкентай жорықтық үйлер бір түйеге ғана емес тіпті бір атқа тиеліп тасымалданды. Бұлардан басқа қоймалар ретінде және басқа шаруашылық қажеттерге пайдаланылатын үйлер болды.Жорықтық үйлерді әскери жорықтар үшін немесе бақташылар мен жылқышыларға әдейі арналып жасалған үйлер санатына жатқызуға болады. Тасымалдауға жеңіл, неғұрлым қарапайым үй - бірнеше сыртқы конус пішінде жерге қадап, сыртын киізбен жаба салып отыра беретін шатыр күрке болды. Жорықтарда үш - төрт кереге мен уықтардан тұратын "жолама үй" жиі пайдаланылды.
Бұлармен қатар қазақтар көшіп-қону кезінде сыйымды жылжымалы күймелерді де пайдаланды.Мал шаруашылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнерімен байланысты еңбек құралдары - материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі. Көшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек құралдары керек болған жоқ. Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шілдер жасалды; құлындар мен боталарды байлау үшін жуан арқандар, ноқталар пайдаланылды; мал суаруға қауға, науа және т.б. дайындалды. Осы қарапайым еңбек құралдарын, ер-тұрман әбзелдерін қоспағанда, мал өсірушілер өздері жасап алып отырды.XVIII ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қысқа шөп дайындауға арналған шалғылары біртіндеп тарала берді. XIX ғасырдың орта шегінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстанда суармалы және тәлімді егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген еді. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдарының қарапайым түрлері болды.Салт атқа арналған әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал шаруашылығына және егіншілікке байланысты негізгі еңбек құралдары Қазақстанның барлық аумағында бір-біріне ұқсас болды. Қазақтың ат-тұрман әбзелінің ішіндегі ердің сыртқы түрі мен дайындау тәсілінде жергілікті ерекшеліктер байқалды. Олардың үлгілері тиісті өзіндік атаумен аталып келді. Ердің ең көп тараған түрі, қайыңнан шауып жасалған алдыңғы қанаты кең "қазақ ері" болып табылады. Оңтүстік Қазақстанда ердің "құранды ер" дейтін түрі таралған.
Ер-тұрман әбзелдерін жасау негізінен ершілердің ісі болған. Олар тек қана ердің өзін емес, сонымен бірге бүкіл ат әбзелдерінің бәрі: тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүген,айыл,тартпа,үзеңгі,таралғы,қа мшы және т.б. жасап,оларды әсемдеп-көркемдеп отырған. Қайыстан ат-тұрман әбзелдерін арнайы өретін шеберлерді "өрімші" деп атаған.
Қазақтардың ұлттық киімі.
Қазақтардың ұлттық киімінде өздеріне тән этнографиялық белгілер сақталып қалды. Киімнің едәуір бөлігі мақта-мата, жібек және басқа маталардан тігілді. Ұлттық киімнің пішіні мен түріне өзгерістер енді. Еркектер бітеу пішілген кеудесінде тік өңір - қақпағы бар, жалпақ қайырма жағалы, етегі біршама ұзын көйлек киетін болды. Еркектердің сыртқы киімінің ең таралған түрі шапан болды, ол көп жағдайларда фабрикалық маталардан тігілетін. Ал ауқатты қазақтар түрлі-түсті бұхара жібегінен, барқыттан қымбат матамен әдіптеп тігілген шапан киетін. Шапандар жазғы және қысқы болып бөлінді.Қазақтардың негізгі аяқ киімі былғары етік,кебісті мәсілер болды. XVIIIғасырда қазақтардың жазда киетін етіктерінің өкшесі биік, тұмсығы қайқы келген. Алайда XIX ғасырдың екінші жартысында олар сирек кездесетін еді. Барлық жастағы еркектердің қыста киетін негізгі аяқ киімі ішінде киіз байпағы бар, аласа да жалпақ өкшелі, ұзын қонышты саптама етік болды.Әйелдердің сырт киімі еркектердің шапанына ұқсас етіп тігілді, ауқатты әйелдерде шәйі жең жібек шапандар болған.

Негізінен алғанда барлық жастағы әйелдердің аяқ киімі мәсі мен кебісболатын. Қыздардың және жас келіншектердің ішінде қайқы тұмсық, биік өкшелі жеңіл етік киіп жүретіндері де аз болмаған.Әйелдің жасына және оның отбасындағы жағдайына қарай олардың бас киімдері да ерекшеленіп отырды. Жаз кезінде қыздар түрлі-түсті мақпалдан, жібек пен барқытын тігілген, төбесі жайпақ дөңгелек тебетей киіп жүрген. Әйелдер бас киімінде қалыңдықтың тойдағы бас киімі - сәукеле ең қымбатты болып саналады, ол бағалы металдармен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне Қытайдың мәдениеті
Ежелгі Үнді мәдениеті. Ежелгі Шығыс мәдениеті
Мәдениет ұғымы және оның мәні
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Сурет салу кезеңдері
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Тарихи жанр - белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығармалар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИТАЛИЯМЕН байланысы
Кешенді археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін ескерткіш таңдау
«Өнер» баспасы өнімдерінің ерекшеліктері
Пәндер