Таным процестері - Ойлау және сөйлеу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

логотип зкату.png Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық

университеті

Таным процестері

Ойлау және сөйлеу

Орындаған:Ұзақбаева Г. М.

Тобы: СТР-25

Орал қаласы 03. 02. 2021.

Модуль 2. Таным процестері

Практикалық сабақ 7.

Тақырып 4: Ойлау және сөйлеу

Сұрақтар және тапсырмалар

1. Ойлау туралы түсінік. Ойлаудың түрлері.

2. Ойлаудың құрылымы және теориялары.

3. Сөйлеу және оның түрлері.

4. Сөйлеудің қоғамдық сипаты.

Сөздік

Теория - белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Теория өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалық байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды.

Сөйлеу - адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді.

Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік.

  1. Ойлау туралы түсінік. Ойлаудың түрлері.

Ойлау - объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді. Ойлау тарихы адамның пайда болып, дамуының тарихымен байланысты. Ойлау - қоғамдық-тарихи қалыптасқан адам миы қызметінің жемісі. Ойлау мен тіл өзара терең байланыста, тіл - адам ойлауының құралы. Адам ойы сөз арқылы өрнектеледі, сөздің ар жағында ой жатады. Сөз бен ойды теңестіруге болмайды, алайда сөзсіз ойлау іске аспайды, ой айтылмай, үнсіз тұншығады. Ойды үнсіз іштегі сөз деп, тілді дыбысталған ой деуге болады. Ойлау тек табиғи тіл арқылы ғана емес, жасанды тілдер (мысалы, абстрактылы математика тілі немесе нақтылы-бейнелі «өнер тілі») арқылы да іске асады. Ойлау күрделі тарихи-әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оны зерттеумен көптеген ғылымдар - психология, логика, таным теориясы, лингвистика, кибернетика, физиология, т. б. шұғылданады. Философияда ойлау белсенділігі, логикасы туралы мәселелер қарастырылып, оның ақиқаттылығының өлшемі зерттеледі. Бұл мәселелер философия тарихында әр түрлі тұрғыда (материалистік және идеалистік, рационалистік және эмпирикалық, априорлық және апостериорлық, диалекттік және метафизикалық, т. б. ) зерделеніп, ойлау жөнінде әр түрлі ілімдер орын алған. Ойлау тек адамға ғана тән қабілет ретінде оның шынайы адами болмысының қайнар көзі әрі басты құралының бірі, адам еркіндігінің мүмкіндігі мен шындығының кепілі болып табылады.

Психологияда ойлау түрлері мен оларды топтастыру проблемасы бірнеше бағытта шешімін табуда.

I) Көлемдік ауқымына орай ойлау әрекетінің түрлері - дискурсивті: өз кезең, кезегімен өрістей дамыған ойлау процесі; интуитивтік: желісі қарқынды, кезеңдері нақтыланбаған, мазмұны толық ұғылмаған ойлау процесі.

II) Шешілуі қажет мәселелердің қайталанбастығы мен жаңалығына орай ойлау шығармашыл (өнімді) және қайта жаңғыртушы (қайта жасаушы) болады. Шығармашыл ойлау барысында танымдық іс-әрекеттің төркін, ішкі мән-мағынасына, құнына, мақсатына сай жаңа ой-пікір құрылымдары пайда болады. Бұл арада іске асатын жаңалықтың екі түрін айыра білу қажет:

1) жалпы болмыс заңдылықтарына бейімделген, ғылымда бұрын болмаған объективті жаңалық;

2) нақты тұлға ой - өрісінен бастау алған субъективті жаңалық. Шығармашыл ойдың дамуына кедергі болатын факторлар: а) шектен тыс сыншылдық; ә) шешім іздеудегі асығыстық;

3) ішкі шек қоюшылық (цензура) ;

4) регидшілдік (ескі білімдерді қолдануға әуесқойлық) ;

5) конформизм (сырт көзге мазақ болу қаупінен туындаған тартыншақтық) . Қайта жаңғыртушыой әрекетінің шығармашылдықтан айырмашылығы - дайын білімдер мен ептіліктерді қолданып, ескі сүрлеумен жүре білу.

III) Шешілетін мәселелердің сипатына байланысты ой әрекеті теориялықжәне тәжірибелікболып бөлінеді.

  1. Ойлаудың құрылымы және теориялары.

Ойлау проблемасы көп дәуірге дейін психология. саласы болудан гөрі, философия мен логика нысаны. Сондықтан да ойлау процесін зергтеуде ғылым бағыттары арасындағы күрес бірде толастамаған. Он жөніндегі алғашқы материалистік бағыт классикалық сенсуализм тұжырымын негізге алып, алғаш сезімдік танымда болмаған дүние санада бейнеленуі мүмкін емес деген шешімді уағыздады. Алайда бұл теориялық тоқтам көбіне ойлауды ес, елес бейнелерінің бірлігі немесе ассоциация нәтижелері деп үстірт түсіндіреді. Бұлай топ шылаудан от де белсенді процесс ретінде танылмаған ойлау өз алдына дербес, процестік сипатынан айрылып, жақын кезеңдегі дейін ғылымда арнайы зерттеулер аумағынан тыс қалды.

Қарама-қарсы бағытты ұстанған идеалист философтар ойлауды адам рухының айрықша, қарапайым бөлшектерге жіктелмейтін процесс формасы деп таныды Біздің заманымызда ойлауды рухтың символдық белсенділігінің көрінісі ретінде тану неоканттық философия негіз болып отыр. Ойлау -психикалық іс-әрекеттіңерекше турі деп психологияда алғашқы жария еткен Вюрц-бургтық ғылыми мектеп болды. Бұл бағытта өз тұжырымдарын эксперименталды дәлелдеуге ұмтылған XX гасыр басындағы неміс психологтары (О. Кюлье, А. Мессер, К. Бюлер, Н. Ах) ойлауды одан әрі бөлшектенбес сана қызметі деп білді; оны сезімдік негіз бен сөздік өрнектен бөлектеді, оны таза рухқа теніп, бұл мәселеде идеалистік тарапқа қолдау берді.

Сонымен ойлаудың ғылыми шешімі табылмай, бұл жөніндегі проблема тығырыққа тірелді. Енді жантану ғылымында бұл құбылыс ты материалистік тұрғыдан түсіндіруден басқа жол қалмады. Мұндай түсінімнің мәні келесідей еді: ойлау - өз тамыры мен тарихына ие, заттасқан іс-әрекет формаларын сипаттайтын тарихи қалыптасқан жабдықтарга сүйенеді және тілдік жүйені негізгі құрал пайдаланады. Бұл міндеттерді атқару үшін шынайы ойлауды "рух көрінісіне" тендестірмей, оны қоғамдық желісінде қалыптасып, алғашқыда затпен тікелей байланысқан әрекет ретінде орындалатын, мәндік байланысқан және арақатынастағы тіл жүйесін пайдаланатын процесс, ал кейін шікі "ақыл-ой қызметіне" айналып, қысқартылған формаға келетін сана әрекеті деп тануы қажет.

3. Сөйлеу және оның түрлері.

Сөйлеу туралы түсінік

Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, өз қимыл - қозғалыстарын басқару, реттестіру үшін басқалармен қарым - қатынасқа түседі. Бұл үшін ол белгілі бір ұлттың, ана тілінің грамматикалық ерекшелігіне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады. Адам баласының сана - сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуы - ның маңызы зор болды. Ф. Энгельс «маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің шешуші ролінкөрсете келіп, сөз коллективтік еңбек процесінде қа - лыптасып келе жатқан адамдардың бір - біріне бірдеңе айтқысы келу мұқта- жынан» пайда болғандығын айтты. Тілдің пайда болуы мидың даму организмінің анатомиялық өзгерістерге түсуіне де қолайлы жағдай жасады. Соның нәтижесінде адамдарда дыбыс артикуляциясында қабілеті бар сөйлеу аппараты пайда болды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән - мағынасы бар сөздерді айта алатын қа - білетке ие болды.

Дыбысты тіл еңбекпен бірге адам санасы дамуының негізгі бір факторы болып табылады. Сондай - ақ тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Ал, кісінің санасы сыртқы ортаның ықпалымен, оқу - тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бірімен - бірі шарттас. Тіл қатынас құралы ретінде коммуникативтік қызмет атқаруы, тілдің негізгі функциясы. Тіл сондай - ақ адам баласының қандай екендігінің психологиясының көрсеткіші де.

Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялық функциясына байланысты болып келетіндігін мына мысалдан - ақ жақсы білуге болады. Егер оның сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға ұшырайды. Мұндай құ - былысты афазия деп атайды. Мұның екі түрі болады. Бірі адамның сөйлеу органдары толық сақталғанымен ол сөзге түсінбей қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі, оған дыбыстау, үн шығару қиынға соғады. Афазияның енді бңр түрінде адам өзі сөйлей алғанмен басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мұнда ол кейбір заттардың атын ғана есіне сақтай алады. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттануы, қабынуы, ісінуі т. б. - афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар. Мұның емін дәрігерлер жасап отырады.

Сөйлеу түрлері

Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөз арқылы жүзеге асады. Пікір алы - судың нақтылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай түрлі сөйлеу ерекше- ліктерімен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. Алдымен ол сыртқы және іштей сөйлеу болып үлкен екі топқа жіктеледі. Сыртқы сөйлеу ауызекі және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог болып екіге бөлінеді. Ауызекі сөйлеу тілдің негізгі түрі болғандықтан сөйлеудің қалған түрлері де соның төңірегін- де құрылады.

Мысалы, жазу кезіндегі әріптер ауызша сөздің түрлі дыбыстарын белгілей- ді. Былайша айтқанда, ол ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, аса күрделі түрі болып табылады.

Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі - диалог сөйлеу. Бұл екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері төмен - дегідей:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойлау, сөйлеу, таным процестері
Сөйлеудің оқыту процесінде дамуы
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІ МЕН ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ЗЕРТТЕУ
Ойлау мен сөйлеу туралы жалпы түсінік
Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан
Сезгіштік және түйсік табалдырығы
Сана
Оқыту барысында баланың көру қабілетінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктері
Психика және сана негіздері
Психикалық процесс, таным процестері, түйсік, ойлау, қабылдау, сөйлеу, қиял, ес, зейін, интеллект
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz