Тьютор мамандығы және оның кәсіптер әлеміндегі орны


М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Педагогика факультеті
Арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасы
Практикалық сабақ № 5
Тақырыбы: «Тьютор» мамандығы және оның кәсіптер әлеміндегі орны.
Тобы: ФИЭП, И(о) -17к
Терсерген: Черниязова А. Ж
Орындағандар: Имеш А. О
Күнтебай Н. Р
Қыдырбай Б. С
Шәмшімет М. А
Петропавл қаласы 2020
«Тьютор» мамандығы және оның кәсіптер әлеміндегі орны.
«Тьютор» түсінігі. Жалпы, тьютор дегеніміз кім? Тьютор сөзі ағылшын тілінен (tutor) енген сөз. Қазақша мағынасы - «қамқоршы», «жәрдемші» дегенге келеді. Бір сөзбен айтқанда, «балаға бағыт-бағдар беруші». Негізі, тьюторлар ЖОО-да студенттерге белгілі бір пән бойынша практикалық (семинар) сабақтар жүргізіп, оқу процесін жетілдіріп, семестрлік және курстық жұмыстарға басшылық ететін пән оқытушысы. Бұл ұғым, еуропалық университеттермен тығыз байланысты. Әуел баста Ұлыбританиядан бастау алған. Тьютор - ең алдымен XIV ғасырда Оксфорд университетінде, одан кейін Кембридже рәсімделді. Сол уақыттан бастап тьюторлық міндет университеттің тәлімгерлік формасы ретінде түсіндірілген.
Жалпы қазіргі таңда, білім берудің дәстүрлі кеңістігінде тек қана оқуға екпін қойылып, әлеуметтік практика үрдісі қарастырылмаған. Ал тьюторлық үлгіде балаға білім берумен қоса оның қоғамдық белсенділігі міндетті түрде қарастырылады. Яғни, тьютор мен оқушы белгілі бір тақырыпты анықтап, алдына мақсат-міндеттер қойып, жеке білім алу бағдарламасын жасайды. Қазір, тьюторлық қызмет, әсіресе, зияткерлік мектептерде жиі көрініс беріп жүр. Оның себебі, дарынды оқушылардың оқу бағдарламасын толық меңгеруіне жағдай жасау мақсатында мектептерде академиялық кеңесшілер - тьюторлар қызметі ұйымдастырылған
. Тьютор-мұғалімдер оқушының дербес білім алуын ұйымдастыруда негізгі үйлестіруші рөлінде екенін атап айтқымыз келеді. Тьютор оқушылармен, сондай-ақ пән мұғалімдерімен жеке әңгімелесіп-пікірлесу, түрлі кеңестер мен тренингтер жүргізу арқылы әр оқушының неге қабілетті немесе қандай бағытта әлсіз екенін анықтайды. Әрі қарай кіммен қай бағытта жұмыс жасау керек екенін жоспарлайды. Шамамен әр тьюторға 6-7 оқушы бекітіледі. Олар оқушылардың ғылыми жобалар бойынша жұмыстарына қолдау көрсетіп, жетекшілік жасайды. Баланың дербес жұмыс жасап, белсенділігін арттырып, жалпы оқу процесіне еркін енуіне көмектеседі.
ТЬЮТОРЛЫҚТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
1) Университетте тьюторлықты құрудың басты мақсаты Университеттің білім кеңістігіндегі
әрбір білім алушыға жеке жетекшілік ету.
2) Тьюторлық қызмет Университет оқытушысы кәсіби қызметінің маңызды көрсеткіші саналады және рейтингтен кӛрініс табады, әрі оқытушы жыл сайын аттестациядан өткенде және келесі жылға жеке еңбек шартына қол қойған кезде ескеріледі.
3) Тьюторлық қызметі Ғылыми Кеңестің 31. 08. 2012 жылғы шешіміне сәйкес
ұйымдастырылады және осы ереженің негізінде жүзеге асырылады.
4) Тьюторлар ректордың бұйрығымен, тьютормен ӛткізген сұхбатынан кейін кафедра
меңгерушісімен келісілген түрде, факультет деканының ұсынысымен қызметке
тағайындалады және қызметінен босатылады.
5) Тьюторлар қызметін үйлестіру және мониторинг жасауды сәйкес деканаттар Тьюторлар
Кеңесімен бірлескен түрде жүзеге асырады, тьюторлар жұмысын студенттердің
әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту Басқармасы және оқу-тәрбие жұмыстары жӛніндегі
проректор бағалайды. .
6) Тьютор жетекшілік ететін студенттердің жалпы саны 18-22-ден аспауы тиіс.
3. ТЬЮТОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
1) Тьютордың:
Оқытушылармен алдын-ала келісе отырып, топқа ӛткізілетін сабақтардың барлық түрлеріне (дәрістер, семинарлар, СОӚЖ, сынақ, емтихан және т. б. ) қатысуға;
Факультет деканымен келіскен түрде оқу жоспарларын талқылайтын жиналыстарға қатысып, оқу жұмысы формалары мен әдістерін жетілдіруге қатысты ұсыныстаржасауға;
Оқу үдерісін жетілдіру жӛнінде ұсыныс білдіруге, Университеттің білім беруқызметінің түрлі аспектілері бойынша бастама кӛтеруге;
Жетекшілік ететін студенттерге қатысты мәселелерді барлық деңгейлерде талқылаумен шешуге қатысуға;
Жетекшілік ететін студенттерінің оқуы мен тәртібіне қатысты университеттің құрылымдық бӛлімшелерінің ақпараттық материалдарын пайдалануға;
Жетекшілік ететін тобымен жүргізетін оқу-тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қатысты жұмыс формалары, әдістері мен құралдарын факультеттер мен университеттің тәрбие жұмысы жоспарын, студенттердің мүддесі мен қалауларын ескере отырып ӛздігінен таңдауға;
Университет және факультеттердің әкімшілік және қоғамдық бӛлімшелері мен ұйымдарына оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстары, студенттердің мәденитұрмыстық жағдайларын жақсартуға байланысты ұсыныстар білдіруге;
Топтағы студенттердің ата-аналары және туыстарымен қарым-қатынас орнатуға;
Топтағы студенттердің жеке істері (шәкіртақытағайындау, түрлі әкімшілік және қоғамдық шара қолдану, Университеттен шығару) бойынша Университет әкімшілігі және қоғамдық ұйымдарының шешім шығаруы мен қабылдауына қатысуға;
Студенттік ӛзін-ӛзі басқару органдарының жұмысына қатысуға, олардың қызметін жақсартуға ұсыныс жасауға, топтағы студенттерді осы органдардың жұмысына қатысты жедел тапсырмаларды орындауға тартуға, өзін-өзі басқару органдары басшылығын сайлау кезінде басшылыққа үміткер студенттерді ұсынуға;
Өзінің атқарған жұмысы үшін осы ережеге сәйкес материалдық және моральдық сыйақы (ынталандыру) алуға құқығы бар.
4. ТЬЮТОРЛАРДЫҢ МІНДЕТІ
1) Студенттің оқу әрекетіндетьютор:
Мамандыққа дайындық бойынша оқу жоспарын игерудегі студенттерге жеке жетекшілік ету үдерісін ұйымдастыруы;
Жетекшілік ететін тобының сабақ кестесін және студенттердің жеке оқу жоспарын орындауын қадағалауы;
Оқу бөлімінің әдіскерімен сабақ кестесін («терезелерді» болдырмау, аптаныңкүндері бойы жүктеменің біркелкі бӛлінуі, бір кафедрадан екіншісіне жетуге қажет уақыттың жеткілікті болуы мәселелерін) талқылауы (келісуі) ;
Студенттерге пәндерді таңдап жеке оқу траекториясын құруға көмектесуі;
Жеке жоспар бойынша оқитын студенттердің оқу әрекетіне жетекшілік етуі;
Кафедраларда толтырылып, АБЖ-інің мәліметтер базасына берілетін электрондық журнал мәліметтері бойынша жетекшілік ететін студенттердің сабаққа қатысуына апта сайын мониторинг жасауы;
Студенттің сабаққа келмеуінің себептерін анықтау және оған қатысты шара қолдануы;
Студенттің ата-анасын оның сабаққа келмегендігі жӛнінде дер кезінде құлағдаретуі;
Жетекшілік ететін студенттердің сабаққа қатысуы жӛнінде есепті апта сайын деканаттарға тапсыруы (дүйсенбі күні сағат 17. 00-ден кешіктірмей) ;
Жетекшілік ететін студенттердің үлгерімі жӛнінде есепті апта сайын деканаттарға тапсыруы (әр айдың 2-сінен кешіктірмей) ; Жаңа (тьюторлық) позицияның пайда болуы бір жағынан білім берудегі өзгерістермен, екінші жағынан әр субъекттың білім беру үрдісіне өзінің жеке білім беру бағытын басқару үрдісіне енгендей жағдайды қамтамасыз ететін білім берудің даралануынан туындайды.
Осыған байланысты әдістемелік қызмет жұмысында жаңа позиция туындайды - педагогтардың дамуына жетекшілік ететін тьюторлық позиция.
Тьютор сөзі ағылшын тілінен «tutor» аударғанда «үй оқытушысы, репетитор, тәлімгер, қамқоршы» дегенді білдірді.
Педагогтардың қызметіндегі жаңа нормалардың пайда болуы үшін тьютор оларға өз жетістігін түсіну, проблемаларын ұғу, мақсаттары мен әрекеттерін жүйелеу мақсатында қызметін талдауға, рефлексиялауға көмектеседі. Педагогтардың өзінің жеке кәсіптік білім беруін қалыптастыру үшін тьютор оларға жеке білім беру бағдарламаларын құруға көмектеседі, кәсіби байқаулар мен тәжірибелер ұйымдастырады, педагогтарға олардың кәсіби жайғасуын қамтамасыз етеді.
Тьютордың негізгі функциялары:
• Жобалау
• Ұйымдастырушылық-мотивациялық ақпараттық-консультациялық сараптамалық және рефлексивті.
Берілген ортадағы тьюторлық жетекшілікті ұйымдастыру келесі принциптерге сай болуы тиіс:
1. Интерактивті (нақты білім аймағындағы тьюторлармен және эксперттермен байланыс, басқа да қатысушылармен қарым-қатынас) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz