Ислам фәлсафасы
КІРІСПЕ
Ұлт егемендігі арқасында төл тарихымыздың ақтаңдақтары рухани
құндылықтар нысаны ретінде игеріле бастады. Айталық, сонау б.з.д. VІІ-VI
ғасырларда ғұмыр кешкен скифтің күміс көмей шешені, фәлсафа әулиесі
Анахарсис қазақ, оғыз-қыпшақ, түркілер, ғұндер, сақтар, скифтер болып
тарқатылатын генеалогиялық шежіре мен аңыз-ақиқат қисыны дәлелдеген ең
ежелгі ойшылымыз болып саналады. Грек жұртының әйгілі саясаткері, философ
Солон осы елдің жеті ғұламасының бірі деп санаған Анахарсистің де,
алтынжалды тұлпар мінген, құдайдың қамшысы атанған ғұн көсемі Аттиланың
(Еділ батыр б.з.V ғ.) да Еуропа елдерінің мұражайлары мен кітапханаларында
шашырап жатқан мұралары жинақталып зерттеле бастады.
Әрбір рухани дамыған мемлекеттің іргетасының беріктігі – ұлттық сана-
сезімнің жоғарылығымен, дүниетаным тереңдігімен, мақсат-мүдде, намыс, рух
деңгейі тәрізді асқақ та, мөлдір қасиеттерімен өлшенеді. Бұл белгілер
қоғамның рухани келбетін айқындайды. Халқымыздың кемеңгер, мүбәрак тұлғасы,
ел жадында көріпкел әулие атанған әзиз баба Қорқыт бейнесі мен болмысы
тылсымдық сипаттарымен, рухани мұраларының құндылықтарымен әлем
ғалымдарының назарын аударып келеді. Бұл құндылықтар төңірегінде танымал
түрколог ғалымдар - М. Ергин, В. Бартольд, А. Туманский, В.М. Жирмунский,
П.Н. Лерх, Л. Герн, Н.В. Аничков, Ә. Диваев, В.В. Вильяминов-Зернов, В.В.
Радлов, И.Кастанье, И.В. Крафт, И.И. Тайер, О. Гокияй, В.Араслы т.б.
зерттеулері мен Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, М.Жұмабаев, Ә. Марғұлан, Ә.
Қоңыратбаев, М. Байділдаев, Р. Бердібаев, Х. Сүйіншалиев, Н. Келімбетов, Б.
Ысқақов, Ә.Дербісалин, Ш. Ыбыраев, А. Айдосов, Ә. Нысанбаев, С. Ақатай, З.
Қари, С. Мұхтарұлының еңбектері жарық көрді.
Аталған ғалымдардың тұжырымы бойынша, Қорқыт – сұңғыла дана, ақылгөй,
батагөй, тылсым қасиетке ие көріпкел, асқан абыз, қобызшы-жырау, бақсы әрі
күй атасы. М.Әуезов: Қорқыт осындай өнер туғызып артына, адам нәсіліне
соншалық асыл мұра тастап кеткендіктен өлмеді. Қорқыт туралы аңыздың
өмірлік, философиялық шын терең мағынасы - өзі өлсе де артына өлмейтін мұра
қалдырған адам, өлмеген адам деп саналуы тиіс - десе, Ә. Марғұлан мен Ә.
Қоңыратбаев, Қорқыт мұраларының тікелей мұрагері қазақ халқы екендігін өз
еңбектерінде дәлелдеген еді. Тәуелсіздік тұсында ғана түркология ғылымы
салаларының нәтижелеріне үңіліп, тарих, әдебиеттану, этнография, этнология,
археология ғылымдарының зерттеушілері тарапынан жарық көрген құнды
шығармалардың мазмұнын игеруге мүмкіндіктер туа бастады. Осы рухани
шығармашылықты қастерлеудің бір парасы, халық сұранысына сәйкес Қорқыт
бабаның рухына тағзым ретінде, оның есімін ардақтап, ұрпақтар санасына
патриоттық тәлім-тәрбие беру мақсатынан туындаған шаралардың бірі - бабамыз
бейітінің жанына белгі қою мәселесі болатын. Бұл істің іске асуына 1980-
жылы саяси шым-шытырық ақуалға қарамастан, қоғам және мемлекет қайраткері
Е. Көшербаев белсене атсалысып, уақытылы мерзімде ескерткіштің салтанатты
ашылуына мүмкіндіктер туғызған еді. Бұл ескерткіш Қорқыт рухының символы
ретінде зерттеушілер мен сарапшыларға, баба рухына алыс және жақын шет
елдерден тағзым етуге келетін саяхатшыларға айрықша рух дарытып, жас
ұрпақты отансүйгіштікке баулуда ерекше құбылыс ретінде бағаланды. Себебі,
табиғаттың заңдылығы ескерілген белгілерден Қорқыт қобызының мұңлы үні мен
адам болмысын еріксіз билейтін мақамды ырғақ, фәни мен бақи ақиқатының
себепті байланыстарынан сипаттама беріп, терең діни-философиялық идеялар
тұжырымдауға тұрарлық рухани негіздерді тануға сілтейтіні аңғарылады.
Эфирге шыққан қобыз үнінің тылсым сыры әлем елдерінің саққұлақ әрі
парасат иелеріне жетіп, оларды өз маңына тартумен бірге, бабамыздың рухынан
тәбәрік тілейтін тағлымпаз ғалымдар мен ғарыш әлемін шарлаған ғарышкерлер
легінің бұл жерді көруге деген ынта-ықыластары тәуелсіз Қазақстан тұсында
арта түсті. Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған Үндеуінде:
Біздің рухымыздың түп негізі ата-бабамыздың рухында, аруағында. Ендеше
Қорқыт бабамыздың аруағына бас иелік - деп атап өткен болатын [Егемен
Қазақстан 30 тамыз, 1997 жыл].
Елбасының қобыз атасы Қорқыт баба рухына тағзымының мәнділігі төмендегі
ойлармен тарихи сабақтастық танытады. Пифагорлық тұжырымдамаға сәйкес
ғарыш ырғағында өмір сүріп, көктен жердің түбіне дейін байланған бір ішекті
(нерв) монохорда – музыкалық құралынан туған аспан музыкасын тыңдаушы
адам, аспан сфераларының музыкасын естиді, осы естуде ғарышпен бір
бүтінге айналады. Өзінің тұтастығына ие болған адам ғана шынайы микроғарыш
бола алады. Адам әлемнің музыкасын тыңдай білетін кемелдікке жетеді [Әбу
Наср әл-Фараби. Музыка туралы үлкен кітап. Алматы. 2008 ж. 14 б.].
Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуындағы тағы бір үлкен белес деп Дәдә
Қорқыт кітабының - 1300 жылдығына байланысты Елбасының Қорқыт және түркі
әлемі халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысушыларға арнаған
хатын атауға болады.
Құрметті Қорқыт және түркі әлемі халықаралық ғылыми-теориялық
конференциясына қатысушы ханымдар мен мырзалар!
Сіздерді осы мәртебелі әрі маңызды жиынның ашылуымен шын жүректен
құттықтаймын. Түбі бір түркі халықтарының ортақ ойшылы саналатын атақты
ақын, дәулескер күйші, философиялық мазмұны аса терең аңыздардың кейіпкері
Қорқыт бабамыз баршамыздың рухани болмысымыздың алтын арқауы болып
табылады. Егемендікке қол жетіп, өзінің өткеніне көз жібере бастаған қазақ
халқы үшін Қорқыт бабамыз қалдырған гуманистік ниеттегі дидактикалық
мұралардың маңызы өзгеше зор дер едім. Өйткені оның осыдан он ғасырдан
астам уақыт бұрын айтқан өсиет қағидалары қоғамымыздың бүгінгі тыныс-
тіршілігімен де жақсы үйлесім тауып отыр.
Өлген кісі тірілмес, өткен қайтып келмес, - дейді абыз өзінің сөзінде.
Ия, өткенді қадірлеуге, одан сабақ алуға болады, бірақ оған қайтып оралу
жоқ екен, тек ілгері ұмтылу қажет. Осы қарапайым айтылған кемел ойдың
келешегіне үлкен бағдар белгілеп, әлемдік өркениет көшіне ілесіп, Орта
Азияның Барысы болуға бекем бел байлап отырған бәріміз де мұқият зерделесек
болады.
Аңыз бойынша Қорқыт бабамыз артына адамның өлімнен қашып
құтылмайтындығы, оның ғұмырын жарық дүниеде бітіріп кеткен жасампаздық ісі
мен өшпес өнері ғана жалғастыра алатындығы туралы данышпандық пәлсапалық
байлам қалдырды. Осы ғаламат ой әрбір саналы жанның ғұмыр бойы темірқазық
етіп ұстар бағдаршамы болуға лайық десек, қателеспейміз. Қорқыт бабамыз
мәңгілік дамыл тауып жатқан, сан ғасырлық тарихы бар қазақ жерінде өтетін
осы конференцияның жұмысы жемісті болсын. Ол Қорқыт бабамыздың мол мұрасын
толығырақ танып-білуге, түркі тектес халықтардың арасындағы бауырластық
байланыстарды одан әрі нығайта беруге қызмет етеді деп сенемін.
Барлығыңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге әрдайым
табыстар тілеймін!.
Нұрсұлтан Назарбаев,
Қазақстан Республикасының Президенті
Алматы, 1997 жылғы 12 қараша.
Бұл қолдау нәтижесінде, конференцияға жақын және алыс шет елдерден
келген ғалымдар мен мемлекет қайраткерлерінің, еліміздің айтулы
ғалымдарымен пікір алмасулар процесінде өзара ынтымақтастықты нығайтуға
үлкен үлес қосылған еді. Қорытынды байлам ретінде түркі дүниесінің
кемеңгер ойшылы атты мазмұнды материалдар жинағы жарық көрді. Еліміздің
барша зиялы қауымы қолдаған бұл шараға қатысты әрекеттерге сол кездегі
облыс әкімі Б. Сапарбаев басшылық жүргізді. Қорқыттану ілімінің бұл
үрдісі одан әрі өзінің дамуын Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасында
жалғасын тапты. Бұл жан-жақты толыққан рухани міндеттерді жүзеге асыруда,
облысты басқарған болмысы бөлек білімпаз, ғалым Мұхтар Құл-Мұхаммед үлкен
еңбек сіңірді. Осы рухани өрлеу одан әрі сыр елі, жыр елі - атты кең
түрдегі мазмұнды шығармашылық қозғалысқа айналып, патриоттық тәлім-тәрбиеге
мол мазмұнды жыраулар мектебінің қалыптасуына ұласты.
Сыр елі ақын-жазушылары мен жырауларының жүз томдық шығармалары басыла
бастады. Халқымыздың рухани кемелденуінде үлкен мәнге ие археологиялық,
тарихи-мәдени жәдігерлер игеріліп, ел қазынасына айналып келеді. Осы
еңбектің басылуына да демеушілік танытқан қоғам және мемлекет қайраткері,
облыс әкімі Б. Қуандықовқа, облыс әкімінің орынбасарлары М. Мұхамедов, Р.
Нұртаев, Қармақшы ауданының әкімі Б. Қаюпов сынды игі азаматтардың кеңес-
ұсыныстарына, бабамыздың дүниетанымын ислам діні тұрғысынан таныстыруға
үлес қосқан, дінтанушы М. Мұсаевқа авторлар ұжымы алғысын білдіреді.
Қорқыт бабамыздың рухани мұралары мен адами болмысының тылсым тұстарының
танылуына шынайы талпыныстар ел тәуелсіздігімен байланысты деуге толық
негіз бар. Қазақстандық ғалымдардың бұл бағытта зерттеулер жүргізуіне
ғылыми-методологиялық қағидалар мен нұсқауларды, абсолютті ақиқаттарды өз
еңбектерінде атаған Елбасы Н.Ә. Назарбаев еді. Айталық, Біз – тегіміз
түрік, дініміз ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап
Құран кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек. Ислам тек дін ғана
емес, ол - біздің мәдениетіміз. Бір ғана Жаратушы бар, ол Алла Тағала
[Ұлы тұлғалар ислам жөнінде. Алматы. 2002 ж. 5-6 бб.].
Жер жүзіндегі әрбір ғалым, данышпан, ойшыл осы ақиқаттарды танымның даму
процесінде ежелгі замандардан бері әртүрлі деңгейде дәлелдеп, ғылым
тарихының шынайы қалыптасуына себепкер болып келеді. Қазақ халқы даналығы
мен философиясының өзекті ғылыми мәселелерін сараптауда, оның тарихын
зерттеуде бұл бүкіл жаратылысты қамтитын жалпылама идеялардан қажетті
методологиялық құралдар мен принциптерді таба білуіміз қажет. Осы орайда,
Қорқыт баба болмысы мен дүниетанымына қатысты тылсым құбылыстардың сырын
тарқатуға, алғашқы рет осы еңбекте, ислам философиясы құндылдықтарының
тұрғысынан пайымдаулар жасалынып отыр.
Музыканың үлкен кітабының - кіріспесінде: Ислам әлемі музыкалық
эстетикасының антологиясын ашты. Ислам музыкасының феномені бізге VІІ ғасыр
басынан бастап, араб халифатының аймағында өмір сүрген халықтардың
классикалы музыкалық дәстүрлеріне жарық түсіреді. Арабтар мен түркілердің
тағы басқа халықтардың музыкалық мәдени дәстүрлері осы бір ғажайып
феноменді жасады, - делінген. Бұл пайымдаулар әл-Фарабидің: Ойлаудың
музыкалық түрі бар деген идеясынан тарқатылатын тәрізді.
Ислам дінінің негізі Құран Кәрімді насихаттау дегеніміз - оның сүрелері
мен аяттарындағы құпия хабарларды ашу, адамзат ғылымының дамуын
адасушылықтан сақтап, дұрыс бағытты сілтеу деп білуіміз қажет. Бұның
айғақты дәлелдеріне ХХ ғасырдың ғылыми-техникалық жетістіктерінің биігі
саналған, американдық ғарышкерлер Н. Армстронг, Э. Алдрин, М. Коллинздердің
айға тұңғыш рет із салған сапарларында, айда намаз оқуға шақырылатын азан
дауысын естігендерін жатқызуға болады [Заман-Қазақстан. 4 қазан, 1996
ж.].
Рухани өркендеуге нық бағыт ұстанған ұлт көшбасшысы, президент Н.Ә.
Назарбаевтың ислам діні төңірегіндегі жоғарыда аталған түбегейлі қағидалар
мазмұнының нәтижелері тиісті ғылыми зерттеулердің әдіснамасы ретінде
қабылдана отырып, бұл шағын зерттеулерде авторлар тарапынан басшылыққа
алынды. Еңбек соңында Қорқыт бабаға, оның заманына қатысты әртүрлі
тілдерде жарық көрген ғылыми-публицистикалық, библиографиялық көрсеткіштер
берілді.
ИСЛАМ ФӘЛСАФАСЫ
Бастау фәлсафасы. Тұлдырсыз - күнсіз, айсыз, жұлдызсыз, жерсіз, ауасыз,
қимыл-қозғалыссыз - қара түнек кеңістікті көз алдыңызға елестете аласыз ба?
Суреттеуге тіл жетпейтін дәл осындай шексіз де, шетсіз бос кеңістікте
ешкімнен де, ешнәрседен де жаратылмаған Алла тағала мәңгілік өмір құшағында
болды.
Жаратушы иеміздің бір сапасы - Арада (варианттары Ирада, Рада) деп
аталады. Арабтың бұл сөзі қазақ тілінде қалау, ұнату деген мағынаны
береді. Күндердің күнінде Жаббар хақ Арадасы өзіне лайық дос жаратуды
қалайды. Сонымен бірге оған деген махаббаты пайда болады.
Алла тағала қалаулы Хабибін (сүйіктісін - Мұхаммед пайғамбардың бір
есімі) өмірге келтіру үшін өзінің құранда сипатталған таңғажайып нұрынан
НҰР жаратады. Ол өз құдірет қолымен әспеттеген бұл нұрды Мұхаммед салла
аллаһу алайһи уа салламның нұры деп атайды. Бұл нұр болашақ әлем орнайтын
тұлдырсыз қара түнек бос кеңістікте Жаратушы Жаббар иенің мархаматымен
миллиондаған жылдар бойына шыңдалып, әбден кемеліне келеді. Кемеліне келген
осы таңғажайып нұр Алла тағаланың арадасымен (қалауымен) одан әрі мынадай
өзгерістерге ұшырайды.
Жаратылыс фәлсафасы. Бір күні Мұхаммед пайғамбар Жебірейіл періштеден
сұрайды: Осы екеуміздің қайсымыз үлкенбіз?. Жебірейіл алайһи с-салам:
Кеңістікте Насрақи атты жұлдыз бар. Отыз мың жылда бір-ақ рет көрінеді.
Мен сол жұлдыздың отыз мың мәрте шыққанын көрдім, -дейді. Мұхаммед
пайғамбар: Ол жұлдыз менің нұрым еді. Хақ тағала жаратқаннан кейін менің
нұрым кеңістікті елу мың мәрте айналып шықты. Ең алдымен менің нұрым
жаратылды, одан кейін бүкіл жаратылыс пайда болды. Олай болса, мен
үлкенмін, - деп сырын айтады.
Мұхаммед салла аллаһу аллайһи уа салламның нұрынан ең алдымен құрамында
топырақ, су, от, ауа (жел) бар материя бөлініп шығады. Материя діни
әдебиеттерде гауһар деп аталады. Сонда ғалам Мұхаммед салла аллаһу аллайһи
уа салламның нұрынан жаратылғаны мағлұм болады.
Одан әрі материя бақи (мәңгі) дүние материясы, фәни (жалған) дүние
материясы болып екіге бөлінеді. Уақытымен бақи дүние материясынан Жоғары
Ғарыш, Күрсі, Лаух, Қалам, жеті пейіш, жеті тозақ т.б. жаратылса, фәни
дүние материясынан жеті қат көк, сансыз галактикалар, Ай, Күн, жұлдыздар
т.б. жаратылады.
Осы тұста айта кетелік, материалист ғалымдар Құдайды жоққа шығарғанымен
оның құдіретін, хикметтерін жоққа шығара алмайды. Жаратылуы жағынан
дәрежесі төмен материя туралы олардың жазған дәлелдерін осы заманғы ғылым
жоққа шығаруда (қараңыз: Харун Яхья. Коран указывает путь науке. М. 2002.
стр. 118-148).
Рух фәлсафасы. Сонымен бірге, Алла тағала Мұхаммед салла аллаһу алайһи
уа салламның нұрынан бүткіл рухты жаратады. Рух одан әрі: 1) адамзат рухы,
2) Алла тағала көмекшілерінің, қызметшілерінің рухы болып екіге бөлінеді.
Адамзат рухы өз ішінен: 1) мұсылман рухтар, 2) кәпір рухтар болып
бөлінсе, Алла тағала көмекшілерінің, қызметшілерінің рухы: 1) ізгі рухтар,
2) зұлым рухтар болып бөлінеді. Ізгі рухтарға бүкіл періштелер, мұсылман
перілер жатса, зұлым рухтарға шайтандар, кәпір жындар т.б. жатады.
Мұхаммед салла аллаһу алайһи уа салламның нұрынан материя мен рух
ажыратылғаннан кейін пайғамбарымыздың жеке басына тән Нұр камал ас-саруар
бөлініп шығады. Нұр камал ас-саруардан бір жүз жиырма төрт мың пайғамбар,
тоқсан тоғыз мың машайық, сексен сегіз мың әулиенің, Алла ризашылығын алған
салихтардың, тақуалардың нұрлары, бүкіл адамзаттың нұры бөлініп, Адам ата
кемерінен бастап бірден-бірге беріліп келеді. Мұхаммед салла аллаһу алайһи
уа салламның нұрынан жаратылған он сегіз мың ғалам әбден бабына келеді.
Алла тағала өз құдірет қолымен топырақтан Адам атаның денесін жаратады.
Адам атаның рухы өз денесіне, Алла тағала қанша бұйрық берсе де, қорқып
кірмей қояды. Жаратушы ие періштелерге Нұр камал ас-саруарды Адам ата
денесінің кемеріне орнат деп бұйрық береді. Осыдан кейін ғана Адам ата рухы
өз денесіне кіреді. Осы себепті Рабб ал-ғиззат: Зорлықпен кіріп, зорлықпен
шық деп рухқа әмір етеді. Адам баласының өлерінде қатты қиналатыны осы
себептен.
Адам ата денесінің құрамында топырақ (негізгі бөлігі) су, от, ауа (жел)
бар еді. Нұр камал ас-саруар адам атаның кемерінен қойылғаннан кейін сол
дененің құрамдас бөлігіне айналады. Жер бетіне келіп-кететін адамзат
баласының қай-қайсында да Адам ата мен Хауа анадан бөлінген қан (ген), тән
(органикалық элементтер), жан (хайуанат жанымен тектес), нұр болады. Ұрық
ана құрсағында жатқанда рух қана сырттан келеді.
Рух бір басқа, адам денесінің (организімінің) жаны бір басқа. Адам
денесіндегі жанның хайуанаттардың, құстардың, бүкіл мақұлқаттың жанынан
өзгешелігі өз бетінше тіршілік ете алмайды. Рухпен қосылғанда ғана әрекетке
көшеді. Адам ұрығындағы жан - денедегі жанның бірден бір көрінісі. Осы
себепті жан бір организмнен екінші организмге ауыса алады. Керісінше, Рух
бір организмнен екінші организмге ауыса алмайды. Дененің жаны рух шығып
кеткеннен кейін біраздан кейін шығады. Басқаша айтқанда, оның әрекет ету
қасиеті жойылады. Бірақ ол субстанция ретінде денемен бірге жасайды. Рух -
Алланың аманаты, жан - дененің тіршілік ету қабілеті. Сырт көзге рух, жан,
дене біртұтас сияқты көрінеді. Жанның діни әдебиеттердегі атауы нәпсі,
құранда - анфус. Нәпсіде қос мағына бар: 1) дене жаны; 2) жанның қалауы,
тілегі. Қолданылу барысында соңғы мағына әдепкі мағынаны жойып жіберген.
Рух о дүниені, жан бұл дүниені армандайды.
Мұхаммед пайғамбарымызға, оның сахабаларына, бүкіл үмметтерге берілген,
бірте-бірте айшықталған ислам ілімі Фурқан деп аталады. Ғылыми дәлелдері
толықтығымен ерекшеленеді. Фурқанның негізі ядросы - Құран мен Сунна.
Қалған бөлегі - сахабалардың, имамдардың, машайықтар мен әулиелердің, Алла
тағала риза болған салихтардың, ғұлама ғалымдардың, кәміл мұсылмандардың
көкірегіне құйылған рахмани ілһамы, өмірден түйген нақты тәжірибесі.
Фурқанның құрамдас бөлігі Құран мен Суннаны ғана мойындап, қалған бөлегін
лақтырып тастау, жұқалап айтқанда, кәпірдің ісі.
Ғылым фәлсафасы. Ең алдымен мынаны білуіміз керек: Адамзат ғылымы: 1)
бақи (мәңгі) дүние ғылымы, 2) фәни (жалған) дүние ғылымы болып үлкен-үлкен
екі салаға бөлінеді. Бақи дүние ғылымы негізінен о дүниеге, фәни дүние
ғылымы негізінен бұл дүниеге қызмет етеді.
Бақи дүние ғылымы дегеніміз - Алла тағала мен періштелер туралы,
ғаламның жаратылуы, ақырзаман, қияметқайым, пейіш, тозақ, рух, т.б.
жайындағы ақиқаттар. Бұл ақиқаттарды Жаратушы бізге пайғамбарлары арқылы
мағлұм етті. Мұның үстіне мәңгі жолбасшы болу үшін кітаптарын жіберді. Бақи
дүние ғылымын имамдар, машайықтар, әулиелер, ғұлама ғалымдар одан әрі
дамытып, халық санасына жеткізді.
Бақи дүние ғылымы өз ішінен: 1) ислам ғылымы, 2) ладуни ғылымы болып
екіге бөлінеді. Ладуни ғылымы өз бетімен ақиқатқа жетуші, Аллатанушы
ханифтер мен сопылардың ілімі. Ханифтер кәпірлердің арасынан, сопылар
мұсылмандардың арасынан шығады. Исламның: 1) адамтану, 2) ғаламтану, 3)
Аллатану аталатын сатылары болса, ладуни ғылымының: 1) шариғат, 2) тариқат
(ғибадаттың тура жолы), 3) мағрифат (Алла тағала, құдірет туралы ғылыми
таным), 4) ақиқат аталатын сатылары бар. Ислам ғылымы жариялылығымен,
ладуни ғылымы құпиялылығымен ерекшеленеді.
Фәни дүние ғылымы дегеніміз - заттардың, құбылыстар мен процестердің
ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын
тұжырымдайтын, ақиқат білім жүйесі. Фәни дүние ғылымының салалары мектеп
көрген адамдардың барлығына белгілі.
Адамзат ғылымының бақи дүние және фәни дүние ғылымы болып екіге бөлінуі
адамдардың мұсылман, кәпір болып екіге бөлінуіне тікелей байланысты.
Мұсылмандар рух пен сананы (иманды) бірінші орынға қойып, Аллатануды мұрат
етсе, кәпірлер дене мен жанды (нәпсіні) бірінші орынға қойып, дүние қызығын
көруді мұрат етеді. Бақи дүние ғылымы негізінен рух пен иманға, фәни дүние
ғылымы негізінен дене мен нәпсіге қызмет ететіндіктен, тұтас ғылым амалсыз
екіге бөлінеді. Егер адамзат баласының алдында бір-ақ мақсат - Жаратушыны
тану мақсаты тұрған болса, екі ғылым бірігіп, бірін-бірі толықтырар еді.
Бүкіл адамдар қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүрер еді.
Бақи дүние ғылымы мен фәни дүние ғылымының бір-бірінен айырмашылығы жер
мен көктей. Хакімдердің, ғалымдардың, оқымыстылардың сан ғасырлар бойы
үзбей ізденіп тапқан фәни дүниелік ғылымы мұхиттың бір тамшы суына ұқсайды.
Пайғамбарлардың, машайықтардың, ғұлама тақуалардың Алла тағаланың рахымы
түсіп, игерген бақи дүниелік ғылымы жер бетіндегі мұхитқа ұқсайды. Алла
тағаланың өз ғылымы шексіз де шетсіз кеңістіктің дәл өзіне ұқсайды. Тамшы
мен мұхитты, мұхит пен кеңістікті салыстырған оқушы әр ғылымның көлемі
қаншалықты екенін оп-оңай ажырата алады. Фәни дүние ғылымына ғана
табынғандықтан, осы заманғы адамдардың рухы биіктей алмай жүр. Бәрімізге
белгілі, фәни дүние ғылымының ірі өкілдері - академиктер, ғылым докторлары,
профессорлар болып табылса, бақи дүние ғылымының көшбасшылары -
пайғамбарлар, машайықтар, әулиелер болып есептеледі. Бірақ барша жұрт
барлығы бірдей мұндай дәрежеге жете ала ма? Екі ғылымды да меңгермеген
халық не істеуі керек? Көзімен көрмесе де, қолымен ұстамаса да, аталмыш екі
ғылым дәлелдеп берген ақиқаттарға сенуге тиіс. Мұндай міндетті Ислам діні
ғана атқара алады. Ислам бір жағынан - ғылым, ақиқатқа жүгінеді, екінші
жағынан - дін, наным-сенімге негізделеді. Олай болса, Ислам діні дегеніміз
- бақи дүние ғылымы мен фәни дүние ғылымының арасын байланыстыратын,
қарапайым халыққа арналған, Алла тағала тарапынан келген дүние таным. Ол -
батин (ішкі) көзі ашық болғандықтан пайғамбарлар, әулиелер, машайықтар,
ғұламалар, кәміл мұсылмандар үшін - ғылым, көкірек көзі ашыла
қоймағандықтан, білетіндердің соңынан еретіндіктен қарапайым халық үшін -
дін.
Бақи дүние ғылымы мен Ислам діні біртұтас. Солай бола тұрса да, ол осы
заманғы адамдарға бейтаныс. Оны тіпті Ислам дінінің тап-таза ғылыми бөлігі
десе де болады. Діни әдебиеттерде ладуни ғылымы деп аталатын бұл ғылымды,
қайталап айтамыз, пайғамбарлар, машайықтар мен әулиелер, кәпірлердің
арасынан шыққан ханифтер, мұсылмандардың арасынан шыққан сопылар
негіздеген. Екінің бірі қадіріне жете алмайтындықтан біздің заманамызға
дейін құпия сақталып келеді. Алла тағаланың сипаттары да, бір жағынан
құпия, бір жағынан жария.
Бақи дүниелік ладуни ғылымын меңгерген адам қандай дәрежеге жете алады?
Мағрифат аталатын (Алла тағала, оның құдіреті туралы) ғылыми танымның
түпсіз теңізіне шомыла алады. Батин көзі ашылып, жеті қат көкті,
періштелерді, тозақтар мен пейіштерді ап-айқын көре алады. Алланың аманаты
- рухы кемеліне келіп, ұшып кете алатын дәрежеге жете алады. Қожа Ахмед
Йассауи бабамыз таңғы намазының фарызын Мекке, Мадинада оқып, сүннетін
Түркістанда оқыса, аңыз емес, тап-таза шындық.
Жаратушы Жаббар ие бүкіл дүниені, заттар мен құбылыстарды бір-біріне
себептес, іліктес етіп жаратқан. Бұл үшін әрқайсысына - микроәлемге де,
макроәлемге де, жанды-жансыз дүниенің барлығына да белгілі бір уәкілдік,
миссия берген. Жанды да, жансыз да, үлкен әлем де, кіші әлем де Алла тағала
рұқсат еткен өз миссиясы төңірегінде әрекет ете алады. Әрекет жасау
барысында сауап таба ма, күнә жасай ма, ол өз алдына мәселе. Әр ғалам, әр
зат, әр нәрсе, әр тіршілік иесі өз миссиясын орындау барысында бүкіл
жаратылыс қозғалысқа түседі. Дүниенің дамуына, өзгеруіне, қалыптасуына,
қайта қалыптасуына жаратушы әміршілік етеді. Қысқасы, бүкіл болмыс,
жаратылыс өз заңдылықтарына бағынады. Осы заңдылықтардың себебінен қай
пайғамбар, қай әулие болсын өлі кезінде де, тірі кезінде де көмектесе
алады. Өйткені оларға дарыған мұғжиза, керемет, шапағат т.б. сапалар бар.
Өз өкілдігін ретіне қарай пайдалана алады. Халық: Әулиеге екі дүние бір
қадам, - деп тектен-текке айтпайды.
Пайғамбарларды жер бетіне келген адамдардың ниет, пиғылына, іс-
әрекетіне, қабілетіне қарай Алла тағаланың өзі іріктеп, тәрбиелесе,
машайықтар мен әулиелер өз тағат-ғибадаттарымен биік-биік сапаға ие болады.
Мысалы, қарапайым адамдардың арасынан намазхандар шығады. Намазхандардың
арасынан шариғаттың бүкіл парыздарын орындайтын тақуалар шығады.
Тақуалардың арасынан өзі де, халық та білмейтін әулиелер шығады. Өзі де,
халық та білмейтін әулиелердің ішінен өзі білетін, бірақ халық білмейтін
әулиелер шығады. Өзі білетін, бірақ халық білмейтін әулиелердің қатарынан
өзі де білетін, халық та білетін әулиелер шығады. Өзі де білетін, халық та
білетін әулиелердің ішінен әбден кемеліне келген әулиелер шығады. Әбден
кемеліне келеген әулиелердің арасынан санаттағы әулиелер шығады. Сонда
санаттағы әулие аспандағы айға ұқсаса, қалған әулиелер аспандағы
жұлдыздарға ұқсайды. Санаттағы әулие дегеніміз - 88 мың әулиенің бірі.
Машайық болған оқымыстылар да осындай қиын жолдардан өтеді. Санаттағы
машайықтардың бірі - Қожа Ахмед Йассауи хазіреті сұлтан әз-машайық.
Алла тағаланың ең ұлық есімдерінің бірі - Ғылым. Он сегіз мың ғалам
құдайдың құдіретімен, ғылым қуатымен жаратылған. Ғылым - бөліп жаруға
келмейтін бір тұтас ұғым. Алайда оны ақыл-парасатымызбен пайымдау үшін
шартты түрде іштей бірнеше салаға бөліп қарастыруға болады. Алла тағала
ғылымының бір бөлігін өзі жаратқан жанды-жансыз ғалам біледі, қалған
бөлігін білмек түгіл шамалай алмайды. Осы себепті Жаратушы ғылымы ең
алдымен: 1) құпия ғылым; 2) жария ғылым болып екіге бөлінеді.
Құпия ғылым - Алла тағаланың өз еншісі, таусылмайтын қазынасы. Бүкіл
жаратылғандар үшін сыры ашылмайтын жұмбақ. Құпия ғылымынан кейбір жайттарды
қажетті жағдайда жария етем десе Жаратушы иенің өз еркінде. Жария ғылым
дегеніміз - Алла тағала тарапынан он сегіз мың ғаламның еншісіне берілген
ақиқат білім жүйесі. Әр ғаламға, оның құрамдас бөліктеріне жария ғылымнан
біріне көп, біріне аз дәрежеде үлес бөлінген. Олардың барлығы сыбағалы
ғылымының арқасында өзін кім жаратқанын толық сезінеді. Қажетті кезінде
Жаратушы иесімен тілдесе алады. Жария ғылым: 1) ғаламзат ғылымы, 2) адамзат
ғылымы болып екіге бөлінеді. Ғылым адамзаттан өзге ғаламға (жер, күн,
жұлдыз, тозақ, пейіш, періште, пері, жануар, құс, өсімдік т.б.) дайын
күйінде берілгендіктен ғаламзат ғылымы аталады. Алла тағаланың қызметші
періштелері ғаламзат ғылымын біледі. Адамдардың арасынан Сүлеймен пайғамбар
ғана меңгерген. Жария ғылымды саналы түрде игеру, дүниенің қандай хикметпен
жаратылғанын түсіну адамзат баласына жүктелгендіктен адамзат ғылымы
делінеді. Жария ғылым кейбір адамдарға дайын күйінде беріледі немесе оқу,
іздену, еңбектену, тәжірибе жинау арқылы бірте-бірте игеріледі. Адамзат
ғылымы 1) мәңгі дүние ғылымы, 2) жалған дүние ғылымы болып үлкен-үлкен екі
салаға бөлінетіндігін жоғарыда айтып өткенбіз.
Міне, осы аталған Ислам дінінің құндылықтарын, ықшамдап түйіндесек, кез
келген философиялық теорияның ақиқаттылығын немесе жалғандығын ажырататын
идеялық принциптер мен бұлжымас қағидалар деп есептейміз. Басқаша айтқанда,
қазақ философиясының мәні мен мазмұнын сараптауда жаңаша ойлау құралдары-
ның қазыналы қоймасы болып қана қоймай, оның алғышарттарын байыптау
міндеттерін анықтайтын да, атқаратын да бастаулар болуы тиіс. Себебі,
бүгінгі философия ғылымының дамуында, нақтырақ айтсақ, Шығыс пен Батыс
философиясында, тарихи философиялық бағыттарды өз дәрежесінде қайта
қалыптастыруға ұмтылыстар жасалуда. Демек, ислам философиясына тереңірек
үңілгеніміз абзал.
Берікбай Сағындықұлы, исламтанушы,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Кенжалы Толысбай, мәдениеттанушы,
философия ғылымдарының кандидаты, доцент
МӘҢГІ ЖӘНЕ ЖАЛҒАН ДҮНИЕ ТУРАЛЫ ПАЙЫМДАУЛАР
Түркі халықтарының мәңгі өшпес із қалдырған ұлы бабаларының бірі –
Қорқыт ата мұралары әр қырынан – философия, филология, тарих, этнография,
әдебиет, өнер т.б. ғылымдар тарапынан – зерделенуде. Дүниенің көптеген
елдерінде әлі де жан-жақты зерттелу үстінде. Алайда ол діни тұрғыдан еш
жерде, ешқашан әңгімеленген емес. Мұның басты себебі халқымыздың қызыл
атеизмнің қыспағында қалуында еді. Қысымның қатты болғаны соншалық қалың
көпшілік құдайын танымай, мәңгүрттеніп кетті. Тәуелсіздік келіп, енді-енді
ғана рухани әлемге, Жаратушының құдіретіне көңіл аударыла бастады. Қорқыт
әулиенің кереметтерін – ақылға сыя бермейтін ғажап істерін – түсіну үшін аз
да болса діни таным қажет. Осы міндеттің үдесінен шығу үшін біз төменде
ислами ұғым-түсініктердің бірқатарын баяндағалы отырмыз.
Алланың ұлық сипаттары
Шексіз құдірет иесі – Алла тағаланы адам ұғымына лайықтап суреттеп беру,
шын бейнесін аздап болса да елестету іс жүзінде мүмкін емес. Дегенмен,
Жаратушы Жаббар хақтың пайғамбарлар арқылы адамзатқа мағлұм еткен ұлық-ұлық
сипаттары бар. Санамыздың саңылауы ашылуы үшін мұны әрқайсымыздың білуіміз
қажет.
Бірінші: Алла тағала бар. Көзге көрініп тұрған ғаламның (күн, ай,
жұлдыз, жер, жанды мақұлқат, өсімдік т.б.) бар екендігі қандай ақиқат
болса, Алла тағаланың бар екендігі де сондай ақиқат. Себебі, бар бардан
шығады. Жаратушы бар болғандықтан бар ғаламды жоқтан бар етті. Екінші: Алла
тағала әзелден бар, әуелі, бастауы жоқ. Басқа сөзбен айтқанда, тәңіріні
ешкім жаратпаған, туылмаған және одан ешкім туылмайды. Үшіншіден: Алла
тағала мәңгі-бақи болмыс. Ешқашан жойылмайды, ақыры жоқ. Төртінші: Алла
тағала – біреу. Егер Жаратушымыз екеу болса, ғаламда сан алуан
үйлесімсіздік пайда болар еді. Алла тағала жеке дара билік жүргізеді. Оның
өкіміне бүкіл ғалам бағынады, құдіретіне бас иеді. Бесінші: Алла тағаланың
асыл заты ғаламның о баста жаратылған затынан мүлдем басқа. Мысалға,
адамның заты – топырақ; періште, перілердің заты – от; жан-жануарлардың
заты – су; т.б. Жаратушының табиғаты бұлардың бірде біріне, жалпы алғанда,
материяға ұқсамайды. Алтыншы: Алла тағала еш нәрсеге мұқтаж емес. Есесіне
он сегіз мың ғалам тұтасынан Жаратушының қамқорлығына, көмегіне, рақымына
мұқтаж. Демек, адамзат баласы тағат-ғибадатты құдай үшін емес, өзі үшін
жасайды. Бүкіл пайдасын да өзі көреді. Жетінші: Алла тағала мәңгі тірі.
Тірілігі - жан арқылы емес, өзінің ұлық сипаты. Сегізінші: Алла тағала –
телегей-теңіз түпсіз ғылым иесі. Ғылымы оқу, үйрену, іздену, тәжірибе жинау
арқылы келмеген, өзінің ұлық сипаты. Тоғызыншы: Алла тағаланың құдіреті,
күш-қуаты өлшеусіз. Қаһарланса, он сегіз мың ғаламды тарының жарты қауызына
сыйғызады. Тіріні өлі, өліні тірі ете алады. Оныншы: Алла тағала көреді.
Бірақ адамның, жануардың көзі сияқты көзі бар деп ойлауға болмайды. Өзінің
құдіреті арқылы көреді. Он бірінші: Алла тағала естиді. Бірақ адамның,
жануардың құлағы сияқты құлағы бар деп ойлауға болмайды. Өзінің құдіреті
арқылы естиді. Он екінші: Алла тағала қалайды. Қалауы бойынша іс істейді.
Бірақ не қаласа, бірыңғай жағымды сипатта: бүкіл хикметінің құяр арнасы –
ізгілік. Он үшінші: Алла тағала сөйлейді. Бірақ сөйлеу сөзі дыбыспен, яки
әріппен емес. Өзінің құдіреті арқылы сөйлейді. Он төртінші: Алла тағала
жаратушы. Жарату оған ешқандай қиындық келтірмейді. Не қаласа, Бол -
дейді. Болады. Он бесінші: Алла тағала айыпсыз, мінсіз. Кез келген ақыл
иесі бұған бұл дүниеде, яки о дүниеде көз жеткізе алады. Он алтыншы: Алла
тағала серіксіз. Басқаша айтқанда, Жаратушы Жаббар хақ өз қалауын біреудің
(ұлының, яки қызының, қасиетті рухтың, т.б.) демеуімен, көмегімен жүзеге
асырмайды. Жеке даралығы әрқашан айқын. Оған ешқандай шәк, шүбә, күмән
болуға тиіс емес. Ақиқат құдайды жалған құдайға айырбастаушылардың барлығы
– көп құдайшылдар, немесе құдайсыздар.
Алла тағаланың санамаланған сипаттарының (атрибуттарының) әрқайсысының
бір-бір көркем есімдері бар: ал-Ахаду, ас-Самаду, ал-Хаққу, ал-Хаййу, ал-
Қаһһару, ас-Саамиу, ал-Баасиру, ал-Аууалу, ал-Ахиру, тағы басқалар.
Осылайша Алла тағаланың ұлық-ұлық сипаттарын, сапаларын, қадір-қасиеттерін
санай берсек, мың да бір болады. Соларға лайықты көркем есімдері де - мың
да бір. Мыңға татитын бір сапасын және оның ең көркем есімін Алла тағала
өзі ғана біледі, жаратылған пенделерінің бірде-біреуі білмек түгіл,
сезбейді. Мыңыншы көркем есімі де – құпия. Бірақ оны періштелер біледі.
Жануарлардан түйе ғана біледі. Сондықтан түйені әулие деп танимыз. Жүнін
аяққа баспаймыз. Адамдардан Алланың аса сүйікті құлдары білген жағдайда
дәрежесі періштемен теңдеседі. Мысалы, Сүлеймен пайғамбар Алланың мыңыншы
есімі жазылған жүзікке ие болғаны үшін жан-жануарлардың, құстардың,
жәндіктердің, перінің, желдің, тағы басқалардың тілін білген. Зуһра сұлу
періштелерден Алланың мыңыншы есімін үйреніп алғаннан кейін Шолпан
жұлдызына айналып кеткен, тағы басқалар.
Сонымен мұсылмандардың ең мықты деген ғұламалары Алланың тоғыз жүз
тоқсан тоғыз (999) есімін ғана біледі. Бұлардың арасында аса ұлық болып
есептелінетіні – тоқсан тоғыз. Тәспиықтың тастарының саны 99 болатындығы
сондықтан. Білетіндер Алла тағаланың аса ұлық есімдерін қайталап, тәспиық
тартса, өте сауап. Ой-өрісіміз кеңеюі үшін Алла тағаланың бірқатар
есімдерін тәфсирлеп (түсіндіріп) көрелік.
Алла. Жаратушы иенің өзінен басқа ешкім білмейтін, мүлдем құпия
сақталатын, бүкіл болмысына лайық келетін, ең ұлық, ең ғазиз, ең көркем
есімі бар. Алла ең алдымен осы ең ұлық, ең ғазиз есімнің орнына, сонымен
бірге бүкіл мың есімнің орнына жүретін, жалпы мағына беретін қасиетті де,
киелі атау. Басқа сөзбен айтқанда, Алла тәңірінің мыңда бір есімінің кез
келгенін есімдік сияқты алмастыра береді. Құдай тағаланың құдіретімен Қалам
арқылы Лаух-ул Махфузға тұңғыш түсірілген үш есімнің ең алғашқысы. Калимада
ең алдымен Алла есімі, екінші пайғамбарымыз Мұхаммед есімі аталады.
Бисмилла естілген жерге шайтан жоламайды.
Рахман. Бұл атау Алла тағаланың шексіз мейірім, мархамат (марқабат) иесі
екендігін білдіреді. Қарапайым сөзбен айтқанда, Рахман дегеніміз - мейірім
мен рақымның таусылмайтын кені. Он сегіз мың ғалам жаратушы иенің осы
сапасынан әрдайым үміт етеді.
Рахим. Бұл - Алла тағаланың іс жүзінде қиналмастан оп-оңай көмек
көрсете алатын, рақым жасай алатын тәңірі екендігін білдіретін атау.
Ауызекі сөйлеу тіліне қарай бейімдесек, таусылмайтын мейірім, рақым кенінің
тұтынылуы. Рахман, Рахим – түбірлес тұлғалар, Алланың бір ғана сапасының
екі түрлі сипаты.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, Алланың бар екендігін адамзат жаралғалы
бері дүниеге келген бір жүз жиырма төрт мың пайғамбар, есебі белгісіз
машайықтар мен әулиелер мұғжиза, керемет көрсету арқылы толық дәлелдеген.
Ислам дінін мүмкіндігінше таратып, қанша бұзылса, сонша қалпына келтіріп,
бірінен соң бірі өз миссияларын орындап отырған. Халыққа Алланы танудың
ғылымын үйреткен. Таурат, Інжіл, Забур жолындағылардың осы заманғы ұрпағы
өз діндерінің негізі бір кезде ислам болғанын қазір мойындамайды. Ал
Фурқан жолындағылар сөзсіз мойындайды.
Пенденің аты — пенде. Бағзы заманда тақуалар құдайдың бар екендігін, бір
екендігін мойындағанымен, Алла тағаламен ара қатынасын ашып алғысы келіп,
пайғамбарларға әлденеше тосын сұрақтар қойған. Жаратушының бар екендігіне
көңіліміз айқын жетті. Бірақ көзімізбен көріп тұрғанымыз жоқ. Сондықтан
жақсы яки жаман пиғылда екенін, ұнататынын немесе жек көретінін білмейміз.
Тағат-ғибадатымыз қабыл болып жатыр ма, жоқ па, одан тағы бейхабармыз. Бұл
талап-тілектерімізге қайткенде жауап ала аламыз, — дескен. Раббымыз
пайғамбарлар арқылы хабар жіберген: Туған әке-шешең — жер бетіндегі кіші
жаратушың. Әке-шешеңді қуантсаң, мен де қуанамын. Ренжітсең, мен де
ренжимін. Менің қандай пиғылда екенімді әке-шешеңнің қас-қабағына қарап
білесің. Әке-шешеміз қайтыс болған жағдайда қалай білеміз. Онда әке-
шешеңнің орнында бауырларың, туған-туысқандарың, қала берді халық болады.
Соларға адал қызмет ет. Солар қалай бағаласа, менің солай бағалағаным.
Бұл әңгімеде қанша даналық жатыр. Алла тағала сүйіспеншілігіне бөленудің
бірден-бір көзі ата-ананың алғысын алуда екен. Бауырларыңа, туған-
туысқандарыңа, халыққа қызмет етудің одан кем түспейтіндігі және көрініп
тұр. Мұны бүкіл адамзат баласы ұғынса, қандай ғанибет.
Ата-ананың ұлықтығын ауыз-екі айтылатын мына әңгімеден де байқауға
болады. Екінің бірі Меккеге қажылыққа бара алмайтыны белгілі. Әр мұсылман
егер ата-анасы кайтыс болса, қажылыққа баратын айда ата-анасының басына
зиярат етіп, дұға жасап қайтса, үйіне келгеннен кейін құрбандық берсе, о
дүниеде қажылыққа барған сияқты есепке алынады. Мен қажылыққа бара алмадым
деп армандамауына болады. Бұдан Алла тағаланың кеңшілігі өте үлкен
екендігін білеміз: Мен пайғамбар болсам да, әр мұсылманның ата-анасы сол
мұсылманның өзіне менен ұлық, — деген Мұхаммед Мұстафа. Егер менің
бейітімде біреудің ата-анасы жерленсе, келген кісі алдымен ата-анасына
баруы міндетті. Егер ата-анасына бармай, алдымен маған келсе, зияратын
қабыл алмаймын, — деген. Бұл әңгіме де жоғарыдағы әңгімелермен үндесіп
тұр.
Адамның кішік сипаттары
Адамның бойындағы қасиеттер де Алла тағаланың қадір-қасиеттеріне ұқсас.
Айырмашылығы Алла сипаттарының ұлықтығында, адам сипаттарының кішіктігінде.
Жаратушы сияқты адам да көреді, естиді, сөйлейді, сезеді, ойлайды, қалайды,
күш-қуаты, ғылымы, сүйіспеншілігі, мейірімділігі, қамқорлығы, төзімділігі,
сабырлылығы бар. Осылайша санай берсек, бүкіл қадір-қасиеті 999 болып
шығады. Періштелер мыңыншы, Алла тағала мың бірінші сапаға ие. Адамдар
тағат-ғибадатымен, ниетімен, шын ықыласымен мыңыншы сапаны жеңіп алып,
періштелермен теңеседі. Алланың ең сүйікті достары тіпті періштелерден асып
кетіп, белгілі бір дәрежеде мың бірінші сапаны да иеленеді. Мұндай абыройға
тақуалардың бір бөлігі бұл дүниеде, үлкен бөлігі о дүниеде жолығады.
Адам бойындағы тоғыз жүз тоқсан тоғыз қасиеттің 900-і - дене қасиеттері,
99-ы рух қасиеттері. Сыртқы ғалам тұтасынан дене қасиеттерінің өсіп-
жетілуіне қызмет етсе (сыртқы ғаламда адам денесі нәр алатын 900 қасиет
бар), дене қасиеттері рух қасиеттерінің ұлғайып, күшеюіне қызмет етеді.
Дененің әр он қасиеті рухтың бір кішік қасиетін демейді. Рухтың ең ұлық
тоғыз сапасы 990 қасиеттен де, солар арқылы бүкіл сыртқы ғаламнан да нәр
алады. Мәңгүрттеніп кеткендіктен, қазіргі заманғы ғұламалар бұлардың бәрін
сипаттап бере алмайды.
Адам бойындағы 999 жақсы қасиеттің 999 (тоғыз жүз тоқсан тоғыз) жаман
сыңары бар. Олар бірін-бірі жартылай немесе мүлде жоққа шығарады. Мысалы,
көрудің жаман сыңары — соқырлық, есітудің қарсы жағы — саңыраулық,
сөйлеудің жауы — мылқаулық. Ақыл — ашу, жомарттық — сараңдық, сабырлылық —
шыдамсыздық, мейірімділік — мейірімсіздік, осылайша кете береді. Адамда әр
қасиеттің жақсы жағы мен жаман жағы теңдей түсуі (жаманы — 50 пайыз,
жақсысы — 50 пайыз), немесе бір жағы басым түсуі (жақсысы — 70 пайыз,
жаманы — 30 пайыз т. с. с), сөйтіп арақатынасының әр түрлі болуы әбден
ықтимал. Қасиеттерінің, сипаттарының қандай болуына қарай адамның бүкіл
сапасы анықталады. Қасиеттерінің даму дәрежесі әртүрлі болғандықтан адамдар
да әртүрлі болады. Бірыңғай жаман қасиеттерге ие болғанда адамнан төмен
тұрған мақұлық жоқ. Біз әңгіме етіп отырған 999 қасиеттің, біреуі ғана
жоғары дәрежеде дамыса, ол адам халық арасында үлкен құрметке бөленеді
(Әрине, бүл басқа қасиеттері есепке алынбайды деген сөз емес). Мысалы,
Жүсіп пайғамбар, Қыз Жібек — сұлулығымен, Атымтай жомарт, Сәдуақас сахи —
қолы ашықтығымен, Алпамыс батыр, Бауыржан Момышұлы — қорықпайтындығымен,
батылдығымен аты шықты. Денесінің белгілі бір қасиетін жетілдірген, сөйтіп
даңққа бөленген спортшылар қаншама. Осы себепті де Абай:
Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі
Іштегі кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі,— дейді.
Мұнда адам денесінің кереметтілігі сөз болып тұр.
АҚЫРЗАМАН ТУРАЛЫ
Залымдық, зұлымдықты, озбырлықты, сұмдықты, арамзалықты, асылықты,
жексұрындықты, санап тауысуға келмейтін жамандық атаулыны өршіте-өршіте
адамзаттың өзін-өзі жалмауы ақырзаман деп аталады. Бұл – тіршіліктің ең
соңғы күні болады деген сөз. Ақырзаман (қияметқайым) адамдардың іс-
әрекетінен бүкіл ғалам жиіркенгенде жүзеге асады. Исрафил кернейін тартады.
Құранда айтылғандай, аспан жыртылып айрылады, күн нұры өшеді, жұлдыздар
төгіліп шашылады, жер тоқтаусыз теңселеді, таулар талқан болып, тозаңдай
ұшады. Тағы басқа да ақылға сыймайтын оқиғалар болады. Себебі, адамдар жер
бетінен құрығаннан кейін фәни дүние қажет болмай қалады. Жетпіс мың жыл
өткеннен кейін Исрафил кернейін екінші рет тартады. Құдайдың құдіретімен
адамзаттың бүкіл рухы әрқайсысы өз тәніне қосылады. Бақи дүние ғылымынан
хабарсыз адамдар қайдан білсін. Адам денесінің өлгеннен кейін ыдыраған
әрбір тозаңы фәни дүниенің өзге тозаңдарымен ешқашан қосылмайды. Хикмет
күшімен әр дене магнитке тартылғандай құрастырылады. Бірінің намасы оңынан,
бірінің намасы солынан келіп, өмір бойы жасаған харакеттері есіне
түсіріледі.
Сансыз адамдар қайта тірілгеннен кейін фәни дүниеде істеген істеріне
жауап беретін арнайы мекен-жайға жиналады. Мұсылмандардың да, кәпірлердің
де күнә, асылықтарын өлшейтін таразылар дайын тұрады. Таразыға тартып не
қажеті бар, Алла тағала пенделерінің күнә-сауабын онсыз да білмей ме?! Он
сегіз мың ғалам тұтасынан және әр пенде жеке өзі көз жеткізуі үшін
күнәларын таразыға тартады. Екіншіден, әр адамның пейіштегі, яки тозақтағы
дәл орны айқындалады. Бұл күн – Махшар (есеп-қисап) күні деп аталады. Бұдан
кейін Сират көпірі ашылады. Көпірден құлағандар тозаққа түседі, аман-есен
өткендер пейішке кіреді.
Иманның жеті шартының бірі — уа-л йауми-л ахири — фәнидің ең ақырғы күні
болатынына сену. Бұл әңгіме Адам ата мен Хауа ана заманынан бері айтылып
келеді. Бірақ ақырзаманның қашан болатынын ешкім білмеген және болжай да
алмаған. Себебі, ақырзаман мерзімі жер бетінде өмір сүріп отырған
адамзаттың өзіне тікелей байланысты: мұсылман көбейсе, мерзімі алыстай
түседі, кәпір көбейсе, мерзімі жақындай түседі.
Ақырзаманның қашан болатындығы жұмбақ болғанымен, оның жақындап келе
жатқандығын білдіретін өте үлкен белгілер, нышандар әлмисақтан белгілі.
Адам ата мен Хауа ана қиссасында адам денесінің, топырақтан, судан,
оттан, желден жаратылғандығы тәптіштеп айтылған. Шындығында, адам денесінде
топырақтың бүкіл құрамы — Менделеев кестесіндегі барлық элементтер — су,
от, жел (ауа) тұтасымен табылады. Жаратушының алғашқы пайғамбарлар арқылы
жолдаған сәлемдерінің бірінде, тәңірінің тура жолымен жүрмеген жағдайда
адамзат осы төрт заттың буырқануынан апат болатындығы ескертіледі. Солай
бола тұрса да, адамзат баласының басым бөлігі апат қашан басына түскенше
сенбеген. Қазір де солай. Әлбетте, сенбегені үшін зиянға ұшырайды.
Алла тағаланың өзі аян етпесе, адамдардың ұлық істерді, құдіретті болжап
білуі мүмкін емес. Топырақтың, судың, оттың, желдің адамзат жынысына
жиіркенуінен пайда болатын апаттар — жер бетіне түгелдей ортақ, шын
мәніндегі жойқын апаттар. Алайда, адамдар ірілі-ұсақты қиыншылықтарды да
апат дей береді. Мысалы, бірінші дүние жүзілік соғыс, Ұлы Отан соғысы,
Чернобыль апаты т. б. Бүкіл адамзат баласы ұшырайтын апат бар да,
адамдардың жеке бір бөлегі ұшырайтын апат бар екендігін айыра білуіміз
керек. Жекелеген адам ұшырайтын апат осылардың бір тамшысы іспетті.
Ақырзаман белгілеріне қарағанда, адамзат қоғамы оған апаратын жолдың тең
жарымынан әлдеқашан өтіп кетті. Енді үштен бір бөлегіне жақындап келеді.
Басқаша айтқанда, екі жойқын апатты басынан өткізді, енді оны болашақта
одан да зор екі апат күтіп тұр. Осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып,
апаттың болу себебін түсіндірелік.
Топырақ апаты. Бұл апатқа Адам ата, Хауа анадан тікелей тараған ұрпақ
ұшырады. Жойқын апатқа ұшырау үшін жер бетіндегі бүкіл адамдардың кем
дегенде тоқсан тоғыз бөлегі (демек, түгелге жуық) кәпір болуы шарт. Құдайды
жоқ деп есептеп, әркім өз білгендерін жасауы керек. Әр миллиард адамға
шаққанда саусақпен санарлық адам ғана мұсылман жолында қалғанда нағыз кәпір
заманы орнайды. Өтірік айту, ұрлық жасау, мейірімсіздік, адам өлтіру,
сатқындық, екіжүзділік, қызмет бабын пайдаланушылық, зұлымдық, зорлық,
алдау, арбау, зинақорлық, арақ ішу, темекі тарту, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz