Мектеп боры және оның денсаулыққа әсері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Мектеп боры және оның денсаулыққа әсері

Бағыты: Таза табиғи орта - Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі

Секция: Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау

Жетекшісі: Турганбаева Макпал Бердибековна, химия пәні мұғалімі

Көкшетау, 2014

Мазмұны

Абстракт 3-4

Кіріспе 5

I. Негізгі бөлім

  1. Бордың химиялық құрамы және табиғатта кездесуі 6Бордың денсаулыққа әсері 6Бордың сапасының негізгі көрсеткіштері 7Борды қолдану 7

II. Зерттеу бөлімі

2. 1 Сауалнама 10

2. 2 Кальций ионын анықтау (Са 2+ ) 11

2. 3 Карбонат - аниондарды (СО 3 2- ) анықтау. 12

2. 4 Крахмалды анықтау . 12

2. 5 Гипсті анықтауға микрокристалдық реакция. 13

2. 6 Ауыр металдардың иондарын анықтау 13

ІІІ. Қорытынды, ұсыныстар

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша 1

Абстракт

Зерттеудің өзектілігі

Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Мектеп боры және оның денсаулыққа әсері». Қазіргі уақытта шығарылатын бор құрамы талаптарға сәйкес келмейді, - қолды бүлдіреді, қатты үгітіледі, тақтаны сырады, адамның бойында жағымсыз әсерлер туғызады. Себебі неде? Барлық уақытта бордың сапасы адам денсаулығының қауіпсіздігімен байланысты ма? Сондықтан да мектеп борының құрамын, сапасын және оның адам денсаулығына әсерін зерттеу өзекті деп ойлаймыз.

Мәселе: сапасы төмен мектеп боры мектептің мұғалімдері мен оқушыларының денсаулығына зиян келтіру мүмкін.

Болжам: егер мұғалімдер бордың құрамын және олардан пайда болатын жағымсыз әсерлер туралы білсе, онда олар сапасы жоғары борларды таңдар еді.

Мақсаты: Мектеп борының құрамын, сапасын және оның адам денсаулығына әсерін зерттеу.

Міндеттері:

  • Әдеби оқулықтармен жұмыс;
  • мұғалімдер мен оқушылардың күнделікті бормен жұмыс істеуі олардың денсаулықтарына қалай әсер ететіні туралы әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы анықтау;
  • мектеп борының әртүрлі түрлеріне сапалық және сандық тәжірибелер жүргізу;
  • бордың адам денсаулығына әсерін бағалау.

Зерттеу заты: әртүрлі мектеп борлары

Зерттеу әдістері: әдебиеттік шолу, сауалнама, тәжірибе, презентация.

Жұмыстың нәтижесі

Осы жұмысты жасау барысында бордың құрамына, кальций және карбонат иондарына сапалық талдау, ауыр металдардың иондарын, крахмал, гипс сияқты қоспа заттарды анықтауға зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мұғалімдердің арасында бордың ағзаға әсері туралы білу мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

Жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде біз бордың кальций карбонатынан және әртүрлі қоспалардан (желім, крахмал) тұратынына көз жеткіздік. Алынған үштүрлі бордың ішінде дөңгелек пішінді бор (Dolpine) басқаларына қарағанда қолды бүлдірмейтінін, тақтаға жақсы жазатынын байқадық. Бордың басқа екі түрі шаңдатып, тақтаны сырып, қолды қатты бүлдіретінін көрдім. Сонымен қатар сатылымдардағы борлардың барлығы бірдей сапалы емес. Ағзаны бордың жағымсыз, кері әсерлерінен сақтау үшін тазалықты сақтап, әртүрлі сіңімді, қол терісін жұмсартатын кремдер жағып, сонымен қатар дамып жатқан заманда бормен жазатын тақталарды орнына магнитті-маркерлі тақталарды пайдалану сияқты ұсыныстар ұсынылды.

Abstract

The aim : School chalk and his influence on health

Urgency of a theme

Often used chalk does not correspond to the requirements, that is strong dirty of a hand, tears off boards. The urgency of job consists in that that chalks used by the consumer differ on quality. And whether always quality is connected to safety for health?

Problem School мел of poor quality to harm to health of the teachers and schoolboys.

Hypothesis If the pupils and teacher will know about structure and influence chalks on health, then they would choose high-quality chalks

The purpose of job To study structure chalks his influence on a body

The goal of research:

  • to study the literatures
  • interviewing, asking questions;
  • the recommendations and offers

Subject of research: Different kinds chalke

Methods of research: the qualitative analysis, solution of environment. Our research includes some parts: studying of the references on given theme, sociological interrogation, biological and chemical experiences.

The results of the project:

Studying this job we spent experiments on definition calcium, starch, plaster and on heavy metals. Spent social interrogation among the teachers to reveal influence chalks on health. At realization of experimental jobs in structure chalks were found out calcium, glue, starch. From three chalks taken on experiment round chalks does not leave on a hand of white traces and well writes on a board. And others two chalks dirty a hand, scratch a board and badly writes on a board. To protect a body from harmful substances included in structure chalks I recommend to use protective, nutritious creams and instead of usual boards to get modern-marketing of a board.

Кіріспе

Әр адам әдеттегі мектептің борын жақсы біледі және тек қана біле қоймай оны бір рет емес сабақ уақытында өз қолымен ұстады. Ал осы бір түйір бордың көмегімен қаншама ақиқат ашылған, қаншама ашылулар істелген!Әлі күнге дейін мұғалімдер байқаусыз, сонымен қатар баға жетпес борды қолына ұстап, көптеген ғажап нәрселерді істеуде. Ал мектеп боры соншалықты таптырмас па? Соңғы жылдары көбінесе интерактивті, маркермен жазатын тақталардың артықшылығы айтылуда. Әрине, біздің ауылымызға да мұндай жаңалық жетті, бірақ біз бормен жұмыс істеуді жалғастырудамыз. Сондықтан да бордың сапасы бізге өте қажет. Неге дейсіз бе?Біз байқадық, қазіргі кезде тақтада бормен жазу қиынға соғады. Тіпті, жаңа тақталарда да. Біреуі үгітіліп, шаң болып кетсе, екіншісі-тақтаны сырады, ал үшіншісі- тақтада көрінбей қалады. Енді не істеу керек? Мүмкін бұл біздің мектеп мұғалімдерінің пайдаланатын бордың сапасы төмен болуынан? Сондықтан да мектеп борының құрамын, сапасын және оның адам денсаулығына әсерін зерттеу өзекті деп ойлаймыз.

І. Негізгі бөлім

1. 1 Бордың химиялық құрамы және табиғатта кездесуі hello_html_57175ee2.jpg

Бор (тау жынысы) - көбінесе кокколитофор мен фораминифер сияқты микроорганизмдердің ізбесті (90-99% кәлсит) қаңқаларынан құрылатын борпақ (40-49% дейін), ұсақдәнді (<0, 01мм) тау жынысы.

Бор - түсі ақ, біркелкі ұсақ түйірлі кальций карбонатынан құралған жұмсақ шөгінді жыныс. Бордың құрамындағы бір клеткалы әктасты балдырлардың - кокколито-форидтердің қалдықтары 10 - 75%-ке, фораминиферлер 5 - 6%-ке, кейде 40%-ке дейін жетеді. Аздап моллюскілердің, белемниттің, аммониттің, мшанканың, теңіз лаласы мен кірпілерінің, маржандардың, т. б-дың қалдықтары кездеседі. Бор химиялық шөгуден және органикалық қалдықтардың ыдырауынан түзіледі. Бордың қаттылығы 1-ге жуық, меншікті салмағы 2, 2 - 2, 8 г/см3. Бор құрамында кварц, монтмориллонит, каолинит, гидрослюда, опал, глауконит, халцедон, цеолиттер, пирит, барит, темір оксидтері болады. Бор жылы климат жағдайында тұзды қалыпты теңіздерде ондаған метрден жүздеген метрге дейінгі тереңдіктерде тұнады. Геосинклинальдік аймақтарда бордың шөгінділері қатайып, әктасқа айналады. Бор мезо-кайнозой шөгінділерінде кең тараған. Ол қағаз, шыны, цемент, парфюмерия өндірісінде, косметикада, медицинада қолданылады.

Әктас-Австралиядан басқа, барлық материктерде кездеседі. Олар әр түрлі геологиялық дәуірлерге қалыптасқан. Жазықтың қуаты бірнеше сантиметрден жүздік метрлерге дейін түрлендіреді. Бүгінгі күні бор өндірісі ТМД аумағының ішінде Қазақстанда, Ресейде, Беларуссияда жане Украинада бар.

1. 2 Бордың денсаулыққа әсері.

Қазіргі уақытта адам денсаулығын сақтау мен нығайту маңызды мәселелердің бір болып табылады. ДЖДСҰ айтуы бойынша 21 ғасырда кеңінен тараған аллергендік, астма, қан тамырлар жүйесінің аурулары болып табылады.

Ең алғаш рет мектепке барған күннен балалар борды пайдаланып, жазады. Себебі мектеп боры балаларды бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін, ал мұғалімдер борды тұрақты түрде пайдаланады. Қазіргі уақытта борға қойылатын талаптар экологиялық таза және сапалы болуы қатаң бақыланады. Бірақта борды пайдаланып бастағаннан шаңдатып, мұрын бітеліп, қол бүлінеді. Кейбір оқушылар бор жегенді ұнатады, бірақ та бор таза зат емес. Себебі оның құрамында әктас, гипс, крахмал, бояғыштар, байланыстырғыш заттар (ПВА желімі) болады.

Бордан шығатын шаң- аллерген зат. Бұл аллерген астма ұстамасын туғызуы мүмкін.

1. 3 Бордың сапасының негізгі көрсеткіштері

Осы тақырыпқа әдеби шолу жасау барысында мектепте қолданатын бор төмендегідей қасиеттер болуы керек:

1. Байқалатын:

  • жазу барысында үгітіледі;
  • қолды бүлдіреді;
  • тазалығы (ақ) ;
  • қаттылығы .

2. Байқалмайтын:

  • ПВА желімінің болмауы; Таза судың қолданылуы; Бояғыштардың сапасы; Ауыр металдары бар қоспалардың болмауы

1. 4 Борды қолдану

Жылына дүниежүзінде ұсақталған, бөлінген, түйіршікті табиғи борды 150 млн. тоннадан астам тұтынады.

Бор - баспа жұмыстарында қолданылатын сапалы қағаз шығаруға қажетті борланған қағаздың бір бөлігі. Үгітілген бор сылау, әктеу сияқты құрылысы жұмыстарының арзан материалы ретінде кеңінен қолданылады. Борды бояу өндірісінде, резеңке жасауда, қағаз шығаруда, сонымен қатар қант өндірісінде қызылша шырынын тазалау үшін, шыны, сіріңке өндірісінде қолданылады. Бұл жағдайларда негізінен кальцилі минералдарды химиялық жолмен алып, тұндырылған борды қолданады.

Ауыл шаруашылығында борды топырақты әкпен қанықтыру үшін қолданады. Өндірістерде борды цемент, әктас, пластмасса, бояғыш материалдары, мектеп үшін пайдаланатын түрлі-түсті бор алу үшін қолданады.

А hello_html_15bd499a.png ғзаға кальций жетпегенде медициналық борды тағамға қоспа ретінде жазып береді. Тұндырылған бор медицинада емдегіш препарат ретінде, сағызда, косметикада (тіс пастасының, опаның негізгі бөлігі) пайдаланылады. Ақ және қара бор (италия қарындашы) сурет салу материалы ретінде қолданылады.

Борды дайындау ылғал түрдегі бор жіңішке шұжық түрінде ет тартқыш тәрізді машинаға түседі. Алынған шұжық тәрізді борлар кесіліп, пешке кептіріліп, ұсақ дөңгелек пішінді бор пайда болады. Борлардың негізгі технологиялық ерекшелігі оларды байланыстыратын желім. Көбінесе желім ретінде ПВА желімі қолданылады. Мұндай борлар ұстағанда жағымды, ұолды бүлдірмейді.

«Алгем» - Россиядағы фирма

hello_html_48a8e842.png «Алгем» hello_html_7df78774.png Клим

Бордың сапасы ұнтаққа байланысты.

II. Зерттеу бөлімі

2. 1 Сауалнама жүргізу

Б hello_html_m740504ec.gif із мектеп мұғалімдері арасында бордың құрамы, оның денсаулыққа әсері туралы анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға 26 мұғалім қатысты.

2. Күнделікті жұмысыңызға пайдаланатын бордың жағымсыз әсерлері бар ма?

а) қол терісіне:

1. қолды бүлдіреді

2. қол терісін құрғатады

3. қол жарылады

4. ешқандай жағымсыз әсері жоқ

Бормен жұмыс жасау кезінде тыныс алу жүйесінде қандай жағымсыз әсерлер сезесіздер?

1. жөтел

2. тамақ ашиды

3. түшкіру

4. астманың пайда болуы

5. жағымсыз әсері жоқ

hello_html_m95957b2.gif

2. 2 Кальций ионын анықтау (Са 2+ )

Борды кішкене бөлшегін алып, спиртшамының жалынында қыздырамыз. Спиртшамының жалыны ашық қызыл түске боялды.

Қ hello_html_59e139c4.jpg орытынды: барлық алынған бор үлгілерінде кальций иондары бар екенін анықтадым.

Бор үлгілері

Са 2+

Жалынның түсі

№ 1 Алгем + (Россия)

бар

ашық қызыл

№ 2 Дельфин (Корея)

бар

ашық қызыл

№ 3 Парасат(Астана)

бар

ашық қызыл

2. 3 Карбонат - аниондарды (СО 3 2- ) анықтау.

Сынауыққа бірнеше бөлшек борды алып, оған сұйылтылған тұз қышқылын HCl құямыз. Сынауықты жылдам газөткізгіш түтікшесі бар тығынмен жабамыз. Түтікшенің екінші ұшын ішінде 2 - 3 мл әк суы бар сынауыққа саламыз. Бірнеше уақыт әк суында көмірқышқыл газының көпіршектері пайда болғанын байқадық. Әк суы лайланды. Яғни бордың құрамында карбонат - аниондары (СО 3 2- ) бар екенін білдіреді.

СаСО 3 + 2HCl → СаCl 2 + СО 2 ↑ + Н 2 О

СО 3 2- + 2Н + → СО 2 ↑ + Н 2 О

СО 2 + Са(ОН) 2 → СаСО 3 ↓ + Н 2 О

Зерттеу нәтижесі

Бор үлгілері

Көмірқышқыл газының бөлінуі

№ 1 Алгем + (Россия)

ақырын

№ 2 Дельфин (Корея)

шапшаң

№ 3 Парасат(Астана)

Ақырын

2. 4 Крахмалды анықтау.

К hello_html_160cdb29.jpg рахмалды біз иодтың спирттік ерітіндісінің көмегімен анықтады. Зерттелетін бордың кішкене бөлшегін алып, оған 2 - 3 тамшы йод ерітіндісін тамызамыз. Иод ерітіндісінің түсінің өзгеруімен крахмал бар екенін білуге болады.

Бор үлгілері

Иод ерітіндісінің түсіне әсері

№ 1 Алгем + (Россия)

қоңыр

№ 2 Дельфин (Корея)

көгерді

№ 3 Парасат(Астана)

қоңыр

2 hello_html_m55554972.jpg . 5 Гипсті анықтауға микрокристалдық реакция.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орманды қорғау және көбейту
Орман және орман-парк шаруашылығы
Инвестицияның жіктелуі
Жабайы өсімдіктердің сыры
Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқару жүйесі
Қостанай облысындағы рекреациялық ресурстардың қалыптасуына әсер етуші табиғи факторлар
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығын экологиялық туризм мақсатында қолдану
Орманды өсімдіктер
Белоруссия мемлекетінің физикалық географиясы
Қазақстанның өсімдік жамылғысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz