Қазақстанда өндеуші салалардың даму бағыттары
КІРІСПЕ
Өнеркәсіп . Қазақстан шаруашылығының басты саласы. Экономиканың алға басуы соған байланысты. Өнеркәсіптің өркендеуі шаруашылықтың барлық саласындағы техникалық прогресті және еліміздің қорғаныс қуатын арттырады.
Еліміздің өнеркәсібінің ерекшелігі. жергілікті шикізатпен және отынмен толық қамтамасыз етілуінде. Сонымен бірге пайдалы қазбаларды пайдалануға байланысты өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп салалары қалыптасты.
Республикада шығарылатын бүкіл қоғамдық өнімнің 50%.ы өнеркәсіп өнімдерінен алынады. Еліміздің өнеркәсібінде ауыр өнеркәсіп жетекші орын алып, оған бүкіл өнеркәсіп өнімінің 70%.ы кіреді.
Нарықтық экономикаға көшуді тереңдетуде өндіруші өнеркәсіппен қатар өңдеуші өнеркәсіп салаларын кеңінен дамыту қажет. Сондықтан шетелдік инвестицияларды тартып, жаңа технологияны кеңінен өнеркәсіпке енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі заманғы индустрия алуан түрлі өндірістердің жиынтығы болып табылады. Өнеркәсіп өндірісі мен салаларының қаржыны, ғылымды, еңбекті, шикізатты, энергияны және суды қажет ету деңгейі әртүрлі. Өнеркәсіп өнімінің 10%.ы (өзіндік құны бойынша) өндіруші салаға тиесілі болса, қалған өнімді өңдеуші кәсіпорындар береді. Қазіргі заманғы өңдеуші өнеркәсіп байырғы (таскөмір, қара металлургия, кеме жасау және тоқыма), жаңа (автомобиль жасау, алюминий өндіру, химиялық талшықтар мен пластмасса өндірісі) және ең жаңа салаларды (микроэлектроника, робот жасау, есептеуіш машиналар жасау, атом және аэроғарыш өндірісі және т.б.) қамтиды.
Өзектілігі: Қазақстанның өндіруші өнеркәсіп өнімінде шикізат, отын және жартылай фабрикат басым. Сондықтан өнеркәсіпті өз еліміздің өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында өндеуші өнеркәсіп салаларын дамыту саясатына зор коңіл бөлінуде.
Курстық жұмыстың мақсаты. өндеуші салалардың даму проблемасын талдау.
Міндеттері:
• Қазақстанда өндеуші салалардың даму бағыттарын анықтау;
• ҚР өндеуші салалардың даму проблемаларын талдау;
• ҚР мұнай өндеу саласының даму жағдайын талдау;
• ҚР мұнай өндеу саласын дамыту проблемаларын шешу жолдарын ұсыну;

Өнеркәсіп - Қазақстан шаруашылығының басты саласы. Экономиканың алға
басуы соған байланысты. Өнеркәсіптің өркендеуі шаруашылықтың барлық
саласындағы техникалық прогресті және еліміздің қорғаныс қуатын арттырады.
Еліміздің өнеркәсібінің ерекшелігі- жергілікті шикізатпен және отынмен
толық қамтамасыз етілуінде. Сонымен бірге пайдалы қазбаларды пайдалануға
байланысты өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп салалары қалыптасты.
Республикада шығарылатын бүкіл қоғамдық өнімнің 50%-ы өнеркәсіп
өнімдерінен алынады. Еліміздің өнеркәсібінде ауыр өнеркәсіп жетекші орын
алып, оған бүкіл өнеркәсіп өнімінің 70%-ы кіреді.
Нарықтық экономикаға көшуді тереңдетуде өндіруші өнеркәсіппен қатар
өңдеуші өнеркәсіп салаларын кеңінен дамыту қажет. Сондықтан шетелдік
инвестицияларды тартып, жаңа технологияны кеңінен өнеркәсіпке енгізу
жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі заманғы индустрия
алуан түрлі өндірістердің жиынтығы болып табылады. Өнеркәсіп өндірісі мен
салаларының қаржыны, ғылымды, еңбекті, шикізатты, энергияны және суды қажет
ету деңгейі әртүрлі. Өнеркәсіп өнімінің 10%-ы (өзіндік құны бойынша)
өндіруші салаға тиесілі болса, қалған өнімді өңдеуші кәсіпорындар береді.
Қазіргі заманғы өңдеуші өнеркәсіп байырғы (таскөмір, қара металлургия, кеме
жасау және тоқыма), жаңа (автомобиль жасау, алюминий өндіру, химиялық
талшықтар мен пластмасса өндірісі) және ең жаңа салаларды
(микроэлектроника, робот жасау, есептеуіш машиналар жасау, атом және
аэроғарыш өндірісі және т.б.) қамтиды.
Өзектілігі: Қазақстанның өндіруші өнеркәсіп өнімінде шикізат, отын
және жартылай фабрикат басым. Сондықтан өнеркәсіпті өз еліміздің
өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында өндеуші өнеркәсіп салаларын дамыту
саясатына зор коңіл бөлінуде.
Курстық жұмыстың мақсаты- өндеуші салалардың даму проблемасын талдау.

I ҚАЗАҚСТАНДА ӨНДЕУШІ САЛАЛАРДЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Қазақстан Республикасында өндеуші салалардың көптеген бағыттары
дамыған.
Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер
ететін негізгі 2 фактор - шикізат және тұтыну. Материалды көп қажет ететін
салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен.
Тамақ өнеркәсіптегі ең жалпы халықтық және тек қалада ғана
орналаспайтын сала. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық
жерлерде де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен,
көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен
байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен
қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл
шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.
Көптеген тамак өнеркәсіптері көлемі үлкен, қымбат құрал-жабдықтар
пайдаланады. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық
шығаратын цехтар) кәдімгі 2 - 3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар қымбат
болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады.
Шикізат факторының әсерін көрсететін нақты мысалға - қант өнеркәсібі
(Алматы, Жамбыл) географиясын жатқызуға болады. Біздің елімізде тәтті
өнімді дәстүрлі түрде қант қызылшасынан өндіреді.
Шикізат базаларына май айыру өндірісі, яғни өсімдік майын алу
бағытталып орналасады. Қуатты зауыттар күнбағыс өсірілетін (Өскемен), мақта
мен мақсары өсірілетін (Шымкент) аймақтарда орналасқан. Алматы мен
Ақтөбенің зауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды шақпақтайды.
Өскемендегі май айыру өндірісі халуа шығарумен үйлестірілген.
Жеміс-көкөніс өнеркәсібі тез бұзылатын өнімдер - көкөніс, жеміс
өңдеумен айналысады. Ол толығымен дерлік Қазақстанның оңтүстігінде,
әсіресе, Алматы облысында орналасқан [8, 44 б.].
Шикізат көзіне бағытталатын салалардың ішінде балық өнеркәсібі ауыл
шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан, ерекше сипатқа ие. Ол ірі
көлдердің, су қоймалары мен өзендердің балық қорларын пайдаланады.
Саланың басты кәсіпорны - Атыраубалык АҚ (Балықшы а.). Осы кәсіпорын
ғана бекіре балықтарының уылдырығын өңдейді.
Тұтыну орындарына өндірістік өңдеуден өткен шикізатты пайдаланатын
салалар таяу орналасады. Олардың өнімдері нашар сақталатын (торт, пирожный,
басқа да кондитерлік өнімдер, нан) немесе жасалған шикізатынан тасымалдануы
қиын болып келеді.
Нан пісіру көптеген елді мекендерде бар. Кондитер, макарон өнімдері
өндірісінің де кеңістікте таралу бейнесі осыған ұксайды. Ең ірі кондитер
өндірісі - Алматы мен Қостанайда, шай - Алматыда, макарон енімдері -
Петропавл қаласында орналасқан.
Тамақ индустриясының бірқатар салалары шикізатқа да, тұтынушыға да
бағытталып жұмыс істейді. Ұн тартатын өнеркәсіптер астық өңдеумен
айналысады.
Сүт өнеркәсібінің бастапқы сатылары (пастерленген сүт, қаймақ,
кілегей, айран шығару) тұтынушыға таяу орналасады. Оның соңғы сатылары,
мысалы, май шайқау (мал майы және сары май дайындау) мен ірімшік жасау кеп
сүт алынатын жерлерде көбірек дамыған. Еліміздің ең сүтті аудандары -
Солтүстік пен Оңтүстік. Олар 1, 2 орындарды бөліседі. Ет өнеркәсібінің
орналасуы екі жақты болып келеді. Ет өнімдерін даярлау (шұжық, жіңішке
шұжық (сосиска), орама, сүрленген шошқа еті, т.б.) өнімді пайдаланатын
орталықтарға бекітілсе, ал ет консервілерін (бұқтырылған ет) өндірісі -
шикізат көзіне таяу орналасады. Бірақ көбінесе бұл өндірістер бір
кәсіпорындарға - комбинаттарға біріктіріледі [7, 76 б.].
Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы
тиімді — жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен камтамасыз ету.
Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары бар: мақта,
жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы ең бір шешімін таппаған
сала болып есептеледі.
Жеңіл өнеркәсіп көп салалы өндіріс. Оның негізгілері - тоқыма, тігін,
мақта-мата, былғары, тері илеу салалары.
Жеңіл өнеркәсіп (кей жағдайда болмаса) - материалдан гөрі еңбекті көп
қажет ететін, экологиялық жағынан таза және көбінесе әйелдер қызметінің
саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы,
әрі ұзақ сақталады. Бұл оның салаларының таралып орналасу бейнесін
көрсетеді.
Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала - мата тоқу саласы. Негізінен ауыл
шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары
мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады. Оларды өсімдік (мақта, зығыр) немесе
жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.
Бірінші сатысы - металлургиядағы кен байыту сияқты, мақтаны, жүнді
өңдеу болып табылады. Ол мақта тазалайтын зауыттар мен жүн жуатын
фабрикаларда атқарылады. Мақтаны дәнінен, қорапшасының қалдықтарынан,
жапырағынан, сабағынан алып, жүнді кір мен майдан, басқа да лас заттардан
тазартады. Тазаланған талшықтардан қатаң мата тоқылатын жіп иіріледі.
Алынған қатаң матаны бояп, бетіне өрнек салады (әрлеу).
1 т жуылған жүн алу үшін 2 т жуылмаған жүн, ал 1 т мақта талшығын алу
үшін 3 т астам мақта шикізаты қажет. Сондықтан бастапқы өңдеу кәсіпорындары
шикізат көздеріне жақын орналастырылады.
Әрбір келесі сатыны жекелеген жіп иіру, тоқыма немесе әрлеу
фабрикаларында атқаруға болады. Бірақ ол көлік шығынын көбейтіп, дайын
өнімнің бағасын қымбаттатып жібереді. Мақта-мата өндірісінің негізгі
сатыларын бір комбинатта жинақтау тиімдірек болады.
Мақта-мата өнеркәсіптері Оңтүстікте шоғырланған. Барлық мақта тазалау
зауыттары (олар 30-дай) Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.
Жүн өнеркәсібі мардымсыз дамыған. Жүнді бастапқы өңдеу фабрикалары
Оңтүстікте (Таразда және т.б.) және Шығыста (Семейде), ал мата тоқитын
фабрикалар Фабричный кентінде (Алматы маңында), Қостанай мен Семейде
орналасқан. Тоқыма өнеркәсібінде Алматы ерекше орын алады.
Былғары, аяқ киім және тері өңдеу өнеркәсіптері бір-бірімен тығыз
байланысты. Тері өңдеу (табиғи былғары алу) шикізат көзіне, су мен электр
қуатына жақын орналасады. Еліміздегі тері өңдеу өнеркәсібінің негізгі
орталықтары - Өтеген батыр (Алматы облысы), Петропавл, Рудный зауыттары.
Қостанайда, Алматыда, Таразда, Ақтауда аяқ киім фабрикалары жұмыс істейді
[11, 87 б.].
Жеңіл өнеркәсіптін, кез келген жерде орналаса беретін саласы - тігін
өнеркәсібі. Ол көбінесе тұтынушыға таяу орналасады. Өнімнің негізгі бөлігін
шағын тігін шеберханалары шығарады. Бірақ Шымкенттегі Восход сияқты ірі
фабрикалар да бар.
Тоқыма және тігін өнеркәсібінің Қазақстанның экономикасы үшін маңызы
зор. Тоқыма өнеркәсібін дамыту үшін шикізат базасы жеткілікті, дегенмен,
жеңіл өнеркәсіптің дамуының жалпы сараптамасы оның елдің өнеркәсібінің
көлеміндегі үлесінің төмендеуімен сипатталады. 2011 жылдың мамыр айында
тоқыма өнімдері өндірісінің өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі 0,1% құрады.
2011 ж. қаңтар-мамыр айдарындағы тоқыма бұйымдар өндірісінің көлемі
6 407 млн.теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңінің 67,7%
құрайды, ағымдағы жылдың мамыр айындағы НКИ өткен жылдың сәйкесінше айына
қатысты 95,1% құрады(сурет 1). қаңтар-мамыр айларында киім өндірісі бойынша
өсім байқалды – 5 175 млн.теңге (өткен жылдың сәйкесінше кезеңіндегі
көрсеткішке қатысты 117,2%), былғары және былғарыға жататын өнімдердің
өндіріс көлемі 1 630 млн.теңге (сәйкесінше 112,3%).
Өткен айға қарағанда 2011 ж. мамыр айында тоқыма бұйымдар өндірісінде
физикалық көлем индексінің 118,6% дейін өскені, және киім өндірісінде 91,3%
дейін, былғары және былғарыға жататын өнімнің өндірісінде 96,7% дейін
төмендегені байқалады.
2011 ж. мамыр айында ірі қара малдың терісінен немесе түксіз жылқы
тұқымдас малдың терісінен былғары өндірісі ағымдағы жылдың сәуір айындағы
өндірісімен салыстырғанда 3 987 мың шаршы дм. Төмендегені байқалады, мақта
өндірісі тек 14 тоннаны ғана құрады, қаңтармамыр айларындағы ФКИ өткен
жылдың сәйкесінше кезеңіне қатысты 47,4% құрады.
Қазақстанның экономикасы дағдарыс кезеңінен кейін дағдарыстан кейінгі
даму кезеңіне өтті. Бұл кезең өсімді қалпына келтіру, экономиканың сапалы
және үйлесімді өсімінің кезеңі болмақ.
ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша қаңтар-мамыр
айларында тау-кен өнеркәсібі және кеніш зерттеу өндірісінде көлемі
4 123,8 млрд.теңгені құрайтын. ФКИ 2010 жылдың қаңтар-мамыр айларымен
салыстырғанда 2011 жылы 104,0% құрады.
Дайын металл өнімдері, машина мен жабдық өнімдерін қоспағанда 41,2
млрд. теңге (ФКИ – 127,9%) құрады.
Қазақстандық экономиканың дамуының ағымдағы жағдайын, сондай-ақ,
халықаралық сарапшылардың әлемдік экономиканың дамуына қатысты болжамдарын
ескере отырып, Қазақстан экономикасының өсімді қалпына келтіру кезеңі 2012
жылға қарай аяқталуы керек. Бағалаулар бойынша, 2012 жылға қарай ЖІӨ кісі
басына 2008 жылғы деңгейге жетеді, яғни өткен жылдардағы ең жоғары деңгейге
тең болады. Әлемдік экономика жанданған сайын және Қазақстанның экспорттық
өніміне сыртқы сұраныс өскен сайын резервтік қуаттарды іске қосу есебінен
өнеркәсіптік өндірістің өсімі қалпына келе бастайды. Осылайша, металлургия
саласында және тау-кен өнеркәсібінің ілеспелі салаларында белсенділік арта
түседі.
2011 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық дамуында оң көрсеткішті динамика байқалды. 2011 ж.
Қаңтар-мамыр айларындағы өнеркәсіптік өндірістің көлемі қолданыстағы
бағамен 6363,1 млрд. теңгені құрады. Бұл 2010 ж. Қаңтар-мамыр аралығымен
салыстырғанда 5,8% артық. Тау-кен өнеркәсібінде және кен шығару
салаларындағы өндіріс 4% өскен, өңдеу өнеркәсібінде – 8,7%.
Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы жеке меншік мекемесі таулы-
металлургиялық өнеркәсіптің, машина жасаудың, химия өнеркәсібінің,
фармацевтика өнеркәсібінің, құрылыс материалдары өндірісінің, ағаш өңдеу
және жиһаз өнеркәсібінің, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің, жеңіл өнеркәсіптің
өндірісінің негізінде есептеген негізгі қысқа мерзімді индикаторы 2010
жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 2011 жылдың қаңтар-мамыр
айларында 111,9% өскен.
Сурет 2- Сарапталушы салалардың өткен жылдың сәйкесінше кезеңі бойынша
ФКИ , % өлшеммен
Тау-кен, металлургия және көмір өнеркәсіптері жағдайының сараптамасы
көмір мен мұнайды тұтыну мөлшерімен қатар, таулы-металлургия кешенінің де
өнімін тұтыну мөлшерінің өсу қарқынын көрсетті (сурет 2).
2011 жылдың қаңтар-мамыр айларында металл кенін қазу көлемі 327 594
млн.теңгені немесе 2010 жылдың сәйкесінше мерзіміне қатысты 102,3% құрады,
металлургиялық өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 812 199 млн.теңге, бұл 2010
ж. қаңтар-мамыр айларынан 112,7% көбірек.
Айларға бөліп қарағанда метал кенін қазу және металлургия
өнеркәсібінің өндірісі әркелкі қалып көрсетеді. Дегенмен, метал кенін қазу
және металлургия өнеркәсібі өндірісінің ай сайынғы өсу қарқыны бүтіндей
өнеркәсіптің қарқынынан жоғары болып отыр. 2011 жылдың мамырында осы жылдың
сәуір айымен салыстырғанда 3,4% көп металл кені қазылған, ал металлургия
өнеркәсібінің өндірісі – 3,1% көбірек (сурет 3).
Сурет 3- Өнеркәсіптің, металл кенін қазудың және металлургияның НКИ
(өткен жылдың сәйкесінше айына қатысты % өлшеммен)
Қазақстанда мұнай және табиғи газ шығару салаларындағы белсенділік
мұнай шығару көлемінің жоғарлануынан байқалады.
Тау-кен, металлургия өндірісі жағдайының сараптамасы ҚР Статистика
жөніндегі агенттігінің 2011 ж. мамыр айындағы мәліметтері бойынша темір
кенін қазу алдыңғы аймен салыстырғанда 32,4 мың тоннаға, мыс кенін қазу
198,7 мың тоннаға, айырылмаған болат 25,9 мың тоннаға, ферроқорытпа
өндірісі 9,3 мың тоннаға көбейгені байқалды (сурет 4).
Сурет 4 - Өнімнің кейбір түрлерін қазу және өндіру көлемі (мың тонна)
2011 жылдың 1 маусымында 1 837 ірі және орта өнеркәсіп мекемелері мен
өндірістер тіркелген, олардың ішіндегі 286 мекеме таулы-металлургия
өнеркәсібіне жатады. Таулы-металлургиялық өнеркәсіп көп капиталды қажет
ететін салалардың бірінен саналады, мұнда мекемелер аз шоғырланған, көбіне
ірі және орта мекемелер қызмет етеді. 1.06.2011 ж. қарай көмір мен лигнит
шығару саласында – 33, металл кендерін шығаруда 71 ірі және орта мекемелер
қызмет етуде, өңдеуші өнеркәсіпте – 1 112, металлургияда – 62.
Өңдеуші өнеркәсіпте негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландыру
көзі негізінен инвесторлардың меншікті қаражаты болып отыр (сурет 5).
Сурет 5 - Өнеркәсіптің салалары бойынша негізгі капиталға құйылған
инвестицияларды айларға бөліп қарағанда
2011 жылдың қаңтар-сәуір айларында тас көмірдің, брикеттердің, тас
көмірден алынған түйіртпектер экспорты 80,2 млн. АҚШ долларын құрады, шикі
мұнай мен газ конденсатының экспорты – 16 820,9 млн. АҚШ долларын. Қаңтар-
сәуір айларында құны бойынша көмір экспортының көлемі 2010 ж. қаңтар-сәуір
айларымен салыстырғанда 39,4% көбейді. Сонымен қатар, 2010ж. қаңтар-сәуір
айларымен салыстырғанда газ конденсатының құндық мәндегі экспорты 170,2 %
өскені байқалды. 2011 жылдың қаңтар-сәуір айларында тас көмір, брикеттер,
түйіртпектер және тас көмірден алынатын басқа да қатты отын түрлерінің
импорты 63,3 мың АҚШ долларын немесе 2010 ж. қаңтар-сәуір айларындағы
көрсеткіштің 1,3% құрады (кесте1).
Кесте 1- Қазақстан Республикасының СЭҚ ТН 4 белгісі бойынша кейбір
тауар түрлерінің экспорты және импорты
Көрсеткіштің атауы 2011ж. қаңтар-сәуір айлары
Экспорт Импорт
саны (мыңмың АҚШ саны мың АҚШ
тонна) доллары (мың доллары
тонна)
Тас көмір, биркеттер, тас көмірден 1195,2 80 185,3 0,2 63,3
алынған түйіртпектер
Шикі мұнай және газ конденсаты 24 258,7 16 820,9 - -
Ферроқорытпалар 413,9 782 422,60,9 10 146,3
Кендер және темір концентраттары, 1 263,8 187 709,0- -
оның ішінде күйдірілген пирит
Кендер және марганец концентраттары 22,0 3 270,2 - -
Кендер және мырыш концентраттары 99,5 55 383,7 - -
Қазақстанда өндірілген машина жасау саласы өнімдерінің осы сияқты
шетелдік өнімдермен бәсекеге қабілетсіздігінің негізгі себептері
республиканың кәсіпорындарының көпшілігінде ескі өндіріс технологияларын
қолданатынын, импортталатын құрамдас бөлшектерді, қуат көздеріне құны
жоғары материалдарды шамадан тыс көп пайдаланудың салдарынан болған олардың
анағұрлым жоғары құны мен төмен сапасы.
Дегенмен машина жасау кәсіпорындарының қазіргі жағдайының сараптамасы
өндіріс көлемінің ұлғайғанын көрсетті, осылайша ҚР Статистика жөніндегі
агенттігінің деректері бойынша 2011 ж. қаңтар-мамыр айларында машина жасау
өндірісінде көлемі 171 974 млн.теңгені құрайтын немесе 2010 ж. сәйкесінше
мерзіміндегі өндіріс көлемінен 29,0% артық өнім шығарылды, ал жалпы
өнеркәсіп тек 5,8% ұлғайды. 2011 ж. мамыр айында машина жасау өндірісінің
көлемі төмендеп 39 250 млн.теңгені құрады, ал 2010 жылдың сәйкесінше
мерзіміне қарай ФКИ 129,0%, құрады.
Айларға бөліп қарағанда көлемнің ең көп өсуі автокөліктер, трейлерлер
және жартылай тіркемелі көліктер өндірісінен байқлады, мұнда 2010 жылдың
мамыр айымен салыстырғанда 2011 жылдың мамырында НКИ 226,9% құрады,
компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер өндірісінде сәйкесінше
64,6% құрады (сурет 6).
Сурет 6 - Өнеркәсіптің, өңдеуші өнеркәсіптің және машина жасау
түрлерінің НКИ айлар бойынша (өткен жылдың сәйкесінше айына қарай %
өлшеммен)
Жеңіл жолаушы автокөліктерінің өндірісі үлкен өсім көрсетті, сөйтіп,
2011 ж. қаңтар-мамыр айларындағы көлемі 2 487 дананы құрады, бұл өткен
жылдың сәйкесінше мерзімінің көрсеткішінен 352,8% жоғары, ағымдағы жылдың
мамыр айында көлемі 485 дананы құрады, бұл өткен жылдың сәйкесінше
мерзіміндегі көлемнен 141,8% жоғары болып табылады, сонымен қатар ағымдағы
жылдың сәуір айымен салыстырғанда 36,3% төмендеу байқалды. 2011 ж. қаңтар-
мамыр айларында 99 666 дана, немесе өткен жылдың сәйкесінше мерзімінің
77,0% көлемінде радиохабар тарататын қабылдағыштармен бірлескен немесе
бірлеспеген телевизиялық қабылдағыштар, дыбыс-, бейнежазушы немесе
жаңғыртатын қабылдағыштар өндірілді (сурет 7).
Сурет 7 - Машина жасау өнімінің өндірісі заттай мәнінде
ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша 1.06.2011 ж.
қарай 253 ірі және орта машина жасау мекемелері тіркелген, оның ішінде
компьютер, электронды және оптикалық өнім өндірушілері – 8, электр құрал-
жабдығын өндіретіндері – 19, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу және
орнатумен, басқа көлік құралдарын өндірумен айналысатындары – 156,
автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелі көліктерді
өндіретіндері – 6, басқа көлік құралдарын өндірушілері – 17 (сурет 8).
Сурет 7- Мекемелер мен өндірістердің саны (ірі және орта)
2011 жылдың сәуірінде ең жоғары еңбекақы компьютерлер, электронды және
оптикалық өнімдер өндірісінде байқалды және 118 421 теңгені құрады, бұл
ағымдағы жылдың қаңтарындағы мөлшерден 31% жоғары.
2011 жылдың наурызында өткен жылдың наурызымен салыстырғанда
компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер өндірісіндегі жалдамалы
жұмыскерлердің саны 2648 адамнан 1 386 дейін немесе 47,7% қысқарды, басқа
санаттарға қосылмаған машиналар мен құрал-жабдықтар өндірісінде олардың
саны 16990 адамнан 18 092 адамға дейін, немесе 6,5% өсті. Жұмыс
істейтіндердің саны бойынша компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер
өндірісі 2011 жылдың сәуірінде 2010 жылдағы 2 400 көрсеткішінен 1 312
дейін, немесе 45,3% төмендеді, басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен
құрал-жабдықтардың өндірісі 16 114 көрсеткішінен 17 159 дейін, немесе 6,5%
көбейді.
Нақты инвестициялар мен инновациялардың болмауы (негізінен меншікті
қаражат есебінен) сала мекемелерінің артта қалуына және шетелдік
аналогтарымен салыстырғанда шығаратын өнімдерінің бәсекеге қабілетсіздігіне
алып келеді.
Ағымдағы кезең ішінде машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату
82 827 млн. теңге сомаға жүргізілді, нақты көлем индексі - 129,8% құрады.
Басқа санаттарға кіргізілмеген машиналар мен жабдықтар жасау
өндірісінде 25 749 млн. теңге сомаға өнім өндірілді, нақты көлем индексі -
124,3% құрады
Электр жабдықтарын жасау өндірісінде 20 100 млн. теңге сомаға өнім
өндірілген, нақты көлем индексі - 93,6% құрады.
2011 жылдың қаңтар-сәуір айларында жер үсті көліктерінің, ұшқыш
аппараттардың, жүзгіш құралдардың және көлікке жататын құрылғылар мен құрал-
жабдықтардың экспорты 33 894,3 мың. АҚШ долл., өткен жылдың сәйкесінше
мерзімімен салыстырғанда өсім 198,8% құрады. 2011 ж. қаңтар-сәуір айларында
ақпаратты автоматты түрде өңдеу машиналары, олардың блоктары; санағыш
құрылғылар, ақпаратты кодталған үлгіде тасымалдаушыларға мәліметтерді
ауыстыру машиналары бойынша импорт 1 038,0 дананы құрап, 204,7% көбейді,
жеңіл автокөліктер бойынша 6 968,0 дананы құрап, 110,0% көбейді, қоғамдық
көлік құралдары, іштей жанатын піспек қозғалтқышты моторлы жолаушылар
көліктері бойынша өсім өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда
259,6% құрады (кесте 2).
Кесте 2- Қазақстан Республикасының СЭҚ ТН 4 белгісі бойынша машина
жасаудың кейбір түрлерінің экспорты және импорты
Көрсеткіштің атауы 2011 ж. қаңтар-сәуір айлары
Экспорт Экспорт
саны саны саны саны
Ақпаратты автоматты түрде өңдеу - - 1 037 101 304,5
машиналары, олардың блоктары; санағыш 972,5
құрылғылар, ақпаратты кодталған
үлгіде тасымалдаушыларға мәліметтерді
ауыстыру машиналары, дана
Телевизиялық қабылдағыштар (оның - - 167 31 724,3
ішінде бейнемониторлар, проекторлар), 362,0
дана
Жер үсті көліктері, ұшқыш аппараттар,13 140,633 - -
жүзгіш құралдар және көлікке жататын 894,3
құрылғылар мен құрал-жабдықтар, тонна
Қоғамдық көлік құралдары, іштен - - 5 315,0 28 075,3
жанатын піспекті қозғалтқышты
жолаушыларға арналған моторлы
көліктер, дана
Жеңіл актокөліктер, дана - - 6 968,0 141 032,4
Жүк автокөліктері - - 2 387,0 72 283,7
Қазақстанның химия өнеркәсібі фосфориттердің бай қорларына, мұнайгаз
өнеркәсібінің дамуына, күкіртті газдарды пайдаға асыруға, түрлі тұздардың
үлкен қорларына негізделеді. Өнеркәсіптік өнімнің республикалық көлеміндегі
химия саласының үлесі айталықтай емес; соңғы жылдар ішінде ол өзгермеді
деуге болады және 0,9% құрады.
Химия өнеркәсібінде өнім өндірудің қаңтар-мамыр кезеңі бойынша құндық
көрсеткіштері 56 675 млн. тенге құрады. Нақты көлемінің индексі –124,1 %.
2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өндірістің 24,1 %-ға өсімі
байқалды (сурет 9).
Сурет 9 - Өнеркәсіптің НКИ (өткен жылдың сәйкесінше айына қарай %
өлшеммен)
Химия өнеркәсібі химиялық ұқсату арқылы көмірсутекті, минералды және
басқа да шикізаттан өнім өндіруді, сонымен қатар фосфориттердің бай
қорларын игеру мен фосфор тыңайтқыштарын өндіруді білдіреді. Фосфордың,
күкірт және ортофосфор қышқылының, хромды малманың, натрий трифосфатының,
карбидтердің, минералды тыңайтқыштардың, пестицидтердің, стирол
полимерлерінің, бояулар мен лактардың, фармацевтика перпараттарының, жуғыш
құралдардың, тазалағыш пасталардың, сабынсулардың өндірісі жоғарлады.
Қаңтар-мамыр айларында өндірілген азотты минералды немесе химиялық
тыңайтқыштардың көлемі 102 700 тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкесінше
мерзіміндегі көрсеткіштен 37,6% артық. 35 350 тонна немесе 68,4% артық
фосфор өндірілген (сурет 10).
Сурет 10 - Өнеркәсіп өнімінің өндірісі заттай мәнінде
1.06.2011 ж. қарай химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіретін 46 ірі және
орта мекемелер мен өндіріс орындары тіркелген (сурет 11).
Сурет 11 - Мекемелер мен өндірістердің саны (ірі және орта)
Өнеркәсіптің және өңдеуші өнеркәсіптің орта айлық еңбекақысымен
салыстырғанда химиялық өнеркәсіптегі орта айлық еңбекақы төмен ьолып
табылады және 2011 жылдың сәуірінде 85 300 теңгені құрады, бұл ағымдағы
жылдың наурызындағы еңбекақы мөлшерінен 6,0% жоғары (сурет 12).
Сурет 12 - Бір жұмыскердің орта айлық нақты еңбекақысы, теңгемен
2011 жылдың наурыз айымен салыстырғанда сәуірде орта айлық еңбекақының
өсу қарқыны 105,9% құрады (сурет 13).
Сурет 13 - Химиялық өнеркәсіптегі НКИ және еңбекақының өсім қарқыны,
өткен айға қатысты, % өлшеммен
2011 жылдың сәуірінде химиялық өнеркәсіп өндірісіндегі жалдамалы
жұмыскерлердің саны ағымдағы жылдың наурыз айымен салыстырғанда 19 947
адамнан 19 996 адамға дейін ғана өсті. Химиялық өнеркәсіпте жұмыс
істейтіндердің саны 19 188 адамнан 19 264 адамға дейін ғана өсті.
2011 жылдың қаңтар-мамыр айларында химиялық өнеркәсіптің өнеркәсіптік
инвестор-мекемелердің негізгі капиталына құйылған инвестициялар 8 137,7
млн.теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда
282,5% жоғары. Инвестиция қаражатының 65,4% заем қаражатынан тұрады (сурет
14).
Сурет 14 - Өнеркәсіптің салалары бойынша негізгі капиталға
инвестициялар
Химиялық сала өнімінің 2011 ж. қаңтар-сәуір айларындағы экспорты мен
импорты көлемдері берілген: минералды немесе химиялық тыңайтқыштар,
бояулар, лактар мен ерітінділер, химиялық және онымен байланысты салалардың
өнімі (оның ішінде каучуктер мен пластмассалар).
Минералды немесе химиялық тыңайтқыштардың импорты 14 410,9 АҚШ долл.
құрады және 2010 ж. қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда – 77,2%, экспорты
бойынша - 13 559,0 мың АҚШ долл. және сәйкесінше 120,2%. Сонымен қатар,
бояулар, лактар мен ерітінділердің экспортының өскені байқалады – 190,2%
(кесте 3).
Кесте 3 - Қазақстан Республикасының СЭҚ ТН 4 белгісі бойынша химия
өнеркәсібі өнімінің экспорты және импорты

(тонна)(тонна)(тонна)(тонна)
Минералды немесе химиялық тыңайтқыштар 48 13 68 14 410,9
339,9 559,0 288,2
Бояулар, лактар және ерітінділер 280,1 324,1 3 371,09 704,1
Органикалық емес химияның өнімдері; асыл 67 740 - -
металдардың, сирек кездесетін жер 561,5 848,6
металдарының, радиоактивті элементтердің
немесе изотоптардың қоспалары
Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібінің сараптамасы фармацевтикалық
бағыттағы өндірістік күштердің физикалық және моральдық тұрғыдан ескіруінің
салдарынан негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісінің төмендегенін
көрсетеді.
Осылайша, 2011 ж. қаңтар-мамыр айларында негізгі фармацевтикалық
өнімдер өндірісінің көлемі 8 423 млн.теңгені құрады және сәйкесінше
мерзіммен салыстырғанда ФКИ 99,2% құрады.
Мамыр айында 1 490 млн.теңгеге немесе 2010 ж. мамыр айымен
салыстырғанда 75,9% өнім өндірілген. Және айларға бөлңп қарағанда
фармацевтикалық өнімді өндіру динамикасының тербеліс амплитудасы өте
жоғары, бұл тұтынудың мерзімділігімен байланысты болып отыр (сурет 15).
Сурет 15 - НКИ (өткен жылдың сәйкесінше кезеңіне қатысты % өлшеммен)
2011 жылдың мамыр айында дәрі-дәрмектің өндірісі 1 223 526 млн.теңгені
құрап, сәуірмен салыстырғанда төмендеді - 73,5%. Ал, 2010 жылдың қаңтар-
мамыр айларымен салыстырғанда дәрі-дәрмек өндірісі ФКИ 106,7% көбейді.
Басқа фармацевтикалық препараттардың өндірісінде өсім байқалды, 2011 жылдың
мамырында 55,3%, және өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 48,3% төмендеген
(кесте 4).
Кесте 4-Фармацевтикалық өнімнің өндірісі, 2010 ж
Көрсеткіштің атауы 2010
Дәрі-дәрмектер, 849,7 1 385,4
млн.теңге
Дәрі1 455,1 1 487,6 2 085,4
-дәр
мект
ер,
млн.
теңг
е
Тұтыну Өндіру Тұтыну Өндіру
1 бензин 1 833,0 1 266,1 3 412,0 2 589,1
2 дизотын 2 383,0 1 971,4 3 582,8 3 795,3
3 керосин 183,0 60,1 415,8 373,5
4 мазут 1 180,0 2 142,1 1 252,2 3 237,0
Жиыны 5 579,0 5 439,7 8 662,8 9 994,9
Авиа отынды тұтыну айтарлықтай жоғары болғанмен, мұнай өнімінің бұл
түрін өндіру артта қалуда, тапшылық 47% дейін барып, импорт есебінен
толықтырылды.
Автомобиль бензинін өндіру және тұтыну жағдайы да осылай қалыптасты,
бұнда да өндіру тапшылығының өсуі орын алды. Соңғы жылдары жоғары октанды
бензинді тұтынушылық өсуде. Жалпы автомобиль бензинін тұтынудың 70% жоғары
октанды бензинге тиесілі. Бұл ретте жоғары октанды бензинге қажеттіліктің
35% импорт есебінен жабылады.
Авиа отынды және жоғары октанды бензинді өндіру тапшылығы мен дизелдік
отын мен мазутты ішкі тұтынудан артық өндіру мұнай өнімдерін тұтыну қарқыны
мен құрылымындағы өзгерістерді қанағаттандыра алмайтын мұнай өңдеу
саласының қазіргі базасының жай-күйін сипаттайды.
Атырау және Шымкент МӨЗ технологиялық мүмкіндіктері шектеулі және
мұнайды терең өңдеуге мүмкіндік бермейді, мазут пен вакуумдық газойлды
өңдеу процестері болмағандықтан, бұл өнімдері өндіру үлесі жоғары.
Қазіргі уақытта Павлодар МХЗ толығымен Ресей Федерациясынан
жеткізілетін мұнайды өңдеуде, Шымкент МӨЗ 50% дейін ресей мұнайын
өңдейді. Жалпы, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында өңделетін барлық
мұнайдың 50 % ресей мұнайының көлемдері құрайды.
Павлодар зауыты бағытындағы тасымалдау инфрақұрылымының дамымағандығы
ресейлік мұнай жеткізілімдеріне тәуелді болудың бірден бір себебі болып
табылады, оларға шикі мұнай кеңес уақытында салынған мұнай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz